Turbo Pascal 7.0. программалау тілі



I. Кіріспе

1. Turbo Pascal 7.0. программалау тілі

II. Негізгі бөлім

1. Мәліметтер типтері
Стандарт қарапайым типтер
Символды типтер

2. Жолдық типтер
. PChar жолдық типі

3. Жолдық параметрлер
4. Жолдар типтерімен жұмыс


III. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Паскаль программалау тілінің алғашқы баламасы Швейцария ғалымы Никлаус Виртпен 1968 жылы құрастырылды. Алғашында, программалау тілі тек оқып-үйренуге арналды, себебі ол біршама детерминантты болған, яғни құрамыедағы барлық элементтері белгілі бір ережеге бағынған еді. Негізгі ерекшеліктері: программалауды бастауға болатын негізгі түсініктердің басқа тілдерге қарағанда онша көп еместігі, қарапайым синтаксис, берілген мәтінді компьютерлік кодке айналдыратын, жылдам жұмыс жасайтын компилятор.
1992 жылы Borland International фирмасы Паскаль программалау тілінің негізінде құрылған екі құрама программа шығарады: Borland Pascal 7.0 және Turbo Pascal 7.0. Олардың алғашқысы үш түрлі режимде жұмыс істей алады – MS DOS-тің қарапайым мен қорғанған жүйесінде және Windows операциялық жүйесінде. Оның жұмысы үшін қатты дискіде 30 Мбайт бос орын және жедел жадтың 2 Мбайт бөлігі қажет. Ал, Турбо Паскаль 7.0 MS DOS-тың қарапайым режимінде және Windows операциялық жүйесінде жұмыс істей алады, ол компьютер құрылғыларының сипаттамаларына Borland Pascal 7.0 программалау тіліне қарағанда өте төмен талаптар қояды. Біз берілген курстық жұмыста Турбо Паскальді сипаттай отырып оның негізгі типтерін қарастырамыз.
• Блашкин И.И., Буров А.А. Жаңа мүмкіндіктер Turbo-Pascal 7.0. — М.: “Макет” баспасы, 1992 жыл.
• Бородич Ю.С. Дербес компьютерлерге арналған Паскаль : Әдістемелік құрал/ Ю.С.Бородич, А.Н.Вальвачев, А.И.Кузьмич. — М.: 1991жыл.
• ВасильевП.П. Турбо Паскаль — менің досым: М.: Компьютер, ЮНИТИ, 1995 жыл.
• Джордейн Р. Справочник программиста персональных компьютеров типа IBM PC, XT, AT типті дербес компьютерлердің программистіне арналған әдістемелік құрал: ағылшын тілінен / — М.: 1991 жыл.
• Зуев Е.А. Turbo Pascal 7.0. программалау тілі — М.: Унитех, 1992 жыл.
• Мизрохи. Turbo Pascal және обьектті-бағытталған программалау. — М.: Қаржы және есесп, 1992 жыл.
• Borland Pascal with Objects 7.0. процедуралары мен функцилары туралы әдістемелік құрал — Киев: “Диалектика”, 1993 жыл.
• Фаронов В.В. Турбо Паскаль 7.0. ортасында дербес электронды есептеуіш машиналарда программалау — М.: МГТУ баспасы, 1990 жыл.
• Фёдоров А. Вorland Pascal-да программалаудың ерекшеліктері. — Киев: “Диалектика”, 1994 жыл.
• Хершель Р. Турбо Паскаль/ 2-ші өнделген басылым, өңделуі — Вологда: МП “МИК”, 1991 жыл.
• POWER TOOLS PLUS. Turbo Pascal 7.0. қолдау процедуралары: Қолданушыға арналған әдістемелік құрал. Техникалық құжаттама.

Жоспар:

I. Кіріспе

1. Turbo Pascal 7.0. программалау тілі

II. Негізгі бөлім

1. Мәліметтер типтері
1. Стандарт қарапайым типтер
2. Символды типтер

2. Жолдық типтер
1. . PChar жолдық типі

3. Жолдық параметрлер
4. Жолдар типтерімен жұмыс

III. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Паскаль программалау тілінің алғашқы баламасы Швейцария ғалымы Никлаус
Виртпен 1968 жылы құрастырылды. Алғашында, программалау тілі тек оқып-
үйренуге арналды, себебі ол біршама детерминантты болған, яғни құрамыедағы
барлық элементтері белгілі бір ережеге бағынған еді. Негізгі ерекшеліктері:
программалауды бастауға болатын негізгі түсініктердің басқа тілдерге
қарағанда онша көп еместігі, қарапайым синтаксис, берілген мәтінді
компьютерлік кодке айналдыратын, жылдам жұмыс жасайтын компилятор.
1992 жылы Borland International фирмасы Паскаль программалау тілінің
негізінде құрылған екі құрама программа шығарады: Borland Pascal 7.0 және
Turbo Pascal 7.0. Олардың алғашқысы үш түрлі режимде жұмыс істей алады – MS
DOS-тің қарапайым мен қорғанған жүйесінде және Windows операциялық
жүйесінде. Оның жұмысы үшін қатты дискіде 30 Мбайт бос орын және жедел
жадтың 2 Мбайт бөлігі қажет. Ал, Турбо Паскаль 7.0 MS DOS-тың қарапайым
режимінде және Windows операциялық жүйесінде жұмыс істей алады, ол
компьютер құрылғыларының сипаттамаларына Borland Pascal 7.0 программалау
тіліне қарағанда өте төмен талаптар қояды. Біз берілген курстық жұмыста
Турбо Паскальді сипаттай отырып оның негізгі типтерін қарастырамыз.
Turbo Pascal 7.0. программалау тілі жоғары деңгейлі программалау
алгоритмінен, құрамына еңгізілген өңдегіш және программаларды қосу және
жөндеуге арналған ортадан тұрады. Сонымен қатар, программа құрамында мол
көмек ақпараты бар (ағылшын тілінде). Барлағымызға белгілі, программалау
тілдері екі түрге бөлінеді: интерпретаторлар және компиляторлар. Турбо
Паскаль компиляторлік тілдер құрамына іреді.
Программалау тілі стандартқа қарағанда кеңейтілген мүмкіндіктерімен,
операциондық жүйенің мүмкіндіктерін қолдана алатын, оверссызықты
құрылымдарды құрастыратын, еңгізу-шығарулы ұйымдастыратын графикалық
суретті құратын жақсы дамыған модульдердің қорымен және т.б. белгілі.
Программалау ортасы программлардың мәтіндерін құруға, оларды
компияциялауға, яғни құрастыруға, қателерін тауып, оларды жедел түрде
дұрыстауға, стандарт модульдерді қоса отырып, программаны бөлек
бөлшектерден құрастыруға, кейінгіге қалдырылған программамен жұмыс атқаруға
мүмкіндік береді.
Паскаль ( программалауға арналған керемет тіл, ол оқып үйренуге
жеңіл, дұрыс ойластырылған, анық, әрі логикалы түрде толығымен түсінікті
болып келеді. Программалауды оқып-үйренудегі алғашқы тіл бола отырып,
жақсы, әрі тиімді программалау стилін меңгертеді. Паскаль құрылымды түрде
программалаудың және жалпы программалаудың тәртібін үйретеді. Жалпы
айтқанда, оның мүмкіндіктері басқа тілдерге, мәселен Бейсикке қарағанда
әлдеқайда көп.
Паскаль – иілімді дәне мәліметтер түрлері жағынан дамыған
программалау тілі. Оның рекурсивті мүмкіндітері, , сонымен қатар обьектті-
бағытталған программалауды қолдауы аса маңызға ие болады.

Негізгі бөлім.

1. Мәліметтер типтері

Мәліметтер түрі түсінігі Паскаль программалау тілінде маңызы зор.
Мәліметтер типі ішкі түсінігімен, осы мәліметтерге қоюға мүмкін болатын
мәндер және олармен жүргізуге болатын операциялар жиынтығымен сипатталады.
Мәліметтер түрлері құрамына қарай стандартты (прогрммалау тілі
құрастырушылардың өнімі) және қолданушылық (программистпен өзінің
программасында анықталатын) бөлінеді. Біз келесі стандарт түрлерін
қарастырамыз: бүтін сандар, нақты сандар, логикалық түр, сималдық және
жлдық түрлерді қарастырамсыз. Әрбір программист өзінің типін типтерді
анықтау бөліміндегі негізгі ерекешеліктерге назар аудара отырып сипаттай
алады. Ол Type сөзімен басталып, кейін мынадай түрдегі құрылым болады:

Типтің идентификаторы = типті анықтау;

Алдымен, мәліметтердің қарапайым түрлерін қарастырайық. Олардың
әрбіреуі мәндердің динақталған жиынын анықтайды: бүтін типтер, лоникалық
типтер, символдық және нақты типтер. Нақты типтерден басқасының барлығы
реттік болып табылады. Әрбір реттік типтің мәніне Ord функциясы сәйкесінше
натурал санын, яғни мүмкін болатын мәндер жиынындағы берілген мәннің реттік
нөмірін қояды. Әр түрлі реттік түрлерге Pred функциясын да қолдануға
болады, ол алдыңдағы мәнді қайтарады, немесе Succ функциясын – келесі мәнді
қояды. Егер айнымалылар мен өрнектердің түрлі типтеріне қатынас
операциялары немесе салыстыру қолданса: =, , , , =, =, онда тип
жинақталған болып есептеледі. Әрбір реттік тип жинақталған болады, бірақ
керсінше болуы мүмкін емес. Осылай, нақты типтер мен string типі
жинақталған болады, бірақ реттік емес.
Turbo Pascal 7.0. программалау тілінде барлық айнымалылар, яғни
мәндерді жазуға, оқуға және сақтауға арналған жад ұяшықтары алдын-ала
сипатталуы қажет. Бұның мәні мынада - әрбір айнымлы белгілі бір түрге анық
түрде бекітілуі тиіс.
Түр – бұл сол айнымалымен меншіктеле алатын бір уақытта мәндер
жиынтығының құрылымы мен сипаты болып табылады.
Turbo Pascal 7.0. программалау тілінің біршама түрлері бар. Сонымен
қатар, ол қолданушыға (программистке) оған қажет болатын қандай-да болсын
түрлерді құрастыруға мүмкіндік береді. Мұндай түрлерді стандарт типтердің
шектеулі санынан құрастырады.
Түрлердің өзіндің құрылымы бар. Құрылымның ең басында келесі түрлер
орналасқан: қарапайым, күрделі, сілтемелі және процедуралы.

1.1 Стандарт қарапайым типтер.
Turbo Pascal 7.0. программалау тілінің негізгі түрлеріне стандарт
қарапайым және стандарт құрылымды типтер жатады.
Қарапайым түрлер скаляр және шектеулі болып екіге бөлінсе, скаляр
түрлер стандарт және саналатын деген топтарға бөлінеді. Стандарт скаляр
типтер бес түрге бөлінеді:
• Бүтін [Integer],
• Нақты [Real],
• Логикалық [Boolean],
• Символдық [Char],
• Жолдық [String].
Оларға арнайы нұсқалы түр [Variant] де еңгізуге болады.

1.2 Символды тип
AnsiChar және WideChar типтері программалау тілінің көптеген бөлек
символдарын сипаттайды. AnsiChar 256 ASCII кодтарының жиынын сипаттайды,
бір байт жадты алса, WideChar Unicode (әмбебеп кодтар жиынтығы) жиынын
сипаттайды, екі байт жад алады. AnsiChar типі программалау тілінің ескі
баламаларындағы негіз болған Char типіне сәйкес қызмет атқарады.
Мысалы:

Var
Ch, k : AnsiChar;
Char_Massivr: array[1..100] of Char;

Символдық мағынаны екі жағынан да апострофпен қоршалған символ ретінде
көрсетед. Ал апострофтың өзін де көрсеткіміз келсе, онда тағы екі жағынан
бір-бірден апостроф қосамыз, мысалы:

'h' 'X' '#' '$' ''''

Символдық тип Char-ды литерлі деп те атаймыз. Ол екі жолмен жазылатын
символдармен жұмыс жасау үшін арналған. Біріншісі, екі жағынан бір
жақшамен немесе оның кодымен беріледі, мәселен, 'a', 'B', '*' немесе, дәл
жанағыдай мәнді беретін #97, #130, #42. Паскальдағы программа мәтініне
қарағанда, жолдық және бас әріппен жазылатын символдар өзара ажыратылады.
Char типті мәндер ASCII (американ стандарт коды) символдарының толық
жиынтығын құрайды. Компьютерде он алтылық символдар кодтары сақталады (1
байт), олар салыстыру қатынастарында (операцияларында) қолданылады.
функциясы сәйкес символдың кодын шығарады. Ол код 0-ден 255-ке дейін болуы
мүмкін. Ал кодтаға сәйкес символды шырғаратын Ord функциясына кері
функция Chr функциясы болып табылады.

Мысалы:

X=ord(‘A’); x=65
X=chr(65); x=A
2. Жолдық типтер
Бұл тип көптеген жағынан Array of Char типімен, яғни символдар
массивімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі ерекшелігі мынада: осы типтің
айнымалысы символдардың өспелі саны болуы мүмкін (нөлден жоғарғы шекке
дейін), осы уақытта символдар массиві әрқашан есептелген және бірдей
символдар санын иемденеді.

3 кесте

№ Түрі Жол ұзындығы Қажетті жады
1. ShortString 0 – 256 символ (Символдар саны) х 1 байт
2. AnsiString 0 – 2 Гб символ (Символдар саны) х 1 байт
3. WideString 0 – 2 Гб символ (Символдар саны) х 2 байт

Жолдық айнымалының максималды ұзындығы анық белгіленуі тиіс. Жолдың
ұзындығы оның бекітілген ұзындығынан бір бірлікке көп болады, себебі оның
нөлдік байтында жолдың ұзындығы кірістірілген. Нөлдік байттағы ұзындықты
мәжбүрлеп өзгеруге мүмкіндік бар.
String типіне аса жоғары назар аударғанымыз қажет. Егер String-жолдың
ұзындығы бекітілмесе, онда {$H+} компилятор директивасының іс-әрекеті
кезінде немесе оның атамауынсыз да мұндай жарлық АnsiStrig-ке тең деп
есептей беруге болады. Егер {$H-} директивасы орналастырылса, онда String
типі ShortString типімен тепе-тең болады.
Жолдық мәнді апострофпен шектелген символдардың реті түрінде
бейнелейді. Бос жолды екі апострофпен белгілейді.

Жолдық типтердің мәндерінің қолдануына мысалдар:
'Арман' '' 'КАРАВАН' 'Символдар жолы'
Жолдық типті айнымалыларың сипатталуына мыалдар:
Var
s1, s2 : ShortString [12];
st1, st2 : AnsiString [580];
ChMassiv: array [1..15] of String;

2.1. PChar жолдық типі
Windows функцияларымен байланыс құру үшін Pascal-да жаңа жолдар типі –
аяқтаушы нөлімен PChar-жолдар құрылған. Паскаль программалау тілінің
қарапайым және бұрыңғы баламаларында String-жолда жоғарыда аталып
кеткендей, нөлдік байт осы жолдың символдарының санын сақтауға арналған, ал
символдардың өздері алғашқы байттан бастап ретімен орналасады. Ал PChar-
жолда керсінше, символдар нөлдік байттан бастап ретімен орналасады. Олардың
реті аяқтаушы нөлмен бітеді.
PChar жолдарын қарапайым символдық массивтер ретінде де бекітуімізге
болады. Мысалы, аяқаушы нөлі бекітіліп қойылған 3000 қосу 1 байт жолын
келесі түрде анықтауға болады:
Var
s: array[1 .. 3000] of Char;
Ескерту. Қажетінсіз PChar-жолдарды қолданбай-ақ қойыңыз. Жолдық String-
типтер мен осындай жолдарды өндеу функциялары жақсы құрастырылған, олар
қолдануда жеңіл, әрі PChar-жолдарына қарағанда сенідіріек болып келеді.
Бұл жолдар типі PChar секілді жалпы Windows функциаларымен байланыс
орнату үшін құрылған. Подробнее PString-строки описаны далее.

3. Жолдық параметрлер.

Жолдық типтің мәні болып оның ұзындығының динамикалық атрибутының
символдардың реті (программаның орындалуы кезіндегі символдардың нақты
санына тәуелді) және тұрақты 1-ден 255-ке дейінгі көлемі бар өлшем атрибуты
болады. Ұзындық атрибуттың ағымдағы мәнін Length стандарт функциясы арқылы
алуға болады.

--------
Жолдық тип ---string------------------------ ----------
-------- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде қайталанатын процестерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде файлдармен жұмысты ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal тілінде программа дайындау жолдары
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль ортасында жұмыс
Турбо Паскаль тілінде программалау
Turbo Pascal программалау тілі
Пәндер