Көне Түркі мәдениеті



Көне түркі дәуірі
Қаңлылар
“Түрік” этнонимі
Түрік қағандығы
Батыс түрік қағандығы яки қағанаты
Қыпшақ қоғамы
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Көне Түркі мәдениеті

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын
беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс-
тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені
“Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын,
белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл
қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір
сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның
экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық
және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір
формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі
әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы
олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың
санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы
қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен
айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің
табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған.
Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп
шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі
Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта
сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі
жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және
егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл
– қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен
темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға
т.б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің
киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы)
шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ
(Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың
көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын
аңғартады.
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың
бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда
айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір
бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны
тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.
Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы
тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың
шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары,
солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің
оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле
алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды.
Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті.
Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар
ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш,
Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи
әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп
аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба
деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол
кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі топтық қоғамдардың
қалыптасуына европалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар
бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында
ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды
батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға
басып кірді.
Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және
Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір
дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың
антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті
толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің
кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен
байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды
–феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла
бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар мәдениеті
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі
Ежелгі Түркі тайпалар одағының құрылуы «Түркі» этнонимі
Көне түркі мәдениеті жайлы
Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді
ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫ МЕН ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Көне түркі руна жазбалары
ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер