Киелі жануарлар атаулары



Құстардың атаулары
төрт түлік малдың
Төрт түлік мал
Қазақтардың ешкіге деген көзқарасы
Халық ұғымындағы киелі жануарлардың бірі . қой
Қазақтарда киелі жануарлардың бірі . жылқы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
“Табиғат” макротобындағы киелі сөздердің келесі тобын киелі жануарларды атайтын лексикалық бірліктер құрайды. Киелі лексиканың бұл этнолингвистикалық тобы “Киелі жануарлар атаулары” деп аталады.
Ш.Уәлиханов былай дейді: “Сондай құдіретті күші бар жан-жануарларды киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды. Жан-жануарлар мен заттардың киесін қадырлемеу киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары – кесір деп аталады” [111; 27]. Киелі жануарлардың магиялық күші қазақтардың емшілік ырымдық тәжірибесінде қолданылады: “Шайтан сескенетін жан-жануарлар да болады. Мысалы: түйе боталағанда, кірпі балалағанда, жын-шайтандар оларға жоламайды. Баланың бесігіне кірпінің тірнектерін байлап қояды. Нәресте дүниеге келерде әлгі кірпінің инелерін толғақ қысқан әйелдің бас жағына қыстырып қояды” [111; 27].
Қазақтарда төрт түлік малдың жебеуші пірлері Ойсылқара, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шекшек ата, Шопан ата болып саналатыны белгілі. “Әр түліктің өз желеп-жебеушісі, қамқоршысы, иесі, пірі бар деп сенген қазақтар түйені – ұлық малы, түлік төресі немесе “түйе - байлық, жылқы – сәндік” деп бағалаған [130; 173]. Академик Х.Марғұланның пікірінше, жойқын күш иесі “Ойсылқара” пірі қола дәуірінің ғұн обаларынан табылған жартылай адам, жартылай хайуан бейнесіндегі қола құймаларына негіз болып, мифтік сюжет арқауына айналуы оның көшпенділер болмысындағы маңыздылығынан туындаса керек [140; 172-177].
1. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері. //Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. Алматы, 1988. -7-39 б.
1а. Сауранбаев.Н. Қазақ тілі лексикасының кейбір мәселелері// Сауранбаев.Н.Т.Қазақ тіл білімінің проблемалары: Таңдамалы еңбектерінің жинағы.-Алматы: Ғылым. 1982.-44-68 бб.
2. Мусабаев.Г. Лексика современного казахского языка: Автореф.дисс...докт.филол.наук.- Алма-Ата.1960. -36 с.
3. Болғанбайұлы.Ә. Қалиұлы.Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. - Алматы: Санат,1997. -256 б.
4. Жанұзақов.Т Лексика// Қазақ тілі. Энциклопедия. - Алматы: Қазақстан Республикасы. Білім, мәдениет жэне денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. 153-254- б.
5. Рустемов.Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. -Алматы: Ғылым, 1982. -159 б.
6. Исенгалиева.В.А. Тюркские глаголы с основами, заимствованным из
русского языка. Алматы: Наука, 1966. -247 с.
7. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Алматы, 1994.-168 б.
8. СарыбаевШ. Нақысбеков О.Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1989.-192 б.
9. Аманжолов А.С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 1959 -452 с.
10. Айдаров Т. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической
географии. Алма-Ата: Рауан, 1991.-187 с.
11. Досқараев Ж. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. (Лексика).Алматы, 1955. -156 б.
12. Нұрмағамбетов Ә. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. Алматы: Мектеп, 1985. -160 б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Киелі жануарлар атаулары

“Табиғат” макротобындағы киелі сөздердің келесі тобын киелі
жануарларды атайтын лексикалық бірліктер құрайды. Киелі лексиканың бұл
этнолингвистикалық тобы “Киелі жануарлар атаулары” деп аталады.
Ш.Уәлиханов былай дейді: “Сондай құдіретті күші бар жан-жануарларды
киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды. Жан-жануарлар мен
заттардың киесін қадырлемеу киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары –
кесір деп аталады” [111; 27]. Киелі жануарлардың магиялық күші қазақтардың
емшілік ырымдық тәжірибесінде қолданылады: “Шайтан сескенетін жан-жануарлар
да болады. Мысалы: түйе боталағанда, кірпі балалағанда, жын-шайтандар
оларға жоламайды. Баланың бесігіне кірпінің тірнектерін байлап қояды.
Нәресте дүниеге келерде әлгі кірпінің инелерін толғақ қысқан әйелдің бас
жағына қыстырып қояды” [111; 27].
Қазақтарда төрт түлік малдың жебеуші пірлері Ойсылқара, Зеңгі баба,
Қамбар ата, Шекшек ата, Шопан ата болып саналатыны белгілі. “Әр түліктің өз
желеп-жебеушісі, қамқоршысы, иесі, пірі бар деп сенген қазақтар түйені –
ұлық малы, түлік төресі немесе “түйе - байлық, жылқы – сәндік” деп
бағалаған [130; 173]. Академик Х.Марғұланның пікірінше, жойқын күш иесі
“Ойсылқара” пірі қола дәуірінің ғұн обаларынан табылған жартылай адам,
жартылай хайуан бейнесіндегі қола құймаларына негіз болып, мифтік сюжет
арқауына айналуы оның көшпенділер болмысындағы маңыздылығынан туындаса
керек [140; 172-177].
Қазақтарда төрт түлік малға қатысты таза шаруашылық-практикалық
көзқарас қалыптасқанын ескерген жөн. Біз зерттеу жұмысымызда жануарлар
атаулары мен олардың этнолингвистикалық семантикасын қазақтардың төрт түлік
малға деген көзқарас тұрғысынан қарастырамыз. Мысалы, қазақтарда сиырға
(өгізге) деген екіжақты көзқарас байқалады: кейбір өңірлерде (әсіресе,
оңтүстік өңірде) сиырды (өгізді) құрметтейді, Қазақстанның басқа да
көптеген өңірлерінде бұл жануарды құрметтемейді. С.Ақатай былай жазады:
“Көктемде күн мен түн теңелген кезде қазақтар ең сыйлы ақсақалдарға
пісірілген өгіздің басын тартқан. Мұндай жөн-жоралық астан кейін ақсақалдар
мал басының көбеюі, сүт өнімдерінің молшылығы туралы бата береді” [141;
134]. Ж.Х.Қармышева егіншілікке қатысты жоралық ырымдарда, әдетте айыр
тұяқты мал: қой және ірі қара мал құрбандыққа шалынатынын айтады [142; 57].
Қазақстанның басқа өңірлерінде оны (қара малды – К.А.Е.) “сасық мал”, “қара
мал”, “пұшық мал” атап, елемеген [143; 48-49], өлікке арнап соймаған, оны
құрбандыққа шалар болса 40 күн ашықтыру қажет деп санайды [130; 174].
Ш.Уәлихановтың айтуынша, сиырды шайтан мініп жүреді деп сенген, түнде
бейсауат ұшырасса, басынан тартып жіберген [144; 187].
Қазақтардың ешкіге деген көзқарасы да жағымсыз болды. “Қазақтар ешкіні
түлік санатына қоспайды. Кесірлі жынға баланатын безгек ауруы сазды
жерлерде, ойда, иесіз мекиен далада ешкі кейпінде жүреді деп
санайтындықтан, жапанда кездескен жалғыз-жарым ешкіден қазақтардың үрейі
ұша қорқады. Ешкіні қазақтар сайтанның малына балайды, себебі ол зиратқа
шығады деген сөз бар. Ел аузындағы аңыздарда шайтанның кебісі ешкінің тұяғы
пішінінде бейнеленеді”[130; 174].
Халық ұғымындағы киелі жануарлардың бірі – қой. Киелі қойға табыну
жануарлар мен әруақтарға табынумен тығыз байланысты, себебі қой құрбандыққа
шалынады, ырымдық жөн-жоралар мен астарда қой сойылады, көнетүркілік
дәуірлерден бейіт басына “қойтас” және “қошқартас” қойылатын болған. Төрт
түлік малға қатысты қазақтардың әдет-ғұрпы, жөн-жорасы мен наным-сенімдерін
зерттеуші Б.Хинаятұлы бұл туралы былай деп жазады: “Орта Азия жұрттарында
кең тараған, өлген адамның жаны зооморфтық кейіпке, яғни қой бейнесіне
енеді деген түсініктен туындаған қой түлігіне қатысты культ қазақтардың
құрбандық ғұрпында да берік орныққан. Өліктің басына құрбандыққа шалынған
қой малының рәмізі “қойтас”, “қошқартас”, ал жылқының бейнесі құлпытас
немесе бағана тұрпатында нышандалған [130; 150-175]. “Өлікке неғұрлым көп
қой сойылса, марқұмның күнәсі жеңілдей түседі деген сеніммен қаза мен асқа
неғұрлым көп қой союға тырысқан. Қазаға сойылған қой марқұм жанының
қияметтің қыл көпірінен өтуіне көмектеседі де, кейін өліктің о дүниеге
кәдесіне жаратылады деп сенген” [130; 174].
Халық түсінігінде о дүниелік болған адамдардың (ата-бабалардың)
рухтары арқар, бұғы, бүркіт және т.б. аңдар мен жануарлар, құстардың
кейпінде болады деген сенім болды, сондықтан да қазақ фольклорында киелі
жануарлар, аңдар мен құстарды өлтірген аңшылар кесірге ұшырайтын көріністер
мен эпизодтар кездеседі. Киелі аңдарды қазақтар “қоңыр аң”, “Құдайдың малы”
деп түсінген [145; 13-16].
Қазақтарда киелі жануарлардың бірі – жылқы. Жылқының мынадай атаулары
киелі мәнді болып келеді: қаралы ат, тұл ат, егей аты, өздік ат, қаза аты,
асқа қоя берген ат (асына арналған ат), маңдайға басқан ат және т.б. Сондай-
ақ құрамында негізгі сөз ат болып келетін тіркестердің де ырымдық
семантикасы бар: ат құйрығын майлау, атын тұлдау, аттың басын кебіндеу,
аттың басын жерлеу, аттың қу басын жастанып жату және т.б.
Жылқы және басқа да үй жануарларына қатысты наным-сенімдер, ырымдар
мен жөн-жораларды зерттеушілер жануарлар түр-түстерінің жоғары семиотикалық
киелі мәнін олардың дене мүшелерінің ырымдық нышанын көрсетеді. Этно-
ырымдық семантика төменде келтірілген лексикалық бірліктер мен сөз
тіркестерінде байқалады: ақбоз ат, қаракөк, шұбар, боз бие, ақ боз атты
құрбандыққа шалу, ақ бота, ақ атан, қар жілік, тік ішек (көтен), жетім
бауыр, жетім өкпе, көтен асу, сыбағалы ет үлестіру, малға табыну, маңдайға
басқан ат, атаған мал, садақа мал үлестіру, құдайы мал шығару, малдың бас
сүйегі, нысаналы мал және т.б.
Жануарлардың дене мүшелерінен жасалған түрлі тұмарлар магиялық қорғау
қызметін атқарады: қасқыр тісі, асығы, терісі; ақ және қара үкі қауырсыны,
үкі аяғы; тасбақа қаңқасы; балық тісі және т.б.
Ш.Уәлиханов былай деп жазады: “Ертерек кездерге тұмар мал, құс
сүйектерінен немесе тастардан жасалатын.
1. Жануардың сүйектерінде құдыретті күш бар. Қазақтардың ойынша, қары
жілік малды ит-құстан сақтаушылық қасиеті жағынан бақташыдан кем түспейді.
Ұры-қарыдан, қасқырдан аман сақтайды, ол бірақ өлім-жітімнен аман алып қала
алмайды деп Ильминский мырза қате түсінік береді (қара: Археологиялық қоғам
Шығыс бөлімшесінің Хабарлары, 1860, №5 шығ.). Жілікті қазақ үйге тура
монғолдар сияқты жасап, орналастырады. Гомбаевтың айтуынша, монғолдар жұқа
екі сүйектің арасына шөп тығады. Сүйек осы күйде құрық ұстаған бақташыға
ұқсайды. Қазақтардың таным-сенімдерінде, қары жілік адамға ұқсаған
бейнесімен ұры-қарыдан сақтайды. Қазақтар бұл сүйекті қары жілік дейді.
Қары өзгертілген хариту сөзінің баламасы емес пе екен? Осы қары жілікті
қазақтар ер-тұрманның әбзелі есебінде және ат пен ер-тоқымды сақтаушы деген
нанымда, ердің алдыңғы қасына іліп қояды.
Қасқырдың тілерсегі белдің шойырылуынан, сарп (ревматизм) ауруынан
және “көзден” сақтайды деген нанымда қолданылады.
2. Үкінің басы, аяғы мен қауырсыны жын-періден қорғайды, сондықтан
үйдің әр жеріне, бесіктің басына іліп қояды. Қырғыздардың үйінен ұлардың
басын көрдік (Tetra – ogallus himalayensis) қырғыздардың наным-сенімінде
ұлардың еті шешек ауруынан сақтандырады.
3. “Көзден” және “тілден” сақтану үшін “есек тас” деп аталатын тасты
тағады. Олардың сенімінше, тас есектің қарнында жүреді, бірақ саудагерлер
“есек тас” деп, шыны, сырымен сырланған көк қышты алдап сатады” [111; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зергерлік бұйымдар сыры
Моңғол тіліндегі атаулар
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі
Тіл мен мәдениет мәселесінің этнолингвистиканы қалыптастырудағы ролі
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы онімдердің сипатын анықтау
ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Тұмар
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
Пәндер