Ауа-райы: болжам мен болмыс



І. КІРІСПЕ
1.1. Ауа.райы: болжам мен болмыс

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақ елі . ауа райын болжаудың халықтық болжамдары
2.2. Ауа райын табиғат көріністері мен құбылыстары арқылы болжау
2.2. Ауа райы құбылыстарының қазіргі заманғы болжамдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғыл. негізде анықтау. Алдымен синоптик. процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.) анықталады, соның негізінде атмосф. құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран, т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты Ауа райын болжау өте қысқа, қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін) және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптик. және аэрол. ст-лардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен антициклондардың, т.б. синоптик. нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер, т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және қозғалысын болжау;
2) атмосф. шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау;
3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау.
Қазақтардың ауа-райына байланысты болжамдары ерте заманнан бері табиғатқа етене жақын өскен, табиғаттағы болып жататын құбылыстарға назар аударып, тіршілік тірегі болған дәстүрлі шаруашылығын соған сәйкестендіріп жүргізген. Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжауға адамнан бастап, жан- жануар, аң-құс, балық әртүрлі жәндіктердің қылықтары, сол сияқты табиғаттағы ағаш, өсімдіктер, табиғи құбылыстар және т.б. арқылы бақылаған. Қазақ халқында ерте кезден ауа-райын алдын ала бақылап, мал-жанын түрлі апаттарға бермейтін астроном – есепшілер де өте көп болған. Осындай есепшілерді әр ауыл, әр тайпа адамдары жиі іздеп барып, одан сол жылғы табиғатта қандай өзгерістер болатынын және жауын-шашының, ыстық-суықтың қай деңгейде болатындығын сұрап біліп, соған сәйкес мал-жандардың жағдайларын ерте бастан жасап, түрлі апаттардан сақтанып отырған. Қазақ ауа-райын болжаушылары ауа-райын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстап, оны атадан балаға мұра етіп қалдырған.
1.Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.
2. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.
3. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.
4. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983
5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.
6. Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005
7. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы
8.Астапенко П. Д. Ауа райы туралы әңгіме. А. 1983.
9. Ауа райының құбылуы. А. 1984.
10. Бірмағамбетов Ә., Мамырова Қ.
11. Географиялық сөздік. А 1992.

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
1.1. Ауа-райы: болжам мен болмыс

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Қазақ елі - ауа райын болжаудың халықтық болжамдары

2.2. Ауа райын табиғат көріністері  мен құбылыстары    арқылы болжау
1. Ауа райы құбылыстарының қазіргі заманғы болжамдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғыл. негізде анықтау. Алдымен
синоптик. процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.)
анықталады, соның негізінде атмосф. құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран,
т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты Ауа райын болжау өте қысқа,
қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін)
және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптик. және
аэрол. ст-лардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен
антициклондардың, т.б. синоптик. нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа
райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер,
т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен
тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және
қозғалысын болжау;
2) атмосф. шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау;
3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау. 
Қазақтардың ауа-райына байланысты болжамдары ерте заманнан бері
табиғатқа етене жақын өскен, табиғаттағы болып жататын құбылыстарға назар
аударып, тіршілік тірегі болған дәстүрлі шаруашылығын соған сәйкестендіріп
жүргізген. Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжауға адамнан бастап, жан-
жануар, аң-құс, балық әртүрлі жәндіктердің қылықтары, сол сияқты
табиғаттағы ағаш, өсімдіктер, табиғи құбылыстар және т.б. арқылы бақылаған.
Қазақ халқында ерте кезден ауа-райын алдын ала бақылап, мал-жанын түрлі
апаттарға бермейтін астроном – есепшілер де өте көп болған. Осындай
есепшілерді әр ауыл, әр тайпа адамдары жиі іздеп барып, одан сол жылғы
табиғатта қандай өзгерістер болатынын және жауын-шашының, ыстық-суықтың қай
деңгейде болатындығын сұрап біліп, соған сәйкес мал-жандардың жағдайларын
ерте бастан жасап, түрлі апаттардан сақтанып отырған. Қазақ ауа-райын
болжаушылары ауа-райын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия
ұстап, оны атадан балаға мұра етіп қалдырған. Сонымен де олар аспан
денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге,
өз кезегінде ман-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс
таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Жыл мезгілі қазіргі күнтізбе бойынша
көктем, жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөлінеді. Бұл қазіргі кездегі
күнтізбедегі топтастыру. Ерте кездегі қазақ есепшілері жыл мезгілін, яғни
жыл он екі айды төртке бөлген. Бірақ әр мезгілдің атауы қазіргі мезгілдің
атауынан өзгеше болатын. Жылтоқсан (көктем), Жазтоқсан (жаз), Желтоқсан
(күз), Қыстоқсан (қыс). Жылтоқсан деп аталуы жыл сөзінің мағынасына
байланысты айтылған. Көктемде –көктеуде (бірер ай), жазда – жайлауда (екі
айдам астам), күзде – күзеуде немесе күзекте (бірер ай), қыста – қыстауда
отыратын шаруашылық ыңғайына байланысты. Халқымыз ертеден-ақ ауа-райын
бақылаудың қарапайым әдіс, тәсілдерін білген. Ауа — райын болжай алатын бұл
халық қағидалары қой мінезін жетік меңгерген, қойдың ауа-райы өзгерісін
сезу қасиеттерін терең анықтай алған қазақтың өмірлік тәжірибесінен, таным-
түсінігінен туындап отыр. Қойдың мінез-құлқын мен әрекетіне қарап ауа-райын
болжау қағидаларының көптеп кездесетіне қарағанда, өзге түліктерден бұрын
қой қазақ жерінің климатын тез сезетін, қазақтың жері мен табиғатына әбден
бейімделген түлік екенін байқатады. Кешкі уақытта малдың бәрі бағытта
күйсеп жатса, келер күні сол жақтан боран тұрады. Жылқы – бір жылдық, қой –
жарты жылдық, сиыр 2-3 күндік өзгеріс, құбылыстарды болжай алады. Жыл басы
саналған, күн мен түннің теңелген күні, яғни 22-Наурыз Ұлыстың ұлы
күніндегі бақылаулар мен болжамдар дәл келіп отырған. Ұлыстың ұлы күні
есепшілер таңертең Күннің шығыс көкжиектен қандай болып көрінетінін
бақылауға ала отырып, байырғы тәжірибеге сүйеніп, Күннің түрліше аталуына
көңіл бөлген:
— егер бұл күні таңеретең Күннің түсі күңгірт тартып, қорланып солғын
көрінсе, ол жылы жауын-шашын мол болып, жер көгі құлпырып өсетін көрінеді;
— егер бұл күні таңертең Күн сары-қызыл тартып, ыстық лебі бірден бетке
ұрып, шақырайып туса, ол жылы құрғақшылық болуы мүмкін. Мұндай жылдары
таулы аймақтарда жиі-жиі тасқын болып, шалғынды далада өрт қаупі пайда
болады;
— егер бұл күні таңертең Күн сәулесі жан-жаққа шашағын төге шашырап,
рауандап атса – ол жылы жанға жайлы, молшылық жылы болады. Есепшілер бұл
Күн белсенділігін он бір, он төрт жылда бір рет қайталанып отыратын
кезеңдік құбылыстарынан бақылап білген. Әдетте, ауа-райын бақылаушылар жаз
есебін күн мен түннің теңелген тоғысынан бастайды. Онда ел алдымен сол
түнгі төрт түлік малдың қимыл-қылығын ерекше қадағалайды. Ұлыстың ұлы
күніне басқа да жаңа тоғыс айлары болады. Жаңа тоғыс айларының қарсаңындағы
немесе күн мен түн теңелер сәтіндегі төрт түліктің мінез-құлқы мен
әрекетіне қарап есепшілер сол жылдың қандай болмағын бақылап отырған.
Мысалы, егер сол күні кеште өрістен қайтқан қой қораға алшаңдай басып
кірсе, көктем ерте келеді деп жорамалдайды. Ал сол түні түйе түлігі ернін
жиі жыбырлатып, жылқы оқыранып жұтынса да көктем ерте келеді екен деп
есептеген. Сондай-ақ ол күні қойдың өз қорасына алшаңдай басып кіруі де
көктемнің ерте туатынының белгісі. Қойдың құмалағы қар ішінде бармақ бойы
батып кетсе, көктем ерте туып, жер тез қызады. Қарға тасталған құмалақ қар
үстінде тұрып қалса, көктем 40 күн кеш туады. Яғни, көктемнің алтын
күрегіне дейін суықтар болады деп күтіледі. Осыған байланысты қазақта
айтылатын мынындай сөз бар: Ұлыс күні құмалақ қарға бармақ бойы батса,
қырық күндік жерге арбамен шық. Құмалақ қар бетінде қыдырып жатса, қырық
күндік жерге шанамен шық.
Егер құмалақ қарға өз бойындай батып барып тоқтаса, сол жылы жауын-
шашын мол болып, жер көгі желініп біткенімен, тез бой көтеріп отырады.
Яғни, жердің ылғалы қара күзге дейін сақталады. Қыстың соңғы кездері жылқы
ықылықтап, жабағылар ішін тартса, көп кешікпей қар суын ішіп, көктем ерте
туады екен. Ал, көктемде қорадағы қойлар жайылымнан келген соң түнде
жалаңдап тұрса, онда ол жылы құрғақшылық болады. Егер ауа-райын болжаушылар
сол арқылы жазда шөптің қалай шығатынын білмек болса, онда шолпан жұлдыздың
тууына қарайды. Жаңа тоғыстың бастапқы күндері тұманды болып басталса, жаз
жаңбырлы болады. Бұл – құт белгісі. Ол жылы шөп шүйгін болып, төрт түлік
тез қонданады және сол жылғы қыстан мал басы аман шығады деп күтіледі. Егер
жаңа тоғыста көлшіктегі құрбақаның құрқылдаған даусы естілсе, алдағы күндер
тез жылынып, ауа-райы малға да, жанға да жайлы болады. Жаңа тоғыста Шідер-
Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы көкте биік тұрса, онда жаз айлары жаңбырлы болып,
шөп шүйгін болады. Сондай-ақ, бұл күні қойшының қоңыр жұлдызы Шолпан
жарқырап туса, ол да келер жылдың жайлы болатындығының белгісі. Қой үстіне
бозторғай жұмытқалаған кез деп осындай жылдарды атаған. Шолпан ерекше
жарқырап туса, онда жазда шөп мол шығады. Ал шолпан шұнтиып туса, шөп
маңдымды шықпайды деп тұжырымдаған. Бұдан басқа бұлақ- бастау көзі, өзен-
көл деңгейі және жер асты суларының азайып-көбеюіне қарап та жаздың қандай
болатындығын болжаған. Торғайлар суға шомылса, сиырлар сәске болмай
оқыраласа күн жауады деп жорамалдайды.
Қой жүні қобырап, дымқыл тартып тұрса, кешікпей жауын-шашын болады. Қой
пысқырынса, бұлттанып іле-шала жауын-шашын келеді. Қозы-лақ секендеп
ойнақшыса, жауын жауады. Егер қойлар сілкініп, сүйкенсе, маңырап, шуылдаса,
жауын басылып, күннің көзі шығады. Бақа, балықтардың мінезі де ауа-райы
туралы сөйлеп береді. Саз, балшық, батпақ бақалары кешқұрым ұзақ уақыт
бақылдаса, ертеңгі ауа-райы жақсы болады. Олар судан алыстап бақылдаса, ауа-
райының жылынуының белгісі. Егер бақалар судан, шалшықтан тұмсықтарының
ұшын ғана шығарып бақылдаса, ауа-райынының бұзылатын білдірген. Бақалар
бақылдап шуласа, ауа-райының жақсаруының ишарасы. Балықтар су бетіне шығып,
шоршып ойнай бастаса – жауынның белгісі. Тауық жерге аунап қанатын қағып
тазалана бастаса, жаңбыр жауады. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада
жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни ұзаққа созылады. Қыста қаздар
қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса күн суытады
немесе боран болады. Далада көкектің қу-қу даусын жиі естісеңіз алдағы
күндер ашық болады. Шағалалар өзен, теңіз бетінде ұшып жүрсе, күн ашық
болады. Егер жиекте жүрсе, күннің бұзылатындығың белгісі. Қазақ халқы
құмырсқа, қоңыз, құрттардың мінез-қылықтарымен де ауа-райының өзгерісін
алдын-ала болжай білген. Қатты жел дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп,
мазасыздана бастайды. Көктемде қар еріген кезде құмырсқа үйіндісінің
теріскей жағынан бастап ерісе, жаз жылы, ұзақ, жайдарлы болады, ал алдымен
ерісе, салқын жаздың келгенін білдіретін болған. Егер ауа-райын болжаушылар
сол арқылы жазда шөптің қалай шығатынын білмек болса, онда шолпан
жұлдызының тууына қарайды. Мысалы, шолпан ерекше жарқырап туса, онда жазда
шөп мол шығады. Ал шолпан шонтиып туса, шөп мандымды шықпайды деп
тұжырымдайды. Бұдан басқа бұлақ-бастау көзі, өзен-көл деңгейі және жер асты
суларының азайып-көбеюіне қарап та жаздың қандай болатындығына кесім жасап
отырады. Торғайлар суға шомылса, сиырлар сәске болмай оқыраласа күн жауады
деп жорамалдайды. Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса, дауыл немесе боран
болады. Сонымен қатар, торғайлар арқылы да ауа-райының өзгерісін алдын-ала
болажаған. Торғайлар топтаса ұшып, қайта-қайта ұшып-қонып, денелерін әлсін-
әлсін сілкінтуі жазда жауын көп жауынның, көктемде, қыста ауа-райының
бұзылуының белгісі болады. Жауын- жауып жатқанда, торғайлар зуылдап ұшып
жүрсе, кешікпей күн ашылады, жауын тоқтайды. Торғайлар топтанып ұшып,
аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады. Ашық күндері
ормандағы ақ тиін ұясынан шықпай қойса, күн райы бұзылады. Киік топ- топ
болып басқа жаққа бет алса, онда ауа-райы қатты бұзылып, суық болады деген
сөз. Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса, дауыл немесе боран болады.
Мұсылман дінді қазақтар айды киелі деп табынатын да дәстүр болған. Ай
арқылы халық ауа-райын алдын-ала болжаған. Ай шалқасынан туса, онда сол
айда күн жайсыз, суық болады, яғни шаруашылыққа ауа-райы қолайсыз болады,
ал ай енкіш, еңкейіп туса, онда сол айда күн жылы, жайлы болады дейді. Ай
туғанда бұрынғысынан үлкендеу көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауын
жауатынның белгісі.

2.1. ҚАЗАҚ ЕЛІ - АУА РАЙЫН БОЛЖАУДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ БОЛЖАМДАРЫ

Адамзаттың тіршілігі өмір сүрген ортаға, табиғат болмысы мен
құбылысына, төңіректегі жан-жануарлар, жәндік-мақұлықтар мен өсімдік
әлеміне тығыз байланысты. Ертеде, ғылым мен техника дамымаған заманда,
Құдайдан өзге сенері жоқ халық қарапайым күнкөрісі мен шаруашылығын
қоршаған ортаның қилы-қилы жағдайына сәйкестіре қалыптастырып жүргізу
мақсатында көп ізденіп, тиісті қаракет жасаған. Шаруа адамына егін егіп,
өнімін молайту және төкпей-шашпай мезгілінде жинап алу, малды шығынсыз,
жатқа ұшыратпай бағып өсіру, қауіп-қатерсіз сапар шегу, тағы басқа да
тіршілік проблемалары жергілікті жердегі ауа райы құбылыстарын алдын-ала
болжап білуді қажет етті. Ол үшін, бір жағынан, ауы райының өзгермелігі
қалай, не себепті, қандай ізділікте жүретіні зерттелсе, екінші жағынан,
ондай өзгеріс болар алдында үй және түз хайуандары, жәндік-мақұлықтар
қандай әрекет — құлық танытатынын байқау керек еді. Ғасырлар бойы осы
бағытта жүргізілген оңды, кейде сәтсіз бақылау, зерттеу ауа райы
құбылыстарын болжаудың халықтық жүйесін жасақтатуға мүмкіндік берді.
Ауа райын алдын ала болжаудың тәжірибеде ақталған халықтық нұсқалары
баршылық. Олар әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Әрине, нақтылы тұста
кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Өйткені, соңғы жылдары республиканың барлық
аймақтарында қалыпты экология өзгерді. Әуе кеңістігі ластанды, өзен-көл
сулары тартылды, жер асты сулары кермектенуде. Ондаған өсімдік тұқымын
жойды. Топырақ эрозиясы біраз жер көлемін шарпыды. Мұның бәрі қай аймақта
болса да, ауа райының қалыптасқан табиғи сипатына қолайсыз өзгерістер
енгізді. Әйткенмен, талай жылғы өмір дәлелдеген халықтық тәжірибе нұсқалары
негізін сақтап қала бермек.
 Жан - жануарлар арқылы ауа райын болжау мен табиғат құбылыстарының
бейнелену дәрежесі
Қазақтарда жануарлар қылықтарына бақылау негізіндегі көптеген болжамдар
бар. олар әлдімен шаруашылығындағы ұй жануарлары: жылқы, қой, ешкі, сиыр,
түйе.
Қазақ халқы жылқы малын сергек мал дейді. олардың қылығы арқылы ауа
райының алдын - алып бөлжәйді. жылқылар топтасып, жүйткіп, кісініп
ойнақтаса, шапқыласа, кешікпей күн суытып, ызғар соғып, боранды жауын қарлы
борасын болады деп біледі. жылқылардың жұны ұрпиып, жәйылуға зауқы жоқ
болса, онда бірәздән кейін күн суытып ауа райы бұзылады. ат алсын - алсын
пысқырса, жазда жел күшейіп жауын жауардың, ал қыста қар жауып, қарлы
борасын болады. жылқы ыққа жәйілса, жел, жауын, қарлы борасындар, ызғар
суық жел болады. айғыр ұйырын, мойынын жерге сала, жиса ауа райы кешікпей
бұзылады. жылқы малы қыста, көктемде жәйылғанда, қай жаққа қарап жәйіла
берсе, жәйлі жылы күндер болады, ал желге қарсы жәйілса, жәйсіз күндер
болатының белгісі. бие кенет суалса, кешікпей жауын жауатын болады. соғымға
сойылған жылқынын бауыр жұны (қылшығы) ұзын болса, алдағы қыста қар көп
жауады. жылқынын жұны бұршып үрписе, жазда жауын жауып, қыста күн суытады.
егер жылқы осқырынып жұтынса, онда жылқы кешікпей қар суын ышып,
асайтынының белгісі. жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады. жылқы
ышыр тартса, ауа райы бұзылады. жылқы оқыранып, жусаса, боран соғады. қыста
оқыранып, ернін жібірләтсә, кешікпей күн жылынып, қар суын ішеді.
Қазақтар қойдың қылығы арқылы ауа райын алдын ала бөлжәйді. қой
тінішсіздәніп, көңді тарпып, қызып мәзәсіздәнсә қар жауып, борасын соғып
қарлы борасын болатындығының сыңайы. тәңертең ерте қойдың жағдайын
байқағанда олар желге қарсы күйсеп жатса, ауа райы жақсы болатынының
белгісі. қой көп түшкіріп, пысқырса, аспанға бұлт жиылып, тұмандатып, жауын
жауатынының ишарасы болады. қой жұнын сілкіп, сілкінсе жауын жауғанын
қойып, күн ашылады. қойдың жұны дымқылданып, суланса, жас болса, жауын
жауардың белгісі. қыстың басында қой қорадан озы шығып жатса сол жылғы қыс
жәйдарлі жақсы болады. қой күйездеп жиыла бастаса. кешікпей күн шіліңгір
ыстық болады. қыста, көктемде қой кез - келген жаққа қарап жәйіла берсе,
келер күндер жәйлі болатынның белгісі, ал желге қарсы жәйілса, күн суытудың
ишарасы. қыста сойылатын қойлардың бауыр жұны ұзын өскен болса, алдағы жылы
қыста қар көп болады. егер қойлар өрістен қайтқанда ауызына бір - бір тал
шоп тістеп қайтса, сол жылы жұт келеді деп көреді халық. қойлар тысын
қайраса, кешікпей күн борандатады, ал қой тұяғымен кеудесін, тосын қасыса
қыста қар қалың жауатынның ишарасы болмақ. өріске өрер қой қорадан еркін
шықса, өрістен қайтып келгенде олар қораға еркін кіретін болса, жыл жақсы
болуының сыңайы болмақ деп көреді қойшылар. қотандағы қой бір бағытқа қарап
жусаса, кешікпей ту сыртынан боран соғады. күзде қозылар енелерінен
қалғыштап, отардан жиы болынып қала беретін болса, қыс қатты болады. ал
егер қозылар қоралы қойдың алдына шыққыштап жәйілса, қыс аса жәйлі болмақ.
күзде, қыста өріске шығардың алдында қойлар секіріп ойнақтап бірін - бірін
қуалап, сұзысуы жиы байқалса, кешікпей қатты суытудың хабары. ал мұндай
қылық жылы маусымда байқалатын болса, онда ауа райы бұзылады. қой өрісте
тоқтамай тұрақсыздана жүгірсе немесе қорадағы көңді тұяғымен қазып
тебіндесе, кешікпей боран, мүмкін күшті дауыл тұрады. қыстың басында
қорадағы қойлар жиектеп шашырай жатса, қыс жәйлі жұмсақ болады. қозы, лақ
секеңдеп, ойнақтаса, жауын жауады. егер қойлар сілкініп, сүйкенсе, маңырап
шуылдаса, жауын басылып, күннің көзі шығады.
Қазақ халқы ешкі малын ауа райына төзімсіз мал, сондықтан олар ауа
райын алдын ала сезінуге, сергек сезімтәл келеді деп есептейді. егер
ешкілер тасқа, биік жерге шығып, секеңдеуін қойып, тас, ұй, қораға үйген
тезек, жүк ықтасынына тығылып тұрса, онда кешікпей жауын - шашын, қар
жауып, бұрқасын суық жел соғатынының белгісі болады. кешке өрістен қайтқан
ешкілер ауылға қарай асыға жүгірсе, қораға асықса, түнде күн суытып, ауа
райы бұзылады. қорадағы ешкілер тінішсіздәнсә ауа райы қолайсыз болудың
белгісі. тәңертең ешкілерге назар салғанда, олар ешбір қаперсыз күйсеп
жатса, сол күні тымық жылы болады. ешкілер шыбжыңдап, салқын, тығылатын
жер іздеп жүгірсе, күн шыбынды, мұнартқан болады. бұл күн ысудың да ишарасы
болмақ. ешкі басқа малдан бұрын өрсе, күн тымық болады. ешкі малы
түшкіріп, пысқырып мәзәсіздәнсә, онда аспан түнеріп, жауын жауады. ешкі
қорадан тыс, дөңес жерге жатса, қыс жақсы болады. ешкі малы ыққыш келсе,
жел соғып күн суытудың сыңайы болмақ. ешкілер кенет суалып кетсе, жауынды
күндер болады. ешкі малдары кез - келген бағытқа қарай жәйіла берсе күн
жәйлі, ал желге қарай жәйілса күн ызғарлатады. ешкі, серке, текелер көң
тарпып, тінішсіздәнсә, қар жауып, қарлы борасын соғатын сыңайы болмақ.
Қазақ халқы сиыр малының қылығын бақылап, сол арқылы ауа райының
жағдайын алдын ала болжап айтатын болған. тәңертең ерте сиыр малын
бақылағанда, олар желге қырыс қарап, бейғам күйсеп жатса, сол күні күн
жылы, желсіз, жәуінсіз, қарсыз болады. егер күн бұзылатын болса, сиыр малы
алдын ала былып, уақыты болсада өрістен ауылға ерте қайтады. сиыр малы
өріске шығарда тінішсіздәніп жан - жағына қарап, басын шәйқап мөңіресе,
мәзәсіздәнсә, қарлы борасын соғып, қар жауып, күн суытады. жазда сауын
сиырлары бұзауларына қарай мөңіресе, жауын жауардың ишарасы болмақ. жауын
жауып жатқанда бұқа мөңіреп, өкіре жүрсе, аспан ашылудың айғағы. сиырлар
жәйіліп жүргенде жүндері үрпейсе, ауа райы бұзылудың белгісі. сиыр желге
қарап жәйілса, күн суытудың белгісі. ал қыста, көктемде қай жаққа қарап
жәйілса да күн жылы жәйлі болатынның белгісі болмақ. сиыр кенеттен суалса,
онда кешікпей ылғал жауын болады. сиырлардың жұны ұрпиып, бұрсиып, ұй
маңайында айнала берсе ауа райы бұзылып, қарлы борасын болып, күн суытудың
сыңай болмақ.
Қазақ халқы түйе малының қылығы арқылы ауа райын болжап келген. түйе
малын қазақ басқа малдардан артық сезімтәл деп біледі. түйелер ауа райының
өзгерісін екі - ұш күн бұрын біледі дейді. жел соғып, қарлы борасын, боран,
дауыл соғатын болса, түйе күлде, бұта, ши түбінде төмен қарап шөгіп жатады.
түйе ертеңгісі, жәйылымға жәйбарақат озы шықса, күн жәйлі желсіз, жәуінсіз,
қарсыз болады. түйелер, тайлақ, бота, атандар тайраңдаса күн суытудың
белгісі. інген ботасына боздап, алсын - алсын таяп келсе, қар, жауын жауып,
дауыл бұрқасын соғатынның сыңайы болмақ. топ түйе ыққа жәйілса, күн райы
бұзылатынның белгісі. түйе тобы қыста, көктемде кез - келген жаққа, басы
ауған тұсқа жәйіла берсе, келер күндері күн жылы, ауа райы жақсы болады. ал
желге қарсы жәйіла бастаса, күн бұзылып суытады. түйе кенет суалса жауын
жауатынның белгісі. егер қыс уақытында түйе малы ернін жібірләтсә кешікпей
су ішеді немесе қар жауып қар суын ішеді, қар асайды деп көріледі. бұл
көктемнің уақытына бұрын басталатынын да көрсетеді. ауа райын болжаушы
есепшілер күн мен тұнның теңелу тоғысын мизамнан бастап есептейді. алғашқы
мизам көрініп, туған күні, түйе малы басын құбылаға қаратып, торт аяғын
торт жаққа керіп, талтая керіліп, жәйбарақат ұйықтаса, сол жылғы қыс жәйсіз
болады деп көріледі.
Табиғат құбылыстарының бейнелену дәрежесі. табиғат жұмыр жер бетіндегі
барша тіршілік атаулының алтын бесік, құтты мекені болса, адам баласы ұшын
ең қасиетты де қастерлы ұғым. адам рухани дүниесін сыртқы табиғат
құбылысынын тану арқылы қалыптастырады да, озын жалпы жаратылыстың бір
өкілі ретінде сезіне былды. табиғат құбылыстарының қайталанып келіп отыруын
мұқият бақылау қазақ халқының шаруашылық омыры ұшын орасан зор тіршілік
тұрмыстық маңызы болды. халқымыз жыл мезгілдері мен ар жыл мезгілдеріндегі
табиғат құбылыстарын көбінесе аспан денелерімен жан-жануарлар әрекетіне
қарап болжаған.
Тұз тағысы - табиғатпен тілдес деп халқымыз табиғаттың сан алуан
құбылыстарымен жабайы жан-жануарлар арасындағы табиғи байланыстың құпия
сырларын бақылай отырып, өзіндік тұжырым қорытындылар жасайды. ары оған
ерекше ман беріп оны амал деп атап, әрбір амалды жануарлар тіршілігіндегі
байқалатын озгерыстермен байланыстырып отырған. осындай ой пікірлердің
көпшілігі иекологиялық ұғымдармен де байланысты. өлкеміздің басты
байлығының бірі-бекіре байлықтары жәйлі да халықтың қағидалары көптеп
кездеседі. бекірінің басы тасқа тимей қатпайды деген халық нақылы бекіре
балықтарының өзенге қарай өрлеп, өрістейтіндігін аңғартады. күз мезгілінде
су біршәмә тартылған кезде бекіре балықтары өзеннің құмды жағалауына топ-
төбімен жиналып, тұс мезгілінде бастарын су түбіндегі құмға тақап,
үйірленген жылқыша ағынға қарсы, бірінің соңынан бірі тызылып тұрады. оны
халық бекіре ойнағы деп атайды.
Қазақ халқында тасбақа дауылы деген ұғым бар. халқымыз тасбақаны
киелі жануар деп оның киесінен қорыққан. тасбақа тіршілігіндегі
ерекшеліктің бірі - қысы ұйқыға кетуі. көктем кезінде көбіне көкек айында
тасбақа ұйқысынан оянып, ынын тастап жер бетіне шығады. дал осы кезде ауа
райы бұзылып, қатты жел соғады. мұны халық тасбақа дауылы деп атайды.
қысқы ұйқысынан шыққан тасбақа әлсіз болғандықтан сауытының үстінде қалған
топырақ қалдығын осы кезде соққан жел үрлеп түсіреді деп ұққан. бұл кездегі
тасбақаның ұйқысынан оянуы табиғаттағы ауа райының өзгерісі мен тұспа тұс
келеді.
Каспии теңізінде кездесетін бірден бір сұтқоректы жануар каспии ит
балығы. оның тіршілігінде болатын ерекшеліктің бірі мұз қатқанда мұз үстіне
шығып күшіктеуі халық назарын аударған. итбалықтың кіндік кесері (кейде
итбалықтың кіндік қатары) деген амал кезінде, яғни ақпан айында бір жетідей
боран соғып, күн қатты суытады. осы кезде жаңа туған күшіктің кіндігі мұзға
қатып, табиғат оның кесілуіне (үзілуіне) жағдай жасайды.
Халық арасында айтылатын амалдың бірі боры сырғақ. бұл ақпан айының
15-17 күндері сәйкес келеді. ол күндері күн біршәмә жылымық болып, кейде
жәңбір жауады да арты сырғақты қарға айналады. бұл кезде қасқырлар жұп
құрып, шағылысуға кіріседі. осындай табиғат құбылысын халқымыз боры
сырғақ деп атайды.Құстар тіршілігіне де байланысты амалдар бар. құс
қанаты деген ұғым жыл құстарының көктемде келуіне және күзде қайтуына
сәйкес келетін амал. көктемде құс қанаты наурыз айының 26-28 -іне сәйкес
келеді. ең алғаш өлкемізге келетін құстың бірі қараторғайлар. бұл кезде
қайтқан құстардың сусылдаған ызғарынан күн суынып, жапалақтап қар жауады.
мұны сол жылғы соңғы қар деп есептейді. құс жолынан адаспас ұғымы жыл
құстарының келіп қайтуына байланысты қалыптасқан.Қызыл жұмыртқа деген
ұғым мамыр айының алғашқы он күндігіне келетін ауа райының өзгерісіне
байланысты айтылады. бұл күндері жұмыртқа шәйқаған құстардың бірәзі
қызылшақа балапан шығарады. осы кездері 1-2 күнге созылған суық болады. бұл
күндерді халқымыз қызыл жұмыртқа деп атайды.
Хайуанаттардың қарекет-құлықтарына қарай ауа - райы құбылыстарын болжау
ҚОЙ
—     күзде, қыста өріске шығар алдында ойнақшып секіріп, бірін-бірі қуалап
сүзіссе, аяз тұрар, мұндай әрекеттері жылы маусымда байқалса, ауа райы
бұзылар;
—      қысты күні қорадан ерте өргізерде шықпсай шегіншектеп, маңырап,
шулай берсе, ауа райы бұзылады;
—      қысқы жайылымда үйіріліп топтасса немессе сапырылысып ілгері-кейін
жүре берсе, үрит-соқ сүзіссе, қорадағы көңді тұяғымен тепкілесе, тістерін
жиі-жиі қайраса, кешікпей боран соғады;
—     қыс басында қора қабырғасын жиектеп шашырай жатса, қыс қаһарсыз
жұмсақ болар;
—     тұяғымен төсін жиі қасыса, сойғанда қарын түгі қалың болса, қыста қар
қалың болар;
—     қыста қораға топырламай, еркін кірсе, таңертең желге қарсы қарап
күйсеп жатса, ауа райы тұрақтанып, жақсарады;
—     күзде тау беткейіндегі отар үнемі өрді беттеп жайылса, қозылар
енелерінен қалғыштап, отардан бөліне берсе, күздің соңы, қыстың басында
сақа қойлар аузына бір-бір тал шөп тістеп өрістен қайтса қыс қатты болар;
—    қозылар қоралы қойдың алдын орап жайылса — қыс қолайлы;
—    жүні қобырап, дымқыл тартса, жиі-жиі пысқырынса, лақ, қозы
секендеп ойнақтаса, сақа қойлар құлағын қаққыласа, жаңбыр жауар;
—     сілкініп сүйкеніссе, маңырап шуласа, жауын басылып, күн көзі
ашылар.
ЖЫЛҚЫ, ТҮЙЕ, СИЫР
—     мизан туған күні түйе бір жағын ықтап, жайсыз жатса — келер қыс
қатты; басып құбылаға беріп, төрт аяғын керіп жатса — жайлы;
—      қыста түйе ернін жиі жыбырлатып, жылқы оқыранып, құр жұтынса, көктем
ерте туады;
—     жылқы жиі пысқырынса, ауа райы бұзылады;
—     суатқа айдаған Қара мал пысқырынып тебінсе, жанбыр жауады;
—     сиыр танауын тартып, мойнын жиі-жиі былғақтатып мазаланса, дауыл не
боран соғады.
ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
—     көңілдене сайраса — келер күн ашық;
—     үндері тынса, күн күркірейді;
—      жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;
—     жыл құстары топ-тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
—     жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
—      ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын модальді етістіктері
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру 5В061200 – «Метеорология» мамандығы бойынша
Метеорологияның даму тарихы туралы
Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінде мәселелілері
Радиациялық тұмандардың болжамы
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Физикалық география-қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейді
География – экология – қоршаған орта
КҮН РАДИАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨЗДЕР
Пәндер