Бөлу жүйесінің физиологиясы



Бөлу үрдісінің маңызы
Бүйректің құрылысы
Бүйректің қанмен жабдықталуындағы ерекшеліктер
Юкстагломерулярлық аппарат
Зәрдің құрамы мен қасиеттері
Зәрдің түзілуі
Зәр түзілу үрдісінің реттелуі
Терінің құрылысы мен қызметі және бөлу жүйесінде алатын орны
Тері организмді сырткы орта құбылыстарына бейімдейтін маңызды мүше
Зат алмасу үрдісі барысында бір жағынан организмге қажетті жаңа қосылыстар түзілсе, екіншіден организм пайдалана алмайтын түрлі ыдырау өнімдері пайда болады. Мысал ретінде несепнәр, зәр қышқылы, креатинин, аммиак т.с.с. атауға болады. Бұл өнімдер организмде көп жиналса, оның тіршілік әрекетіне үлкен зиян келеді, организм уланады, мұндай жағдай өлімге әкеп соқтырады. Сондықтан қалыпты жағдайда арнаулы мүшелер қызметі нәтижесінде уытты ыдырау өнімдерінің мөлшері организмнің ішкі ортасында артып кетпей бір деңгейде сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уьттты ыдырау өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бөлу жүйесінің физиологиясы

Бөлу үрдісінің маңызы

Зат алмасу үрдісі барысында бір жағынан организмге қажетті жаңа қосылыстар
түзілсе, екіншіден организм пайдалана алмайтын түрлі ыдырау өнімдері пайда
болады. Мысал ретінде несепнәр, зәр қышқылы, креатинин, аммиак т.с.с.
атауға болады. Бұл өнімдер организмде көп жиналса, оның тіршілік әрекетіне
үлкен зиян келеді, организм уланады, мұндай жағдай өлімге әкеп соқтырады.
Сондықтан қалыпты жағдайда арнаулы мүшелер қызметі нәтижесінде уытты ыдырау
өнімдерінің мөлшері организмнің ішкі ортасында артып кетпей бір деңгейде
сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уьттты ыдырау өнімдерінен,
түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан артық
мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп
атайды.

Адам мен жоғары сатыдағы жануарларда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас
қорыту жолы атқарады. Өкпе арқылы организмнен көмір қышқыл газы, су,
наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкоголь буы бөлінеді. Сілекей бездері
мен қарын бездері кейбір ауыр металдарды, дәрі-дәрмектерді, бөгде
органикалық заттарды бөледі.
Бауыр қанды тироксин, фолликулин гормоңдарынан, гемоглобиннің ыдырау
өнімдерінен, азотты заттардың алмасу өнімдерінен тазартады. Ішек пен ұйқы
безі арқылы ауыр металдар тұздары, өт пигменттерінің өнімдері бөлінеді.
Бүйректе түзілетін зәр құрамында зат алмасу процесінің ақырғы ыдырау
өнімдері - несепнәр, зәр қышқылы, аммиак, креатанин, креатин бөлінеді. Тері
(тер бездері) арқылы су, минералды тұздар, азотты заттардың алмасу өнімдері
(несепнәр, зәр қышқылы, ауыр дене жұмысы кезінде - сүт қышқылы) бөлінеді.

Аталған мүшелерден қүралған бөлу жүйесі организмді зат алмасу процесінің
уытты өнімдерінен, бөгде заттардан тазартып, денедегі сұйықтың мөлшерін,
осмостық қысым деңгейін, қанның иондық құрамын, қышқыл-сілтілік тепе-
теңдікті, гомеостазды сақтауда маңызды рөл атқарады.

Бүйректің құрылысы

Адам мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зор бөлу жүйесі қос
бүйректен және олардан шығатын зәр ағарлардан, қуықтан, зәр арнасынан
(каналынан) тұрады.

Бүйректің құрылысы өте күрделі. Ол сыртқы қыртыстық қабаттан және ішкі
бозғылт заттан тұрады. Қыртыстық қабат нефрондардан құралады. Нефрон ішінде
капилляр шумағы (Мальпиги шумағы) бар нефрон (Шумлянский-Боумен)
капсуласынан басталады (28-сурет). Капсула қос қабырғалы бір қабат эпителий
ториаларынан құралған тостаған пішінді кұрылым. Оның қабырғаларының
арасында саңылау-қуыс жатады. Капсуланың ішкі қабырғасы капиллярлар
шумағымен тығыз жанасып, сүзгіш мембрана құрайды. Капсулаға капилляр
қабырғасы арқылы қаннан сүзіліп шыққан сұйықтық - алғашқы зәр - жиналады.

Капсуланың қысқа мойыны бірінші қатарлы (проксимальды) ирек түтікшелермен
жалғасады. Бүйректің бозғылт қабатына жеткенде бұл түтікшелер жазылып
жіңішкереді (қылталанады) де, теренцей созылып, нефрон (Генле) ілгегінің
төмен кететін иінін түзеді. Бозғылт қабаттың бітер тұсында бұл түтікше
ілгек тәрізді иіліп, қайта кеңейеді де, қыртыстық кабатқа қарай жоғары
көтеріледі. Түтікшенің бұл бөлігін Генле ілгегінің жоғарғы иіні деп атайды
Жоғары өрлеген бұл иін қыртыстық қабатта екінші қатарлы (дистальдық) ирек
түтікшелерге айналады, ал олар жинағыш түтікшелермен жалғасады. Жинағыш
түтікшелер тоғыса келіп еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше түтікшелер зәрді
бүйрек астаушасына құяды. Өз ретінде ол бүйрек қақпасынан басталатын несеп
ағармен жалғасады. Осы баяндалған кұрылымдар нефрон деп аталады да,
бүйректе зәр түзу процесін қамтамасыз етеді.

Адамның екі бүйрегінде 2 млн. астам, ірі қарада - 8 млн., шошқада -1,5,
қойда -1 млн. нефрон болады. Нефронның ішкі беткейінің жалпы ауданы адамның
екі бүйрегінде - 4-6 м2, ірі қарада - 39,5, шошқада - 7,2, қойда - 3,5 м2.
Әрбір нефронның ұзьшдығы 30-50 мм, ал олардың ұзындығының жалпы қосындысы
60-70 км жетеді.

Бүйректің қанмен жабдықталуындағы ерекшеліктер

Қыртыстық қабатта артерия тамырлары нефрон капсуласына кіріп, онда ұзындығы
0,5 мм шамасындағы 30-50 капиллярларға тарамда-нады да, шумақ құрайды.
Шумаққа қан жеткізетін тамырларды әкелуші тамырлар дейді. Аталған
капиллярлар жинала келіп қанды әкететін артериялар құрайды. Қаңды әкелуші
тамырлар диаметрі қанды әкетуші тамырлар диаметрінен 2 есе кең болады.
Осымен байланысты шумақта қан іркіліп, оның қысымы с.б. 70-90 мм дейін
көтеріледі. Шумақтан шыққан тамыр ирек түтікшелер мен нефрон ілгегі маңында
қайтадан тарамданып, екінші рет капиллярлар торын құрайды. Осыдан кейін
ғана капилляр тамырлардағы қан вена торына жиналып, бүйрек венасына құяды.
Шумақтағы қысымның жоғары болуына бүйрек артериясының тікелей қолқа
артериясынан басталуы және оның келтелігі де ықпал етеді.

Бүйрек қанмен өте мол жабдықталады, басқа мүшелермен салыстырғанда оған қан
20 есе көп келеді. Мысалы, адамның өр бүйрегіне минут сайын 750 мл қан
келеді. Тәулігіне бүйрек тамырларынан 1700 л қан өтіп, оның 170 л мальпигий
шумақтарында сүзіледі. Адам денесіндегі 5 л қан тәулігіне бүйректен 200-300
рет өтеді.

Юкстагломерулярлық аппарат

Бүйректе зәр түзуші нефрондармен қатар бозғылт затта орын тепкен ерекше
нефрондар да болады. Олардың шумақтары қыртыстық қабат пен бозғылт зат
шекарасында (кортико-медулярлық аймақта) жатады, ал нефрон ілгегі бүйрек
астаушасына іргелес орналасады. Мұндай нефрондарды юкстагломерулярлық
нефрон деп атайды. Юкстагломерулярлық аймақтағы нефрон шумағы ірірек
келеді. Олардың қанды әкелуші және әкетуші тамырларының арнасы бірдей
болады да, түтікшелер маңында капилляр торын құрмай, шумақтардан тікелей
еміздікшелерге баратын қатар-қатар майда артерия тамырларына айналады. Бұл
тамырлар бозғылт қабатқа дейін бойлай тарап, қыртыстық қабатқа кері оралады
да, капиллярларға тарамданбай ұсақ веналармен тікелей жалғасып, доғалық
веналар құрады. Бүйрекке келген қанның 80 пайызы қыртыстық шумақтар, ал 20
пайызы юкстагломерулярлық шумақтар арқылы өтеді.

Юкстагломерулярлық аймақта әрбір 100 шумақтың 12-15 шумағында қанды әкелуші
және әкетуші артериялар шумаққа енер не шығар жерде невромиоэпителиальды
торшалар кешенімен жанасады да, юкстагломерулярлык, аппарат (ЮГА) деген
құрылым түзеді. Бұл құрылым нефронның екінші қатарлы иірімді түтікшелеріне
жанаса орналасады. Осы ЮГА ренин гормонын түзеді. ЮГА торшаларында
түзілетін заттар альдостеронның бөлінуін күшейтіп, нефрон түтікшелерінің
соңғы бөлімдерінде натрий иондарының кері сіңірілуін жандандырады.
Бүйректің бозғылт затының аралық (ин~ терстициялық) торшаларында ЮГА
өнімдерінің антагонисі болып табылатын простаглаңдиндер бөлінеді. Олар
антигипертензиялық әсер етіп, электролиттер мен судың алмасуын реттейді.

Бүйректе көптеген биологиялық белсенді заттар бөлінеді, олар мыналар:

1. Ренин гормоны. Ол бүйрек артериясындағы қан қысымы төмен
десе, қандағы натрий иондарының үлесі азайса бөліне бастайды. Бұл
зат қан тамырлары арнасын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады.

2. Эритрогеин, ол плазмадағы эритропоэтаногенді эритропоэтинге
айналдырып, эритроциттердің түзілуін реттейді.

3. Кининоген, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бөлігіндегі
қалын дақ аймағында түзіліп, кининогенді кининге айналдырады.

4. Медуллин (простагландин А) бүйректің бозғылт қабатында түзіліп,
бүйректегі қан айналуды жақсартады, қанның бүйректік қыртыстық
қабаты мен бозғылт затының арасында таралуын реттейді, натрий
иондарының бөлінуін күшейтіп, ангиотензиннің тамыр тарылтатын әсерін
әлсіретеді, тамырларды кеңейтеді.

5. Уриназа - плазминоген әрекетін жандандырады, фибринді
ерітеді.

6. Д3 дәрмен дәрісі - бүйрек түтікшелерінде кал ий мен анорганикалық
фосфордың кері сіңірілуін реттейді, кальцийдің ішектен сорылуын
жақсартып, сүйектің қатаюына ықпал етеді.

Зәрдің құрамы мен қасиеттері

Зәр - құрамында 96% су және 4% қүрғақ қалдық бар сұйық зат. Оның құрамы
қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне, организмнің физиологиялық күйіне, ауа
райы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.

Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урохром және уробилин
сияқты бояғыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда ол
түлік түріне байланысты өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп
иісіне ұқсас, ал сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ит пен шошқа зәрінің иісі
ащы, жағымсыз келеді.

Зәрдің осмостық қысымы 23-30 атм. шамасында, ал тығыздығы -1,020-1,040
аралығыңда сақталады. Оның құрамында 50-120 гл еріген заттар болады,
олардың 23-сі органикалык, ал 13 - бейорганикалық заттар үлесіне тиеді.
Органикалық заттардың 80-85%-ы мочевинадан, ал қалған 15-20 %-ы креатин,
зәр қышқылы, аллантоин (пуриннің алмасу өнімі), аммиак, амин қышқылдары
сияқты заттардан тұрады. Бейорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің,
магнийдің көмір қышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары, кальций оксалаты
мен фосфаты түрінде болады. Зәрдің әрекетшіл ортасы организмнің қоректену
ерекшелігіне байланысты. Ет құрамында қоректілерде ол қышқыл, шөп
қоректілерде - сілтілік, талғамсыз қоректілерде - амфотерлік.

Зәр түзу екі кезеңнен - сүзу (филыпрация) және кері сіңіру {реабсорбция) -
тұратын күрделі физиологиялық процесс. Зәр түзу процесі нефрон капсуласына
қанның сұйық бөлігінің сүзіліп өтуінен басталады. Осының нөтижесінде
капсула қуысына коллоид заттардан тазартылған, құрамы жағынан қан
плазмасына ұқсас сұйық - алғашқы зәр өтеді. Капсула қабырғасынан қанның
сұйық бөлігінің сүзілуіне шумақ тамырларының жоғары қысым тудыратын (с.б.
70-90 мм) құрылымдық ерекшеліктері мен ондағы майда тесіктер — жасушалар,
ықпал жасайды. Бұл жасушалар молекулалық салмағы 7000-нан артық заттарды
өткізбейді, сондықтан алғашқы зәр құрамында белок болмайды, оны белоксыз
ультрафильтрат (сүзінді) деп те атайды. Плазманың онкостық қысымы (с.б. 30
мм) судың сүзілуіне кедергі

жасағанымен, оның деңгейі шумақтағы қан қысымы деңгейінен (с.б. 70-90 мм)
төмен болады. Осы екі қысым айырмасы с.б. 40-60 мм құрайды да, сүзілу
(фильтрациялық) қысымы деп аталады. Осы қысым қанның сұйық бөлігінің
капсулаға өтуін қамтамасыз етеді. Шумақ пен капсуладағы қысым деңгейі
теңескен кезде сүзілу процесі тоқтайды.

Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі (адамда 150-180 л, сиырда
540-1800 л). Демек, бүйрек тамырларынан орасан көп мөлшерде (адамда 1700-
1800 л) қан өтіп отырады. Әрбір 6-10 л қан-нан 1 л алғашқы зәр түзіледі.

Алғашқы зәр ирек түтікшелер жүйесіне түскеннен соң зәр түзудің екінші
кезеңі - кері сіңіру - басталады да, судың көп мөлшері, кейбір еріген
тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т.б. қанға қайта өтеді. Кері сіңіру
процесі түтікшелер эпителийінің құрылым ерекшеліктеріне байланысты
атқарылады. Түтікшелердің ішкі беткейінде ащы ішектегі сияқты микротүктер
болатын көрінеді. Қазір әрбір эпителий торшасының беткейінде 6500 микротүк
болатыны анықталған. Осының нәтижесінде түтікшелердің ішкі беткейінің
сіңіру ауданы 40 есе артады, ол адамда 40-50 м2, малда 40-50 м2 құрайды.
Мұндай морфологиялық ерекшеліктер кері сіңіру процесінің қарқынды жүруіне
мүмкіндік береді. Арнаулы зерттеулер бүйректе түзілген 100 л алғашқы зәрдің
98,5 л кері сіңірілетінін көрсеткен.

Зерттеулер нәтижесінде натрий, глюкоза, амин қышқылдарының кері сіңірілу
процесі ырықсыз (активті) түрде жүретіні анықталған. Ал, хлоридтер мен су
ықпалды (пассивті) түрде осмос және диффузия зандылықтарына сәйкес
сорылады. Ырықсыз тасымалдау тетіктері нефрон түтікшелерінің бастапқы
бөлімдерінде шоғырланады, ал түтікшелердің соңғы бөлімдерінде заттар
кәдімгі диффузия нәтижесінде тасымалданады. Ырықсыз тасымалдау нәтижесінде
түтікшелер қуысына концентрациялық градиентке қарсы түрлі иондық қосылыстар
- холин, гистамин, гуанидин, тиамин, серотонин т.б, өтеді. Бұл иондық
қосылыстар Иа+ және К+ тәуелді аденозинуфосфатаза ферментінің қатысуымен
тасымалданады.

Алғашқы зәрден түтікшелердің бастапқы бөлімдерінде глюкозаның, натрийдің,
калийдің, кальцийдің және басқа заттардың бүйрек ұлпасы мен қанға кері
сіңірілуі нәтижесінде ұлпалық сұйық тағы осмостық қысым жоғарылап, алғашқы
зәрдің осмостык, қысымы төмендейді. Осының салдарынан су алғашқы зәр
құрамынан ұлпа сұйығы мен қанға өте бастайды. Нефрон түтікшелерінің
белсенді әрекетінің нәтижесінде алғашқы зәр құрамы өте қатты өзгереді де,
несепнәр мөлшері 60, аммиак - 40, фосфаттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Адам және жануарлар физиологиясынан лекция мәтіні
Физиология ғылымы
Қан жүйесінің физиологиясы
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Асқорыту жүйесiнiң физиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Жас ерекшелік физиологиясы
Пәндер