Дүниежүзі елдерінің еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылуы



Еңбек ресурстары
Модернизация
Еңбек нарығы
Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбек ресурстары-еңбек іс-әрекеті үшін қажетті физикалықжағынан дамыған және денсаулығы бар мемлекет халқының бөлігі. Еңбек ресурсын есептеуде ең бірінші жас ерекшелігіне көңіл бөлінеді.
Бірінші компонент- жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер. (Еңбек кодексі бойынша ата-анасы рұқсат берген жағдайда) олардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.Сонымен бірге олар еңбекке кабілетті жас кезеңінің алдында тұр.
Екінші компонент - еңбекке жарамды жас кезеңіндегі еңбекке қабілетті адамдар. Еңбек ресурсының ең саны көбі де осы Қазақстандағы еңбекке жарамды жас, оның төменгі шекарасы 16 жас, ал жоғарғы деңгейі, жасына қарай зейнетке шығу (ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас) жасы. Олай болса еңбекке жарамды жас ерлер арасында 16-63, әйелдер арасында 16-57. Бұл жастағы кейбір адамдар жұмысқа жарамсыз (ауруына байланысты және мүгедектер). Олар еңбек ресурсы қатарына жатқызылмайды.
1.Г.Н.Нүсіпова. Халықтар географиясы, Экономика баспасы, Алматы 2011
2.В.П.Максаковский. Географиячсекая картина мира, 1 книга. Москва
2009

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылуы
Еңбек ресурстары-еңбек іс-әрекеті үшін қажетті физикалықжағынан дамыған және денсаулығы бар мемлекет халқының бөлігі. Еңбек ресурсын есептеуде ең бірінші жас ерекшелігіне көңіл бөлінеді.
Бірінші компонент- жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер. (Еңбек кодексі бойынша ата-анасы рұқсат берген жағдайда) олардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.Сонымен бірге олар еңбекке кабілетті жас кезеңінің алдында тұр.
Екінші компонент - еңбекке жарамды жас кезеңіндегі еңбекке қабілетті адамдар. Еңбек ресурсының ең саны көбі де осы Қазақстандағы еңбекке жарамды жас, оның төменгі шекарасы 16 жас, ал жоғарғы деңгейі, жасына қарай зейнетке шығу (ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас) жасы. Олай болса еңбекке жарамды жас ерлер арасында 16-63, әйелдер арасында 16-57. Бұл жастағы кейбір адамдар жұмысқа жарамсыз (ауруына байланысты және мүгедектер). Олар еңбек ресурсы қатарына жатқызылмайды.
Үшінші компонент - жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер. Еңбек ресурсы - ұдайы қозғалыста болғандықтан оның мөлшері халықтың жас ерекшелігіне және жұмыс істейтін зейнеткерлерге байланысты.
Негізгі еңбек ресутарының құрамына еңбекке жарамды жастағы халықты, өндірістен қол үзіп білім алушылар және әскерге алынғандар кіреді, тек мүгедектер мен жеңілдігі бар зейнеткерлер саналмайды.
Қосымша еңбек ресурстарына жұмыс істейтін жасөспірімдер (14-16жас) мен жұмыс істейтін зейнеткерлер жатады.
Еңбекке жарамды жас шегі әр мемлекеттің заңымен қабылданады.

Кейбір елдердегі зейнеткерлік жас

Елдер
Ерлер
Әйелдер
Елдер
Ерлер
Әйелдер
Норвегия
67
67
Германия
65
65
Исландия
67
67
Швейцария
65
62
Финляндия
65
65
Ұлыбритания
65
60
Канада
65
65
Италия
62
57
АҚШ
65
65
Франция
60
60
Швеция
65
65
Ресей
60
55
Жапония
65
65
Қазақстан
63
58

Жұмысшылар мен жұмыссыздар бірігіп экономикалық белсенді халық деп аталады (ЭБХ). Экономикалық еңбекке қабілетсіз халық саны салыстырмалы түрде өте аз.
Экономикалық белсенді халық өзінің жұмыс күшін жұмысқа арнайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты - жұмыс берушілер - кәсіпкерлер мен мемлекет анықтайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты қалыптастыру мен ұсынысты еңбек нарығы деп атайды. Егерде жұмыс орны мен (сұраныс) жұмысшылар саны (ұсыныс) бірдей болса жұмыс нарығында тепе-теңдік қалыптасады, яғни экономикалық белсенді халық толығымен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Егерде сұраныс ұсыныстан артық болса жұмыс күші жетіспейтін жағдай туындайды. Керісінше жағдайда, сұраныс ұсыныстан кем болса, жұмыссыздык, пайда болады. Қазақстанның еңбек нарығындағы ұсыныс - 8 , 5 млн экономикалық белсенді халық. Бұл дегеніміз қомақты жөне сапалы жұмыс күші.
Оның 23 бөлігі нағыз жұмысқа жарамды жаста (25-49 жас аралығы), жартысынан астамы жоғары білімді жөне арнайы мамандығы бар адамдар. Жартысынан астамы ер адамдар. Жұмыс күшіне деген сұранысты Қазақстан экономикасының тірегі, ірі жөне орташа кәсіпорындар орындайды. Оларда 3,5 млн жұмыс орны бар. Қалған 5 млн экономикалық белсенді халық жұмыссыз қалған сияқты. Бірақ нарықтық экономика - экономикалық, еңбек етуге бостандық берілген (заңға қайшы келмесе кез келген жұмыс түрімен шұғылдануға болады). Нәтижесінде адамдарда алға ұмтылыс, кәсіпкерлік нышандары қалыптасады. Бұрынғы кеңестік өкіметтегі жоспарлы экономикадағыдай емес жұмыстың басқа түрлері, әсіресе орта жөне кіші кәсіпкерліктер қалыптасады. Бұл салада 2 млн адам жұмыс істейді (жеке кәсіпкерлер, фермерлер, кіші кәсіпорын жұмысшылары).
Мемлекетіміз қоғамның дамуына, оның баюына мүмкіншілік беру үшін кіші және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының зерттелуі
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Мексика. Мемлекеттің тарихы
Аймақтық нарықтың дамуы және қалыптасу ерекшеліктері
Адам ресурсындағы стратегиялық жоспарлау
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Биосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері: Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Еңбек нарығы
Пәндер