Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.4 б
Негізгі бөлім
1. Махамбет шығармалары . шаруалар көтерілісінің айнасы ... ... ... ... ... .5.14 б
2. Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.19 б
2.1. Арыстан туған Исатай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21б
2.2. Исатай . басшы, мен . қосшы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.24 б
2.3. "Таудан мұнартып ұшқан тарланым" ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.27 б
Іс.Тәжірибе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.33 б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34 б
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35.36 б
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының ұлы жыршысы, рух беруші саяси көсемі болған. Ақынның жігерлі жырлары мен толғаулары орыс империясы отарлау саясатына қарсы қазақ халқының тәуелсіздік ру асқақтатқан құнды мұралар. Махамбет XIX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысына тікелей қатысып, басшылық жасады. Жалынды жырларымен жаңа дәуір әдебиетінің аса ірі көшбасшыларының біріне айналды. Х.Досмұхамбетұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Махамбет шығармашылығын, ақынның қазақ елінің тарихындағы айрықша орнын аса жоғары бағалады. Қазақ әдебиетінің ұлы құбылысы ретінде таныды.[3,56]
Махамбет - жаңа заман ақыны. Көркем өнер мен көркем әдебиетте қашанда екі процесс қатар жүріп жатады. Бірі- күнделікті тіршілік ағымында болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерге сәйкес өткінші тақырыптар мен идеялар, проблемалар мен оқиғалар суреттеліп, әдебиетте өз көрінісін тауып жатады. Немесе, ойдан туған сюжеттер шартты түрде бейнеленіп, фантастикалық түрде баяндалып, болмыс астарлы сипатта көрсетіледі. Мұндай жағдайды өмірдің өзі, болмыс қажет етеді.Сол қажеттілікке әдебиет пен өнер өзінше жауап береді.
Екінішісі - әдебиет пен өнерде ескірмейтін, өшпейтін, мәңгілік пробемалар мен ой-пікірлер орын табады. Бұлар, көп жағдайда, жалпы адамзаттық мәнге ие болады. Сондықтан олар ешқашан маңызын жоймайды, керісінше, әр ұрпақ пен әр қоғам ондай әдебиет өз кәдесіне жаратады. Алайда, мұндай әдебиетті жасау келген ақынның, яки жазушының маңдайына жазылмаған. Классиктер ғана мәңгілік және бүкіл адам баласына ортақ пікірі мен сезім дүниесі бар туындыларды бере алады. Ондай шығармалардан әр заманда, әр қоғамда өмір сүретін адамдар өзіне қажеттіні іздейді, оны табады, сөйтіп, одан рух іздейді, қуат алады.
1. Махамбет Өтемісұлы. Стихострели. Алматы: Дайк-Пресс – 2002
2. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. Алматы,1958.
3. Досмұхамедұлы X. Аламан. Алматы: Ана тілі, 2000.
4. Қабдолов 3. Ерлік пен елдіктің өшпес рухы. Ана тілі.,2000
5. Сыдықоа Қ. Көркем өрнектер. Алматы: Рауан, 1992.
6. Елеукенов Ш. Қазақ саяси лирикасының жерге түспес жебесі.
7. Махамбет Өтемісұлы шығармаларының төрт томдық академиялық жинағы. 3-том. Ақын шығармашылығы туралы зерттеулер мен мақалалар. –Алматы: “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2003. – 440 б.
8. Сәрсенбаев Ә. Ғасыр мен ғасыр беттессе. – Алматы: Жазушы, 1995. – 272 б.
9. Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаныстар. Алматы: Рауан, 1996. – 200 б.
10. Қасқабасов С. Махамбетті қайта танысақ. Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына арналған “Махамбет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. І том. –Атырау, 2003. – 393 б.
11. Әуезов М. Махамбет. Махамбет Өтемісұлы. Шығармаларының төрт томдық академиялық шығармалар жинағы. 3-том. Ақын шығармашылығы туралы зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Ғылым, 2003. – 440 б.М.
12. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
13. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное). - Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.
14. Жұмалиев Қ. Егеулі найза. – Алматы: Жазушы, 1979. – 188 б.
15. Бекхожин Қ. Дәстүр және жаңашылдық: Поэзия туралы толғаныстар. Алматы: Жазушы, 1969. – 246 б.
16. Дербісәлин Ә. Дауылпаз ақын. //Социалистік Қазақстан. 17.10.1979.
17. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 288 б.
18. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы, 1993 – 320 б.
19. Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі – Алматы: Ғылым, 1976 – 270 б.
20. Махамбет энциклопедиясы – Алматы: Өлке, 2004 – 610 б.
21. Раушанов Е. Зымыран деген бір құс бар // Жас қазақ, 2005, 22 сәуір.
22. Сыздықова Р.С. Махамбеттің әр сөзін түсініп оқысақ // Қазақ әдебиеті, 1.08.2003.
23. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы – Алматы: Мектеп, 1973.
24. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді – Алматы: Арыс, 2004 – 232 б.
25. Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы Алматы, 2007
26. Қадір Ж.Махамбет жырларындағы Исатай батыр бейнесі (Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылым) кітабынан
27. Қазақ әдебиетінің тарихы Он томдық. 4- том. Алматы, 2005

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы әкімдігінің
ҚКМК М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі.

Орындаған: Арғынғазынова М.Б.
Мамандығы 011103
Қазақ тілі және әдебиеті
Курсы IV. Тобы 47 ә

Ғылыми жетекші: Нұрғалиева Т.Ж.

Семей, 2012ж.

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-4 б
Негізгі бөлім
1. Махамбет шығармалары - шаруалар көтерілісінің
айнасы ... ... ... ... ... .5-14 б
2. Махамбет шығармаларындағы Исатай
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-19 б
2.1. Арыстан туған Исатай
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0-21б
2.2. Исатай – басшы, мен -
қосшы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 22- 24 б
2.3. "Таудан мұнартып ұшқан
тарланым" ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 25-27 б
Іс-Тәжірибе
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...28-33 б
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 34 б
Қолданылған әдебиет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...35-36 б

Кіріспе.
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының ұлы
жыршысы, рух беруші саяси көсемі болған. Ақынның жігерлі жырлары мен
толғаулары орыс империясы отарлау саясатына қарсы қазақ халқының
тәуелсіздік ру асқақтатқан құнды мұралар. Махамбет XIX ғасырдағы ұлт-
азаттық қозғалысына тікелей қатысып, басшылық жасады. Жалынды жырларымен
жаңа дәуір әдебиетінің аса ірі көшбасшыларының біріне айналды.
Х.Досмұхамбетұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Махамбет шығармашылығын,
ақынның қазақ елінің тарихындағы айрықша орнын аса жоғары бағалады. Қазақ
әдебиетінің ұлы құбылысы ретінде таныды.[3,56]
Махамбет - жаңа заман ақыны. Көркем өнер мен көркем әдебиетте қашанда
екі процесс қатар жүріп жатады. Бірі- күнделікті тіршілік ағымында болып
жатқан құбылыстар мен өзгерістерге сәйкес өткінші тақырыптар мен идеялар,
проблемалар мен оқиғалар суреттеліп, әдебиетте өз көрінісін тауып жатады.
Немесе, ойдан туған сюжеттер шартты түрде бейнеленіп, фантастикалық түрде
баяндалып, болмыс астарлы сипатта көрсетіледі. Мұндай жағдайды өмірдің өзі,
болмыс қажет етеді.Сол қажеттілікке әдебиет пен өнер өзінше жауап береді.
Екінішісі - әдебиет пен өнерде ескірмейтін, өшпейтін, мәңгілік
пробемалар мен ой-пікірлер орын табады. Бұлар, көп жағдайда, жалпы
адамзаттық мәнге ие болады. Сондықтан олар ешқашан маңызын жоймайды,
керісінше, әр ұрпақ пен әр қоғам ондай әдебиет өз кәдесіне жаратады.
Алайда, мұндай әдебиетті жасау келген ақынның, яки жазушының маңдайына
жазылмаған. Классиктер ғана мәңгілік және бүкіл адам баласына ортақ пікірі
мен сезім дүниесі бар туындыларды бере алады. Ондай шығармалардан әр
заманда, әр қоғамда өмір сүретін адамдар өзіне қажеттіні іздейді, оны
табады, сөйтіп, одан рух іздейді, қуат алады.
Махамбет те осылай. Одан XX ғасыр қазақтары таптық, әлеуметтік мәндегі
нәрсені іздесе, бүгінгі ұрпақ тәуелсіздік азаттық рухын табуда. Сонымен
қатар, біз Махамбеттен жалпы адамзаттық ізгіліктер мен құндылықтарды да
іздейміз. Ал, келер ұрпақ Махамбеттен басқа проблеманы іздейтіні күмәнсіз.
Сөйтіп, Махамбет алдағы ұрпақтарға да, келесі ғасырларға да маңызды әрі
мағыналы ой айтып, өз биігінен көрінері сөзсіз. Өйткені ол - классик ақын.
Махамбет - жаңа заман ақыны. Ол өз заманы талап еткен әдебиетті
жасаушы, яғни Махамбет жаңа әдебиеттің басында , Махамбеттің заманы қандай
еді? Еске алайық. Бұрынғы қазақтың өз мемлекеті жоқ болатын. Халық жат
жұртқа бодан болған. Ел басшылары халыққа қорған болудан қалған. Керісінше,
отарлаушылармен ауыз жаласқан. Ресей тәртібі ене бастаған. Жәңгірдің жерге,
салыққа, билікке қатысты енгізген жаңалықтары ежелгі тіршілік үрдісіне
қайшы келгенді. Ақсүйектер мен бұқараның алшақтауы күшейген еді.
Отарланған елдің бұғаудан құтылу жолындағы күресі тынымсыз жүріп жатты
т.б. Міне, осы дәуірде өмірге жаңа әдебиет келді. Жаңа әдебиетте
бұрынғыдай әміршіні дәріптеу жойылды. Жалпақ жұртты отаршылар мен хан,
сұлтандарға қарсы ашық күреске, қарулы ұрысқа шақыру, жұмылдыру - басты
тақырып болды. Осыны жүзеге асыру үшін шығарманы қоғамның қатардағы
мүшесіне жолдау - мақсат тұтылды.
Махамбет өз дәуірінің тынысын, талабын дұрыс түсініп, көре білді. Сол
себепті де ол әдебиетті жаңа бағытқа бұрды. Ең бастысы көркем әдебиетті хан
сарайынан шығарып, бұқара ортасына әкелді.Әдебиеттің міндеті - әміршіге
қызмет ету емес, қоғамға қызмет ету деп білді. Қоғамға қызмет ету - әр
адамға, оның сезіміне әсер ету, оның бойында рух көтеру, сөйтіп көпшілікке
ықпал ету деп түсінді. Осы себепті Махамбет әрбір сөздің қуатын, құдіретін
барын пайдаланған. Сөйтіп ол, көркем поэзияның өзіне тән табиғи функциясын
қайта жандандырды, оны дамыта түсті. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбет
сөздің магиялық күшін, эмоциялық қуатын эстетикалық әсерін күшейтіп, зор
биікке көтерді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмыста азаттық
жолындағы ұлы күрескер, қазақ өлең өнерінің біртуар дара тұлғасы Махамбет
Өтемісұлының шығармашылығын зерттей отырып талдау:
- қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орны бар Махамбет поэзиясындағы Исатай
және ақының өзі жайлы;
- Исатай мен Махамбеттің өшпес ерліктері туралы өлеңдерінің алатын орны
жайлы.
Зерттеудің объектісі: Мектептегі әдебиет оқу-тәрбие процесі
Зерттеу пәні - әдебиет пәні
Зерттеу базасы - Семей қаласының №3 орта мектеп кешені
Зерттеу әдістері: Oқушылар мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу,
педагогикалық тұрғыда бақылау, озық педагогикалық тәжірибелерді талдау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Махамбет шығармалары - шаруалар көтерілісінің айнасы.
Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің
айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге
жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған
шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе,
сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай
сезінуін де көрсетеді.
Лирикалық сезінуге бөлене отырып оқиғаны баяндау лиро-эпикалық
жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.

Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің "Соғыс", "Мінкен ер",
"Баймағамбет сұлтанға айтқаны", "Исатай сөзі" деген өлеңдерінде айқын
сезіледі.

"Соғыс" деген өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдерін
тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау,
суреттеулері тарихи фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір
қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар
өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке
тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр
саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі
зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі
қысқа тарихи өлеңдерімен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы
деген сұрақ - әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің
өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан, оны басы ашық
қалдырамыз. Ал біздің бұл жерде айтпағымыз, ақынның тарихи уақиғаларды
тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда оның
өлеңдерінің тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің
тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.

Қырғыз халқының (сонымен қатар қазақтың да) ертегілері мен
аңыз, өлеңдерінің тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады:
"Егер жұрттың айтуымен Гередот жинаған Гомердің көркем ертегілері мен
аңыздарының аз да болса, тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп,, мысал
тәрізді болып кеткен аңыздардың негізінде оқиға шындыққа жататын болса,
қырғыздың аталарының өмір тұрмысын, әдет - ғұрпын әр жағынан қамтып,
белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі
болған аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез-құлықтарымен және олар
жөніндегі тарихи сілтеулермен салыстырсақ, ол аңыздардың тарихи мәні болуы
мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек". Шоқан Уәлихановтың эпостық ертегі-
аңыздардың тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи
мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи уақиғалардың нақтылы сәулесі болған
Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек
келтіруге болмайтыны ашық, талассыз.

Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге
жатады дедік. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы
керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың
алға қойған тілек - мақсаттарын өздерінің хан - сұлтандарға қарым -
қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық
шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған
лирикалық шумақтарда аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің
бірқатар өлеңдернде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас
келеді:

Кешегі Исатайдың барында,

Алақандай Нарынды

Басушы едік құлаштай!

Жәбір беріп, жапа етсең,

Былғанған басым ласқа-ай!

Мен бір шарға ұстаған

қара балта едім,

Шабуын таппай кетілдім.

Қайраса, тағы жетілдім...

Көрмес, келмес деп едім,

Өз еркіммен бетіңді-ай!.

Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің
негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет
лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық
өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет
өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап
суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған
қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл
күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік
сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді.

Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да,
сол таптық күрес саяси-таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі
поэзия, көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін.
Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес. Қоғамның
тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың
фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы
ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттің саяси лирикалары
ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси
лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу,
белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз
арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету
болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының
шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол
қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс
өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді
тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет
поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси
үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды.
Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар.
Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында.
Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды,
саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып
жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды.
Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі
ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де
әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы
толық жауап бере алады. Оның: "Ереулі атқа ер салмай", "Мұңайма", "Айныман"
деген өлеңдері , мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің
досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын
жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып
келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай
арнау, не сұрай арнау, немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысал үшін
"Мұңайма" деген өлеңін алайық:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды.

Қанды көбік киініп,

Бір аллаға сыйынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай - ды,

Жолдастарым,мұңайма!...-

дейді ақын.

Мұндағы "азамат, жолдастарым" деп, достарына қайрыла сөйлеу,
сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл,
күреске үндеу тілегіне сай.

Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар,
лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері үлгісінде
құрылады.

Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-
әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер
көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау
өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. ("Тарланым", "Тайманның ұлы Исатай").
Исатайдың өліміне арналған "Тарланым" деген өлеңін алсақ, жалпы
жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет
мінездерін санап көрсетеді. Бірақ, мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір
ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды,
оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара
шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын
мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды
басқа жағына ақын тоқталмайды.

Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның
басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланыста деуге болады.
Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған
поэтикалық тілдер.

Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері философиялық бағытқа негізделген
өлеңдер болып келеді.

Қоғалы көлдер, құм сулар,

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал,

Кімдерге сайғақ болмаған?

Басына жібек байлаған,

Арулар кімнен қалмаған?

Таңдап мінген тұлпарлар,

Иесін қайда жауға салмаған?

Құландар ішпес бұршақ қақ,

Кімдерге шербет болмаған?

Садағына сары шіркей ұялап,

Жау іздеген ерлердің,

Қайда басы қалмаған?

Ішелік те желік,

Мінелік те түселік,

Ойналық та күлелік,

Абайласаң, жігіттер,

Мынау жалған сұм дүние,

Кімдерден кейін қалмаған?-

деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды
жасайды. "Толғау" деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің
одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп,
тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, онан кейінгі шумақта
ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады,
үшінші шумақта, хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда,
оларды жоқ ету халықтың қолында деп, халықтың зор күш екенін еске салады.
Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды:

Батыр болмақ ойдан-ды:

Айқайласып жауға ти,

Тәңірім білер, жігіттер,

Ажалымыз қайдан-ды?

Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық
түрмен қорытқаным мына өлеңінен де көруге болады:

Бұл дүниенің жүзінде,

Айдан көркем нәрсе жоқ.

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ,

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Мұсылманшылық кімде жоқ,

Тілде бар да, дінде жоқ.

Көшпелі дәулет кімде жоқ,

Бірде бар да, бірде жоқ.

Азамат ерлер кімде жоқ,

Еріккен күні қолда жоқ.

Заманым менің тар болды,

Тура әділдік биде жоқ,

Бәрін айт та, бірін айт.

Қаумалаған қарындас.

Қазақта бар да, менде жоқ.

Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып,
образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ
деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп,
қасіретке шомады.

Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің
соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай
айрылдым", "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге
арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан
көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым
тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты.

Мен тауда ойнаған қарт
марал,

Табаным тасқа тиер деп,

Сақсынып шыққан қиядан,

Қайыңның басын жел соқса,

Қаршыға қуыс қайғырар:

Балапаным суға кетер деп,

Мамығын төккен ұядан,

О дағы біздей болған сорлы
екен, -

дейді ол. Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар
ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі
ауыр халдердің айнасы болды.

Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің
табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау
қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі,
мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орыны бар
жан-жануар, аң, құстардың образын көрсетуге көбірек көңіл аударады. Бірақ,
бұл ел, табиғат байлығын, жан-жануарлардың әлемін суреттегенде, олардың тек
көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттелмейді.
Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты, өз басынан кешірген қиын-қыстау
кезеңдердегі ой сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп ашығырақ көрсетуге
құрал есебінде қолданады. Бұған мына төмендегі үзінді толық дәлел:

Назары қайтқан күн болған

Жібектен бауы көнеріп

Ақ сұңқар ұшқан күн болған.

Бағаналы боз орда

Еңкейіңкі күн болған.

Телегей-теңіз шалқыған

Қоғалы көлдер суалып,

Тізеге жетер-жетпес күн
болған,

Жапанға біткен бәйтерек,

Жапырағынан айрылып.

Қу түбір болған күн болған.

Алқалаған жер болса,

Азамат басы құралса,

Мәшурат кеңес сұралса

Мәшурат берер едік;

Исатайдан айрылып

Алқалай келген кеңесте

Дем құрыған күн болған.

Бұл тәрізді элегиялық өлеңдердегі көркем образдардың қайсысын алсақ
та, ақынның айтайын деген негізгі идеясына бағыныңқы. Исатай өлгеннен
кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілгесін,
хан, сұлтан, феодалдар халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауырмалықты
күшейте түсті. Бұл жағдай ақынның поэзиясынан орын алмауы мүмкін емес еді.
Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі қайғының элементі жоғарғы халмен байланысты
болды десек, Махамбеттегі элегиялық өлеңдердің негізгі сол жағдайлар деуге
болады. Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде, жауына деген өшпенділік бар,
сөнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, өмірден түңілмеуге шақырып
болашаққа сенушіліктер бар. Міне осылардың жиынтығы келіп, Махамбет
өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді. Мазмұнына түрі сай түрін отты жырларды
суырып салып шығаруда да ақынның шеберлігі тым жоғары, оның мәдени-тарихи
тамыры тереңде екенінде дау жоқ.

2. Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі.
Махамбет поэзиясы - жорық жырлары. Өмір туралы философиялық
толғаныстарының өзінде ханнан халық кегін алу идеясы жатады. Ал сексенге
тарта өлең-толғаныстарының бәрінің ішкі мінезіне үңілсек, бәрі де күрес.
Жырлардағы алмас қылыштай жарқылдаған сөздер - адам сезімін дір еткізін,
ұйқыдан оянғанда еске түсердей өткір, қайрат-жігерге толы, жасығанды
қайрағандай, тіні босағанды қайта ескендей сөздер.
Ақын жырларында екі образ үнемі тыңдарман мен оқырман көз алдында
тұрады: ол - Исатай образы және ақынның өз бейнесі. Ақын бұл адамдардың
көтерілістің негізгі діңгектері екендігін қаперге алып, көтерілісшілерге
күш беріп отырған және Исатай атты көсемдеріңіз қандай болса, сіздер де
сол батырдай болыңыздар, өйтпейінше, алға қойған еш мақсатқа жете алмаймыз
денеді айтпақшы. Өзінің қайратымен де жігерлендіреді. Ақыннның жиырмаға
жуық жырында Исатай аты аталып, батырдың бейнесін толықтыра түсуге қызмет
еткен. Ал батырдың аты аталмаған он шақты өлеңде батыр рухы көрінеді.
Көтеріліс басшысының тұлғасын көз алдымызға сомдап көрсететін жырлар
мыналар: "Исатай деген ағам бар", "Кел, кетелік", Махамбет, жолдасым",
"Соғыс", "Мінкін ер", "Тарланым", "Мұнар күн", "Тайманның ұлы Исатай",
"Қызғыш құс", "Есіл ер" және т.б. "Исатай деген ағам бар", "Кел, кетелік"
деген екі өлеңінде: "Исатай деген ағам, Ақ кіреуке жағам бар", - дей
келе, батыр ерлігін аздаған сөздермен ғана атап өткен:
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екең,
Ханның бір тауын қайтарған,
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай?
Мына тұрған Иса-екең,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанның қанынан
Ақ алмасын суарды-ай. .[1,45-61]
Махамбеттің Исатай батырға арнаған жырларының көпшілігі батыр қаза
тапқаннан кейін шығарылған. Тірі кезінде батырды көп дәріптемеген. Өлгеннен
кейін оның рухы мен бейнесін халық санасынан өшірмей, қайта мәңгі есте
тұтып тұру үшін, оның ерліктері мен адамгершілігіне, елі үшін еңіреп туған
ер екендігіне мәңгі өшпес ескерткіш орнатқандай.
Батыр тұлғасын беруде болсын, жалпы, басқа да ерлік пен елдікті жырлауда
болсын, ақынның ғажайып стильдік ерекшелігі - сөздерінің уытты жарқыл берер
көркем қолданысты діңгегі - метафора мен параллелизм. Әсіресе осы екі
көркемдік тәсілін қолданғандағы шеберлігі шырқау биікке көтеріледі.
Исатай мен Махамбет - тарихи тұлғалар. Ханға қарсы шаруалар көтерілісін
ұйымдастырған, бастаған және ханға халықтың кегін оятқан қас батырлар. Олар
бұрынғы шектен шыққан қысымшылыққа шыдамады. Талай айтқан талап-тілектері
аяқасты болғандықтан, көтерілмеске жайлары қалмады
"Соғыс" деген жырда Исатайдың алда қанды майданды күтіп тұрған кезіндегі
бейнесін ақын ғажап шеберлікпен суреттеген:
Исатайдың ол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында
Зығырданы қайнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған койдай шулайды.
Бұл - батырдың соғыс басталмас бұрынғы кейпі. Халқы үшін қандай
қантөгістен де тайсалмайтын "зығырданы қайнаған" батырды көреміз.
Енді шайқастағы қимылы былай көрінеді:
Толғай-толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қақыратқан,
Тебінгісін тесе атқан.
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан.
Қайсар батырдың оқ жаңбырдай жауып тұрса да, өзі де алға ұмытылып
бұрынғыдан да бетер ширығып кетеді. Ақын оны былай береді:
Жөнелмей батыр не қылсын,
Ерсары мен Қалдыбай
Екі арыстан тең өлді.
Осы жаужүректілігімен жолдастарын да оққа қарсы шабуылға ұйымдастыра
білді. Бірақ отты қарумен жарақтанған патша әскері қаруы әлсіз Исатай
сарбаздарын көп шығынға ұшыратады. Ақын жырда осы деталіді әдейі батырдың
соғыстағы ерен қимылын көрсету үшін алып отыр.
Хан ордасын шабуға келіп, ханға талабымызды орындасын деп, хабар
салғанда, он күн ойлануға мерзім беруді сұрап, ханның қулық жасағандығын
хан тілегін орындамау керектігі туралы Махамбеттің ақылын Исатайдың
тыңдамағандығынан опық жегенін, осының өзі үлкен қателік болғандығын ақын
батыр өлгеннен кейін "Әй, Махамбет, жолдасым" деп аталатын Исатай монологы
етіп шығарған өлеңінде айқын айтады. Оқиға болған мезгілде Махамбет "Менің
айтқанымды батыр тыңдамады" - деп қатты ашуланғаны жырдан жақсы
байқалады.[2,6] Соның салдарынан сазайларын тартқандығын ақын Исатайға көп
кінә етіп тақпай, сыздықтатып қана жеткізеді. Исатай батырға шаң жуытпағысы
келсе де, бұл болған фактіні жасыру мүмкін емес ақын халықтың "батыр-аңқау"
дегеніне апарып тіреп, тап-таза кейпінде алып шығады. Алайда, біз бұл
сәтте, әрине, Исатайдың ішкі аласапыран ойға батқандығын да болжалдай
білуіміз керек. Мүмкін, батыр хан жағындағы адамдар да ылғи ағайындар,
"қарға тамырлы қазақ", сондықтан қантөгіссіз бітімге келуді де көздеген
шығар. Жіберген қателікті ақын өзі батыр беделіне нұқсан келтірмеуді
ойлап, тіке айтпаған. Батырдың кемшілігін монологта өзіне мойыдаттырып қоюы
- ғажап ақындық фантазия.
Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп,
Қырық бір жасқа келгенде,
Ауыр әскер қол ертіп, Жасқұсқа барып кіргенде,
Арыстандай ақырған Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады-ай,
"Жанымды қи" деп сұрады-ай.
Ақ көңіл, аңқау жүрекпен,
Беремін деп мен тұрдым.
Кеп бедеуді бауырлап,
Шабамын деп сен тұрдың, -деп батырға көп нәрсені баяндатып барып:
Қанша айтсаң да болмадым,
Сөзіңе құлақ салмадым.
Бұрала біткен емендей
Қисық туған сорлы аға,- дегізіп, өз кінәсін өзіне айтқызады. Бірақ болар іс
болды, жау жағы күннен-күнге күшейіп, ақыры, елді Исатайдан айырылу
қасіреті басқандығын ақын көп жырында қабырғасы қайысып, кеудесі қайғы-
мұңға батып отырып төгіледі. Махамбеттің мұңға толы жыры - Исатайдан
айрылған халық мұңы, халық қайғысы. Ақын жырлары - сол халық тартқан
қасіреттің айнасы. Қазір оқиға болған кезден бері екі ғасырға жуық уақыт
өтті. Жылдар өте келе ол қайғы-шер Махамбет жырлары арқылы ұрпаққа жетті.
Егер ол Махамбет сияқты ақын жырламаса уақыт өте сол кездегі халық
көтерілісінің болғандығы ғана ауыздан-ауызға таралып, қысқа лақап, тарихи
дерек боп қана жетер еді. Ал ақын жырларының құдіреттілігі - жырларды
оқыған сайын сол қанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи тұлға және көркем бейне - М.Өтемісұлы
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Махамбет Өтемісұлының жалынды жырларындағы Исатай бейнесі
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Махамбет поэзиясы
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Пәндер