Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Delphi және мәліметтер қоры.
2. Delphi.дегі МҚБЖ.мен жұмыс істеуге қажетті базалық класстар мен компоненттер.
3. Delphi программалау ортасында мәліметтер қорын жобалау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мәліметтер қоры қолданбасы қандай-да бір мәліметтер көзімен – мәліметтер қорымен (МҚ) өзара әрекеттесуге арналған. Өзара әрекеттесу мәліметтерді алу, оларды пайдаланушы көру үшін белгілі форматта көрсету бағдарламада жүзеге асырылған бизнес-алгоритмге сәйкес өңдеу және өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару.
Мәліметтер көзі ретінде мәліметтер қорлары және де кәдімгі файлдар – мәтіндік, электронды кестелер, және т.б. бола алады.
Күн сайын көбейіп отырған ақпарат көлемін өңдеу адамның қолынан келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер пайдаланылады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ)– мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
• Есептеуіш жүйе;
• Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;
• Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
• Қолданбалы программалар жиыны.
Мәліметтер қорларын басқару жүйелері (МҚБЖ) жергілікті, яғни бір пайдаланушыға арналған, сол сияқты серверлік – желілік, көп пайдаланушыға арналған болып бөлінеді. Осылай топтаудың негізгі критерийі – мәліметтер қоры көлемі және МҚБЖ –ға орташа жүктеме.
Дегенмен, жүзеге асырудың әртүрлілігіне қарамастан, мәліметтер қоры қолданбаларының жалпы архитектурасы өзгеріссіз қалады.
Қолданбаның өзі мәліметтерді алу мен жөнелту механизмдерін, мәліметтердің белгілі түрде ішкі көрсетілімінің механизмін, мәліметтерді көрсету мен өңдеуге арналған пайдаланушы интерфейсін, мәліметтерді өңдеу логикасын қосады.
Мәліметтерді алу мен жөнелту механизмі мәліметтер көзімен байланыстыруды қамтамасыз етеді.
Мәліметтердің ішкі көрсетілім механизмі мәліметтер қоры қолданбасының ядросы болып табылады. Ол алынған мәліметтердің қолданбада сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сұраныс бойынша қолданбаның басқа бөліктеріне береді.
Пайдаланушы интерфейсі мәліметтерді көру мен өңдеуді, сол сияқты мәліметтер мен жалпы қолданбаны басқаруды қамтамасыз етеді.
1. Фаронов В.В. Программирование баз данных в Delphi 7: Учебный курс/В.В.Фаронов. – СПб.: Питер, 2004.
2. Харрингтон Д. Проектирование объектно-ориентированных баз данных. Пер. С англ. – М.: ДМК Пресс, 2001.
3. Абдолдина Ф.Н. Delphi ортасында бағдарламалау. Әдістемелік құрал.- ШҚМУ баспасы, Өскемен, 2005.
4. Конноли Т. Базы данных. Проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика.-М.: Вильямс, 2001.
5. Культин Н. Основы программирования в Delphi 7.0 - Санкт-Петербург, 2005.
6. Гофман В. Delphi6/В.Гофман, А.Хомоненко. – Санкт-Петербург: БХВ – Петербург, 2001.
7. Архангельский А. 100 компонентов библиотеки Delphi5. - Санкт-Петербург, 2001.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары

Орындаған: Урузбаев С.О. Т-241

Тексерген: Каженова Ж.С.

Семей 2015 ж.

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Delphi және мәліметтер қоры.
2. Delphi-дегі МҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық класстар мен
компоненттер.
3. Delphi программалау ортасында мәліметтер қорын жобалау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мәліметтер қоры қолданбасы қандай-да бір мәліметтер көзімен –
мәліметтер қорымен (МҚ) өзара әрекеттесуге арналған. Өзара әрекеттесу
мәліметтерді алу, оларды пайдаланушы көру үшін белгілі форматта көрсету
бағдарламада жүзеге асырылған бизнес-алгоритмге сәйкес өңдеу және өңделген
мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару. 
Мәліметтер көзі ретінде мәліметтер қорлары және де кәдімгі файлдар –
мәтіндік, электронды кестелер, және т.б. бола алады.
Күн сайын көбейіп отырған ақпарат көлемін өңдеу адамның қолынан
келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер
пайдаланылады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ)– мәліметтер банкі
болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
• Есептеуіш жүйе;
• Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;
• Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
• Қолданбалы программалар жиыны.
Мәліметтер қорларын басқару жүйелері (МҚБЖ) жергілікті, яғни бір
пайдаланушыға арналған, сол сияқты серверлік – желілік, көп пайдаланушыға
арналған болып бөлінеді. Осылай топтаудың негізгі критерийі – мәліметтер
қоры көлемі және МҚБЖ –ға орташа жүктеме.
Дегенмен, жүзеге асырудың әртүрлілігіне қарамастан, мәліметтер қоры
қолданбаларының жалпы архитектурасы өзгеріссіз қалады.
Қолданбаның өзі мәліметтерді алу мен жөнелту
механизмдерін, мәліметтердің белгілі түрде ішкі көрсетілімінің механизмін,
мәліметтерді көрсету мен өңдеуге арналған пайдаланушы интерфейсін,
мәліметтерді өңдеу логикасын қосады.
Мәліметтерді алу мен жөнелту механизмі мәліметтер көзімен
байланыстыруды қамтамасыз етеді.
Мәліметтердің ішкі көрсетілім механизмі мәліметтер қоры қолданбасының
ядросы болып табылады. Ол алынған мәліметтердің қолданбада сақталуын
қамтамасыз етеді және оларды сұраныс бойынша қолданбаның басқа бөліктеріне
береді.
Пайдаланушы интерфейсі мәліметтерді көру мен өңдеуді, сол сияқты
мәліметтер мен жалпы қолданбаны басқаруды қамтамасыз етеді.

1. Delphi және мәліметтер қоры.
Delphi-де қорлармен жұмыс істеу үшін компоненттердің бірнеше
жиынтықтары бар. Әрбір жиынтық белгілі бір тапсырмаларды орындауға өте
жақсы келеді. Олардың бәрі мәліметтерге қатынаудың әр түрлі
технологияларын қолданады және мүмкіншіліктері бойынша ажыратылады.
Microsoft өзінің өнімдеріне тек ADO мәліметтерге қатынау технологиясын
енгізді. Borland фирмасы әртүрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін әр
түрлі құралдарды ұсынды және бағдарламалаушыны тек өзінің жобаларымен
шектемейді. Осындай жағдай өте үлкен артықшылықтарды береді. Одан басқа,
кез келген жағдайда қолданыла алатын компоненттер топтары бар.
Мәліметтер қорларына қатынаудың бар құралдарына қысқаша шолу жасайық.
- Data Access вкладкасында мәліметтерге қатынаудың негізгі компоненттері
орналасқан. Олар жалпыға ортақ және басқа компоненттері топтарымен
қоса қолданулары мүмкін.
- Data Controls вкладкасында кестелердегі мәліметтерді көрсету мен
редакторлауға арналған компоненттер орналасқан. Бұл компоненттер осы
кезде қолданылатын мәліметтерге қатынау технологиясының қандай екеніне
қарамастан бірдей қолданылған.
- BDE вкладкасы Borland Database Engine деп аталатын Borland фирмасы
жобалаған технология бойынша мәліметтер қорларына қатынауға мүмкіндік
беретін компоненттерді құрайды. Бұл технология өте қатты ескірді және
ескі версиялармен өзара байланысу үшін ғана қолданылады. Оған
қарамастан ол мәліметтер қорларының ескірген типтерімен (Paradox,
dBase сияқты)жақсы жұмыс істейді.
- DBExpress –бұл Borland фирмасының мәліметтерге қатынаудың жаңа
технологиясы. Ол жоғары иілгіштікпен ерекшеленеді және мәлімет
қорларын қолданатын клиент-серверлік қосымшаларды бағдарламалауға
жақсы келеді. DBExpress вкладкасындағы компоненттерді Oracle, BB2 және
MySQL сияқты серверлік технологиямен құрылған мәлімет қорларында
қолданған жөн.
ADO (Active Data Objects) – Microsoft корпорациясымен жобаланған
мәліметтерге қатынау технологиясы. Ол өте жақсы кітапхана, бірақ оны тек
Microsoft мәлімет қорларымен, яғни MS Access және MS SQL Server қолданған
жөн. Оны сондай-ақ тек ODBC арқылы жұмыс істей алатын мәлімет қорларының
спецификалық сервері болса да қолдануға болады.

2. Delphi-дегі МҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық класстар мен
компоненттер.
TTable (кесте) классы.
TDataSet (мәліметтің абстрактілі жиыны) базалық класына мәліметтер
жиындарымен жұмыс істеген кезде BDE-нің функционалдылығын жүзеге асыратын
TBDEDataSet классы негізделген. Оның ұрпағы - TDBDataSet классы – мәлімет
қорымен байланыс үшін жауап береді. Оның негізінде бағандар мен жолдарға
ұйымдастырылған кестелер түріндегі реляциялық ақпаратпен жұмыс істей алатын
компоненттер жасалған. Атап айтқанда, маңызды компоненттердің бірі TТable
TDBDataSet классының ұрпағы болып табылады.
TField (жазба өрісі) класы.
Берілген класс бағдарламада виртуалды келтірілген нақты жазба өрісін
сипаттайды, яғни ол физикалық жазба үшін қабық ретінде болады және оны
жобалаушыға қажетті касиеттері мен тәсілдер жиынтығымен толықтырады.
Физикалық (реалды бар) өрісті сипаттайтын TFiеldDef класына қарағанда
TField класының негізінде псевдоөрістер құрылады: есептеуге жататын
өрістер, сәйкес келу өрістері және тағы басқалар.
TField типі бағдарламада шынайы жоқ. Оның орнына, жазба өрісінің нақты
типтеріне сәйкес келетін (мысалы, TDataField датаны сақтайтын өріс үшін,
TGraphicField графикалық бейне сақтайтын өріс үшін т.с.с.) оның көптеген
ұрпақтары қолданылады. Сонымен қатар қасиеттердің көбісі осы ата-ана
класында сипатталған.
TFieldDef (жазба өрісін сипаттау) классы.
TFieldDef класы мәлімет қоры кестесінің физикалық өрісін сипаттауға
қолданылады. Мәліметтер модуліне жаңа кесте қосылғанда, ол үшін барлық
өрістердің сипатталуы қалыптастырылады. Келешекте, мысалы, мәлімет модулін
көру терезесінен Fields жолының контекстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы ақпарат
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы мәлімет
Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
Delphi командасы және мәзір
Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау бағдарламасын құрастыру
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Пәндер