Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1) Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2) Негізгі абиотикалық факторлардың . жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
3 ) Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік мәндерінің арасын организмдердің экология¬лық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды.Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық (латынша tolerantia – шыдам, төзім) (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:— организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, сол организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық) шектері бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жоғарғы) мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.
Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік – организм¬дердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады.В. Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей, оңтайлы белдемде ұстау қажет.
1) Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозтаева-« экология» оқулық Алматы 2011(27-39 беттер)
2) Қолданылған әдебиеттер:Экология және тұрақты даму: Оқулық М.С. Тонкопий, Г.С. 2011-312 бет 31-44 беттер
3) Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т.,2002 беттері 22-42

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1 Стенобионттық және эврибионттық организмдер. 2 Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. 3 Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

Орындаған:Омарбеков Ж.У. Топ:ВМ-401
Тексерген: Мурзалимова А.К.

Семей 2015 ж.

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1) Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2) Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
3 ) Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік мәндерінің арасын организмдердің экология - лық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды.Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық (латынша tolerantia - шыдам, төзім) (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды: -- организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, сол организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық) шектері бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жоғарғы) мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.
Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік - организм - дердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады.В. Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей, оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлықшаруашылық салаларында (өсімдік, мал, орман, т.б.) ұстанған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынға түседі, себебі әр фактордың, әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалған жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +200С-та ыстық жақтың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай мұндай сулы ортада тіршілігін жояды. Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездеспейді. Бұл жағдайтүрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды. Жеке қажеттілік деп индивидтің (жеке особтың) тіршілік етуіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті жағдайларға мұқтаждығы. Егер түрлердің бір факторға тұрақтылықтары бірдей болса, басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады.В. Шелфордтың толеранттылық заңын кейін американдық ғалым Ю. Одум (1979 ж.) бірнеше ережелермен толықтырды:

1. Стенобионтты және эврибионты организмдер.
Табиғатта тіршілік ететін организмдер экологиялық толеранттылығына байланысты екі типке бөлінеді. Олар:эврибионттылар және стенобионттылар. Эврибионттар (грек. eurys - кең, ауқымды және bіontos - тіршілік ететіндер) - сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларының гомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Мысалы, эвритермді түрлер - температураның үлкен ауытқуына төзімді организмдер, ал эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер және т.б.
Кейбі организмдердің орта мен факторларға талғамы жоғары болады.Оларды біз Стенобионттар - (грекше stenos - тар) - тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауытқулрына төзе алатын) организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т.б
Осыдан эврибионтты организмдер стенобионттарға қарағанда жер бетінде кең таралатындығын көреміз.
Стенобионтты организмдердің эмбрионтты организмдерден айырмашылығы таралу аймағының шектелуіне байланысты морфологиялық, физиологиялық және экологиялық жағынан бейімделуі ерекшеліктері басымырақ болады.Оған тән белгілері түсінің ортаға қарай ұласуы, түнге қарай активті тіршілігі, ін қазу , суды үнемдеу т.б қасиеттер жатады.Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биологиялық көптүрлілігіне әсер етумен бірге олардың географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша таралуына әсер етеді.Соған орай табиғаттың әр түрлі ландшафттарында микроорганиздер , жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір ерекше жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.
2. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.

Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.Сонымен экологиялық фактор дегеніміз организм үшін қажетті немесе зиянды әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз.Факторлар өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай үш негізгі топқа бөлінеді:
1)абиотикалық факторлар
2)тіршілік факторлары
3)антропогенді факторлар
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы . Олар химиялық (атмосфераның химиялық құрамы құрамы , теңіз және тұщы сулар , шөгінділер т.б) және физикалық (температура , қысым ,ылғал, жел , радация, т.б) деп бөлінеді.Сол сияқты жердің бедері, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы , ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, ғаламдық сәулелер, т.б факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Жарық, температура, ылғалдылық,топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері.
Жарық - тірі организмдер үшін негізгі факторлардың бірі.Белгілі француз астрономы К Фламмарион (1842-1925) Біздің планетамызда жүрген , қозғалған , өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған - деді.
Күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.
Көзге көрінетін сәулелер - фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер - жылу энергиясының көзі.
Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді.
Жануралар күндіз немесе түнде белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді. Олар үшін жарық - тіршілік белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор.
Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді.
Фотопериодизм - өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.
Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы
зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына
әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50)0С аралығында тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып - 190-(273)0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады.
Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді.
Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі - ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу.
Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.
Пойкилотермді ағзалар - дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.
Гомойтермді ағзалар - дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады.
Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады.
Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлар- жарық, температура .Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және тсс экологиялық мәні Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні туралы ақпарат
Негізгі абиотикалық факторлар. Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Пәндер