Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы



1. Грек тілі мен грек мәдениетінің Римге ену үрдісі
2. Ұлттық латын әдебиеті гректік үлгілерге еліктеуі
3. Рим театры және драмасы
4. Рим мемлекетінің қызмет жүйесі
Римдіктердің ұлылармен құрылмаған бізге белгілі қандай мәдениет аумағын алсақ та, оған қатысы жоқ деп айту қиын. Сондықтан римдік мәдениет, әсіресе римдік өркениет ерекше жеке болып қарастырылды. Бірақ бұл мәдениет бос жерде жайдан жай пайда болған жоқ. Римдіктерге өз көршісі және бәсекелесі – этрускілер әсерін тигізді. Бірақ аса үлкен ықпал тигізген ең бірінші Оңтүстік Италияның қалаларын ежелден мекендеген гректер еді. Гректердің мәдениетінің өте жоғарғы деңгейде дамуы арқасында римдіктер олардың жетістіктерін үлкен зейінмен меңгеруге жағдай жасады. Грек және римдік мәдениеттер арасында белгілі бір туыстық және барлық жағдайда ұқсастық бар. Бұл оларды ортақ түсінік төңірегінде біріктіруге – антикалық мәдениет түсінігіне мүмкіндік береді. Антикалылық – сөз жүзінде «ежелгі», «көне» дегенді білдіреді; арнайы мағынада бұл термин Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің тарихы мен мәдениетін білдіреді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті

Реферат
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы

Орындаған: Керім Ш.Д
Тексерген: Билялов Е.Е

Семей
2015жыл

Римдіктердің ұлылармен құрылмаған бізге белгілі қандай мәдениет аумағын алсақ та, оған қатысы жоқ деп айту қиын. Сондықтан римдік мәдениет, әсіресе римдік өркениет ерекше жеке болып қарастырылды. Бірақ бұл мәдениет бос жерде жайдан жай пайда болған жоқ. Римдіктерге өз көршісі және бәсекелесі - этрускілер әсерін тигізді. Бірақ аса үлкен ықпал тигізген ең бірінші Оңтүстік Италияның қалаларын ежелден мекендеген гректер еді. Гректердің мәдениетінің өте жоғарғы деңгейде дамуы арқасында римдіктер олардың жетістіктерін үлкен зейінмен меңгеруге жағдай жасады. Грек және римдік мәдениеттер арасында белгілі бір туыстық және барлық жағдайда ұқсастық бар. Бұл оларды ортақ түсінік төңірегінде біріктіруге - антикалық мәдениет түсінігіне мүмкіндік береді. Антикалылық - сөз жүзінде ежелгі, көне дегенді білдіреді; арнайы мағынада бұл термин Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің тарихы мен мәдениетін білдіреді.

Грек тілі мен грек мәдениетінің Римге ену үрдісі әсіресе, Рим өз билігіне бүкіл Италияны, ал көп ұзамай (б.з.д. ІІ ғасырдың ортасы) барлық Грецияны да қосып алғаннан кейін күшейді. Атақты Рим ақыны Гораций Греция әскери күшпен жеңіле отырып, жеңіске жетушілерді өз өнерімен бағындырды деп жазады. Осы уақыттан бастап грек мәдениеті римдіктердің жерінде әдебиет, өнер, ғылымның жоғарғы жетістіктері - латын мәдениетінің бөлінбес мұрасы болып қалыптасты.

Ұлттық латын әдебиеті гректік үлгілерге еліктеу ретінде басталды. Латын тіліндегі комедиялардың бірінші авторы грек Ливий Андроник (б.з.д. ІІІ ғасыр) болды. Комедиографтар Плавт пен Теренций римдік сахнада грек комедияларының өңделген үлгісінен көрініс берді.

Рим мәдениетінің классикалық дәуірінде ақындық шығармалардың көп бөлігі грек үлгілерімен және бұрыннан бері грек ақындарымен өңделген жанрларына қарап жазылды.

Римдік пантеон негізінен гректерден көшірілген болды. Бұл ұқсастықтар толық болмаса да, Юпитер - Зевспен, Юнона - Гера, Диана - Артемидамен, Венера - Афрдитаға т.с.с. ұқсас болды. Онымен қоса римдіктердің діні (әсіресе оның табынушылық жағы) маңызды ерекшеліктерге ие болды. Римдіктерде гректерге қарағанда ұсақ құдайлар көбірек болды, бал ашу мен көріпкелдік сияқты түрлерге үлкен мән берілді.(бұл тұсты олар этрускілерден иеленуі мүмкін).

Өнер аумағында да гректердің ықпалы соншама зор болды. Рим храмдары гректердің үлгісімен салынды; римдік мүсіншілер мүсіндерін атақты гректік модельдерге қарап қалады. (Грецияны бағындырғаннан кейін гректердің мүсіндері көптеп Римге әкелінді). Грек үлгілерінің тағы бір үлкен ықпалы философия және ғылым сияқты аймақтарда көрінді. Мұнда римдіктер үлкен ден қойып терминологияны, философиялық және ғылыми зерттеулердің қолданылу әдістері мен мүмкіндіктерін оқып, гректердің ізімен жүрді. Грек философиялық терминдерін латын тіліне аударуда және осылайша латын философиялық лексикасын құрастыруда үлкен рөлге Цицерон ие болды.

Римдіктер белсенді оқырмандар болды және олар грек мәдениетінің көптеген үлгілерін әділетті түрде қайталанбас туынды ретінде санап, оған зор құрметпен қарады. Онымен қоса римдіктер бөтен үлгілерді көшіріп алып рахаттануға мүмкіндік бермеген сана сезімді иеленді. Гректердің ғылым мен өнер шеңберіндегі артықшылықтарын мойындай отырып, римдіктер өздерінің міндеттері тәжірибелік, ең алдымен саяси және әскери қызмет шеңберінде қарады. Өзінің басты міндетін Рим, ылғи да әлемге үстемдік ету мен дүние жүзіне римдік тәртіпті орнату етіп қойды.

Римдіктер грек мәдениетінің Гомерден бастап, оның дамуының әр түрлі дәуірлеріне қарайтын үздік жетістіктерін меңгерді. Бірақ, римдік мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен классикалық дәуірден кейінгі (б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап) грек мәдениетінің спецификалық формасы - эллинизм дәуірінің мәдениеті болды. Б.з.д. І ғасырдан бастап Греция мен Римде мәдениеттің дамуы бірдей қарқын мен бағыт алды.

Мәдени формалардың бір болуы, мәдени дамудағы қарқындары мен формаларындағы айырмашылықтардың жойылуы, белгілі бір уақыт кезеңде ортақ грек-римдік мәдениеттің болғандығы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Бұл түсінік (антик мәдениеті түсінігімен толық ұқсастыруға болмайды) - әсіресе рим империясы дәуіріндегі Греция мен Рим мәдениетінің ортақтығын білдіреді. Бұл латын тілінің синонимі болуды қойған грек және латын белгілі бір уақытқа ортақ римдік болып біріккенін білдіреді.

Шынында да біздің заманымыздың соңынан бастап сол немесе басқа құбылыстардың мәдени қажеттіліктерін бағалаудағы басқа критерийлер пайда болды. Латын тілі арнаулы, ал грек тілі халықтың бір бөлігі ғана қолданған және римдік мәдениетті бұқарасының тілі ретінде (18-19 ғғ. Ресейдегі француз тілі сияқты) болған, зор көп ұлтты мемлекетте ұлттық рөл ойнамайды, ал шығарманың әдеби тілі тек формальді мәнге ие болды. Атақты Плутархты мысалға, римдік (бірақ латындық емес) жазушы деп толық есептеуге болады. Белгілі философ-стоик Марк Аврелий Рим императоры бола тұрса да, грек тілінде жазған. Империя дәуіріндегі мәдениеттің көптеген ірі өкілдері еркін түрде бірдей латын және грек тілдерінде сөйлей алды. Өнер аумағында грек немесе латын тілдерінің арасында бұл дәуірде қандай да бір айырмашылықтарды көру мүмкін емес деп айтуға болады.

Осылайша, грек-рим өркениеті антик әлемінің мәдени құндылықтарының сақталуына жағдай жасап, оларды болашақ европалық мәдениетке жеткізді.

Рим театры және драмасының қайнар көзі Грецияда сияқты салт-жора ойындарға, бай карнавалдық элементтеріне жатады. Мысалы, Сатурналии мерекесі - Сатурн құдайына арналған. Бұл мерекенің ерекшелігі үйреншікті қатынастарды бұралу: мырзалар біраз уақытқа құлдарға, ал құлдар - мырзаларға айналуы. Рим театры және драманың ең ерекше қайнар көзі өнімді жинау ауылдық мерекелер болды. Бұрынғы уақытта, Рим кішірек қауым болғанда - Лациум, ауылдарда орақ біткені үшін мерекелер өткізілді. Бұл мерекелерде қызықты, қатал әндер салынды - фесценниндер.

Басқа жабайы көріністер сатур болған. Сатурдың негізі боп этрусстардың беттік би қимылы себеп болды. Б.з.б. 364 жылы Римді тез жайылғыш апат аңғарды. Құдайлардың көңілін жұмсарту үшін сахналық ойындар өткізілді. Этруриядан билеуші-актерлер шақырылды, қайсылары сырнай аккомпонементіне өзінің билерін биледі. Этрустардың актерлеріне рим жастары еліктеді, қайсылары билерге қызықты сөйлесулер қосты. Солай сатурлар пайда болды. Сатурлар қайғылы оқиғалар тұрмыстық және күлдіргіш мінезінде, өз өзіне сөйлесу, ән айту, өлең және драмалық би қосты.

Драмалық көріністер күлдіргіш мінезінде, олардың тағы бір түрі - ателландар болды, қайсылары басқа тайпалардан алынған. Жастар осы ойындармен айналысып және мерекелерде оларды ойнады.

Ателланда 4 күлдіргіш киіпкерлер қатысты: Маки, Буккон, Папп және Доссен. Ателландарда бір қалыпты сөздер болған емес, сондықтан олар ойнағанда өзінен суырып салып айта алады. Халықтық драмаға Мим шығады. Грецияда сияқты Мим халықтың тұрмысынан көріністер шығарды, ал кей кездері ертегілерді сықақтады, қорытындылап күлдіргіш түрде құдай және батырларды шығарды.

Сонымен, Римде салт-жора ойындар, ежелгі Грециямен сәйкес келеді. Драманың әлсіз бастамасынан халықтық театр әрі қарай дамыған жоқ. Бұны рим өмірінің тәртібімен және абыздардың қарсы болуы деп түсінуге болады. Сондықтан, Римде мифология пайда болмаған, қайсысы Греция өнері және драмасының дамуына себеп болды.

Республика дәуіріндегі Рим театры. Римдіктер әдеби драманы, гректерден алып оны латын тіліне аударды. Бірінші Пуникалық соғыс аяқталуына қарсы, б.з.б. 240 жылы мерекелік ойындарда драмалық көріністі көрсетуге шешті. Көріністі дайындау грек - Ливий Андроникке берілді, ол рим сенаторының құлы болды. Бостандық алғанда, Римде қалып рим ақсүйектерін грек және латын тілдеріне үйретті. Бұл мұғалім, ойындарда трагедия және комедия қойды. Бұл көрініс рим театрының дамуына түрткі болды.

Б.з.б. 235 жылы өз пъесаларын сахнаға драматург Гней Невий (б.з.б.280-201 жылы) қойды. 1 Пуникалық соғыс аяқталғанда, Невии Римге көшіп әдеби қызметімен айналыса бастады.

Гней Невийды бірінші Рим ақыны деуге болады. Оның өлеңдері (сатурлар), драмалары, Пуникалық соғыс поэмасы көркем байланыста ерекшеленді. Басында Невий грек трагедияларын жазды. Біраз уақыттан соң трагедиялардың сюжеті Рим тарихы болды. Сондай трагедия римдіктерде претекст деп аталды.

Бірақ, жоғары даңққа Невий комедия аумағында жетті. Невий паллиатты - әдеби комедияны шығарды. Палиатта Римде б.з.б. III-II ғасырларда көрсетілді. Невий римның хадықтық комедиясы - тогатаның негізін салушы.

Тит Макций Плавт (б.з.б. 254-184 жылы) Невий ісінің жалғастырушысы. Оның шығармашылығы Рим ауыл шаруашылық қауымынан мемлекетке айналған кезеңдеріне жатады.

Плавт Паллиаттың жарқын өкілі болды. Плавтың сүйікті кейіпкері - әккі әрі қу құл, жас иесіне махаббат істерін шешуге көмектескені туралы. Плавтың комедияларында ән мен би үлкен орын алады. Бұл кантика (canto - ән айтам).

Плавтың пьесалары күштілігімен ерекшелінді. Плавтың 20 комедиясы түгелдей бізге жетті және біреуі үзінді түрінде. Барлық комедиялары алдыңғы сөзден басталады. Оның комедиялары үлкен тарихи өмір сүрді, бірақ орта ғасырларда Плавты ұмытты: құдайға сенушілер оның пьесаларын адамгершіліксіз деп санады. Бірақ қайта өрлеу дәуірінде Плавт қайта Еуропалық театрға шықты.

Теренций (б.з.б. 185-159 жылы). Публий Теренций Афр Плавт сияқты паллиат жанрында жұмыс істеді. Карфагенде туып, бала кезінде Римге әкелінген, ол онда Рим сенаторының құлы болды. Баланың қабілетін көріп сенатор оған білім беріп бостандыққа жіберді. Теренций көптеген атақты адамдармен достық қарым-қатынаста болды. Ол алты комедия жазды, түгелі сақталған. Тиренцияның комедияларында отбасы мінезінің даулары көрсетілді. Белгілі комедияның бірі Інілері (б.з.б.160жылы) - жастарды тәрбиелеу мәселесін көтереді, жастарға мейірімді болу қажеттігін, бұйрық және жазалау емес, ақылды кеңестерімен тәрбиелеу керектігін дәлелдейді.

Император дәуіріндегі Рим театры. Б.з.б. I ғасырда Римде республика құлады. Цезарьді өлтіргеннен кейін және Антониды жеңгеннен кейін Римнің императоры Октавиан болды. Келешекте оны Август деп атады. Қоғамдық театрдың мағынасын Август жақсы білді және оның дамуына көмектесті. Бірақ Рим сахнасында жанрды нығайту сәтсіздікпен аяқталды. Октавианның диктатурасы құрылғаннан кейін, трагедия құлдырай бастады.

Сенека (б.з. 4-65 жылы). Император дәуіріндегі Сенеканың трагедияларынан басқасы бізге жеткен жоқ. Луций Анней Сенека император Неронның тәрбиешісі болды. Бір уақыттарда мемлекетте жоғары қызмет істеді, бірақ содан кейін астыртын рекет үшін айыпталды және Неронның бұйрығы бойынша өз-өзін өлтірді. Трагедияларды Сенека өзінің өмірінің ақырғы жылдарында жаза бастады. Барлығы 9 трагедия жазды. Сенеканың батырлары - күшті, құмарланған. Олардың ішінде тирандар, құмарлық үшін қастыққа баратындар. Әйел кеиіпкерлері де өз армандары үшін түгелін қырып жояды. Сенеканың шығармашылығы жаңа уақыт трагедияларының қалыптасуына себеп болды. XIV- XVII ғасырларда еуропалық драматургтер Сенеканың өнеріне үйренді. Шекспир және Бен Джонсон Англияда, Корнелль, Рассин және басқалары Сенеканың трагедияларың өз шығармашылық тәжрибесінде қолданды.

Театр көріністерді ұйымдастыру. Көріністер мемлекеттік мерекелерде Римде өткізілді. Пъесалар патриция мерекелерінде - Рим ойындарында қыркүйекте өткізілді; Юпитер, Юнона және Минерваға арнап плебей мерекелер - Плебей ойындары қараша айында болды; Аполлон ойындары - шілде айында.

Бір қалыпты театр мұражайы б.з.б. I ғасырда Римде болған жоқ: осы құрылысқа сенат қарсы болды. Олар өзіне алаң тауып, сонда көріністер қойды. Рим актерлері бостандыққа жіберілгендер немесе құлдар болды. Актерлер труппаларға қосылды, олардың ішінде бастық - антрепренер болды. Ол өкіметтен көріністерге рұқсат алып жүрді және өзі басты рөлдерде ойнады. Барлық әйелдер рөлдерін ер адамдар ойнады, әйелдер труппаға алынған жоқ.

Актерлер б.з.б.III-II ғасырларда трагедия мен комедияларда маскасыз ойнады. Маскалар б.з.б. 130 жылы пайда болды. Сондықтан гректерге қарағанда римдіктер актерлердің бет қимылын көре алды. Маскалармен бұрын да қолданды, бірақ тек керекті жағдайларда.

Ең маңызды театр өміріндегі оқиға бірінші театрдың салынуы болды. Бұл театр б.з.б. 55 жылы Ұлы Гней Помпеймен және 40 000 адаммен салынды. I ғасырдың соңында Римде тағы екі театр салынды: Бальба және Марцелла. Марцелладан қалған қабырғалары әлі күнге дейін сақталды.

Римдік сәулет өнерінің дамуы рим тарихының барысымен, қоғамдық қатынастардың қиындатылуымен, қаланың өсуімен тығыз байланысты болды; ол грек және этрустік ықпалы нәтижесінде пайда болды. Ертеде қала жоспарсыз, тәртіпсіз салынды. Оның тарихы және қисық көшелері, ағаштан және кірпіштен жасалынған қарапайым үйлер болды. Ірі қоғамдық ғимараты тек храмдар болды (Мысалға, Юпитердің Капитолийлік жарда орналасқан храмы және, Вестаның форумдағы кішігірім храмы б.э.д. VI ғасырда салынды). Қала ішінде бос жерлер және түк салынбаған жерлер сақталды. Ақсүйектердің үйлерін саябақтар қоршады. Су жиналатын шұңқырлар алғашында ашық болды, ал кейіннен оларды ағаш жапқышпен, одан кейін ұсақ тастармен жауып тастады.

Римды галдар жаулап алғаннан кейін, қаланың ғимараттарын көбін қиратып, өртеді. Өрттен кейін римдіктер негізгі көшелерін және алаңдарын бұрынғы үлгі бойынша қайтадан салады. Кеңейген қала жаңа сервиевтік деп аталатын қабырғалармен қоршалды.

Рим халқының көбейуі ашық жерлердің салынуына әкелді. Кейбір көше жолдары үлкен таспен қаланды. Ескі клоак (су құбыры) жүйесі қайта салынды. Өсіп жатқан халық таза суды талап етті, оны жүргізу үшін жердің астында қазылған бірнеше шақырымдық 2 су құбыры салынды.

Құрылыс салудың жаңа кезеңі б.з.д. II ғасырдан басталды, бос жерлер ғана салынбай, сонымен қатар қоқыстар да алынып тасталды, қалалық жерлердің бағасы көтерілді. Б.з.д. I ғасырда қарапайым кірпіштен және ағаштан жасалған үйлердің орнына көпқабатты үйлер, виллалар пайда болды. Олар күйдірілген кірпіштен және бетоннан, тіпті мәрмәр тастан салынды. Бірнеше жаңа су құбырлары көптеген шақрымдарға ауыз суын жеткізді. Қаланың орталығы қайта салынады. Римдік форум кеңейді, оның маңында жаңа қоғамдық ғимараттардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Қала аумағының тым тығыз құрылысы, арнайы жасыл аймақтарда - бақтардың салынуын талап етті. Осылайша, Саллюстий мен Лукулланың жасыл бақтары пайда болды. Қала кварталдарға бөлінді, ал кварталдар аудандарға топталынды. Римдіктердің жорықтарының нәтижесінде әртүрлі байлықтар Римге және итальяндық қалаларға жеткізілді. Бұл Рим сәулетінің өрлеуіне әкелді. Римдіктер өздерінің ғимараттарында және архитектуралық ғимараттарында адамның күшін, терең ойларын көрсетуге тырысты. Осыдан Рим сәулетшілерінің монументальді және көлемді ғимараттарға деген сүйіспеншілігі туды. Рим сәулет өнерінің басқа ерекшелігі - бұл ғимараттарды әшекейлеу, олардың ішінде бай декоротивті заттардың, көптеген әшекей заттардың болуы; сәулет өнерінің утилитарлы жақтарына деген қызығушылық. Олар тәжірибелік қажеттілікке керек ғимараттарды (көпірлер, акведуктер, театрлар, амфитеатрлар және т.б.) салуды жақсы көреді. Римдік сәулетшілер жаңа конструктивті принциптер жасады, олар кеңінен аркаларды, күмбездерді, колонналармен қатар пелястрларды және тіреуіштерді қолданады.

Грек сәулетшілері ғимараттардың жоспарларын симметриясыз жасаса, римдіктер симметрияны ұстанды. Олар кеңінен грек ордерлерін - дорикалық, ионикалық және коринфтік (ең сүйіктісі - коринфтік ордері болды) қолданды. Грек классикалық сәулет өнерінде ордерлер өзімен декоротивті зат пен ғимараттың конструкциясы ретінде пайдаланса, римдіктер оны тек декоротивті элемент ретінде пайдаланатын. Бірақ римдіктер ордерлік жүйені дамытты және өздерінің ордерлерін жасады, олар гректіктерден басқа болды. Бұндай композитті ордер болды, яғни барлық грек ордерлерінің бір ордерде қосындысы, ордер және ордерлік аркада яғни ол аркалардың жиынтығы болып келеді.

Римдік сәулет өнері біздің заманымызға дейінгі IV-I ғғ. өз дамуының екі кезеңінен өтеді. Бірінші кезең - б.з.д. IV-IІІ ғғ. Бұнда Рим кедей және кішігірім қала болды. Бұл уақытта сәулет өнері этрусстік сәулет өнерінің үлкен ықпалымен дамыды, мысалы, ерте Рим храмының формасы және оның декоротивті заттарын, аркаларды қолдану этрускілерден алынды. Ғимараттардың басты типі - әскери - инженерлік (қорғаныш қабырғалар, мысалы, Сервий қабырғасы б.з.д. IV ғасырда салынған, қабырғалардың кейбір бөліктері б.з.д. VI ғасырда салынған) және азаматтық (бірінші су құбырлары және жолдар - б.з.д. IV ғасырдың аяғы). Екінші кезең - б.з.д. ІІ-І ғасырлар, бұл кезең бетон мен жинақтық сымдардың кең пайдалануымен ерекшеленеді. Жаңа типті ғимараттар пайда болады, мысалы базиликтер (бұнда сауда келісімдері және сот төрелігі жүргізілді; бірінші базилик б.з.д. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы мәлімет
Латын тілінің шығу тарихы туралы
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңыздылығы
Пәндер