Көркемсөз өкілдерінің шығармаларындағы имандылық идеясы



Имандылық тәрбие
Ислам діні
«Құтты білік» дастаны
Пайдаланған әдебиеттер
Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы тәлім– тәрбие, адамгершілік және өнеге мәселесіне назар аударылғанмен, ол кешенді жүргізілмей отырғаны шындық. Осы себепті елімізде әр түрлі дін ағымдары қаптап, ойларына келгендерін жасап жүр. Бұл еліміздегі ұлттық тұрақтылыққа нұсқан келтіріп, бармақ тістетері шындық.
Мемлекетіміз құқықтық– демократиялық және азаматтық қоғам құру үстінде. Ол үшін Республика тұрғындарын, имандылыққа шақырып, тәлім-тәрбиені өрістету қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз – тегіміз Түркі, дініміз– Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап– Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Халық Алласына, Тәңірге сеніп, ертеңгі күнін, ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін, ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммет Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін. Дінімізді, Ділімізді, Тілімізді сақтау– Ұлттығымызды, Мемлекеттігімізді сақтау. Ұлттық идея сөз болғанда– оның көш басында дініміз тұруы керек. Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік - деп көрсеткен еді. Ислам дініне бет бұру, тілімізді сақтау, салт–дәстүрімізді жаңғырту, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелейді. Осы орайда ислам дінінің керек екендігін ақын-жыраулардың қадап айтқан жыр–толғауларынан байқаймыз. Әсіресе, діннің адамдарға тигізер ықпалы Бұқар жырау толғауларында көп кездеседі. Бас– аяғы он бір тілектен тұратын «Бірінші тілек тілеңіз» толғауында Аллаға деген сүйіспеншілік, құлшылық пен бес уақыт намаз, тыныштық пен адамгершілік, адалдық, тазалық туралы айтылады.
1 «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 05.2004 жыл
2 «Ахлақ – тәрбие негізі» кітабы 2006 жыл
3 «Имандылық әлемі» газеттері 2004-2006 жылдар
4 «Руханият» журналы. Алақай саны 2003 қой жылы
5 «Ислам діні» діни кітабы

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КӨРКЕМСӨЗ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ ИДЕЯСЫ

Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы тәлім– тәрбие,
адамгершілік және өнеге мәселесіне назар аударылғанмен, ол кешенді
жүргізілмей отырғаны шындық. Осы себепті елімізде әр түрлі дін ағымдары
қаптап, ойларына келгендерін жасап жүр. Бұл еліміздегі ұлттық тұрақтылыққа
нұсқан келтіріп, бармақ тістетері шындық.
Мемлекетіміз құқықтық– демократиялық және азаматтық қоғам құру үстінде.
Ол үшін Республика тұрғындарын, имандылыққа шақырып, тәлім-тәрбиені
өрістету қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: Біз – тегіміз Түркі,
дініміз– Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап– Құран
Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Халық Алласына, Тәңірге
сеніп, ертеңгі күнін, ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін, ойлап,
дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммет
Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін. Дінімізді,
Ділімізді, Тілімізді сақтау– Ұлттығымызды, Мемлекеттігімізді сақтау. Ұлттық
идея сөз болғанда– оның көш басында дініміз тұруы керек. Саясат күнде
өзгереді, ал дін – мәңгілік - деп көрсеткен еді. Ислам дініне бет бұру,
тілімізді сақтау, салт–дәстүрімізді жаңғырту, имандылыққа, инабаттылыққа
тәрбиелейді. Осы орайда ислам дінінің керек екендігін ақын-жыраулардың
қадап айтқан жыр–толғауларынан байқаймыз. Әсіресе, діннің адамдарға тигізер
ықпалы Бұқар жырау толғауларында көп кездеседі. Бас– аяғы он бір тілектен
тұратын Бірінші тілек тілеңіз толғауында Аллаға деген сүйіспеншілік,
құлшылық пен бес уақыт намаз, тыныштық пен адамгершілік, адалдық, тазалық
туралы айтылады.
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа.
Жырау ұсынған игі тілектер ислам дінінің шарттарына арналған. Ұлы жырау
Бұқар шын ықыласпен Алла тағаланың барлығына сеніп, иман айтып жүру
керектігін толғау жолдарымен былай өрнектеген:
Күллі әлемді қаратқан,
Ең алдымен Алланы айт.
Бойыңа жан таратқан,
Аты жақсы тәңірді айт.
Төрт шадияр Мұстафа,
Кітап ашқан ғалымды айт.
Мұхаммедтің аяты,
Алла сөзі құранды айт.
Пайғамбардың сүннеті,
Бес уақытты намазды айт.
Тәңірім салса иманды айт.
Мұндай толғау жолдарын біз оның өсиеттері қатарында қарауымыз керек.
Немесе:

Ибраһим Халил жасады,
Тәңірім үйі мешітті.
Құдайды білмес бейнамаз
Құдайынан кешіпті.

Құдайыңа құл болсаң,
Шын жаратқан ұл болсаң,
Құдай тағалам өзі берер нәсіпті...- деген
толғау жолдарында Бұқар он сегіз мың ғаламның патшасы бір Алла екеніне шүба
келтірген емес, қайта жалғыз жаратушының құдіретін сүйіспеншілікпен
жырлаған.
Осындай ақындардың бірі– зар заман ақындарының көрнекті өкілі Шортанбай
толғауларында да имандылық пен діни адамгершілік жайлы жырланады.
Шортанбай ақынның өлеңдеріне байыппен үңілсек, діни сауатты адам болғаны
байқалады:
Келе жатыр жақындап,
Ай мен күннің арасы.
Таңда тақшар болғанда,
Таразыны аударар.
Залымның қалған күнәсі,
Әлімнің қылған зинасы.
Құбыласын білмеген адамның
Кешпеді деді құдайым
Бес намазының қазасын,
Құрт-құмырсқа, жын-шайтан
Кетірер оның мазасын.
Дозақтың белгісі,
Қалғанға бар арасын.
Мұсайтып қылмас құдайым,
Ол зәлімнің дұғасын.
Сақта құдай сонан деп.
Сол себептен қорқамын.
Ой жіберіп, оқып қарасақ, ақын сөзінің мағынасы тереңде.
Сондықтан Шортанбай ақын:
Кешпеді деді құдайым,
Бес намаздың қазасын.
Құрт-құмырсқа, жын-шайтан,
Кетірер оның мазасын, - дейді.
Ғұлама ақын Абай да өз өлең жолдарында имандылық, Аллаға деген
ниетіміздің түзу жолда болу керек екендігін:
Адамды сүй, алланың хикметін сез
Не қызық бар өмірде онан басқа?!- деп
жырлайды,
немесе:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
десе:
Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы,
Екі дүние бұл тасдиқ – хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы. - деп
дін жолы құдайға құлшылық ету, екі дүние барлығына сену екенін айта келіп,
мақтаншақтық, әуесқойлық, пайдакүнемдік тәрізді адамды бұзатын қасиеттерден
аулақ болу керектігін үндейді.
Ұлы ақын:
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті,- деп алла
тағаланың әділ жолын көрсетеді.
Имандылық идеяларын талдағанда XI ғасырда өмір сүрген ұлы бабамыз
Ж.Баласағұнидың әйгілі Құтты білік дастанының негізгі өзегі, алтын
дінгегіне назар аудармай кетуге болмайды. Кітаптың бірінші сөйлемін Әзиз,
уә, күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бәріне ризық
берген құдіретті күшті тәңірге ырзамыз - деп бастайды. Ақынның былай
бастауының өзінде терең мән – мағына жатыр. Ұшы-қиырсыз сайын даланың көлі
мен құмын, орманы мен өзен – суын еркін жайлап, табиғаттың тылсым тынысын
тыңдап, одан өз ырысын тауып, өзін сол табиғаттың ерекше бөлшегіндей
сезінген көне түріктер аспанды жер бетіндегі тіршілікке нұрын дарытқан–
Ата, ал жерді сол тіршілікті тербетіп өсірген– Ана ретінде қасиет тұтып
сиынған. Жай ғана мысал: өзіміздің киіз үйімізде тіршіліктің бейнесі
іспетті. Анау көкте нұрын төгіп тұрған күнді Тәңір деп танысақ, ол біздің
ата-бабамызды жаратты, шаңырақ киелі нәрсе, ата-бабамыз рухы деп қарау
керек. Сол шаңырақтан уықтар тараса, ол – біз ұрпақтарымыз. Ал кереге
болса, табиғат аясында өмір сүріп жатқан адам мен қоғам деп түсінуіміз
керек. Тәңір дінінің бір саласы– табиғатты ардақтау дәстүрін қалыптастырса,
екінші саласы– жалпы адамды, ата–ананы, аруақты қадірлеу ғұрпын құрайды.
Әке-шешені пір тұтып, ата–бабалардың аруағына әрдайым сиыну– исі түркі
халықтарының асыл қасиеттерінің бірі. Өмір беріп, өнеге көрсеткен әкемен
дүниеге келтіріп ақ сүтін берген ананың алдындағы қарызды түсініп, оны
өтеуге ұмтылу, имандылықтың белгісі. Көне түркілер аруақтың адамды желеп-
жебеп жүретіндігіне күмәнсіз сенгендіктен, қанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай қара сөздерінің негізгі мәні
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы туындылары
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны
Оралхан Бөкей - көркемсөз өнерінің шебері
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі
Пәндер