Инфляция жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Инфляцияның жалпы теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Инфляцияның пайда болу себептері, салдарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инфляцияның түрлері және оның факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Инфляцияның кәсіпорын қаржысына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2. Қазақстан Республикасындағы және нақты секторлардағы инфляция жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. ҚР қаржылық тұрақтылығын басқару және инфляция жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Қазақстан экономикасының нақты секторындағы бағалардың мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ.на инфляция әсерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22

3. Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.1. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды оңалту бағдарламасы ... ... ... ... ... 26
3.2. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013.2017 жылдарға арналған басым бағыттары ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Қосымша А
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиясында айтып кеткендей: «ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру керек», ол үшін жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны қатал түрде бақылануы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіріп, кәсіпорынның қаржы шешімін қабылдаудағы инфляцияның әсерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Инфляцияның жалпы теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы және нақты секторлардағы инфляция жағдайын бағалау;
- Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттарын анықтау.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Инфляция құбылысын зерттеп, оның пайда болу себептері мен түрлерін, алдын алу шараларын ұсынған Ғ.С.Сейітқасымов, Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев, Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова, Я.Ә.Әубәкіров, К.Н Нәрібаев, Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, С.Б. Мақыш, Ә.Қ. Тұсаева,
Ж.Ш. Сатыбалдиева сияқты авторларды айта аламыз. Шетел авторларға келетін болсақ, олар: Г.В. Савицкая, В.В. Ковалев, Н.Г. Мэнкью және тағы басқаларын айта аламыз.
1. Жаналинов Б.Н., «Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат»: Оқу құралы, –Алматы: Экономика, 2007.
2. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш.
«Қаржы, ақша айналымы және несие»: Оқу құралы. –Алматы:
Экономика, 2008.
3. Сейтқасымов Ғ.С., . «Ақша, несие, банк». –Алматы: Экономика, 2001
4. Мамыров Н.Қ., М.Ә. Тілеужанова. «Макроэкономика», –Алматы:
Экономика, 2003.
5. Әбішев Ә.Ә., Хубиев К.А., «Макроэкономика», -Алматы: Экономика,
2008.
6. Г.В. Савицкая «Анализ хозяйственной деятельности предприятия»
7. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030» стратегиясы
8. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы» халқына жолдауы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..3

1. Инфляцияның жалпы теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Инфляцияның пайда болу себептері,
салдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5
1.2. Инфляцияның түрлері және оның
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...8
1.3. Инфляцияның кәсіпорын қаржысына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13

2. Қазақстан Республикасындағы және нақты секторлардағы инфляция жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. ҚР қаржылық тұрақтылығын басқару және инфляция жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Қазақстан экономикасының нақты секторындағы бағалардың
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ-на инфляция әсерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

3. Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары мен алдағы
кезеңге арналған басым
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.1. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды оңалту
бағдарламасы ... ... ... ... ... 26
3.2. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін
дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған басым
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...35

Қосымша А

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан
Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан -2030 стратегиясында
айтып кеткендей: ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның
топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде
қалыптастыру керек, ол үшін жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны қатал
түрде бақылануы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін
толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа
жолдарын іздестіріп, кәсіпорынның қаржы шешімін қабылдаудағы инфляцияның
әсерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Инфляцияның жалпы теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы және нақты секторлардағы инфляция
жағдайын бағалау;
- Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары мен
алдағы кезеңге арналған басым бағыттарын анықтау.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция
термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына
қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы
жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты
болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық
әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Инфляция құбылысын зерттеп, оның пайда болу себептері мен түрлерін,
алдын алу шараларын ұсынған Ғ.С.Сейітқасымов, Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев,
Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова, Я.Ә.Әубәкіров, К.Н Нәрібаев, Р.О.
Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, С.Б. Мақыш, Ә.Қ. Тұсаева,
Ж.Ш. Сатыбалдиева сияқты авторларды айта аламыз. Шетел авторларға келетін
болсақ, олар: Г.В. Савицкая, В.В. Ковалев, Н.Г. Мэнкью және тағы басқаларын
айта аламыз.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын
уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып
инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияға қарсы саясатты қолданғанда, белсенді бюджет саясаты
жүргізіледі – сұранысқа ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен
салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып,
салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны
төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты
арттырып жіберуі мүмкін.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау
жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ
ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада
стагфляция деп аталады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән
үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен
салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі – кәсіпорынның қаржылық шешімдері.
Курстық жұмыстың субъектісі – инфляциялық процестің кәсіпорынның
қаржылық шешіміне әсері.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы,
статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар,
сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

1. Инфляцияның жалпы теориялық негіздері

1.1. Инфляцияның пайда болу себептері, салдарлары

Инфляция- бұл айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып
кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі,
сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендетілуі, ақшаның құнсыздануы.
Инфляция деген сөз- латын тілінен аударғанда көтерілу, қабыну деген
мағынаны білдіреді.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан
көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы
қаржыландырса, басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда
айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар- олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден,баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқы
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал
олигополист (жетілмеген бәсеке) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінщі болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың келмеуі
көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда атаған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын
азайтуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын
да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетін
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны
күту нәтижесінде орын алады, Батыс елдерінің көптеген экономистері және
біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің
инфляцияны күту себептерін жою- инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті
[3].
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой.Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы
бөлшектер қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар 1992 жылы)
инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мумкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарылатты. Нәтижесінде, Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі
бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны
күткен деңгейден де асып түсті.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай
жағдайларға әкеп соқтырады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен,
экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және
болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция
факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы,
инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық
ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені
инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша
қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып
шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып
шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған
шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған
ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың
өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы
инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты
табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы
топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға
ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені
осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық
болып отырады.
Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция
нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын
азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске
жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді
аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.
Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар
алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған
қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның
кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.
Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт
өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі.
Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының
төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы
мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі
құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы
өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен
қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс
өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді.
бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді
және тауар өндірушілер ойсырады.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.
Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі.
осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді,
нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол
береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін
қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты
табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы
саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік
борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет
ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы
төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді.
Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі
және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және
өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік
бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың,
екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды.
Инфляция салдарлары нәтижесінде банкроттыққа әкеледі, бұл ел
экономикасының төмендеуімен және өмір сүру деңгейінің нашарлауымен
ұштасады.

1.2. Инфляцияның түрлері және оның факторлары

Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті
қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын
көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп
саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың
дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар
тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін
біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады,
нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға
бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан
диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік
береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл
жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе
гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар
деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез
құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы
ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың
пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі
тез қамтиды [4].
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды,
керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң
нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді
экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін
мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар
бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Конъюнктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ
ғасырдың бас кезіне классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Кездейсоқ
апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып
кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс
материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал ол рынокты толықтыру
барысында баға төмендеуі тиіс.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс инфляциясы –айналымдағы ақшаның жиыны
көбейіп кеткенде шығады. Өйткені, айналымдағы артық ақша тауар мен
көрсететін қызметтерге сұранысты көбейтеді, ал бұл өз кезегінде бағаның
өсуіне алып барады.
Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың
AS қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты (сурет 1):
• экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін
көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары
бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және
өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған
өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады);
• аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары
бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады;
• экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік
(классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары
бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің
көлемі өзгермейді.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы
сұраныс сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика
жалпы ұсыныс қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса,
бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.

P AS

P1

P0 AD1

AD0

Y0 Y1
Y

Сурет 1. Сұраныс инфляциясы

Шығын инфляциясы. Шығын инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс
шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің
олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық
саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақыны көтеру
талабынан және т.т. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен
айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының
өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де
көрінуі мүмкін. (Сурет 2)

P AS1 AS0

P1

P0
AD

Y1 Y0
Y

Сурет 2.Ұсыныс инфляциясы

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным
қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2)
өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады.
Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін
бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық
топтар үшін бірдей болмайды [2].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде
дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның
тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы
кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар
үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі ХІХ-ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы циклдік өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын
алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен
стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.

Сұраныс инфляциясы

Шығын инфляциясы
3-сурет. Сұраныс пен шығын инфляциясының байланысы
Ескерту: Смағұлов Қаржы, ақша айналымы және несие кітабынан 68 б.

Бағаның өсу қарқынына инфляцияның келесі түрлері бар:
Жылжымалы инфляция. Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде
бағаның өсуі 10%-дан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер,
мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті
тиімді экономикалық саясат жүргізуші субьекті деп есептейді. Мұндай
инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп
отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 10-дан 200
пайызға жетеді. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу
қарқынын есепке алады.
Ұшқыр инфляция. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы
ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін
білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық
өсуі 3300% -ға дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті
қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді.
Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны
айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай
құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық
субьектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы
құнсызданған ақшадн құтылуға тырысп бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша
айтарлықтай өсіп, ол оның санынң көбеюіне тең болады. Салдарында баға
қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық
күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция
кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60- жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен
жүрді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндіретін қалыпты
жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық
процестің ең қызған шағы 70- жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда
бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1,7%, 1966-1974
жылдары -5,1%, 1975-1980 жылдары – 9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1;
6,0 және 17,9 %, Францияда 5,0; 5,9 және 10,9%, 80-жылдардың соңына қарай
бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%- ке тең болды, 1987 жылы – 3,7%
-ға төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген
себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға
әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу
шаралары.
Инфляция балансталған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі
баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда
бағаның жылдық өсуіне сәйкес мөлшерлеме пайызы (ставка проценті) көбейеді,
бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының
құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет
көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық
келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты
жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі
арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі инфляцияны
күту басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне
көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол
төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар
сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады.
Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында
қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз
рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу
эффектісі деп атайды [2].
Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса, оны- стагфляция деп
атайды.
Инфляцияның қарқыны статистикалық көрсеткіш тұтыну бағаларының индексі
көмегімен анықталады. Тұтыну бағаларының индексі- тауарлар мен қызметтердің
түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну қоржыны – адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттілігін
қанағаттандыру үшін кезекті азық-түлік өнеркәсіп тауарларынң жиынтығы және
тұрғын үй коммуналдық, тұрмыстық, дәрігерлік айықтыру және басқа да
қызметтердің құндық мөлшері.
Мысалы:1) баға индексі=100% болса, онда бағаның өзгерімін білдіреді,
яғни инфляция жоқ;
2) егер бағасы индексі 100% жоғары, мысалы, =150% болса, онда баға 1,5
есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
3) егер баға индексі 100% төмен болса, (70% тең), онда баға 30%
төмендеді, яғни дефляцияны дәлелдейді.

1.3. Инфляцияның кәсіпорын қаржысына әсері

Біз білетініміздей, инфляция – бұл экономикада орташа бағалар
деңгейінің өсуі. Сонымен қатар инфляцияны ақшаның сатып лау қабілетінің
төмендеуімен сипаттауға болады, яғни ақшаның құнсыздауы.
Қаржылық талдауда қолданылатын кәсіпорынның қаржылық есептілігі,
инфляция болған жағдайда қаржылық есептілік күмәнді мәндердің көзі
ретінде танылуы мүмкін. Мұнда атап өтетін жағдай, негізгі қаражаттарды
қалыптастыру жағдайында инфляция ақша қаражаттарға деген сұраныстың өсуімен
байқалады. Сондықтан да, бухгалтерлердің негізгі қаражаттаржы бағалауда осы
негізгі қаражаттардың нақты өсімін есепке ала алмайды, себебі бастапқы
құнға негізделеді [6].
Дағдарыс шарттарында кәсіпорындар үшін айналмалы активтердің
айналымдылық уақытының жаппай қысқаруы және инфляция қарқынының жоғарылауы
сияқты жағдаяттар тән. Бұл ретте негізгі қаражаттарды да айналмалы
активтерді де бағалауда бұрмалаушылықтар орын табады, ал айналмалы
активтер алдыңғы кезеңде ақшаны сатып алу қабілетінің жоғары деңгейінде
алынған болатын. Басқа жағынан алып қарайтын болсақ, актив құнының дайын
өнімге ауысуы (амортизация және өндірістік шығындар кіреді) ағымдағы
кезеңде жүзеге асырылады, яғни кешігеді.
Нәтижесінде, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің жоғарылауы
байқалады. Егер кәсіпорын осындай жағдайда пайда табатын болса, онда оның
деңгейі соншалықты жоғарылайды, демек кәсіпорын жоғары салықтарды төлей
отырып, қызметті қаржыландырудың меншікті көздерін қысқартатынын атап өткен
жөн.
Сонымен қаржылық талдауды жүргізудің нәтижесінде инфляция кәсіпорынның
қаржылық жағдайының жалпы түсінігін бұрмалайды. Инфляция үдерістері
үдемелі сипатта және ол уақыттың өтуіне сай ақшаны сатып алу қабілетінің
азаюына негізделеді. Сондықтан да көбіне инфляция болған жағдайда
нәтижелер әртүрлі кезеңдерде салыстырмалы талдау арқылы анықталады – бұл
көлденең және трендік талдау. Бұдан бөлек, инфляция коэффициенттік
талдаудың нәтижелеріне ықпал етеді, себебі әртүрлі кезеңдерде қаржылық
коэффициенттерді салыстыру анық нәтижелерді бере алмайды. Коэффициенттер
қаржылық көрсеткіштерді өзара байланыстырады, ал бұл көрсеткіштер кей
деңгейде инфляция ықпалына бейімделген.
Сондықтан да, кәсіпорынның қаржылық жағдайының обьективті бағасын алу
үшін қаржылық есептілікте болатын ақпараттарға түзету жұмыстарын жасау
қажет.
Әрқашан есепке алынуы тиіс, екі жағдаят бар:
1. Кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайын және қаржылық нәтижелерін
зерттеу шарттарында міндетті түрде инфляциялық үдерістер қарастырылуы
қажет.
2. Қаржылық талдаудың тереңдігіне байланысты оның нақтылығы және
нәтижелердінің салыстырылуы анықталады: неғұрлым терең талдау жасалса,
соғұрлым нақтылығы төмен болады. Бұл заңдылық талдау жасалған кезде
инфляция есепке алынған жағдайда да жүзеге асырылады.
Инфляция келесі екі көрсеткішпен сипатталады: қарқынмен және инфляция
индексімен. Мұны білу қажет, себебі түрлі әдебиеттерде олар белгіленген.
Қаржылық талдауды жүргізген кезде инфляцияны есептеу қағидаттарының
бірі болып, қаржылық коэффициенттердің ақшалай және ақшалай емес түрлерге
бөлінуі жатады.
Кассадағы және есеп шоттардағы ақшалар, сонымен қатар ақшалай талап
ету ақшалай баптарда танылады. Дебиторлық берешектер, алынуы тиіс
вексельдер және кейінге қалдырылған салықтар және т.б. жатады.
Қарастырылатын уақыт мезетінде барлық баптарды ақшаны сатып алу
қабілетіне әкелу қажеттілігінде инфляцияны есептеудің негізгі маңызы жатыр.
Себебі, бұл сәтте ақшалай баптар сатып алу қабілетіне ие болғандықтан,
оларға түзетулер қажет емес болады. Ақшалай баптар – бұл анықталмаған сатып
алу қабілеті, бірақ анықталған соманы талап ету, сондықтан да кәсіпорынның
сатып алу қабілетінің өсуі не төмендеуі осыған байланысты.
Егер де нақты қарастыратын болсақ, онда кәсіпорынның сатып алу
қабілетінің өсуіне пассивті ақшалай баптар әрекет етеді (инфляция
кезеңінде), ал сатып алу қабілетінің төмендеуі активті ақшалай баптардың
әсерінен болады.
Материалды емес активтер, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және тағы
басқалары ақшалай емес баптарға жатады, яғни қалыптастыру үшін
қарастырылатын уақыт мезетінде сатып алу қабілетінің жоғарылауы қажет
баптар, сонымен қатар өнімдерді жеткізу және түрлі қызмет көрсету
нәтижесінде төленуі тиіс міндеттемелер [6].
Сонымен қатар, кәсіпорынның бюджетін қалыптастыру үшін болжамдар қажет:
1) Бағалардың өзгеру болжамы. Оның жасалуы үшін бюджеттің негізгі баптары
бойынша барлық бағаларды белгілеп, осы бағалардың өзгерісіне болжам
жасау;
2) Инфляция болжамы. Инфляция кәсіпорынның қаржылық қызмет нәтижелеріне
қатты әсер етеді. Сондықтан да бюджетті әзірлеу кезінде кәсіпорынның
ақшалай ағыны мен активтердің нақты бағасын көрсету қажет. Инфляция
әсерінен болатын кәсіпорынның мүмкін болатын жоғалтуларын болжау
керек;
3) Жүзеге асыру болжамы. Бюджетті қалыптастыру үшін кәсіпорынның
нарықтағы орнын, коммерциялық қызметтің бағытын және кәсіпорынның
құрылымын білу өте маңызды;
4) Аяқталмаған өндіріс пен қордың болжамы. Бұл тұрақты өндірістік үдеріс
үшін қажет;
5) Кәсіпорынның өндірістік қуатының болжамы. Мұнда өнімдерді шығару
бойынша кәсіпорынның мүмкіндіктері анықталады.
Инфляцияны алдын ала ескеру бағалардың өсуі кезінде кәсіпорынның жұмыс
істеуін тоқтатпай, әрі қарай дамып жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай

2.1. ҚР қаржылық тұрақтылығын басқару және инфляция жағдайын талдау

Əртараптандырудың əлсіз болуына жəне сыртқы баға конъюнктурасы мен
сұранысқа қатты тəуелді болуына, сондай-ақ əлемдік экономиканың, əсіресе
Еуроодақ жəне Қытай экономикаларының даму перспективаларының белгісіздігіне
байланысты Қазақстанның іскерлік белсенділігінің өсу əлеуеті шектеулі.
2012ж. экономикалық өсудің баяулауы байқалады, атап айтқанда ЖІӨ-нің
2012ж. 9 айда нақты өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,2%-
дан 5,2%-ға дейін төмендеді. 2012ж. қызметтер саласы (ЖІӨ-нің өсуіне үлесі
4,5%-ды құрады) экономиканың өсуіне қолдау көрсеткен іс жүзіндегі жалғыз
қаржы көзі болды. Өнеркəсіп үлесі айтарлықтай төмендеді
(0,2%-ға дейін), құрылыс секторының экономиканың өсуіндегі рөлі
бұрынғысынша төмен (0,3%). Ауыл шаруашылығының үлесі теріс көрсеткішпен (-
0,5%) қалыптасты жəне ол Қазақстанның негізгі астық өндіретін өңірлеріндегі
қуаңшылық нəтижесінде өткен жылмен салыстырғанда астық өнімінің 2 есе
төмендеуімен байланысты болды (4-сурет).

4-сурет. Салалардың ЖІӨ өсуіндегі үлесі, %*

Өнеркəсіп өндірісінің баяулауына өңдеуші өнеркəсіптің өсу қарқынының
2012ж. 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда көбіне
металлургия өнеркəсібі көлемінің металл бағасының төмендеуі жəне сыртқы
сұраныстың қысқаруы нəтижесінде 1,2%-ға төмендеуі есебінен 7%-дан 0,6%-ға
айтарлықтай қысқаруы əсер етті (5-сурет).

5-сурет. Өнеркәсіп өндірісінің динамикасы
Бұл ретте 2012ж. өңдеуші өнеркəсіптегі аздаған өсім тамақ өнімдері мен
сусындарды шығарумен, жеңіл жəне химия өнеркəсібімен, машина жасау жəне
мұнай қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етілді. Əлемдік нарықтарда мұнай
бағасының айтарлықтай қолайлы деңгейіне қарамастан, 2012ж. сырттан
сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ Қазақстандағы ірі мұнай өндіру кəсіпорны
Теңізшевройл ЖШС кен орнында күрделі жұмыстардың жүргізілуі нəтижесінде
өңделмеген мұнай мен табиғи газды, темір кенін өндіру көлемінің қысқаруы
есебінен тау-кен өндіру өнеркəсібінің өсу қарқынының баяулауы байқалады
[9].
Жалпы инфляцияға келетін болсақ, 2013 жылғы сәуір-маусымда 2013 жылғы
маусымның аяғында 5,9% құраған жылдық инфляция қарқынының бәсеңдеу
байқалды. Осы кезеңдегі инфляция негізінен маусымдық факторлардың әсер
етуімен қалыптасты. Жақын арада инфляциялық үдерістердің күшеюі күтілмейді
және тиісінше жылдық инфляция мақсатты дәліз 6-8% шегінде сақталады.
2013 жылғы 2-тоқсанда инфляция 0,8% деңгейінде қалыптасты (2013 жылғы 1-
тоқсанда – 1,9%), бұл инфляцияның 2004 жылдан бергі ең төменгі тоқсандық
көрсеткіші (2004 жылғы 2-тоқсанда – 0,8%). 2013 жылғы 2-тоқсанда жеміс-
көкөніс өнімі бағаларының көтерілуі байқалды, бұл көктемгі уақыт кезеңіне
тән. Сонымен қатар, ақылы қызметтер тарифтерінің көтерілуі тоқсандық
инфляцияға барынша көп үлес қосты. Жалпы алғанда, бұл 2012 жылғы екінші
жартыжылдықта басталған ақылы қызмет көрсету құнын көтеру үрдісінің жалғасы
болып табылады. Мәселен, егер 2012 жылы ақылы қызмет көрсету бағасы 9,3%-ға
өссе, қаңтар-маусымда 5,4% болды (инфляция 2,7% құрады).
2013 жылғы 2-тоқсанда инфляцияның қалыптасуы монетарлық факторлардың ең
аз әсер етуі аясында болды. Экономикаға ақша ұсынысының негізгі көрсеткіші
ақша массасы 2013 жылғы сәуір-маусымда 4,5% өсіп, 11578,9 млрд. теңгені
құрады, ақша базасы 3094,7 млрд. теңгеге дейін 1,6% ұлғайды. Жалпы алғанда
ақша ұсынысы экономиканың қажеттілігіне сәйкес келеді және оның көлемі
экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

6-сурет. Инфляция динамикасы

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Статистика агенттінің алдын ала
ресми деректері бойынша ЖІӨ нақты өсуі 2013 жылғы 1-жартыжылдықта 5,1%
құрады.
Экономиканың нақты секторы тұрақты қарқынмен дамуда. Өнеркәсіп өндірісі
2013 жылғы 1-жартыжылдықта 1,8%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен
карьерлер өндіру 2,2% өсті. Ауылшаруашылығының өсуі осы кезеңде 1,4%,
құрылыс 0,7%, жүк айналымы 0,9% құрады.
2013 жылғы 2-тоқсанның инфляция болжамын бағалау [9].
2013 жылғы 2-тоқсанда инфляцияның нақты қалыптасқан деңгейі 0,8%
инфляцияның Инфляцияға шолудың өткен шығарылымында жарияланған болжамдық
мәндерінен (1,1-1,3%) төмен болып қалыптасты. Сәуірде және мамырда нақты
инфляция болжамнан төмен болып қалыптасты, маусымда оған толық сәйкес
келді.
Бағаның барынша көп өсуі 2013 жылғы 2-тоқсанда сәуір және мамыр
айларында байқалды. Бұл ретте негізгі үлес ақылы қызмет көрсетуге тиесілі
болды. Олардың құрылымында тұрғын үй коммуналдық қызметінің, оның ішінде
суық сумен жабдықтаудың, кәріздің бағалары мен тарифтерінің өскендігін атап
өткен жөн. Сонымен қатар медициналық қызметтер, көлік қызметтері, мәдени
қызмет көрсету қымбаттады.
Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қымбаттауы 2013
жылғы 2-тоқсанда қалыпты болды. Жеміс-көкөніс өнімі бағаларының бірінші
кезекте маусымдық факторлардың пайда болуына байланысты көтерілгенін атап
өту керек, қалған тауарлардың бағалары біршама тұрақты болды.
Инфляцияның жылдық көрсетілген нақты деңгейі 2013 жылғы маусымның
қорытындылары бойынша жылдық көрсетумен 5,9% болды, бұл болжанғаннан мәннен
төмен болып отырғанын байқай аламыз.

2. Қазақстан экономикасының нақты секторындағы бағалардың мониторингі

Өнеркәсіп өндірісіндегі бағалар. 2013 жылғы 2-тоқсанда өнеркәсіп
өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың бағалары 7,1% төмендеді (2012 жылғы 2-
тоқсанда 3,0% төмендеді). Өндірілген өнім құнының бағасы 7,7% төмендеді,
бұл ретте оның құрамындағы аралық тұтыну өнімінің бағасы 9,0% төмендеді,
өндіріс құралдарының бағасы 1,6% өсті, тұтыну тауарларының бағасы 1,8%-ға
қымбаттады. Өндірістік сипаттағы қызметтер 0,7% қымбаттады.
2013 жылғы 2-тоқсанда тау-кен өндіру саласындағы бағалар 10,0%
төмендеді, бұған 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай
бағасының неғұрлым төмен болуы себепші болды (2012 жылғы 2-тоқсанда 5,1%
төмендеді).
Энергия ресурстарының құны өткен тоқсанда 1,6% ұлғайғаннан кейін 2013
жылғы 2-тоқсанда 10,0% төмендеді (2012 жылғы 2-тоқсанда 3,9% төмендеді).
Шикізат энергия ресурстарының құрамында мұнай өндіру бағасы мамырдағы өсу
есебінен 9,3% төмендеді (2012 жылғы 2-тоқсанда 6,1% төмендеді), газ
конденсатының құны 22,1% төмендеді (2012 жылғы 2-тоқсанда 0,2% өсті).
Өңдеуші өнеркәсіптегі бағалар өткен тоқсанда 0,8% төмендегеннен кейін
есепті кезеңде 1,6% төмендеді (2012 жылғы 2-тоқсанда 0,2% төмендеді). Бұл
ретте 2013 жылғы 2-тоқсанда өнеркәсіптің металлургия саласындағы бағалар
5,7%, тамақ өнімдерін өндіру 1,5%, мұнай өңдеу өнімдерінің бағасы 5,5%
төмендеді.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдету салаларында 2013
жылғы 2-тоқсанда бағалар 1,0% өсті (2012 жылғы 2-тоқсанда 8,8% өсті).
2013 жылғы маусымда өнеркәсіп өндірісінде жылдық көрсетумен бағаның
төмендеуі (2012 жылғы маусыммен салыстырғанда 2013 жылғы маусымда) 3,7%
құрады (2013 жылғы наурызда жылдық көрсетуде бағаның өсуі 0,6% құрады).
Ауыл шаруашылығындағы бағалар. 2012 жылғы 2-тоқсанда барлық арналар
бойынша сатылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 3,1% өсті (2012 жылғы
2-тоқсанда 2,5% төмендеді). Ауыл шаруашылығындағы бағалар динамикасы
өсімдік шаруашылығымен салыстырғанда мал шаруашылығындағы бағалардың
барынша жоғары төмендеуінің әсер етуімен қалыптасты.
Өткен тоқсанда бағалардың 3,9% көтерілуімен салыстырғанда, 2013 жылғы
сәуір-маусымда өсімдік шаруашылығы өнімінің бағасы 1,9% төмендеді (2012
жылғы 2-тоқсанда 1,6% төмендеді). Өсімдік шаруашылығының құрамында дәнді
дақылдардың бағасы 2,5%, көкөністің бағасы 1,4% төмендеді, картоп бағасы
3,1% өсті.
Мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2013 жылғы 1-тоқсанда баға 2,1%
өскеннен кейін 2013 жылғы 2-тоқсанда 4,7% төмендеді (2012 жылғы 2-тоқсанда
3,7% төмендеді). 2013 жылғы сәуір-маусымда мал және құс етінің бағасы 1,2%,
шикі сүттің бағасы 6,0%, жұмыртқа бағасы 17,9% төмендеді.
2013 жылғы маусымның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің
бағасы жылдық көрсетумен 24,3% көтерілді. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы
өнімі 39,3% қымбаттады, мал шаруашылығы өнімінің бағасы 3,7% өсті [9].
2013 жылғы 2-тоқсанда кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс жалпы
алғанда экономиканың нақты секторы бойынша өсті, мұны сұраныстың өзгеруінің
диффузиялық индексінің 53,1 деңгейге дейін (2013 жылғы 1-тоқсандағы 46,7-
ден) өсуі растайды. Көрсеткіш өніміне сұраныс ұлғайған (24,6%-ға дейін,
2013 жылғы 1-тоқсандағы 17,6%-дан) кәсіпорындар үлесінің айтарлықтай ұлғаюы
және өніміне сұраныстың төмендеуін (18,3%-ға дейін, 2013 жылғы 1-тоқсандағы
24,3%-дан) атап өткен кәсіпорындар үлесінің едеуір азаюы есебінен болды.
Дайын өнімге сұраныстың өсуі өніміне сұраныс төмендеген электр
энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу салаларын қоспағанда, барлық
салаларда байқалды, мұнда өнімге сұраныстың диффузиялық индексі бұл салада
41,2-ға дейін (2013 жылғы 1-тоқсандағы 58,9) төмендеді. Сұраныстың барынша
көп өсуі қонақ үйлер және мейрамханалар, өңдеу өнеркәсібі және сауда,
автомобильдерді жөндеу, тұрмыс өнімдері және жеке пайдалану заттары (бұдан
әрі – сауда) сияқты салаларда байқалды: диффузиялық индекс осы салалар
бойынша, тиісінше, 2013 жылғы 1-тоқсандағы 46,4, 44,2 және 43,9-дан 62,1,
54 және 52,3-ға дейін көтерілді. Өндіруші салада дайын өнімге сұраныс өткен
тоқсандағы деңгейде қалды.
2013 жылғы 2-тоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы 3-тоқсанда жалпы
алғанда нақты сектор бойынша дайын өнімге сұраныстың айтарлықтай өсуі
күтілуде: сұраныстың өзгеруінің диффузиялық индексі кәсіпорындардың күтуі
бойынша 57 болды. Бұл ретте, сұраныстың өсуі салалардың көпшілігінде
күтіледі, неғұрлым елеулісі сауда, автомобильдерді жөндеу, тұрмыс өнімдері
және жеке пайдалану заттары (диффузиялық индекс – 50,5), өндіруші
өнеркәсіп (57,7) және ауылшаруашылығы (59,1) салаларында болды. Сонымен
қатар, сұраныстың айтарлықтай төмендеуі қонақ үйлер және мейрамханалар
саласында күтілуде (2013 жылғы 2-тоқсандағы 62,1-ден 49-ға дейін).
Жалпы алғанда 2013 жылғы 2-тоқсанда нақты сектор бойынша
кәсіпорындардың дайын өнімі бағаларының қарқыны едәуір баяулап, қалыпты
өсуі жалғасты: дайын өнімнің бағалары өзгеруінің диффузиялық индексі 53,1
(2013 жылғы 1-тоқсанда – 57,4) болды, бұл ретте бағалардың өсуін белгілеген
кәсіпорындардың саны 14,1%-ға дейін (2013 жылғы 1-тоқсандағы 20,7%-дан)
азайды, ал бағалардың төмендеуін белгілеген кәсіпорындар саны 7,8%-ға (2013
жылғы 1-тоқсандағы 6%-дан) ұлғайды.
Көптеген салаларда дайын өнім бағаларының өсуі бәсеңдеді, барынша
бәсеңдеу электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу (диффузиялық
индексі 2013 жылғы 1-тоқсандағы 69,8-ден 56,4-ке дейін төмендеді), сауда
(диффузиялық индексі 2013 жылғы 1-тоқсандағы 59,2-дан 54,2-ге дейін
төмендеді) саласында болды. Дайын өнім бағасының төмендеуі ауыл
шаруашылығында (диффузиялық индексі 2013 жылғы 1-тоқсандағы 50,7-ден 46,5-
ке дейін төмендеді) және өндіру өнеркәсібінде (диффузиялық индексі 2013
жылғы 1-тоқсандағы 55,7-ден 47-ге дейін төмендеді) болды.
Тұтыну өнімдерін өндіруші және қызмет көрсету кәсіпорындардың дайын
өнім бағалары (бұдан әрі – тұтыну өнімдері мен қызмет көрсету бағалары)
2013 жылғы 2-тоқсанда өсуді біршама бәсеңдетті: диффузиялық индекс 53,1
(2013 жылғы 1-тоқсанда 57,4 болған) болды.
2013 жылғы 3-тоқсанда жалпы алғанда экономиканың нақты секторы бойынша
2-тоқсанмен (диффузиялық индексі 55 болды) салыстырғанда электр
энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу, құрылыс және қонақ үйлер
мен мейрамханалар салаларында бағалардың өсу қарқынының төмендеуі себепші
болған кейбір бәсеңдеуімен дайын өнім бағаларының қалыпты өсуінің жалғасуы
күтіледі. Бағалардың өсу қарқынның барынша ұлғаюы ауыл шаруашылығында және
өндіруші өнеркәсіпте күтіледі.
2013 жылғы 3-тоқсанда тұтыну өнімдері мен қызмет көрсету бағалары
бойынша осындай өсу үрдісі жалғасуы, тұтастай алғанды нақты сектор бойынша
күтіледі. Бұл ретте, баға өзгеруінің диффузиялық индексі 2013 жылғы 2-
тоқсандағы 53,1-ден 54,9-ға дейін ұлғаяды [9].
2013 жылғы 2-тоқсанда, шикізат пен материалдар бағаларының өсу қарқыны
едәуір төмендеді: баға өзгеруінің диффузиялық индексі 68,3 (2013 жылғы 1-
тоқсанда – 73,6) болды. Бағаның өсу қарқынының төмендеуі өңдеу өнеркәсібі
(диффузиялық индексі 2013 жылғы 1-тоқсандағы 74,7-ден 65-ке дейін
төмендеді), сауда (70,2-ден 64,3-ке дейін), ауылшаруашылығы (78,9-дан 74,2-
ке дейін), өңдеу өнеркәсібі (72,9-дан 66,3-ке дейін) және электр
энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу (76,7-ден 70,3-ке дейін)
салаларында байқалды.
2013 жылғы 3-тоқсан бойынша шикізат пен материалдар бағаларының
өзгеруінің диффузиялық индексі кәсіпорындардың күтуі бойынша 65,1 белгіге
дейін түсті, бұл 2-тоқсанмен салыстырғанда бағалардың өсуінің жекелеген
бәсеңдеуін білдіреді. Көрсеткіш бағалардың өсуін күткен кәсіпорындар
үлесінің азаюы есебінен 2013 жылғы 2-тоқсандағы 3%-дан 1,1%-ға дейін
төмендеді.
Осылайша, тиісті диффузиялық индекстердің динамикасы 2013 жылғы 3-
тоқсан бойынша кәсіпорындардың күтулері дайын өнімге сұраныстың айтарлықтай
өсуімен, олардың бағасының өсу қарқынының аздап ұлғаюымен және шикізат пен
материалдар бағасының өсу қарқынының төмендеуіне байланысты.

2.3 ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ-на инфляция әсерін талдау

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық
бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.
Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік
бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім
мен бай тәжірибеге ие.
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай
тасымалының 65%, газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз
етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын ҚазТрансОйл АҚ, газ тасымалын
ҚазТрансГаз АҚ, танкерлік тасымалдарды Қазтеңізкөлікфлоты ұлттық теңіз
кеме қатынасы компаниясы жүзеге асырады.
Компания Қазақстан аумағындағы негізгі мұнай өңдеу активтерін басқарады
(Атырау МӨЗ ЖШС, ПетроКазахстанОйл Продактс ЖШС; Павлодарский МӨЗ
ЖШС), сондай-ақ Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарына ие [10].
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ мұнайды, мұнай мен газ өңдеу өнімдерін өздігінше
сатумен айналысады және осы өнімдерді сату саласындағы экспорттық саясатта
мемлекеттің мүдделерін қорғайды.
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ сервистік бағытты дамыту, жаңа бағыттар мен
әріптестіктерді іздестіру және дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды іске
асыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқаруда.

7-сурет. ҚазМұнайГаз ҰК АҚ мониторингі
ІЖӨ жартыжылдық қорытындысы бойынша 105,1%-ды құрады. Инфляция
жартыжылдық ішінде 2,7%-құрады. Инфляция айтарлықтай төмен, мұндай төмен
қарқынмен жұмысты жалғастыру қажет. Дегенмен, экономикадағы жағдай әлі
күрделі екеніне назар аударайық. Тау-кен өндіру саласы күрделі сала, мұнай-
газ саласы да қиын кезеңді бастан кешіруде. Бірінші тоқсан қорытындысы
бойынша мұнай және газ министрлігіне біздің ұлттық компаниямен бірлесіп,
Қызылорда облысының әкіміне Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында мұнай
және газ өндірісімен байланысты мәселелер қарастырылуы тиіс.
Мұнайға әлемдік бағаның төмендеген кезеңінде біздің еліміздің ішкі
нарығындағы бензин мен басқа да жанармай бағалары сол қалпы жоғары күйінде
қалып отыр. Бұның өзі мұнай өнімдерінің ішкі нарықтағы айналым тетігінің
жеткіліксіздігін білдіреді. Бұндай проблемалардың себептері айқын.
Біріншіден, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның негізгі себептері
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
Қазақстандағы инфляция жағдайы және онымен күресу әдістері
Инфляция деңгейін өлшеу
Макроэкономикалық саясат
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
Инфляция жағдайындағы меншікті капитал
Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру
Баға жасау және инфляция
Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік-экономиклық зардаптары
Пәндер