Экологиялық апаттар



1. Қар көшкіні
2. Түрлері
3. Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?
4. Алдын.алу шаралары
5. Көшкін түскеннен кейін не істеу керек ?
6. Қар көшкіні кезінде өзін.өзі құтқару жолдары
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: زلزال‎) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей пайда болады. Сондай – ақ жер сілкінісімен бірге өрт пайда болады. Геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма сырғыма, сел тасқыны, т.б.шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
«Өмір – тіршілік қауіпсіздігі». С.Арпабеков. – Алматы, 2004.

Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Еуропада жыл сайын әр түрлі көшкіндер болып тұрады, ол орташа алғанда 100-ші адам өмірін алып кетуде. Ал Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырауда.
Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын - шашын наурыз - сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.
Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қар ұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс -- әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады.
Қар көшкіні - бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады. Ресейдің көшкін қаупі бар аймақтары: Кольск жартылай аралы, Орал, Солтүстік Кавказ, Шығыс және Батыс Сібір, Алыс Шығыс болып табылады. Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.
Қар және мұз көшкіні - тау шыңдары мен,құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Түрлері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қар және мұз көшкіні беткейлермен сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:
* беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;
* жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;
* ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;
* тау беткейінен құлайтын немесе сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды өзімен бірге ала кететін қар массасы.
* Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге бөлінеді:
* ұсақ кристалды шашпа қардан тұратын немесе шаң сипатты қар және мұз көшкіні (әдетте, қыстаболады);
* тығыз әрі ауыр жабысқақ қардан тұратын, тұтас тақта түрінде төмен құлайтын жылбысқы қар және мұз көшкіні (әдетте, көктемде болады).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сипаты
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қар және мұз көшкіні қозғалысының орташа жылдамдығы 20-30 мс.
* Қар көшкіні көлемі бірнеше млн.м³-ге, соққы күші 1м²-ге 60 -- 100 тоннаға жетіп, жойқын апаттарғаәкеліп соқтырады.
* Құрғақ (қыстағы) қар және мұз көшкінінің жылдамдығы 80-100 мс.
* Ылғал (көктемде) қар және мұз көшкінінің 10-20 мс.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу және қорғану шаралары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қар және мұз көшкінін бақылайтын арнаулы стансалар жұмыс істейді, онда қар және мұз көшкіні үнемі зерттеледі:
* қар және мұз көшкінінің қалыптасу жағдайы мен олардың таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимі мен физикалық-механикалық қасиеттерінің құбылу ерекшеліктері анықталады;
* қар қатқабаты күйінің алмағайып жағдайлары анықталып, көшкінді болжаудың тәсілдері жасалады;
* қар көшкіндерінің гидрологиялық мәнінің есептік сипаттамалары жасалады;
* көшкіндердің тасқын сулар мен селдердің қалыптасу режиміне тигізетін әсері анықталады;
* қар өлшеу маршруттары бойынша қар және мұз көшкіндері картаға түсіріледі.
* Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде халық шаруашылық нысандарын қар және мұз көшкіндерінен дер кезінде қорғау шаралары жасалынып, сел ме көшкінге қарсы ғимараттар тұрғызылады.
Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?
Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз:
- тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз;
- тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз;
Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.
Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.
Алдын-алу шаралары
Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады, көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады.
Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін.

Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері - көшкіннің жиі құлайтын жері.
Егер сізге қар көшкіні құласа не істеу керек?
Аузыңыз бен мұрыныңызды қолғаппен, бөкебаймен, жеңмен жауып, көшкінмен келе жатып, қолыңызбен жүзу қимылымен көшкіннің бет жағында, шет жағына жылжып жылдамдығы аздау жерде болуға тырысыңыз. Көшкін тоқтаған уақытта бетіңіз бен кеудеңіз тұсынан ашық жер жасаңыз, бұл дем алуға көмектеседі. Егер мүмкіндік болса жоғары қарай жылжыңыз. Көшкін арасында жатып айғайламаңыз, себебі қар дауысты жібермейді, айғай мен бос қимылдар сізді күшіңізден, ауа мен жылудан айырады. Өзіңізге ие болыңыз, ұйықтауға жол бермеңіз, есіңізде болсын сізді іздеп жатыр (көшкін астынан бесінші, тіпті он үшінші күні адамдарды құтқарған оқиғалар белгілі)
Көшкін түскеннен кейін не істеу керек
Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.
Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары
Қыс мезгілінде жолға шығар алдында ауа-райы болжаушылардың хабарын тыңдап, ауа-райы өзгерістерін ескеріңіз. Жолға шығар алдында ауа-райын біліп алыңыз. Боран адамдардың өміріне өте қауіпті.
Қарлы бұрқасынға автокөлікпен тап болған кезде көлікті тоқтатыңыз, тоқтаған жеріңізді ашық түсті матамен белгілеңіз. Автокөліктің жалюзиін толығымен жауып қойыңыз, қозғалтқышты радиатор жағынан жабыңыз. Көлікті желге қаратып орналастырыңыз. Жанармайды үнемдеңіз, пешті үздіксіз қоспаңыз. Автокөліктің қар астында қалу қаупі туындағанда сіздің салон ішінде қамалып қоймауыңыз үшін есіктердің бірін белгілі бір уақыт сайын ашып, жиналған қарды итеріп тұрыңыз. Қар астында қалған автокөлікте қатты жаурасаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде бөлініп шығатын газдар автокөліктің салонына жиналады, ол сіздің өміріңізге ең сұрапыл аяздан да қауіпті.
Кез келген жүргізушіге қыста қажет болатын заттар мыналар: терезе жууға арналған қатпайтын сұйықтық - бұл сұйықтықты қысқы дөңгелекке ауысқаннан бастап өзіңізбен бірге алып жүру керек; шынжырлар сізге қалың қардан шығуыңызға көмектеседі. Қалың қардан шыққаннан кейін оларды алып тастаған дұрыс, өйтпеген жағдайда дөңгелекке зақым келтіруі мүмкін; шығыр немесе сапер күрекшесі - екеуі де сіздің қардан шығуыңызға көмектеседі; жылы көрпе, аяқ киім және басқа да киімдер жылынуыңызға септігін тигізеді.
Егер жылынғыңыз келсе сыртқа шығып, түтін шығатын түтікшенің алдын газ көліктің астына емес ауаға тарап кететіндей етіп қардан тазартыңыз. Шығар алдында беліңізді жіппен байлап алыңыз. Өйткені, адам өзінің үйінен немесе көлігінен шыққанда қарлы боранның салдарынан бағытынан адасып, сенделіп мерт болған оқиғалар көптеп кездеседі.
Егер Сіздің көлігіңіз жолда өшіп қалса, саспаңыз, бағытыңызды, тұрған орныңызды, елдімекенге дейінгі қашықтықты және сол сияқты жайларды байқаңыз. Егер сіз көмек күтпек болып шешсеңіз ұйықтамауға тырысыңыз. Одан әрі жүруге шешім қабылдасаңыз жолдың жиегімен жүріп отырыңыз, өйткені онда қар аз болады және бағытты ұстауға көмектеседі.
Тәжірибе көрсеткендей бірінші адамның беті, қолы, аяғы үсиді. Санаулы минуттар ішінде қатты үсік шалуы мүмкін. Көбіне үсу байқалмай қалады. Сондықтан құлақтың, мұрынның, иек, бет ұштарының аяқ астынан ағара бастағанын байқасаңыз жаныңыздағы адамдарға бұл туралы айтыңыз.
Егер сіз қатты боранда жаяу қалсаңыз, қар басқан айдалада қардан қорғаныш жасауға еш мүмкіндік болмаған жағдайда, биік, мықты тұрған заттың ығына тығылып, қарды тоқтаусыз жан-жаққа лақтырып, аяқ астындағы қарды таптап тұру керек. Осылай біртіндеп бораннан жіңішке ор- қорғаныш пайда болады.
Қиын жағдайда құрғақ қардың астына түгелдей кіруге болады, ол үшін жылы киімдерді киіп, арқаңызды желге қаратып, полиэтилен пленканы немесе ұйықтайтын қапшықты жамылып, қолыңызға ұзын таяқ алып өзіңізді қардың жабуына мүмкіндік беру керек. Бұл жағдайда, кез-келген уақытта қардың құрсауынан шығып кету үшін қармен толтырылған ауа кіретін тесікті таяқпен үлкейтіп отыру керек.
Боранды тұрған күйде күтуге болмайды. Ерте ме кеш пе бағыттан айырылып, шаршайсыз, ал демалуға отырғанда үсіп қалуыңыз мүмкін.
Қар-қорғанышқа отырар алдында бағытты біліп, анықтап алу керек. Егер сіз ашық жерде болсаңыз, аяқ астына елді мекенді бағыттайтындай етіп тірек тастаңыз, бұл кейін қарды қазып бағытты анықтау үшін қажет. Мұндай белгіні қар қорғаныштың ішіне де тастауға болады.
Есте сақтаңыз: қарлы боран кезінде биік қарлы үйінділердің себебінен жергілікті жер сыртқы көрінісін өзгертуі мүмкін, егер сіз бағытты алдын ала біліп алмасаңыз, кейін білу қиынға соғады.
Жоспар:
1. Қар көшкіні
2. Түрлері
3. Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?
4. Алдын-алу шаралары
5. Көшкін түскеннен кейін не істеу керек ?
6. Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары
7. Пайдаланылған әдебиеттер

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.),ISBN 9965-893-19-5
2. Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
3. Ғаламтор желісі

Кіріспе
Жер сілкіну туралы түсінік
Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: زلزال‎) -- жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс. Олар - кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей пайда болады. Сондай - ақ жер сілкінісімен бірге өрт пайда болады. Геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма сырғыма, сел тасқыны, т.б.шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.

Негізгі бөлімі
Жер сілкінісінің жіктелуі
Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді. Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну -- Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай қума, көлденең және беттік толқындар болып жіктеледі. Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 - 6 кмс, көлденең толқындардікі 3 - 4 кмс. Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде - 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған. Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 - 60 км),
аралық (60 - 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып бөлінеді.
Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 -- 20 км, Ташкентте 5 -- 10 км, Спитакта 10 -- 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Техногенді сипаттағы апаттар.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Антропогендік және экологиялық апаттар
Топырақ - өсімдік қорлары
Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері
Экологиялық қолайсыз аймақтардың режимін құқықтық реттеудің кейбір мəселелері
Техногендік апаттар
Төтенше жағдайдын топталуы
Химиялық қауіпті объекттердегі авариялар
Пәндер