Педагогиканың негізін салуға және дамытуға үлес қосқан педагогтар



І. Кіріспе
Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы және педагогика жүйесінің салалары
ІІ. Негізгі бөлім
Педагогиканың өз алдына ғылым болып дамуы.Ян Амос Коменскийдің (1592.1670).
XIX екінші жартысындағы орыстың оқу.ағарту қайраткерлері.Константин Дмитриевич Ушинский (1824.1871).
Социалистік дəуір педагогикасы. Василий Александрович Сухомлинский (1918.1970).
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылардың идеялары
ІІІ.Қорытынды
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды. Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды:
• жалпы педагогика;
• жас кезеңдер педагогикасы;
• əлеуметтік педагогика;
• арнайы педагогика;
Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады.
1) оқу-тəрбие процесінің негіздері;
2) дидактика (оқу теориясы);
3) тəрбие теориясы;
4) мектептану.
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Педагогиканың негізін салуға және дамытуға үлес қосқан педагогтар

Жоспар:
І. Кіріспе
Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы және педагогика жүйесінің салалары
ІІ. Негізгі бөлім
Педагогиканың өз алдына ғылым болып дамуы.Ян Амос Коменскийдің (1592-1670).
XIX екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлері.Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871).
Социалистік дəуір педагогикасы. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970).
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылардың идеялары
ІІІ.Қорытынды

Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды. Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды:
* жалпы педагогика;
* жас кезеңдер педагогикасы;
* əлеуметтік педагогика;
* арнайы педагогика;
Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады.
1) оқу-тəрбие процесінің негіздері;
2) дидактика (оқу теориясы);
3) тəрбие теориясы;
4) мектептану.
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді.
Мектепке дейінгі педагогика - отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
- басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
- бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
- психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
- адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Жекеленген əдістемелер - оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика тарихы - əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тəжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика ж.т.б.
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару заңының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - ''Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог ''Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады'', ''Адам болу үшін ол білім алуы тиіс'', ''Білімділер нағыз адам'' - деді. "Iлім -нравтылықтың спутнигі'' - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теория-лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақы-лауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкім-нің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат - ұрып, соғу мақсатын көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - ''Ешбір ойластырылмаған'', ''Ешбір қызықтырмайтын" деп атады. Ал, Коменский оданда ауыр етіп ''Ақыл соғысы'' - деп атады. Англияда Фрэнсис Бэкон латын оқуын айыптады, қайтадан жаратылыс пәнін үйретуді ұсынды. Вольфганг Ратке, Иоганн Валентин Андреэ - Германияда т. б. оқу жүйесін өзгергуге өз беттерінше жұмыс істей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы - оқуды өзгерту туралы олардың ешқайсы-ның оқу туралы ойларын, ұсыныстарын қабылдамады.
Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы ''Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі'' атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.
Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - ''Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі'' атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. ''Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі'' -деп, жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрация-ланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде ''Ұлы дидактика'' атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады.
Константин Дмитриевич Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIX екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады. Ол-Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектаебінің негізін қалаушы.Оның Балалар әлемі, Ана тілі, Педагогикалық антропология атты тамаша еңбектері, балалар мн мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.
Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.
Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру - менің өмірімнің бірден-бір мақсаты, -деп жазды К.Д.Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді.

К.Д Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні -әрбір елде халықтың мақсат мүддесіне ,мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеясында еді.
Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра,Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірімен тұрмысын , талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мынадай ерекшеліктерді көрсетті . Ғасырлар бойы сыйынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске өзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік .
К.Д.Ушинскиийдің бүкіл өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан-тәнімен шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды.
Орыс мұғалімдерінің ұстазы К.Д.Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді.Ушинский өз шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрби мақсатымен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылым негізінде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.
В. А. Сухомлинский ''Жастарды адамгершілікке'' тәрбиелеудің проблемаларын'' зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу - барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері - комплексті түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлин-ский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі - педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс - адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: ''Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі - адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты'' - деп тұжырымдады.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітаптар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.
Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Аллтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. Мәселенің мәнді жері - деп жазды ол, - қазақтарға татар фнанатизмінің ықпалын тигізбеу - қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді. Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту - оның басты арманы болатын.
Ұзақ жылдар бойы бізде Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.
Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында ...Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарирн өзі орыс алфавитін қолданып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды ... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тиігзді. Инспекторлық жұмысқа кіріскен соң ол дінияуи мектептерді ашуды қолға алды. Ол оқытушы кадрларын даярлау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Мұғалімдер даярлау ісімен қатар оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс-қазақ училищелерінде К.Д.Ушинскийдің Балалар дүниесі, Л.Н.Толстой Әліппе және оқу кітабы, Ф.Бунаковтың Әліппесі мен құралы, Тихомировтың Грамматикалық элементарлық курсы оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педагогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын Қазақ хрестоматиясын (1889) және Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастуыш құралын (1889) жазып, бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, Хрестоматияға ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, т.б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Алтынсарин өз хрестоматиясының екінші бөлімінде жаратылыстану, жағрапия, тарих, физика, сондай-ақ техника саласынан түсінік беруді көздейтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы кезге дейін табылмай келеді.
Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді.
Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Ол осы мәселеге ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Көп ұзамай Торғай қолөнер училищесі ұйымдастырылып, өзі қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесінде өзінің қора жайын беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарын оқытып-тәрбиелей ісіне де жол ашқан Алтынсарин еді. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өмірінде орасан өор маңызды трихи оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Оның бұл ұсынысы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін жүзеге асты.
Ы.Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Ол Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: Қазақ даласын үш жыл аралығында қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына да кіріп шықпайды, бекіністерде училищелер салудан гөрі үйінің онсыз да қып-қызыл шатырын сылауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды-деп жазды.
Ы.Алтынсарин өз заманының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксегенін көреміз. Ыбырайдың бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында толық іске асты.
Абай Құнанбаев(1845-1904) - қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен ғақлия сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге -
деп жастарды білім - ғылымды меңгеруге шақырды.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салу, оқу оқып білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін еместігін терең түснген ол: Барыңды салсаң да балаға орыстың ғылымын үйрет...өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі... -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Кітапты молда теріс оқыр
Дағдардай боп сәлдесі!... -
деп Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болған.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды.
Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Оқыту әдістері және тәрбие парадигмасы
Педагогика ғылымының қалыптасуы
Пәндер