Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы ерекшеліктері



Кіріспе

Тұқым өсіру шаруашылығы туралы түсінік

Негізгі бөлім

Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығының ерекшеліктері

Көкөніс дақылдарына жалпы сипаттама

Көкөніс дақылдарының шығу тегі

Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым өсіру шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты. Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері: барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету; жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу; сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту; шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану; сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолдану); сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану; агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау; тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек процесін жоғарылату және тұқымның өзіндік құнын төмендету.
Жаңа, жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2 – 4 жыл аралығында) өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілген сорттар белгілі бір уақыт өткен соң өзінің сорттық сапасын және өнімділік қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан тұқым өсіру шаруашылығы жүйесі тұқымды мерзімінде алмастыруды қажет етеді, яғни сорт жаңарту шараларын қолдану қажет. Тұқымның элиталық және суперэлиталық сорттарын ғылыми-зерттеу институттары мен ауыл шаруашылық институттарының тәжірибе және оқу-тәжірибе станцияларында өсіріп, тұқым өсіруге маманданған шаруашылықтарға береді. Содан кейін сорттық тұқымдардың жоғары дәрежелі тұқымын қалыптастыру (Қ – ҚҚҚ) үшін арнайы тұқым өсіру шаруашылығына жіберіледі. Ол жерде тұқымдық сорттарды ең құнарлы жерге егіп, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасап, мол өнім алу үшін барлық агротех. шаралар қолданылады.
Элита тұқымдарын өсіру тұқым өсіру шаруашылығының алғашқы буындарынан басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілерімен және қасиеттерімен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып тасталады, сол арқылы сорттың барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі. Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығы дербес сала ретінде Халком кеңесінің 1921 жылғы “Тұқым шаруашылығы жөніндегі” қаулысымен бекітілді. 1922 жылдан бастап көптеген аймақтық тәжірибе және селекция станциялары, аймақтық, облыс тәжірибе станциялары (Зырян, Қарабалық, Орал,Қарағанды , Алматы) құрылды.
1. М.Ә.Ысқақов, Н.Г.Щепетков «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», Алматы,2011

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы ерекшеліктері

Орындаған: Нуркенова Г
Тексерген: Мухаметжанова О.Т
Тобы:АГ-213

Семей 2015
Жоспар

Кіріспе

Тұқым өсіру шаруашылығы туралы түсінік

Негізгі бөлім

Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығының ерекшеліктері

Көкөніс дақылдарына жалпы сипаттама

Көкөніс дақылдарының шығу тегі

Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Тұқым өсіру шаруашылығы туралы түсінік

Өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым өсіру шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты. Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері: барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету; жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу; сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту; шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану; сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолдану); сортты тұқымдар өсіргенде сол сорттың тазалығын, биол. және түсімділік қасиетін сақтайтын шаралар қолдану; агротехника көмегімен жоғары сапалы егістікті қамтамасыз ету, тазалау, сорттау, дұрыс сақтау және тасымалдау; тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек процесін жоғарылату және тұқымның өзіндік құнын төмендету.
Жаңа, жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2 - 4 жыл аралығында) өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілген сорттар белгілі бір уақыт өткен соң өзінің сорттық сапасын және өнімділік қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сондықтан тұқым өсіру шаруашылығы жүйесі тұқымды мерзімінде алмастыруды қажет етеді, яғни сорт жаңарту шараларын қолдану қажет. Тұқымның элиталық және суперэлиталық сорттарын ғылыми-зерттеу институттары мен ауыл шаруашылық институттарының тәжірибе және оқу-тәжірибе станцияларында өсіріп, тұқым өсіруге маманданған шаруашылықтарға береді. Содан кейін сорттық тұқымдардың жоғары дәрежелі тұқымын қалыптастыру (Қ - ҚҚҚ) үшін арнайы тұқым өсіру шаруашылығына жіберіледі. Ол жерде тұқымдық сорттарды ең құнарлы жерге егіп, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасап, мол өнім алу үшін барлық агротех. шаралар қолданылады.
Элита тұқымдарын өсіру тұқым өсіру шаруашылығының алғашқы буындарынан басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілерімен және қасиеттерімен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып тасталады, сол арқылы сорттың барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі. Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығы дербес сала ретінде Халком кеңесінің 1921 жылғы "Тұқым шаруашылығы жөніндегі" қаулысымен бекітілді. 1922 жылдан бастап көптеген аймақтық тәжірибе және селекция станциялары, аймақтық, облыс тәжірибе станциялары (Зырян, Қарабалық, Орал,Қарағанды , Алматы) құрылды.
Елімізде дәнді және бұршақ дақылдары мен шөп тұқымдары жөніндегі зерттеулермен Қазақ астық шаруашылық ғылым-зерттеу инстытуты, Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институты, Қазақ ұлттық агр. университеті, облыс орталықтарында ауыл шаруашылық институттары, олардың бөлімшелері, облыс ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары, ауыл шарушылық колледждері шұғылданады. Шөп тұқымдарын өсіретін 16 тұқым өсіру шаруашылығы бар. Жеміс, көкөніс тұқымдары көбіне шетелдерден әкелінеді. Тұқым өсіру шаруашылығының ғылым-әдістемелік негізі барлық елдерде бірдей. Бірақ, ұйымдастыру негіздері және тұқым шаруашылық жүйесінің құрылым элементтерінің бір-бірінен айырмашылықтары мол. Халықараралық ереже бойынша, әрбір тұқым партиясының сертификаты болуы керек және оларға арнайы этикетка тағылады.

Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығының ерекшеліктері

Көкөніс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының саласы ретінде шырынды мүшелері (тамыр сабақтары, тамыр жемістері, түйнектері,сабақтары, жапырақтары, гүлдері, жемістері) тамаққа пайдаланылатын көкөністерді өсірумен айналысады. Сонымен бірге теориялық көкөніс шаруашылығы - бұл көкөніс дақылдарының биологиясын және оларды өсірудің әдістемесін зерделейтін ғылыми пән.
Көкөніс шаруашылығының түпкі мақсаты - өзіндік құны төмен және бір өлшем өнімге еңбек пен қаражатты азырақ шығындап, жыл бойы жоғары сапалы өнім алу. Өз кезегімен көкөніс шаруашылығынан қарбыз, қауын және асқабақ өсірумен айналысатын бақша шаруашылығы және тұқым мен отырғызатын материалдар өндірумен айналысатын тұқым шаруашылығын ажыратады.Көкөніс шаруашылығының ауыл шаруашылығының басқа салаларынан бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар. Көкөніс шаруашылығының үш түрін ажыратады: 1. Ашық жердің ірі тауарлы көкөніс шаруашылығы; 2. Өте қомақты қаражатты қажет ететін технологиялық негізі бар - қорғаулы жердің ірі тауарлы көкөніс шаруашылығы; 3. Үй маңайындағы және тұтынушылық әуесқойлық көкөніс шаруашылығы.Ашық жерде көкөністерді көктемгі-жазғы және күзгі кезеңдерде өсіреді. Қорғаулы жердің көкөніс шаруашылығы маусымнан тыс
уақытта көкөніс өнімін өндірумен, ашық жерлер, сондай-ақ булыжайлар мен жылыжайлар үшін көшет өсірумен айналысады.
Қорғаулы жердің міндеттерінің бірі - өсірілетін көкөніс дақылдарының жиынтығын молайту. Ашық және қорғаулы жерлердің көкөніс шаруашылықтары өзара тығыз байланыста: бірін-бірі толықтыра отырып, олар көкөністерді жыл бойы өндіруді қамтамасыздандырады.Көкөніс шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басқы салаларында кездеспейтін немесе сирек кездесетін (көкөністерді көшет тәсілімен өсіру, көшеттерді сақтауға қою (тұмшалау), көкөністерді көктету, өсіріп-жетілдіру және қызарту) агротехникалық тәсілдер қолданылады.Көшеттік әдіс көкөніс өсімдіктерінің жартысынан артығын өсіргенде қолданыс тапқан. Мұндайда қорғаулы жерде алдымен көшет (жас өсімдік) өсіріледі де, кейін оны тұрақты өсетін орнына көшіріп отырғызады.Көшетті сақтауға қою - қызанақтың және орамжапырақтың көшеттерін сақтау. Көшеттерді тамыз-қыркүйек айларында өсіреді. Қыста оларды жылыжайда (орамжапырақты 0-10С-да, қызанақты 7-8оС) сақтайды да, жарық кезеңі басталғаннан соң (ақпанда) тұрақты орнына отырғызады.Көктету - күзгі-қысқы және көктемгі кезеңдерде өнімді бөліктері өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде (баданасында, тамырсабағында, тамыр жемісінде және т.б.) жиналған қорының есебінен жапырақтарын қалыптастыратын өсімдіктерді - пиязды, ақжелекті, қояншөпті, рауғашты, балдыркөкті, қызылшаны көктетеді.Көкөніс жемістерін өсіріп-жетілдіру - қорғаулы жерде (булыжайларда, жылыжайларда) уақытша көмілген өсімдіктерден күзгі-қысқы кезеңдерде балаң (жас) көкөніс алу тәсілі. Өндірістік өсіріп жетілдірудің жоғары мәніне түсті және брюссель орамжапырақтары, балдыркөк, порей пиязы, ромен сүтжапырағы (ақсүттіген) ие.Пісіп-жетілдіру - пісіп жетілмеген жемістерді тұтынушылық күйге жеткізу. Пісіп-жетілдіруді қоймаларда, булыжайдың қазаншұңқыр-ларында, пленкалы булыжайларда немесе арнаулы жабдықталған камераларда жүргізеді. Қызанақты, қауынды тасымалданғыштығын және сақталғыштығын арттыру үшін жиі пісіп жетілмегенде жинайды. Жасанды пісіп жетілдіруге жиі қызанақты пайдаланады.Көкөністердің өсуін тежеу - өсімдіктерді жасыл жапырақтарымен
сақтау тәсілі: порей пиязы, ақжелек, балдыркөк, ромен сүтжапырағы. Бұларды күзде ашық жерлерден қазып алады және булыжайларға немесе жылыжайларға уақытша көміп қояды. Мұнда, нөлге жуық температурада және жақсы желдетілгенде, олар бірнеше айға дейін бола алады. Өсуін тежеп өнім алу, көктеткенмен салыстырғанда 3-4 есе арзан келеді.Көкөністердің негізгі тауарлы өндірісі өндіріс орталықтарына, ірі қалаларға, көкөніс өңдеу зауыттарына, курорттарға жақын жерлерге шоғындырылған. Оларды басқа да егіншілік аудандарда, сондай-ақ қосалқы шаруашылықтарда және әуесқой-көкөнісшілер де өсіреді.Көкөніс шаруашылығына алаңды қарқынды және тиімді пайдалану тән, яғни бір жерде көкөніс дақылдарын бір уақытта (жиілеткіш тәсіл) немесе кезектестіріп (қайталама дақыл) өсіру мүмкін.Көкөніс шаруашылығында, өсімдік шаруашылығымен салыстырғанда тыңайтқышты, улы дәрмектерді, электр қуатын, сондай-ақ суландыруды молырақ қолданады. Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі - көкөніс дақылдарының егіс алаңының салыстырмалы түрде шамалы болуы.Көкөніс шаруашылығы басқа ғылымдармен - өсімдік физиологиясы және биохимиясымен, топырақтанумен, агрохимиямен, өсімдікті қорғаумен, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландырумен, менеджментпен, маркетингпен тығыз байланыста, сондай-ақ басқа салалармен - егіншілікпен және мал шаруашылығымен де.

Көкөніс дақылдарына жалпы сипаттама

Көкөніс дақылдарын жіктеу ТМД елдерінде көкөніс дакылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі.
Ботаникалық жіктеу. Көкөніс дақылдарын ботаникалық белгілері бойынша және олардың өсімдіктер жүйесіндегі орнына байланысты жіктеу ең дәлірек, себебі ол өсімдік түрлерінің туыстық байланысын көрсетеді. Көкөніс дақылдары мынадай тұқымдастарға жатады:
1. Ақ кекірелер (күрделігүлділер): бөрікгүл, қойжелкек немесе ақтамыр, егістік ақ сүттіген (шашыратқы ақ сүттіген), эндивий және эскариол ақ сүттігені (көктікен), скорционер (қара тамыр, тәтті тамыр), жер алмұрты (топинамбур), эстрагон (эстратондық жусан, торқұн).
2. Б ұ р ш а қ т а р : атбас бұршақ (мал азықтық, орыстық), егістік асбұршақ, кәдімгі үрме бүршақ, бойдана немесе көгілдір тас беде (тригонелла), лима үрме бұршағы.
3. Айлаулықтар: бәдіреншөп (бораго, бурачник).
4. Шүйіншөптілер : далалық шүйіншөп.
5. Шырмауықтар: тәтті картоп немесе мәдени батат.
6. Тарандар : рауғаш, қышқылтым қымыздық.
7. Кеуелділер : кеуелдер.
8.Орамжапырақтылар(крестгүлділер): брокколи, тарна, жапырақты қыша (сарепеттік), ақ қауданды, брюссельдік, қытайлық, жапырақты, пекиндік, савойлық, түсті орамжапырақ, кольраби, қатыран (қырымдық ақжелкен), екпе шығар (бақшалық шығар), шалғам, шалқан, шомыр, ақжелкек.
9.Жуалықтар : алтай жуасы, порей жуасы, қат-қабатты жуа.Ошанин жуасы немесе жабайы пияз, батун ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері
Картоп өндірісі
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Кластерлік жүйе
Жалпы өндірістік шығындар
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Тұқым өсіру ауыспалы егістері
Эфир майлы дақылдар
Қарбыз тұқымдары
Қазақстан Республикасының аграрлық - өнеркәсіптік кешені
Пәндер