Мал шаруашылық шикізат өнімдерінің негізгі көздері



Кіріспе
Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылығы малдарының ет өнімділігі
Ауыл шаруашылығы малдарының сүт өнімділігі
Мал терілерінің түрлері мен атаулары
Қорынтынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылу мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз.
Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңінде шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне шығатын ең көп сүті сауын маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі айларда тез арада төмендейді, ал енді біреулерінің ондай көрсеткіші бұған керісінше бірте- бірте көтеріліп,сауын маусымының соңғы айларында ғана төмендей бастайды. Сауын маусымында осының соңғысынан ғана мол сүт саууға болады.
Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне, жасына, қоңдылығына, тірілей салмағына , сауылған мерзіміне және уақтылы саууына байланысты келеді. Сүттілік тұқым қуалайды. Дегенмен, ең жақын тегі- ата- енесінің сүттілікке тигізер әсері күшті.
Сүттің түзілуі.Сүттің түзілуі өте күрделі процесс. Оған желін ғана емес, сонымен бірге орталық нерв жүйесі де, ас қорыту органдары да, қан айналу жүйесі мен ішкі бездер де қатысады. Эндокринді бездердің ішінде гипофиз гормондарының маңызы зор.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Мал шаруашылық шикізат өнімдерінің негізгі көздері

Орындаған: Абдрахманов Н.Н
Тексерген: Татенов А.Б

Семей 2015

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылығы малдарының ет өнімділігі
Ауыл шаруашылығы малдарының сүт өнімділігі
Мал терілерінің түрлері мен атаулары
Қорынтынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылу мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз.
Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңінде шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне шығатын ең көп сүті сауын маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі айларда тез арада төмендейді, ал енді біреулерінің ондай көрсеткіші бұған керісінше бірте- бірте көтеріліп,сауын маусымының соңғы айларында ғана төмендей бастайды. Сауын маусымында осының соңғысынан ғана мол сүт саууға болады.
Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне, жасына, қоңдылығына, тірілей салмағына , сауылған мерзіміне және уақтылы саууына байланысты келеді. Сүттілік тұқым қуалайды. Дегенмен, ең жақын тегі- ата- енесінің сүттілікке тигізер әсері күшті.
Сүттің түзілуі.Сүттің түзілуі өте күрделі процесс. Оған желін ғана емес, сонымен бірге орталық нерв жүйесі де, ас қорыту органдары да, қан айналу жүйесі мен ішкі бездер де қатысады. Эндокринді бездердің ішінде гипофиз гормондарының маңызы зор.
Сиырды сауғанда немесе бұзауын қосқанда емшектегі нерв қозып, гипоталамусқа хабар түседі де, ал релизинг гормон бөле бастайды. Ол гормон гипофизге түседі де, оның алдыңғы бөгігінен қанға пролактин араласады. Пролактинің де сүт түзудегі маңызы зор. Ал гипофиздің артқы бөлігінен окситоцин атты гормон бөлінеді. Бұл гормонның да сүт бөлудегі маңызды ерекше. Гипофиздің ерекшелігі- сүттің түзілуіне тікелей әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге басқа да эндокринді бездер арқылы (мысалы, қалқан безі) да сүт түзілуіне әсер ете алады.
Сүт желіннің өндеумен қандағы заттардан түзіледі. Салыстыратын болсақ, сүттің құрамында қанның құрамынан қант 90-98 есе, май-20 есе, кальций 9 есе көп болғанымен , белок 2 есе, натрий 7 есе аз.
Сүттегі органикалық заттар өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан өзіне ғана тән ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, сүттегі қант қанда жоқ, белоктары мен майы қандағы май мен белоктен өзгеше.
Сүт майы мал денесіндегі басқа майлардан өзгеше. Сүт майы - үш атомды спирт пен май қылқылдарынан тұратын күрделі эфир. Ол майлардың кейбіреулері желінде ғана түзіліп, сүтте ғана кездеседі. Сүт майының түзілуіне үлкен қарындағы углеводтардың ашуынан туатын сірке қышқылының маңызы зор. Үлкен қарындағы ашу процесінің жүріуіне рационның құрамы да әсер етеді. Рационда пішен, пішендеме , сүрлем үлесі көп болса, қарында сірке қышқылды ашу процесі басым келеді де, сүттің майлылығы жоғарылай түседі. Ал рацион құрамында жем көп болған жағдай да, қарында пропион қышқылды ашу басым жүріп, сүттің майлылығы төмендейді. Ірі азықты ұсақтап немесе түйіршік түрінде берген де үлкен қарында дәл осындай процесс жүреді. Қандағы сірке қышқылының 80% желін сіңіреді. Бұл қышқылдан глицирин мен май қышқылдары түзіледі.
Сүттегі жалғыз углевод сүт қанты-лактоза. Оның түзілуі өте күрделі ферменттік процесс. Қандағы глюкозаны желін сіңіреді де глюкоза лактозаға айналады. Кейбір оқымыстылардың айтуынша, лактозаның түзілуіне полисахарид галактогені де қатысады және амин қышқылдары желінде бауырдағыдай ыдырайтындықтан углеводтардың амин қышқылдарының ыдырауы салдарынан да түзілуі мүмкін.Елімізде 50 мыңнан астам Ірі қараның сауылып, жүздеген сүт фермалары мен сүт емханалары жұмыс істейді. Қазақ республикасында жылына 40-50 мың тонна сүт өндіруді жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі ірі қараның сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малда 700-1500 л, сүттілігі орташа 1500-2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600-3000 л болады.
Сүттіліктің индексі және өндірілген сүттің салыстырмалы мөлшері малдың 100 кг салмағынан, аборигенді қазақы, қырғыз, башқұрт, якут тұқымдарында көп. Бие сүтінің мөлшерін есептеу, еңбекті көп қажет ететін тым ауыр жұмыс. Алғашқы емізген айларда биенің сүттілігін құлының қосымша салмағына байланысты анықтайды. Ірі қара малының бұзауынан айырғаннан кейін, күндіз 12 сағат бойына әрбір 2 сағат сатын 6 рет қайталып сауады. Іс жүзінде әрбір 2 сағат сайын мұқият саууға мүмкіндік бола бермейді. Осы себепті әрбір сауынның, әсірессе сауынның уақытын минутына дейін жазып отырған дұрыс. Бұл алынған мәлімметтер бір тәулік ішінде сауылған сүттің мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Ірі қараның сүттілігін анықтау үшін бақылау сауымен қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс.
Сүт өнімдерін дайындау.Сүт дегеніміз- ірі қара сүті қышқылдарын белоктармен, ашытқымен ашыту арқылы алынатын қышқылтым сусын. Сүттердің сапасының жоғары болуы, оның емдік қасиеті - көп жағдайда ірі қара сүтінің сапасына байланысты.
Сүттен дертке дауа, тамаша шипалық қасиеттеріне ашытқылары ғана әсер етпейді. Ірі қара сүтінің табиғи ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдерден антибиоткалық заттар пайда болады. 1 литр сүтте 20 г қоректік белок бар, ол орташа қоңдылықтағы ірі қараның 100 г етіне тең келеді.
Сүт организмге тез сіңетін қоректі және минералды заттардан, сондай- ақ көмірқышқылы қоспаларынан , сүт қышқылынан және спирттен тұрады. Бұлар нерв жүйесін сергітіп, асқорыту процесіне ықпал етіп, қан айналу жұмысын жақсартады. Сүт өндіру үшін дені сау биені қолданамыз.

Дәріс 7. Ірі қара малдың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар
Сүттің құрамында, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты . Солардың ішіндегі ең басытылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы т. б.
Тұқым қаулаушылықтың маңызы.
Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтімін жақсарта түсу негізінде өнімділігі әр түрлі сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бір тұқымға жататын мал ішінде де ата-тегіне байланысты өнімділігі де әр түрлі сиырлар бар.
Мұндай тұқымаралық ерекшелік сиырды бонитировкалау талабында ескерілген.
Тұқым қуалаушылықтың және өнімділік көрсеткішінің жалпы әртүрлілігіне сыртқы ортаның тигізетін әсерін білу үшін тұқым қуалаушылық коэффициенті есептеледі. Тұқым қуалау коэффициенті дегеніміз жалпы әр түрлілік ішіндегі тұқым қуалаушылық қана әсерін тигізген өзгергіштік. Сүттілік пен тұқым қуалаушылық коэффициентінің О-ден 68% -ке дейін өзгеруі мүмкін. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің көрсеткіші табын өнімінің деңгейіне, асылдандыру және алдын ала жүргізілген сұрыптау жұмысына, азықтандыру жағдайына, күтіміне және т.б. байланысты.
Тұқымдық қасиет атасынан ұрпағына тұрақты түрде берілген сайын бұл көрсеткіш те жоғарылай береді.
Сүттіліктің сиырдың жасына қарай өзгергіштігі.
Бірінші және екінші бұзаулаған сиырдан сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30% кем шығарады. Алтыншы , жетінші, сегізінші, бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі азая түседі.
Сиыр сүтілігінің өзгергіштігі оның азықтандыру жағдайына, жетілгіштігіне, дене бітімінің мықтылығына байланысты.
Дұрыс азықтандырылған , күтімі жақсы мал 10-12 жыл бойы өте сүтті болады.
Алғаш ұрықтандыру жасы сиырдың келекшегі сүттілігіне әсерін тигізеді. Ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүті де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажының салмағын да ескеру керек. Құнажынды оның салмағы сақа сиырлар салмағының 70% жеткенде ұрықтандырған дұрыс.
Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Свердлов атындағы тұқыммал колхозында құнажындар алғаш рет 17- 18 айлығында салмағы 340-360 кг жеткенде ұрықтандырылады.
20-24 айлық, салмағы өсіп кеткен құнажынды кеш ұрықтандырудың да сүттілікке деген кері әсері бар.
Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстылығы.
Бұл көрсеткіш малдың жалпы жетілгендігі көрсетеді. Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігі анықталған. Егер сиырдың сүтті малға тән дене бітімі, тұлғасы сақталса, тірілей салмағы өскен сайын оның сүттілігі де көтеріле түседі.
Профессор С.А. Рузский сиырдың тірілей салмағымен мен сүттілігінің арасында айнымалы байланыс бар екендігін де анықтады. Сиырдың салмағы артқан сайын, белгілі бір шамаға дейін сүттілік көтеріледі де, одан әрі тірілей салмақ қанша артқанмен сүттілік мөлшері өспейді.
Оқымыстылардың айтуынша, сиырдың сауын маусымындағы сүттілігі өзінің тірілей салмағынан 8-10 есе артық болғаны дұрыс.
Ірі қараны үйрету және сынауға арналған практика кезінде, арнайы шаруашылықтарда студенттер үшін жылқы заводтары мен ипподромдарға қосымша экскурсия ұйымдастырылады. Оқу барысында студенттер ірі қараны үйрету мен сынаудың жүйесін және тәсілдерін үйренеді, жұмыс табелімен және атқорадағы күн тәртібімен, үйрету сынағына қажет жабдық заттарымен, инвентарлармен, ипподродағы жүргізу жолдарының құрылысымен, мінгі және желісті тұқымдық жылқыларды сынаудың ережелерімен танысады.
Лабороториялық - тәжірибелік сабақтарда студенттер ірі қараның сынаудың есебімен және анықтамаларымен танысады, жеке тапсырмалар орындайды.
Жаратудың биологиялық мәні - пайдалы жүйкелі рефлекстеріне дағдыландыру, тыныс пен қозғалыстың синхрондылығына үйрету, бұлшық ет, тыныс алу және жүрек - тамыр жүйелерін белгілі бір дене ауырлығы түскенде қажетті функцияларды орындауға бейімдеуде.
Ірі қараны бастықтыру - оны пайдалану тәсілдеріне үйрету мен дамытудың барлық түрін қамтиды.
Бастықтырудың негізгі мақсаты әр түрлі жұмыстарды бірте - бірте жүйелі түрде алмастыру арқылы, жүктің салмағын көбейте отырып,ірі қараны болдыртпайтындай дұрыс және басқарылатын қимылдарға үйрету және жұмыскерлігін төмендететін зиянды рефлекстері жоқ, адамға толық және дұрыс бағынып, оның барлық талабын орындайтын жылқы етіп үйрету.
Құлындарда бас үйрету. Дүниеге келген құлынды адамға бірте - бірте үйретеді. Оны құлынның үстін есілген сабанмен және щеткамен тазалаудан бастайды, тұқай тазалау үшін аяғын көтеруді және ноқтамен жетекке жүруді үйретеді.
Ірі қараның жұмыс қабілетін анықта үшін арнайы сынаулар өткізіледі. Сынау кезінде қабілеттілігіне және алдыңғы көрсеткен қимыл - қозғалысының нәтижесіне байланысты ірі қараларды жүйесімен жазады. Жүлде сапасын баллмен көрсетеді. Жүлделер топты, топсыз, шектелген, ашық, иесі аталған және дәстүрлі деп бөлінеді. Еліміздің 1600 м қашықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығының шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Мал шаруашылығының шикізат өнімдерінің көздері
Солтүстік Қазақстан облысы жайлы
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері жайлы
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері жайлы ақпарат
Минералды заттар мөлшері
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері туралы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Солтүстік Қазақстан және қостанай облыстары
Пәндер