Қоян шаруашылығы



Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Қоян шаруашылығы.
2. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық . санитариялық сараптау.
3. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық . санитариялық сарапталуы.
ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қояндар (лат. Leporidae) – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см,Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидаданбасқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Аққоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
1.Дүйсембаев С.Т. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау»
2.Н.Б.Елубайұлы «Мал және құс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау»
3.В.А.Макаров «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства»
4Т. Телеуғали, С. Қырықбай «Мал дэрігерлік-санитарлық сараптау жэне мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері», Алматы, «Бастау»
5.Толысбаев Б.Т.,Бияшев Қ.Б., Мықтыбаева Р.Ж...Ветеринариялық санитарлық микробиология Оқулық.-Алматы-2008
6. Интернет желісі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тексерген: Сүлейменов Ш.Қ.
Орындаған:Қабышева Т.Ә

Семей2015
Жоспар:
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Қоян шаруашылығы.
2. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау.
3. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық - санитариялық сарапталуы.
ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қояндар (лат. Leporidae) - сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 - 4,5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см,Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидаданбасқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 - 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

1. Қоян шаруашылығы.
Қазіргі уақытта қояндардың қоғамда алып отырған орыны зор.Қояндарды ұстаудың,азықтандырудың және өсірудің өз ерекшеліктері бар.Осы ерекшеліктерді ескере отырып, ондағы ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптарға сай жақсы көрсеткіштерге жетуге болады.
Оларды дұрыс азықтандырып және санитариялық - гигиеналық талаптарды сақтау-қояндардың денсаулығын жоғарылатудың кепілі болып табылады.
Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 - 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;
Құм қоян - қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 - 53 см, салмағы 1,5 - 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны - өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 - 9 көжектен табады.
Ор қоян - қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 - 69 см, салмағы 3,5 - 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған.Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 - 9 көжектен табады.
Үй қояндарын ұстау үшін әртүрлі конструкциялы торкөзді клеткалар пайдаланады.Клеткаларды орналастыратын жерлеріне байланысты қояндарды мынадай қстау жүйелеріне бөледі.
:: Сыртқы клеткаларда (ашық аспан астында)
:: Арнайы сарайлар-шедтарда
:: Жабық қоян қораларында.

Көптеген шаруашылықтарында қояндарды бір ғана жүйемен ұстап қана қоймай,жүйені кезекпен пайдаланады.Мысалы;еттік жас қояндарды күннің қатты суығына дейін далада клеткаларда,ал ауыспалы мезгілдерде шедтерде ұстаса,аналық қояндарды клеткаларда ұстап,өосымша көжектетіп өнім алады.
Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты,себебі бұл жағдай қояндардың ден саулығына,өсімталдылығына,ет және тері өніміне әсерін тигізеді.
Қояндарды бағуға арналған қоралар климаты суық аймақтарда өте қолайлы.Бұл жерде күтіп-бағудың аралас жүйесі қолданылады,оның барысында қатты аяз кезінде қояндар қораның ішінде,ал басқа уаұытта таза ауада болады.
Ірі қоян өсіру кешендерінің құрамына қоян ұстау қораларынан, қоян өсіруші үйінен және қоймалардан басқа толық рационды азық дайындауға арналған азық цехы, тоңазытқышпен жабдықталған сою цехы,өлексеніөртеу пеші бар және изоляторы бар ватсанөткізгіш, теріні алғаш өңдейтін және сақтайтын цех,қазандық,резервтік электростанция кіреді.
Қоян қоралары мал бағатын адамдарға ыңғайлы болу үшін қыста жылы,жазда салқын болу керек.Жабық қораларда ұстағаның жоғарғы нәтижелі болуы оның микроклиматының негізгі көрсеткіштері температурасы,ылғалдылығы,ауа қозғалысының жылдамдығы, тағы басқа газдардың мөлшері қояндардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, нормативке негіздеуіне байланысты болады.

2. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Пастереллез ( Pasterellosis)
Қоздырғышы: Pasateurella multocida, грамы теріс қозғалмайтын микроорганизм, сопақша пішінді таяқша, көлемі 1,5-1,0 х 0,50-0,25 мкм, факультативті аэроб, спора түзбейді. 70°C- да қоздырғышын 5-10 минут ішінде өлтіре аламыз, ал қайнатқанда бір сәтте жайылады.-20 °C мұздатқанда қоздырғышы шыдай алады, ал -14-16°C да етте бір жыл аралығында тіршілік ете алады.
Сойғаннан кейінгі диагностика: Қоян тұшасын тексерген кезде, егер оны еріксіз сойылған болса оның танау қуысының сілекейлі аймағында, серозды органдарда, жұтқыншақта, өңеште, трахеяда, асқазанда, ішектерде кішкентай нүктелі қанталаулар байқалады. Өкпеде де өзгешеліктер байқалады, фиброзды-крупозды пневмонияға ұқсас, кейде ірінді ошақтарда кездеседі.Плевра да фиброзды қаптама мен қапталған.Өкпе плеврасында және эпикартта нүктелі қанталаулар байқалады. Бауыры ісінген, ала,қою қызыл түсті және капсула астында қанталаулар кездеседі. Бүйректері қанталаған,ісінген және капсула асты да қанталаған. Бұлшық еттері де ісініп қанталаулар байқалады. Лимфотиеалық бездер ісінген,шырынды( сочные) гипермиорленген.
Пастереллез қояндарда тұмау ретінде өтеді. Мұрын қуысының сілекейлі аймағы, қою ақтүсті немесе ірінді суға толған. Тамағы, жұтқыншақ, трахея және өңештің үстінгі жағы қүрен қызарып кеткен.Плеврасы ( өкпе және жауырын) кей жерлерінде ірінді-фиброзды дақтан болады.Кеуде қуысында сарысу үйілуі мүмкім.Өкпеде ірінді ошақтар болады, ал бронхаларда серозды, ірінді аралас эксудат жиналады.Қоян ұшасы өте арық, қондылығы жоқ.Диагназды нақты қою үшін лабораториялық зерттеулер өткізу қажет. Пат-анатомиялық материялдан паренхиматозды органдардан, лимфотикалық бездерден жұғын таңба жасап Рамановски-Гимза әдісі бойынша бояп, бактериоскапиядан өткізеді. Алынған материялдан себінді эмульсия жасап ЕПС( ет пептонды сорпа) өсіріп, биопрба жасайды, ақ тышқандарға егеді.
Сойылғаннан кейінгі ветеринариялық - санитариялық баға беру.Бұлшық етінде сарысу жиналған, бұлшық етінің өзгеруі, ішкі мүшелерінің өзгеруі және суп өнімдерді қайта өндеуге жібереді. Егер органалептикалық көрсеткіштері қалыпты болса, ал зерттеу нәтижелері теріс болса тұшаны және ішкі органдарын бұқтырылған шұжыққа жібереді.Егер тұшада сальманеллалар табылған жағдайда, етті залалсыздандырады немесе консерваларға жібереді. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін утилдеуге жібереді. Терісін 1% ертіндімен, 20% тұз қышқылында,48 сағ ас тұзында,және қосымша нейтрализдейтін ертіндіде құрамында 0,5%кальцилденген сода және 6% ас тұзы бар ертінділер мен залалсыздандыруға болады.
Сою қасапқананы дезинфекциялайды, жылы 2% әкпен құрамында 1%активті хлоры бар. Сойыс құралдарын 2% кальциленген тұзы бар ерітіндіде 2-мин қайнату керек.
Листериоз (Listeriosis) - инфекциялық ауру, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы мен сипатталады, және септикалық өзгерістерімен, маститпен, түсікпен сипатталады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Қояндарда бұл ауру жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрінде некрозды түйіндерді бауырда, өтте, бүйректе байқалады.Бауыры үлкейген, ақшыл қоңыр түске боялып, консистенциясы ыдыраған. Талағы ісінген және үлбірек. Лимфалық бездері ісінген, (гиперемированы). Созылмалы түрде өткенде патологиялық - анатомиялық өзгерістер жатырда байқалады( ірінді метрит )
Сойғаннан кейінгі вет-санитариялық баға беру. Зақымданған мүшелерді ( жүрек,бауыр) және басын утилдейді.Тұшаны қайнатады. Терісін дезенфекциалайды және қосымша ертіндіде консервілейді. Ерітінді құрамына мыналар кіреді: 0,3% сульфанол, 2% алюмокалиевых квасцов, 0,2% кремнифосфатты натри және 26% ас тұзы бар етіндіні 1:5 қатынасындай жасалады.20 сағатқа ұстайды.
Сальманеллез ( Salmonellosis) - инфекциялық ауру, қызбамен және асқазанның жұмысының бұзылуы, өкпенің қабынуы мен сипатталады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Зақымдануларды асқазан және асқазан жолдарында,паренхиматозды мүшелерде байқалады. Қарынның және ішектің кілегей қабаты қабынған. Тоқ ішекте ақшыл-сұр некрозды ошақтар байқалады және оның көлемі бұршақ тәрізді. Мезентеральді лимфалық бездері ісінген. Бауырының көлемі ісінген, болбыр, түсі қою қызыл немесе ақшыл-қоңыр. Сыртқы бетінде кішкентай некрозды ошақтар байқалады. Талағы ісінген және капсула астында некрозды ошақтар көрінген.
Сойғаннан кейінгі вет-санитариялық баға беру. Ішкі мүшелерін утилдейді, тұшаны қайнату арқылы залалсыздандырады.
Туберкулез ( Tuberculosis) - инфекциялық ауру, сүт қоректілер,құс және адам ауыратын ауру.
Сойғаннан кейінгі диагностика.Туберкулез кезінде тұша өте арық, жеңіл түрінде: өкпеде ақшыл-сұр туберкулезды талшықтар байқалады, көлемі бұршақтан - үрме бұршаққа дейін. Бұндай көріністі бүйректе және көк етте,плеврада байқалады. Егер туберкулез ас қорту жүесінде табылса, онда зақымдану тоқ ішекте көрінеді, аздап бауыр, бүйрек және өтте байқалады.Барлық жағдайда бездер зақымданады.
Сойғаннан кейінгі вет-санитариялық баға беру. Тұшаны ішкі мүшелерімен, терісі мен утелизацияға жібереді.
Псевдотуберкулез- қоян мен кеміргіштерде созылмалы түрде өтетін және адамға қауіпті болып келетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы- Corinebakterium pseudotuberkulosis және Versinia pseudotuberkulosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Қояндардың ұлпалы мүшелерінде және ішектерінің қабырғаларында сұрғылт- сарғыш түсті некрозды ошақтар байқалады. Өкпесінде эмфизематозды ошақтар кездеседі, бауыры ұлғайған, теңбіл сары түсті кейбір сау бөліктері сұрғылт - сары түсті және тығыз болып келеді. Көкбауыры ұлғайған, кедір - бұдырлы түйіндер ұшырасады. Ұшадағы кейбір лимфа түйіндері ісінген, сарғыш некрозды ошақтар болуы мүмкін.
Некробактериоз- қояндардың созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауруы. Қоздырғышы - Bakterium nekrophorum.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру ұшалардың іріңді- некрозды ыдырауымен сипатталады, диагнозы бактериологиялық зеттеулер нәтижесі бойынша қойылады.
Сойғаннан кейінгі вет-санитариялық баға беру. Ұша бөліктерінің белгілі бір ошақта,жекелеме зақымдануы кезінде зақымданған жерін кесіп алып тастайды, ал дененің толығымен зақымданғанында ұшаларды ішкі мүшелермен қоса утилдеуге жібереді. Терілерін оқшауланған бөлмелерде кептіріп, залалсыздандырады.
Стафилококкоз- іріңді қабыну ошақтарымен, септицемиямен сипатталатын жұқпалы ауру. 50-70% жағдайында қояндар өлімге ұшырайды.
Қоздырғышы - Staphylococcus aureus, St.albus.
Сойғаннан кейінгі диагностика.Жаңа туған көжектерде бұл пиодермиялар түрінде байқалады, ол алғашқы 2-3 күндері теріде ұсақ бітеу жаралар пайда болады, ересектерде бітеу жаралар тері астында, сүт безінде, өкпесінде, бауырында, бүйрегінде және басқа ағзаларында пайда болады.
Сойғаннан кейінгі вет-санитариялық баға беру. Ұшасын ішкі мүшелерін, терісін утилдеуге жібереді.
Вирусты геморрагиялық ауру- жіті, контагиозды өтетін қоянның індетті ауруы. Қоздырғышы- вирус. Ауру ішкі мүшелерде, әсіресе, өкпе мен бауырда геморрагиялық диатезбен сипатталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үдемелі өсіру технологиясы бойынша әр түрлі қоян тұқымдарының өнімділігі
Қоян өсіру, қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы
Қоян шаруашылығы жайлы
Қоян терісін алғаш өңдеу және консервілеу
Үлбір және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қоян етінің биологиялық және тағамдық құндылығы
Қоян үшін жасалатын үйшіктер
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары. Тиімді пайдалану және қорғау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы емес аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Пәндер