Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері



Оқыту жұмысы
Семинар сабағын өткізу
Экскурсия сабақтары
Қолданылған әдебиеттер
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.
Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығар-машылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақ-сатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыс-тардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдас-тыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,
1994.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.
Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.
Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері

Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.
Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара
ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды
ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан
оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және
оқушылардың өзіндік шығар-машылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру
мақ-сатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.
Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция
сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық
(практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан,
өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі
өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін
дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу,
мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай
сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап
және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып,
қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы
бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыс-тардың
нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдас-тыруда тиімді форма екенін
тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім пробле-малық жағдай туғызып,
талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен
ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік
әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу
материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде
оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология,
тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу
процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен
байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына,
ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар
жатады.
Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап
етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы
фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп,
білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын
ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға
бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау,
тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш
және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты
жағдайда болады.
Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа
арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі
мүмкін.
Үшіншісі - қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп
болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін
пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала дайындық
жұмыстары
мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім экскурсия
болатын нысананы
алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіреді.
Мақсатына қарай
оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады:
экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;
маршруты, қамтитын нысанасы;
экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;
экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары.
жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;
экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
XVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту
үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты.
Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде Л. Н.
Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде кеңірек пайдаланды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен
қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның
қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын
тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық
қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін
ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандық-тарына сай
психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын
қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары
сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосады.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім
алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама
әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу
дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда
өзіндік ақыл-ой еңбегі мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастырып,
эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгереді.
Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда
белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы
өзара байла-ныс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі
анағұрлым артады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек
меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де
семинар сабақ-тарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы
ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны
дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу
конференция-сында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы
қажет.
Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптар-дың оқушыларын қатыстыруға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың
сабақтан тыс кездерінде таным-дық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті
болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға
бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,
жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме
мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру
тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысы-нан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар
оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және
тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып
отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету,
пәнаралық бай-ланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның
сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және
консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -
бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде
оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін
орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс
оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып
болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен
талқы-ланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара
тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиет-терді оқу тапсырылады және қосымша
сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауап-тары, бақылау және топтық
практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама
жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен
сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту
процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып
отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы
оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл
жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй
жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті
артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу
жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта
алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге
жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін
меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше
баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте
берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі
қалыптасады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдас-тырудың мынандай шарттары бар:
Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындау-дың қандай тиімді әдіс-
тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы және өмірмен,
олардың іс-тәжірибе-лерімен байланысты болғаны жөн.
Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған
жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.
Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй
тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне
байланысты.
Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері
мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу
сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын
аударып отырғаны жөн.

Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушы-ның ынтасын артырып,
үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауы-мен ұштасып отырса ғана
ол жемісті болмақ.
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орын-далуын ескеру мұғалімдер үшін аса
қажет болмақ.
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды
болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің
мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министрлігінің нұс-қауы
бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері
мынандай болып белгіленген:
I - II сыныптарда - 1 сағат;
III - IV сыныптарда - 1,5;
У - VIII сыныптарда - 2 сағат;
IX - Х сыныптарда - 2,5 - 3 сағат.
Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін
дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз
орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста
болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары
үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.
Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы
кесте бойынша оқушылар күнде-лікті үй тапсырмаларын орындап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
САБАҚТА ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Пәндер