Темірбетон конструкциялары және оның негізгі физико-механикалық сипаттамалары



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қолдану аймағы.
2. Бетон мен арматураның бірлескен жұмысы.
3. Темірбетонның артылықшылықтары және кемшіліктері.
4. Бетонның негізгі физико.механикалық сипаттамалары.


III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Темірбетон конструкцияларын капиталды құрылыста кеңінен қолданады, қолдану температурасы 50-ден жоғары емес және -70 тен төмен емес. Қолдану аймағы:
• Атом реакторларында, қуатты пресс қондырғыларда, теңіз құрылымдарында, көпірлерде, әуе алаңында, жолдарда, зауыттарда және қоғамдық ғимараттарда қолданады;
• Жұқа қабырғалы көлемді конструкцияларда, силос,бункер және қоймаларда;
• Көптеген массивті құрылғыларда;
• Санитарлы-техникалық және жер асты құрылымдарда;
• Жылу және гидростанцияларда, таукен өндірісінде.
Темірбетон – комплексті құрылыс материалы. Құрамындағы бетон мен арматура бірлесіп істеуі арқасында жүктеме астында монолитті элемент ретінде қарсы төтеп береді. Бетон қысуға жақсы істейді де, арматура созылуға жақсы жұмыс істейді. Бетонның созылуға қарсылығы қысуға қарағанда 10-20 есе төмен. Арқалыққа жүк түскен кезде үстіңгі бөлігінде қысылу пайда болады да, астыңғы жағында созылу пайда болады. Құр бетонды арқалыққа (сурет 2,1 а)жүк түскен кезде арқалық морт сынады. Сондықтан арматурасыз бетон қолданысы көп таралмаған.
1. Цай Т. Н., Бородич М. К., Мандриков А. П. – Строительные конструкции, Лань 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Темірбетон конструкциялары және оның негізгі физико-механикалық сипаттамалары .

Орындаған: Аскарова Асель,СТ-309 тобы
Тексерген: Окасов А.Р.

Семей 2015

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қолдану аймағы.
2. Бетон мен арматураның бірлескен жұмысы.
3. Темірбетонның артылықшылықтары және кемшіліктері.
4. Бетонның негізгі физико-механикалық сипаттамалары.

III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Темірбетон конструкцияларын капиталды құрылыста кеңінен қолданады, қолдану температурасы 50-ден жоғары емес және -70 тен төмен емес. Қолдану аймағы:
* Атом реакторларында, қуатты пресс қондырғыларда, теңіз құрылымдарында, көпірлерде, әуе алаңында, жолдарда, зауыттарда және қоғамдық ғимараттарда қолданады;
* Жұқа қабырғалы көлемді конструкцияларда, силос,бункер және қоймаларда;
* Көптеген массивті құрылғыларда;
* Санитарлы-техникалық және жер асты құрылымдарда;
* Жылу және гидростанцияларда, таукен өндірісінде.
Темірбетон - комплексті құрылыс материалы. Құрамындағы бетон мен арматура бірлесіп істеуі арқасында жүктеме астында монолитті элемент ретінде қарсы төтеп береді. Бетон қысуға жақсы істейді де, арматура созылуға жақсы жұмыс істейді. Бетонның созылуға қарсылығы қысуға қарағанда 10-20 есе төмен. Арқалыққа жүк түскен кезде үстіңгі бөлігінде қысылу пайда болады да, астыңғы жағында созылу пайда болады. Құр бетонды арқалыққа (сурет 2,1 а)жүк түскен кезде арқалық морт сынады. Сондықтан арматурасыз бетон қолданысы көп таралмаған.

Сурет 2,1. Арқалықтың бұзылу сұлбасы

Аса мықты арматура мен жұмсақ арматура (сурет 2,1 б)жұмыстары бірдей болып келеді, бірақ мықты арматураның көтергіш қабілеті жоғары болып келеді. Аса мықты арматураның қолдануы шектелген, өйткені сызаттардың тым ашылып кету салдарынан конструкция эксплуатацияға жарамсыз болып қалады.
Зерттеулер көрсеткендей аса мықты арматураны алдын-ала кернелген конструкцияларда қолдануға болады. Ол үшін арматураны алдын-ала тартып сосын формаға бекіткеннен кейін бетон құйылады, бетон қатқаннан кейін арматураны босатады, кернелген болат қайтадан орнына келу үшін батонды қысады. Бұндай конструкцияда (сурет 2,1 в)сызат пайда болу үшін созу кернеуіне арматураның қысу кернеуі төтеп береді.
Темірюетон қазіргі заманда көп таралу себебі оның басқаларға қарағанда техникалық және экономикалық тиімділігінде болып табылады:
* Массасының 70%-на дейін жергілікті материалдар құрайды (құм, тас);
* Алдын-ала кернелген және құрастырмалы ТБ экономикалық тиімділігі;
* Ұзақ мерзімділігі (уақыт өткен сайын беріктігі жоғарлайды);
* Атмосфералық әсерлерге жақсы төтеп беруі;
* Отқа төзімділігі;
* Сілкініске беріктігі;
* Эксплуатациялық шығындардың төмендігі;
* Кез келген конструктивті және сәулетті форманы ала алады;
* Жасауға кететін уақыттың қысқалығы;
Кемшіліктері:
* Үлкен салмағы;
* Жылу және дыбыс өткізгіштігі жоғары;
* Орналастыру қиындығы, әсіресе қысқы уақытта;
* Жоғарғы мамандардың және арнайы жабдықтың керектігі;
* Сызаттардың кенеттен пайда болу қауіпігі;
* Созылуға төмен кедергісі.
Темірбетон үшін бетон анықталған физика-механикалық сипаттамаларға ие болуы керек: керекті беріктік, арматурамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖОБАЛАУ
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Ғимараттың жауапкершілік дәрежесі
Құрылыс конструкциялары
Құрылыс конструкциялары - пәнінен дәрістер конспектісі
Метрополитен тоннелдері қаптамаларының құрастырмалы конструкциялары
“ІРГЕТАСТАР ЖӘНЕ НЕГІЗДЕР”
Қайта Жаңғырту құрылыс талаптары
Еңбек қорғау шаралары
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер