XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан



Кіріспе

Абылайхан бейнесінің Бұқар жырларында жырлануы
Үмбетей жыраудың Абылайхан бейнесін сомдауы
Тәтіқара жыраудың Абылайхан туралы жырлары
XIX ғасыр өлең жырларындағы Абылайхан

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
«Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі жоқ дегеніндей қазақ ақын жырауларының шығармашылығында дәл Абылайдай шексіз жырланып, дәріптелген ешкім болмады. XVIII ғасырда Абылай туралы өлең, жыр, толғау тудырған Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Ақтамберді, Күдері Қожа шығармаларында жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес, ел бірлігі ғана көрінбейді, ең бастысы, заман күрескері Абылай тұлғасы шынайы жырланады. Тарихи өлең көне заманнан бері халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан жанр. Халық басынан өткен оқиғалардың барлығы да тарихи өлең туғызып отырған.
Демек, ел басынан өткен XVIII ғасырға небір сұрапыл оқиғалар жырланған өлең-толғауларда, сондай-ақ кезінде елінің тірегі, жүрегі болған қайраткер, қаһармандарының өнеге,лі ерлік істері де айқын көрініс тапқан. Сол кездегі ақын-жыраулар поэзиясы Абылай заманы және өмір жолымен жете таныстырады, дәуір тынысын жеткізеді.» Тарихи өлең - өмірде болған нақты оқиғалар мен адамдарға арналған шағын, бірақ біршама эпикалық сарыны бар шығармалар. Тарихи өлең әдетте оқиғаның ізі онша суымай тұрғанда, фактілер ұмытылмай тұрғанда туады да, онда шындық іздері басым жатады. Абылай бейнесінің тарихи өлең-толғауларда қалай сомдалғанына, бейнені ашудағы ақын-жыраулар қолданған көркемдік әдіс-тәсілдерге, әсіресе, әдеби шындық пен тарихи шындықтың сабақтастығына тоқталмақпыз. Яғни тарихи жырдың, тарихи оқиғалардың ізін қайталамайтындығын еске ұстай отыра ондағы заман шындығы, баяндалуы, ең бастысы Абылайдай тарихи тұлғаның қаншалықты бағалануын қарастырамыз.


Тарихи өлең, жырларға өзек болған жайлар XVIII ғасырдағы қазақ халқының басынан кешкен тағдыры, жоңғарларға қарсы ұзаққа созылған күресі, ішкі-сыртқы саяси жағдайы. «Небір дәуірден бері іргелес отырған соң ба, түркі тектес халықтардың ауыз әдебиетінде де негізгі қарсыласымыз қалмақтар болып келеді деген Ш.Айтматов сөзінің мәні зор. Ақын-жыраулар жыр толғауының дені – жоңғар шапқыншылығы. Сондықтан да Абылай заманы ақын-жыраулар шығармаларында шынайы жырлануымен ерекшеленеді. Әрі маңызды тарихи оқиғалардың сипатын ашады. М.Ә. сөзімен айтқанда: «Тарихи өлеңдер ең алдымен ел тіршілігінде аңыз болып өткен тарихи оқиғадан туады. Тарихи өлеңдердің ішіндегі адамдар-жалпақ елге аты белгілі, жалпақ елге қадірлі, сүйікті адамдар. Өйткені сондай өлең толғаулардың арасында XVIII ғасырдағы ақын жыраулар поэзиясында жарқырай көрінетін ерекше тұлға – Абылайхан. Және өмірбаяндық деректерінен бастап, жекелеген ерліктері, қолбасшылық, қайраткерлік, дипломатиялық қызметтері қамтылған, жан-жақты көрсетілген.»»
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан тарихы 3 том Алматы 2002ж.
2. Бес ғасыр жырлайды.
3. Қозыбаев. Абылайхан Кенесары. Алматы 1993ж.
4. Ә.Дербісәлин 15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы. Алматы 1976ж.
5. Ысқақов. Абылайхан. Алматы 1992ж.
6. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. 1 том. Алматы 1958ж.
7. Ә.Тарақ «Алаштың айбын ардағы - Абылайхан». Алматы 2003ж.
8. Қансейіт Әбдезұлы «Тарих және тағдыр». Алматы «Қазығұрт» 2004ж.
9. Қазақ совет энциклопедиясы.
10. М.Мағауин. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет «15-18 ғасырлар» Алматы 1992ж.
11. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін. Алматы 2002ж.
12. Ш.Қуанғанов. Бұқар жырау және оның заманы. Алматы 1992ж.
13. Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап». Алматы 1980ж.
14. И.Тасмағанбетов. «Дала даналары».
15. Қазақ совет энциклопедиясы. 2 том.
16. 15-18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы 2000ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Абылайхан бейнесінің Бұқар жырларында жырлануы
Үмбетей жыраудың Абылайхан бейнесін сомдауы
Тәтіқара жыраудың Абылайхан туралы жырлары
XIX ғасыр өлең жырларындағы Абылайхан
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі
жоқ дегеніндей қазақ ақын жырауларының шығармашылығында дәл Абылайдай
шексіз жырланып, дәріптелген ешкім болмады. XVIII ғасырда Абылай туралы
өлең, жыр, толғау тудырған Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Ақтамберді, Күдері
Қожа шығармаларында жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес, ел бірлігі
ғана көрінбейді, ең бастысы, заман күрескері Абылай тұлғасы шынайы
жырланады. Тарихи өлең көне заманнан бері халықтың өзімен бірге жасасып
келе жатқан жанр. Халық басынан өткен оқиғалардың барлығы да тарихи өлең
туғызып отырған.
Демек, ел басынан өткен XVIII ғасырға небір сұрапыл оқиғалар жырланған өлең-
толғауларда, сондай-ақ кезінде елінің тірегі, жүрегі болған қайраткер,
қаһармандарының өнеге,лі ерлік істері де айқын көрініс тапқан. Сол кездегі
ақын-жыраулар поэзиясы Абылай заманы және өмір жолымен жете таныстырады,
дәуір тынысын жеткізеді. Тарихи өлең - өмірде болған нақты оқиғалар мен
адамдарға арналған шағын, бірақ біршама эпикалық сарыны бар шығармалар.
Тарихи өлең әдетте оқиғаның ізі онша суымай тұрғанда, фактілер ұмытылмай
тұрғанда туады да, онда шындық іздері басым жатады. Абылай бейнесінің
тарихи өлең-толғауларда қалай сомдалғанына, бейнені ашудағы ақын-жыраулар
қолданған көркемдік әдіс-тәсілдерге, әсіресе, әдеби шындық пен тарихи
шындықтың сабақтастығына тоқталмақпыз. Яғни тарихи жырдың, тарихи
оқиғалардың ізін қайталамайтындығын еске ұстай отыра ондағы заман шындығы,
баяндалуы, ең бастысы Абылайдай тарихи тұлғаның қаншалықты бағалануын
қарастырамыз.

Тарихи өлең, жырларға өзек болған жайлар XVIII ғасырдағы қазақ халқының
басынан кешкен тағдыры, жоңғарларға қарсы ұзаққа созылған күресі, ішкі-
сыртқы саяси жағдайы. Небір дәуірден бері іргелес отырған соң ба, түркі
тектес халықтардың ауыз әдебиетінде де негізгі қарсыласымыз қалмақтар болып
келеді деген Ш.Айтматов сөзінің мәні зор. Ақын-жыраулар жыр толғауының дені
– жоңғар шапқыншылығы. Сондықтан да Абылай заманы ақын-жыраулар
шығармаларында шынайы жырлануымен ерекшеленеді. Әрі маңызды тарихи
оқиғалардың сипатын ашады. М.Ә. сөзімен айтқанда: Тарихи өлеңдер ең
алдымен ел тіршілігінде аңыз болып өткен тарихи оқиғадан туады. Тарихи
өлеңдердің ішіндегі адамдар-жалпақ елге аты белгілі, жалпақ елге қадірлі,
сүйікті адамдар. Өйткені сондай өлең толғаулардың арасында XVIII ғасырдағы
ақын жыраулар поэзиясында жарқырай көрінетін ерекше тұлға – Абылайхан. Және
өмірбаяндық деректерінен бастап, жекелеген ерліктері, қолбасшылық,
қайраткерлік, дипломатиялық қызметтері қамтылған, жан-жақты көрсетілген.

Абылайхан бейнесінің Бұқар жырларында жырлануы.
Бұқар жырау поэзиясы арқылы Абылайдың қолбасшылық, қайраткерлік тұлғасы
және оның сол замандағы болмыс бітімі шынайылығымен бізге жетіп отыр. Әрі
ол тарихи деректермен сәйкестік табуымен да маңызды.
Абылай туралы молынан жырланған әрі өзі қатысып, куә болған тарихи
деректермен сәйкестік табуымен да маңызды.
Абылай туралы молынан жырланған әрі өзі қатысып, куә болған тарихи
шындықтарды шынайы көрсеткен, сол заманның көзі мен құлағы Бұқар жырауы
екені белгілі.
Бұқар жырау поэзиясы арқылы бізге Абылай дәуірінің болмыс-бітімі, Абылайдың
іс-әрекеті нақтылы өмір шындығымен, тарихи ерекшелігімен жетті.
Жалпы Бұқар өлең-толғауларының басты кейіпкері Абылай болуында үлкен мән
бар. Өйткені қазақ халқының басынан қасірет бұлтын төндірген Ақтабан
шұбырынды кезінде тоз-тозы шығып тентіреп кеткен елдің басын қосып, жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күреске жұмылдыру-тек Абылайдай қайраткердің
қолынан ғана келеді. Бұқар өлеңдер-толғауларының мазмұн-мағынасының
ерекшелігін терең талдап көрсетеді. Мәселен Бұқардың Ай Абылай, Абылай!
атты талдауын алайық:
Ай Абылай, Абылай!
Мен сені көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің
Әбілмәмбет патшаға
Қызметші болып жүр едің
Сен қай жерде жүріп жетіктің
деп біртоқталды.

Тарихи деректерге сүйенсек, Абылайдың Әбілмәмбетте қызметші болғаны шындық.
Бұқардың
Дәулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа
Бақ үйіне түнедің –
деуінің де мәні бар. Шын мәнінде Бұқар Абылайдың батырлары алдында беделін
түсіруді көздемеген, қайта бұл істі өз ақылымен шешкенін жөн көрген.
Ашуланба, Абылай,
Ашулансаң Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазыға салармын
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма
деп кемшілігін бетіне басады. Жалпы хандардың қатыгездігін, билік басындағы
теріс қылықтарын батыл айтып көрсету жырауларға тән бір қасиет, ерекшелік
болса керек. Толғаудың өзі де Іш қазандай қайнаған уақытта шығатын
жүректің лебі, жанның тартатын күйі. Бірақ қызуқанды Абылай айтқанынан
қайтпай тұрып алса керек. Ханның жорығының қауіптілігін түсінген Бұқар
жырау Абылайдың тасыған көңілін, астам сөзін басу үшін осылай жазыпты
дейді.
Бұқардың бұрын жарияланған шығармаларында бұл өлең:
Орыспенен соғыспа
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба
деп берілген.
Осыншама өзіңді тәрбиелеп басына көтерген жұртыңды текке біреумен
қырылыстырып, обалына қалма дегені ғой, - деп, Абылайхан бір қызарды, бір
қуарды – ақырында бұл кісінікі пайдалы сөз деп, орыспенен соғысайық дегенін
қойды деп анықтайды.
Осы жолдардың алдында Абылай былайша дәріптенеді:
Жұлдызың туды – ау оңыңнан,
Жан біткен еріп соңыңнан.
Он сан алаш баласын
Аузыңа құдай қаратып,
Жусатып және өргізіп,
Жұмсап бір тұрсың қолыңнан.
дей отырып нағыз өз жерінде тура билігін жүргізе алатындығын айтады. Қалай
десек те, Бұқар Абылайдың 20 жасында ел билігіне араласқанын анық
баяндайды. Барлық дәлелдеулерді былай қойғанда, Абылайдың Бұқар жыраумен
қоштасардағы ... ... Жиырма жасымда таққа міндім. Қырық сегіз жыл қазаққа
хан боп тұрдым деген сөзі – шындықтың шаң баспас шарайнасы емес пе?!
Отыз жасқа келгенде
Кең дүниеге кенедің, -
дегені 1740-1745 жылдарымен сәйкес келеді. Бұл кезең Қалдан Серен дүние
салып, жоңғар хандықтарының таққа таласып, ішкі қайшылықтарының күшейген
кезі. Бұл тартысты Абылайдың өз мақсатына шебер пайдаланған тарихтан
белгілі.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде,
Соқтырып аққан сен едің, -
деп жырау толғауына өзек болған бұл кез – 1743 жылы Абылайдың жоңғар
тұтқынынан босап шыққаннан кейінгі ел билігін қолына алып, жоңғар
шапқыншылығына қарсы табанды күреске бет бұрған жылдар.
Бұқардың Құбылып тұрған бәйшешегі жоғарындағы толғаудан кейін дүниеге
келсе керек. Жырау өзінің қарттығын, жасының біразға келгенін, баяғыдай
ақыл айтуға қуат-қажырының азайғанын айта келіп:
Хан Абылай атанып,
Жайнап шықтың жасыңнан, -
деп Абылайдың жасынан халқының қайраткер тұлғасына айналғанын айғақтайды.
Бұқар жырау Ай Абылай, Абылай! деп басталатын толғауында қарадан да,
төреден де әйел алмауға ақыл бере келіп, қалмақтан қалыңдық алудың
ерекшелігін айтады, яғни, одан тарайтын ұрпақ тегіңді сақтайды, өзіңдей
асыл затты болады деген ойға тіреледі.
Жыраудың:
Қалмақтан алсаң бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас, -
Дегені де осыған саяды. Одан әрі:
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан.
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан! –
Деп, қалмақтан әйел алуға кеңес бере келіп, қосының, яғни әскери күшің тек
қазақтардан ғана болсын, басқа елдерді араластырма деуі де, дана абыздың
өткен тарихтың орны толмас өкініштерін ойға алуы аңғарылады.
Абылайдың жоңғарларман, Қытаймен, Орта Азия хандықтарымен, Еділ
қалмақтарымен ұрыстарының бәрінде де төңірегіне топтасқан айтулы батырлар
Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Албан
Қангелді, Райымбек, Олжабай, Малайсары, Бердіқожа, Сары, Баян, Есет, Ералы
сұлтан т.б. бастаған қолдың қатысқанын еске алсақ қолбасшының қабілет-
қарымы даралана түседі1.

Жалпы Бұқар толғауларында сол замандағы басқа жыраулар шығармаларында,
кейінгі тарихи жыр, дастандарда Абылайды арғымаққа, қыранға, арыстанға,
бәйтерекке теңеу ерекше сипат алған.
Абылай тұлғасын жырлауда ақын-жырауларға тән көтеріңкі сарынмен, шалқар
шабытпен бірге, ерекше сүйіспеншілік сезім байқалады. Мұның өзі Абылай
бейнесінің өз дәуірінен кейінгі дәуірлерге де аласармас асқақ бейне ретінде
жырлануы ғана емес, дәстүрлік сипат алуының, феномендік тұлғаға айналуының
айғағы.
Қорыта келгенде, Бұқар шығармашылығының негізі – Абылай басынан өткен
жайларды қамтыған. Абылай өмірінің елеулі кезеңдері, хандық дәуірі бір
сөзбен айтқанда, сол заманның тарихы. Бұқар поэзиясының негізгі қаһарманы
заман, адам өмірінде болған адамдар. Бірақ солардың бейнесі мен ісін ақын
заман оқиғасы мен тұтас алады. Жырау Абылайдың елдің елдігін сақтаудағы,
хандық билікті нығайтудағы қайраткерлік істерін, бойындағы парасаттылығын,
көрегенділігін, батылдығын мадақтап, марапаттауда айырықша әсірелеуге
болмайды. Көрген білгенін, көңілге түйгенін бүкпесіз шындық тұрғысында
айтады. Жырау тілінде Абылай – Алтын тұғар үстінде, ақсұңқар құстай
түлеген. Дәулет құсы басына қонған, қыдыр басына келген, бақ үйіне
түнеген қасиетті де киелі тұлға. Әрі Алыстан таяп тілеген, қылышын тасқа
білеген, Алмаған жауды қоймаған - батыл, ақылды, айлалы, айбарлы
қолбасшы2.
Жұлдызы оңынан туып, жан біткен соңынан ерген, Он сан алаш болсын аузына
қаратқан - яғни, билігіне жүгіндірген. Тоз-тозы шыққан елді біріктіріп,
бір тудың астында топтастырып, азаттық күресіне жұмылдырған қайраткер,
Арсы менен күрсіге үнін тайталастырған - яғни көршілес мемлекеттер және
хандықтар мен ел мүддесі үшін бітімдесіп, маңызды мәселелерде тапқырлығын,
білімділігін, алғырлығын, ақылдылығын танытып, зор құрметке бөленген
сұңғыла саясаткер. Үш жүздің басын құрып, Жоңғар, Қытай, Ресей мемлекеті,
Орта Азия хандықтары жан-жақтан қыспаққа алып, ел тағдыры қыл үстінде
тұрған шақта бүкіл қазақ халқын дана билігімен азаттық үшін жеңісті жолға
бастаған күрескерлік рөлін Бұқар ерекше бағалайды. Жырау Абылайдың хандық
билікке жеткен кездегі елге істеген жақсылықтарын, ізгілікті істерін
сүйіспеншілікпен дәріптейді. Жетім-жесірге жасаған жасаған қамқорлықтарын,
елді отырықшыландырып, қала салғызуға жұмылдырып, өркениетке бет бұрған
қадамдарын, яғни өз заманында қандай мәселе болса да билер кеңесі арқылы
шешкенін үлгі тұтады. Шындығына келсек, ханның жеке басының кемшілік, мінін
пендешілігін айтудан Бұқар жасқанбаған, хан қаһарынан, Абылай- беделінен
қаймықпай, кейде өзінің өр, қайсарлығына басып, көнбеген ханға Ай Абылай,
Абылай! - деп, қарата айтып кезінде өзі көргенде, тұрымтайдай ұл болғанын,
мұндай құрметке бірден жеткендігін, яғни қай жерде жүріп жеттің деп тәубаға
келтіріп отырған.
Бұқар поэзиясының құрылысына келсек, Абылай туралы толғауларында ханның
атын қайталау арқылы өміріне қатысты маңызды жайларға тоқталып өтеді. Және
белгілі бір оқиғаларды жеткізуде ішкі ұйқас ырғағын сақтай отырып, ойды
түйдектерге жеткізеді. Абылай атына қайталаумен өмір жолындағы айтулы
тұстарға екпін береді. Кейде бір дыбыстық ерекшеліктердің қайталануы
бейнесі ашудағы ұтымды әдіс ретінде ғана көрініс тпппайды, ол Абылайдың сол
кезеңдегі атқарған істеріне баға беруде өзіндік міндет атқарады. Яғни,
жырау Абылай бейнесін, оның ерлік істерін, қайраткерлік қызметін көрсетуде
дәстүрлі эпикалық жыр үлгісін жаңа арнада жалғастырушы. Яғни Бұқар
стилінде ауыз әдебиетінің үлгісі басым.
Бұқар XVIII ғасырда поэзиямызды эпос, ұсақ салт жырларының стилінен бөліп,
күнделікті өмір проблемаларына негіздеді. Сөйтіп, XV ғасырдан келе жатқан
ақындар поэзиясының дамуына одан әрі жағдай туғызды. Бұл өз кезеңі үшін зор
жаңалық болатын3.

• 1 Ә. Тарақ Алаштың айбын ардағы – Абылай хан Алматы – 2003 32 –
бетте
• 2 Ә. Тарақ Алаштың айбын ардағы – Абылай хан Алматы – 2003 33 –
бетте
• 3 Сонда 34 – бетте
Үмбетей жыраудың Абылайхан бейнесін сомдауы.
Абылай тұлғасын өлеңдеріне өзек еткен сол заманның ақын-жыраулары Үмбетей,
Тәттіқара, Көтеш, Шал т.б. да қатысты. Сонымен қатар, Жанақ, Күдеріқожа
жырларында Абылай тұлғасын таралап бейнелемесе де, ханға қатысты белгілі
оқиғаларды жырлаған. Үмбетей жырау Абылайханның өмірбаянының Бұқар айтпаған
кезеңдерін тарихи шындықпен білуімен құнды мұра қалдырып отыр. Ей,
Ақтамберді, Қабанбай! деген толғауында:
Салмақтасаң, айта ғой,
Хан алдында, күшінуді.
Елімді иесіз деймісің,
Ерімді иесіз деймісің, -
деп асқақ айтуы да Абылайдың ел ішіндегі беделінің биіктігін аян етуі ғана
емес, ханның халық пір тұтып, қадірлейтін ардақты да аруақты тұлғасын баян
етуі. Бұқардың Бөгенбай ілімін Абылайға естіртуі сияқты Үмбетейдің
Бөгенбай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі де – Абылай тұлғасын шынайы
сипаттайтын көркем дүниелердің бірі4.
Бұқар:
Тұғыр болған сол еді
Сіздей төре сұңқарға,
Бәйгелі жерде бақ болған,
Сіздей жүйрік тұлпарға, -
Десе, Абылайды төре тұқымы етіп ерекшелеу ғана емес, құс қасиеттісі
сұңқарға, жүйрік тұлпарға теңеуі оның қайраткерлік қызметіне
сүйіспеншіліктен туса керек. Үмбетей Абылайдың халық аңызына айналған бас-
болмысындағы ерекше қасиеттерін де сипаттайды:
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда.
Жалғазбын деп шошымай.
Еш малшыға қосылмай
Қара жерге отырмай,
Күпіңді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа,
Қол аяғың төрт жақта,
Жатушы едің сол жақта,
Ұмыттың ба Абылай, -
деп балалық шағының ерекше сәттерін түйіндейді. Абылайдың жиырма жасында
қалмақпен ұрысқа шауып, бағы ашылып, есімі ел құрметіне бөленген шағын
сүйсіне жырлайды5.

• 4 Қуанышов. Ш Бұқар жырау және оның заманы Алматы 1992 ж. 93 – бетте

• 5 Жұмашев.Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері.Алматы 1958 ж.
101 - бетте
Сол алғашқы ерлікпен даңққа бөленіп, есейе келе хандық тұғырға көтеріліп,
Әлемасқан жан болғанын сөз етеді.
Қалдан ханның әскері,
Іздеп сені әрі-бері,
Қапыда ұстап алғанда,
Алып барып Тәшкенде,
Тар зынданға салғанда,
Елің қараң қалғанда, -
деп жырау Абылайдың қапылыста жау тұтқынына түсуін, оған үміт артқан елінің
жанына қатты батқан жай ретінде ұғындырады. Жырдан аңғаратынымыз, Қалдан
ханның Абылайды қолға түсіруді мақсат еткені. Міне, осындай тұғырыққа
тірелген шақта үш жүзден жиналған тоқсан жақсы, яки билер, ақсақалдар
барғанда да жоңғарлар көнбегенін, Абылайдың тұтқыннан босатылуы өз басына
үлкен сын болғандығын ұғынамыз.
Сөзіне қарсы сөз айтып,
Жауаптастың, қарыстың,
Шешендік жолын тұтындың,
Үш ауыз сөзбен құтылдың, -
деп жырау Абылайдың қалмақ тұтқынында еңсесін түсірмей, қайсар да, өжет
мінезімен, батыл да байыпты жауаптарыман Қалдан ханның мысын басқанын, яғни
тұтқыннан босатылуына бір жағы өзінің тікелей табандылығы, мәрттігі себеп
болғанын айқындайды6.
Жалпы Абылайдың қалмақ тұтқынына түсуі халық дастандары мен аңыздарында
әртүрлі айтылады. Көпшілінде Ұлытауда аң аулап жүріп, ұйықтап қалып қолға
түсті десе, - енді біреуі барлауға шыққанда жоңғардың көп қолымен кездесіп,
ұрыста қолға түскен деседі. Нақты тарихи дерекке сүйенсек, Сыптан бастаған
қалмақ әскері Еділде, Игілік пен Жодерті өзендерінің бойында болған Абылай
сұлтан 200 адамдық қолмен шабуыл жасап, қалмақтар оларды талқандап, Абылай
сұлтанды қолға түсірген. Әрине тарихи дерек Абылайдың жауға аңдамай ұрынып
қолға түскенін жеткізсе, Үмбетейде бұл шынайы көрініс тапқан. Абылайды
босата алмаса да, Ақшора би бастаған 90 адамның Қалденге баруы, Әбілмәмбет
ханның ұлы Әбілфейіздің аманат үшін ғана емес, бауыры Абылаймен кездесіп,
оның басын аршалау үшін жіберілуі, Орынбор комиссиясының басшысы Неплюев
арқылы Әбілқайырдың өтінішімен орыс елшісі К.Миллердің жәрдем етуге әрекет
жасауы өлең тілімен айтқанда қараң қалған елдің жанкешті ұмтылысы болғаны
айқын. Бұған дәлел Нияз батырдың аманатқа, Қазыбек бидің үш рет бітімге
баруы. Соның бәрі де Абылайды қалмақ тұтқынынан босатып алуға жасалған
қадамдар болғаны айқын. Орыс елшілігінің Абылайды аршалауға ұмтылуы да оған
өз мүддесі үшін қол ұшын бергендігін дәлелдесе керек7.

• 6 Бес ғасыр жырлайды. 2 – том. 51 – бетте.
• 7 Сонда 53 – бетте.
Абылай өз басына төнген қауіпті мойымай көтеріп, жаудың түрлі айласына,
қорлық-қинауына шыдап, сөзіне қарсы сөз айтып сескенбеуі, қаймықпай,
жауаптанып, қайсарлықпен қарысып, қасарысып, шешендік жолмен тұтынып, үш
ауыз сөзбен құтылуы тарихи деректермен үйлеседі. Үш ауыз сөзінің бірі –
қапыда ұйықтап жатып қолға түсуі; екіншісі, қала салып халқын отырықшы
етуі; үшіншісі, өзінің жалғыздығы, ұрпағының жоқтығы. Бұл үш тілек халық
аңыз-әңгімелерінде, дастандарында Абылай арманы ретінде беріледі. Жырда –
Абылай ойрат тілінде сөйледі деу – ақиқат нәрсе. Өйткені, Абылай Қытай
елімен арадағы хаттарын тотый-монғол тілінде жазғаны мәлім.
Демек, Абылайдың мойымас мәрттігі, қайсар, өжет, өршілдігі адуындылығы мен
алғырлығы, білімділігі жауын да қаймықтырған. Тұтқында отырып үлкен олжамен
оралу, қалмақ ханының ішкі есебімен жасалса да, бір жағынан Абылайды
мойындау, келешегінен үміттену аңғарылады. Абылайдың хандық құрған кезеңіне
жырау былай баға береді:
Батыры ханға сай болды,
Елің жалпақ бай болды.
Елге лайық ер болды,
Өзге жұрт аңсар жай болды.
Яғни:
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан,
Қашпаған қандай ұрыстан, -
деп, жырау осыған лайық тұлғалар қатарында Қаз дауысты Қазыбек, Керей
Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сияқты би, батырларды
атайды. Абылайдың хан болып әйгіленуіне жеке басының ерлік істері, ақыл –
парасатты, қабілет- қуатымен бірге, айналасына терең ойлы билер, жүрек
жұтқан батырлар топтасқанын, сондықтан өзге елдердің осыған аңсары ауғанын
аңғартады. Абылайдың парасатты сөзімен де, қауымды қайраткерлік істерімен
де халық жүрегіне жол тапқанын, бақытымен даңқы дүрілдеп тұрғанын:
Айтқан сөзін ием еді,
Жолыңды теріс демеді
Қай бақытың кем еді...-
деп ерекшелейді. Бұл хан Абылай атандым, дүниеден шықпай мініңіз деген
жоғарыдағы Бұқар ойымен үндестік тапқан. Жырау сондай-ақ
жауының қанын ағызған,
аузынан балды тамызған
би менен батыр аз болып
тосырқап па едің шаба алмай,-
немесе, Ел қорғаны көп еді деп Абылайдың ақ туының астына топтасқан үш
жүздің билері мен батырларының ынтымағын айтады8.

• 8 Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (15- 18 ғасырлар)
Алматы 1992 ж. 78 – бетте.
Жырда әскербасылық іскерлігі асқақ сипатталады. Ол ел мүддесі үшін ру
басыларының батырлар мен билердің дербестігін шектеп, бір орталыққа
шоғырландырды. Елдің ішкі, сыртқы жағдайларын, мемлекеттік маңызды істерді
шешу мақсатында хандық кеңес құрды. Үмбетей айтқан аузынан бал тамызған
билер мен ханға сай, елге лайық батырлар, хан кеңесіне, билер алқасына
белсене араласты.Үмбетейдің жоқтау жырының тағы бір ерекшелігі, Абылайдың
қырғыз, Абылайдың қырғызға қарсы жорығын терең ашып суреттеуі. әрі оның
тарихи деректер мен сәйкес келетіндігін аңғару қиын емес.
Анау бір жылы аттанған,
әскерді қырғыз қырғанда,
басынан оба қылғанда –
деп Абылайға дейін болған шайқасты ойға алады.
Бұл көк жарлы Көкжан Барақ бастап барған қолдың жеңіліске ұшырауы болса
керек. Мұны ол туралы Құрбан қажының аузынан жазып алып С.Торайғыровтың
Айқап журналында жариялаған аңызы да теріске шығармайды: Қырғыздың бір
бас, бір шыңнан кедімұра тұрғызғанына қазақ болып намыстанып, Абылайға
хабар берген соң, Абылай қырғызға қол жиып аттанбақ болды , дегені де
Үмбетей жырымен сабақтас. Абылай қырғыздарға қарсы жорыққа бекерден-бекер
аттанбаған. Қырғыз тарихына сүйенсек, феодалдық үстеме тап өкілдері дем
берген барымта негізіндегі шапқыншылықтар, ұлы жүз қазақтарының шырқын
бұзса керек. Оның үстіне қырғыздың феодал манаптары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Тарихи жырлар
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Дәстүрлі ақындық поэзия
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Сүйінбай — айтыс өнерінің алтын діңгегі
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Сүйінбай шығармашылығы
Пәндер