Сыныптан тыс оқыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Негізгі бөлім
2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық.психологиялық негізі ... ... ..7
2.2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.3 Оқушының ой.өрісін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.4 Әдебиет сабағы және сыныптан тыс жұмыстар
Іс.тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Мектептің міндетті оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік-білімдік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. [1]Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс –оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділікті шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті:
- Баланың өзіне қатысты жағымды қатынаты қалыптастыру, өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.
- Ынтымақтастыққа, ұжымдық, өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыда әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті арттыру.
- Оқушының дүниетанымының ккомпоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру.
- Баланың таным қызығушылығын дамыту.[1]
Егер де, сыныптан тыс жұмысы оқу жұмысымен дұрыс ұштасатын болса, онда бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі заман талабына сай, оқу үрдісі тереңдей келе, адамның өздігінен ойлау,оқу, әрекет ету процестері күрделене, өзгешелене түсуде. Заман талабына ілесу үшін, ең алдымен ойлаумен өзгелерден ерекшелену үшін тұлғаның қарқынды дамуы елеулі үлес атқарады .Тұлға болып қалыптасу мектеп бесік тәрбиесінен бастау алып, мектепте негізі қаланатынын білеміз. Білім беру жүйесінде тек оқу бағдарламасы бойынша ғана білім беріп қана қоймай, жан-жақты ой-өрісін қалыптастырып, шапшаң ойлап, лидерлік қасиетін қалыптастырып, логикасын, қиялын дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше. Сол себепті,болашақ маман ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды қызықты әрі ұтымды оқыту үшін, сыныптан тыс жұмыстарды орынды ұйымдастырып, қолдануды көздедім.Себебі, Ана тілді оқыту, оның келешегі болуы-ұлттың ұлт болып өмір сүруі деп білемін.
1. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқу. Алматы, 1992.
2. Т.Қ. Жұмажанова « Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы « Білім» 2009 жыл
3. Құрманалина «Педагогика»
4. С.Әбенбаев « Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы « Дарын» 2004 жыл.
5. Ғаламтор сайттары. www.google.kz
6. Ж.Мейір, Б. Игенбаева « Креативті тәрбие» « Фолиант» Астана-2009жыл
7. Қ.Бітібаева « Әдебиетті тереңдетіп оқыту» Алматы 2000
8. Қ.М. Байтанасова, С.Ш. Айтуғанова « Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» « Фолиант» 2008жыл
9. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.
10. Бiтiбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
11. . Мемлекеттік білім стандарты. - А., 1998.
12. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
13. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.
14. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.
15. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.
16. Ахметов К. Әдебиеттануға кiрiспе. Қ., 2002.
17. Жүсiп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелiлiк. П., 1999.
18. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы жанрлық жағынан талдау.// “Қазақ тiлi мен әдебиетi”, №1, 1991.
19. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.
20. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994
21. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Негізгі бөлім
2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық-психологиялық негізі ... ... ..7
2.2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Оқушының ой-өрісін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4 Әдебиет сабағы және сыныптан тыс жұмыстар
Іс-тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе

Мектептің міндетті оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік-білімдік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. [1]Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс - оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділікті шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті:
oo Баланың өзіне қатысты жағымды қатынаты қалыптастыру, өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.
oo Ынтымақтастыққа, ұжымдық, өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру.
oo Оқушыда әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті арттыру.
oo Оқушының дүниетанымының ккомпоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру.
oo Баланың таным қызығушылығын дамыту.[1]
Егер де, сыныптан тыс жұмысы оқу жұмысымен дұрыс ұштасатын болса, онда бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі заман талабына сай, оқу үрдісі тереңдей келе, адамның өздігінен ойлау,оқу, әрекет ету процестері күрделене, өзгешелене түсуде. Заман талабына ілесу үшін, ең алдымен ойлаумен өзгелерден ерекшелену үшін тұлғаның қарқынды дамуы елеулі үлес атқарады .Тұлға болып қалыптасу мектеп бесік тәрбиесінен бастау алып, мектепте негізі қаланатынын білеміз. Білім беру жүйесінде тек оқу бағдарламасы бойынша ғана білім беріп қана қоймай, жан-жақты ой-өрісін қалыптастырып, шапшаң ойлап, лидерлік қасиетін қалыптастырып, логикасын, қиялын дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше. Сол себепті,болашақ маман ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды қызықты әрі ұтымды оқыту үшін, сыныптан тыс жұмыстарды орынды ұйымдастырып, қолдануды көздедім.Себебі, Ана тілді оқыту, оның келешегі болуы-ұлттың ұлт болып өмір сүруі деп білемін.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмысының маңызы мен ұтымды жақтарын анықтап, келешек ұрпаққа насихаттау, практикада қолдану жолдарын ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Оқу тәрбие үрдісіндегі сыныптан тыс жұмыстың маңызын анықтау, зерттеу жұмыстары арқылы шыққан нәтижемен жұмыс істеу.

Зерттеу базасы: Үржар ауданы, Қарабұта орта мектебі
Зерттеу объектісі:7А сынып оқушылары, қазақ әдебиеті пәнінен сыныптан тыс жұмыстар.
Зерттеу әдіс-тәсәлдері: Бақылау,сұрақ- жауап, көрнекілік, зерттеу, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, проблемалық әдістер.
Зерттеу болжамы:
Сыныптан тыс жұмыстардың ұтымды жақтарын анықтап, үлгілерін қалыптастыру арқылы белгілі пәнді оқытуда жоғары нәтижеге жету көзделеді.Мен өзімнің бұл зерттеу жұмысын тіл маманы ретінде жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиеті пәнін оқушыларға қызықты өту жолдарын анықтап, теориясын насихаттамақпын.Себебі, оқу-тәрбие үрдісі жан-жақты өтуі келешегіміздің білімді әрі заман талабына сай қалыптасуының қайнар көзі болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Кіріспе
Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты
Негізгі бөлім
2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық-психологиялық негізі
2.2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізу әдістері
2.3 Оқушының ой-өрісін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының маңызы
2.4 Әдебиет сабағы және сыныптан тыс жұмыстар
Іс-тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер бөлімдерінен құралған.

0.1 Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту -оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс жұмысы- тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін мектептен тыс жұмысы. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал етеді.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу оқушының және әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі жұмыстар оқушылардың ірекетін әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына , оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
Төртіншіден, ұжыммен, топпен жұмыс жүргізуге үйретеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды.Оқытушыдан шығармашылық белсенділікті талап етеді. Бұл-оқушының ой - өрісін кеңейте тұседі.
Алтыншыдан, сыныптан тыс жұмысы оқушылардың мүмкіндігіне, деңгейіне сай ыңғайлы уақытта жүргізіледі.
Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет - Ана тілі, туған тілді оқытудың пәні. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру.
Сөйтіп, бұл - әдебиет пәнінен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.

Негізгі бөлім
2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық-психологиялық негізі

Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің күрігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда, мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және білімділік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.

Мектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кіріктіре алатын болады.
Сыныптан тыс жұмыс - бұл оқытушылар мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады. Сыныптан тыс жұмыс-сыныптан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу- тәрбиелік іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, Адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып жүргізілген сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсіуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балаларын өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.



2.2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізу әдістері

Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстың бір түрі-үйірме.Үйірмелер түрі:пән үйірмесі-әдебиет, тіл, тарих,математика т.б, драмалық үйірме-көркем саз үйірмесі, би үйірмесі т.б.Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекші етеді. Сыныптан тыс жұмыстың екінші бір түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер.Бұл жұмыс оқушының танымдық ерекшелігін кеңейтеді.Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы: Абай және орыс ақындары, Ахмет Байтұрсынов аудармалары т.б. Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудың немесе кездесу ұйымдастырудың маңызы зор.Кездесуде айқын мақсат болу қажет.Мектеп өмірінде бұрыннан бар , ал қазіргі өмір бағыты бұрынғыдан ерекше бір түрі-сайыстар, түрлі байқаулар,турнирлер мен фестивальдар шешендер мен ақындардың ,шапшаң ойлайтындар мен дарындылардың деңгейін арттыруда маңызы зор. Оқушының елін, жерін тануда, өз өлкесін тануда туристік және өлкетану жұмысының орны ерекше.Қызықты етіп шығарылған қабырға газеттерінің де тәрбиелік мәні бар. Сол сияқты оқушылардың шығармашылығына жол ашатын ауызша журнал деп аталатын жұмыстар да тәрбиелік ықпал етеді. Қазіргі ұлттық дәсітүрге мін берумен байланысты қазақ мектептерінде өткізіліп жүрген айтыстар - осы бағыттағы жұмыс түрі.
Соңғы жылдарда тәрбие жұмысына сүйене отырып жүргізілетін оқушылар конференциялары жанданып келеді.
Оқушыларды жан-жақты дамытудың міндеттерінен туындайтын тәрбие жұмысы мазмұнының көптігі сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі ормаларын қажет етеді. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерінің теориясы әлі де жеткіліксіз зерттелген. Сол себепті пән ретінде де, ғылым ретінде де қазақ тілі мен әдебиетті дамыта оқытудың түрлері қалыптаса қоймағанының себебі осында жатыр.
Сонда да, бар сыныптан тыс жұмыстың түрлерін қарастырайық:
* Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстардың түрлері-сыныптан тыс жұмысқа байланысты мұғалімнің немесе ұжымның әр түрлі міндеттері мен тапсырмаларын орындау болып табылады. Мысалы әдебиет сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды оқыту негізінде көркем шығарманы өздігінен оқып, талдау жұмыстарын жүргізу, я болмаса, образ сомдау сияқты тапсырмаларды орындау болып табылады.
* Үйірмелік және топтық жұмыстарға үйірмелер және басқа бірлестіктер жатады. Үйірме - оқушылардың жалпы қызығушылығының сыныптан тыс қызметінің негізінде құрылған бірлестік. Мысалы Асыл сөз үйірмесі. Үйірме мақсаты- ақын жанды оқушылардың басын біріктіріп, шығармашылықпен айналысу.
* Келесі оқушының логикасы мен білімін дамытуда ерекше рөл атқаратын сыныптан тыс жұмыс түрі- клубтар болып табылады. Мысалы пікірсайыс клубтарының ораторлық қабілетті дамытуда әсері зор.
* Қызықты кештер, кездесулер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әркеттермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен кездесу)
* Оқушыны жан-жақты хабардар ету мақсатында саяси хабарламалар оқыту.
* Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқаулар ұйымдастыру.
* Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарға сай көрмелер ұйымдастыру.
* Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
* Оқушылармен ток шоу, дөңгелек үстел, пікірталас, әңгіме түрінде жұмыстар жүргізу.
* Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара толқуын, пікір алмасуын ұйымдастыру.
* Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметтерімен бірлесе отырып, оқырмандар кешін ұйымдастыру.
* Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
* Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр,өндіріс орындарына саяхат жасау.
Сыныптан тыс жұмыстарды белгілі талаптарға сай өткізу керек. Яғни олар:
1.Мақсаты анықтау.
2. Бастапқы кезеңінен бастап ұйымдастырылуын қадағалап, мақсатқа жетудегі білімді меңгертудің міндеттерін нәтижелі шешу.
3.Сабақтан тыс тәрбие жұмысында оптимистік көзқарас болуы қажет.
4.Ұйымдастырушы мұғалім я болмас жоғары өкіл мейлінше сауатты, сапалы маман болса игі.
5. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жаңа формалар мен тәсілдерді үнемі ойластырып және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық ізденістің болуы шарт.
6. Оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсысының талап-тілігін ескеру, оларға нақты көмек көрсетіп, қабілетін шыңдау үшін үздіксіз жаттықтырып отыруы қажет.
7. Оқушыларға белгіленген шараның тақырыбын, мақсат, міндеттерін алдын-ала таныстырып, оларға қажеттті материалдар табу үшін тапсырмалар берілуі тиіс. Оқушылар мұғалімнің тапсырмасын орындай отырып, тақырыптың мән-мазмұнына қанығады, пайдалы жағын ұғынады.
8. Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруда ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ. Оқушылардың сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру-аса күрделі процесс. Жыл бойына 165 демалыс күні, мереке, демалыс күндері, күнделікті сабақтан тыс бос кездері-осының бәрі белгілі бір нақты тәрбиелік мақсатты көздеп, оқушылардың рухани мүдделерін қарқынды байыту қызмет атқаруы тиіс. Сондықтан, жоғарыда аталған талаптарды практикалық белгілі бір жүйеліктің болуын қажет етеді. Ол жеке дара немесе көпшілік жұмыстарында қолданылуы мүмкін.[2]

2.3 Оқушының ой-өрісінің дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының маңызы.
1. Пікірталас.
Оқушылардың адамгершілік түсініктерін және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түріне өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс- бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады.
Пікірталас- оқушыларда қоғам және адамдар өмірінде оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерінің терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың әңгіме тәсіліне ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден-бір құралы. Өйткені, пікірталас кезінде оқушылардың көзөарастары кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойына салмақтылықтылықпен пайымдауға үйрету.
Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты алдын-ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді. Соымен қатар , пікірталастың негізгі сұрақтарына ойластырылатын топқа, немесе жекелеген оқушылрға тапсырмалар беріледі. Пікірталас жүргізуші адамды пайдалануға да үлкен мән беру қажет. Ондай адам біреу, немесе бірнешеу болғаны жөн. Пікірталастың сұрақтарын дайындаубарысында оның санына емес, сапасына, тәрбиелік маңызына көңіл бөлу қажет. Олар әрі нақтылы болуы қажет. Сұрақтарды алдын-ала оқушыларға таратып, не болмаса іліп қою міндетті. Тақырыпқа сай оқытылатын әдебиеттердің тізімі де оқушыларға беріледі. Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. Пікірталас мәдениетті түрде, оған қатынасушылардың бір-бірінің көңілін қалдырмай, дөрекі жауап бермей, әркімнің өз пікірін сыйлау, құрметтеу жағдайында өткізіледі. Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді. Одан әрі қарай пікір алмасу басталады. Пікірталас кезінде сөйлейтін адамдарға сұрақ қоюға болады. Негізінен қазіргі кезде көбінесе пікірталас сөзінің орнына Дебат деген сөзді көп қолданылады.
Дебат-белгілі бір ережеге сүйеніп, тың идея, логика, ақылмен, сөйлеу мәдениетінің көмегінің ұтымдылығымен ойналатын пікірсайыс. Дебаттың ойыншыларының санынына байланысты өз ішінде түрге бөлінеді.
Түрлерге бөлінуіне байланысты сөйлеу ерекшелігі де өзгешеленіп келеді.

Дебаттың түрлері

карл поппер
Американдық
парламентткі формат
линклн-дуглас

саяси
құндылықты

Британдық парламенттік формат


саяси
құндылықты

Дебат форматтарының фортматтарына байланысты ойыншыларының саны:
Линклн-Дуглас форматы 1:1
Американдық парламенттік формат 2:2
Британдық парламенттік формат 4:4
Карл Поппер форматы 3:3 адам ойнайды.

2. Саяси хабарлама.
Бұл-саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмек көрсетеді. Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Саяси хабарлама дайындағанда газетпен жұмыс істеу тиімді. Себібі, газетті дұрыс пайдалана білсең, біріншіден, оқушыларды барлық саяси оқиғаларға қатынастыра аласың.Екіншіден, жазылған мақалалар жайындағы түрлі пікірталастар, балалардың сұрақтары жаңа тақырыптарға түрткі, қызықты істер ұйымдастыруға себепкер болады.

3. Конференция
Конференция-белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Ондағы қарастырылатын мәселелер өмірдің кез келген саласына арналады. Конференция тақырыбын таңдаудың маңызы ерекше. Ол оқушылардың тілегімен сәйкес, әрі оларды қызықтыратындай болуы қажет. Конференцияның тақырыбы анықталып, мақсаты белгіленген жағдайда, оқушыларға қажетті әдебиеттерді оқу ұсынылады.

4. Конкурстар. Сайыстар.

Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ, оқушылардың сайысқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарынының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Сайысты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл араластыра жүргізгенге көңіл бөлген жөн.
Сайыстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс-инцинировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет. Конкурс өткізбес бұрын оның түрі анықталып, оған қатысушыларға қойылатын талаптар белгіленеді және соған сәйкес кімдердің қатысуы тиіс екендігі жайында алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Хабарландыру ілініпу, әділ қазылар алқасы тағайындалады. Залды безендіру, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Сайысқа қатысатын топтар алдын-ала тапсырыс береді. Осылай сайыс түрі өтеді. Мысалы төмендегідей пәнге деген қызығушылықтарын ояту үшін интеллектуалды шоу ұйымдастыруға болады.

Тақырыбы: Өнегелі тілің бар өсер ұрпақ
Мақсаты: Оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Сыныптан тыс оқытудың маңызы
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Пәндер