Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу



Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихының құрылымы
Тарихтың жалпы барысы
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.
Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оку орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекетгік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері Қазақстан тарихы оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.
Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оку орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекетгік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.
- Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;
- Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;
- Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
- Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары;
-Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми тарихи біліммен толықтырып,осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,сөйтіп оның XX-XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық - мәдени даңғылға шығып,өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін керсету.
"Қазақстан тарихы"оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Алғашқы кезеңде теориялық негізді жаңарту, оқу материалын дайындаудың әдіснамасы мен әдістемесін жасау қажет. Мұның езінде де тарих саласындағы барлық ізденістерді тұтас қамтитын, сапалы деп есептелінетін бірғана әмбебап теорияны басшылыққа алудан, сондай-ақ тарихи зерттеуде бірқатар жеке мәселелерді ғана қарастырудан аулақ болған дұрыс. Бұл жағдайда ең тиімді тәсіл, біздің ойымша, қазіргі тарих ғылымының теориялық нәтижелеріне сүйене отырып, Отанымыздың өткенін, қазіргісін және келешегін бүкіл адам баласы дамуын қазіргі жалпы маңызды таным нормалары принципін сақтай отырып, тұтас қарастыру.
Студенттердің оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі темендегідей параметрлерге негізделуі керек:
Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму зандылықтары).
Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік-кеңістікке белуге (белімдер, фазалар, стадиялар, формациялар, өркениеттер, дүниежүзілік системалар).
Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (өтпелік, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).
Дүниенің түрлі аймақтарында адамның пайда болуының, қалыптасуының, дамуының кептеген ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Адамды басқа табиғаттан ерекшелеген - оның еңбек қызметі. Адамзат тарихы үлкен екі дәуірге бөлінеді: алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі. Алғашқы қауым деп қоғамдасқан адамдар тобын атайды. Олардың сипатты белгілері: саны аз, қарапайым Әлеуметтік ұйымдасу, қарапайым тұрмыс пен мәдениет. Табиғи ортаның күн көру жағдайлары мен өздерін сақтау қажеттілігі алғашқы адамдарды терімшілік пен аң аулауға мәжбүр етті, мұның өзі шаруашылықтың ең қарапайым түрі болатын, оның өзі ұжымдық еңбекке негізделді. Адамдардың осындай еңбек кызметін қамтамасыз еткен тас құралдары болды. Бұл құралдар адам баласының ежелгі ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі туралы базалық мәлімет береді, бұлар Қазақстанда да табылуда.
Адамдардың еңбек құралдары неден жасалған деген сұраққа байланысты археологияда тарихты үш үлкен дәуірге бөледі және оларды шартты түрде Ғасырлар деп атайды. Олар: тас, қола, темір. Ең ұзағы - тас ғасыры (2,6 млн. жыл бұрын - б.з.б. 3 мың жылға дейін). Қола дәуірі 2,5 мың жылға созылды (б.з.б. 3 мың жылдан б.з. 7-5 ғғ. дейін). Андронов мәдениетін таратушылардың негізгі шаруашылық қызметі мал бағушылық болды. Қазақ халқының этногенезінің басталуы жазба деректер бойынша ертеде Қазақстан территориясын мекендеген турлар мен арилер тайпалық одақтарымен байланысты. Көшпелі тұрмысқа ауысу б.з. дейінгі II мыңыншы жылдың аяқ кезінде басталды.
Ерте темір дәуірі барлық аймақтарда көшпелі мал шаруашылығына ауысуға әкелді. Евразия ұлы даласын скиф-сақ қауымдастығы игерді. Сақтардың тарихи-мәдени мұрасын жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар, ал савраматтарды - сарматтар жалғастырды. Ғұн державасы Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя еді.
Түрік қағанаты - Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы ғұндар мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Түркілер ғұндар мемлекеттілігі мен мәдени дәстүрін одан әрі дамытты. Қазақстан жері Түрік қағанатының құрамында болды, оның шекаралары Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін созылды. Қазақ мемлекеттілігі осы кезден бастап монғолдар жаулап алғанға дейін түркілер өркениетінің аясында болды. Барлық түркі мемлекеттік бірлестіктері әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму дәрежесі жөнінен бір деңгейде болды.
XI - XII ғғ. қыпшақтар қазақ халқын топтастырушы негіз болды. Қыпшақ халқының өзінің құралуының аяқталу кезеңі Шыңғысхан шапқыншылығына байланысты үзілді.
XIII ғ. аяғында - XV ғ. басы аралығындағы Көк Орда мен Ақ Орда жергілікті этникаға негізделген алғашқы ірі мемлекеттік бірлестіктер болды.
Осы блок бойынша ортағасырлық тарих проблемасының ең маңыздылары мына тақырыптар:
Қазақ халқының құралуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері.
XV - XVIII ғғ. аралығындағы Қазақ хандығы.
Орта ғасырлардағы Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
Қазақстан егемендік алғанға дейін оның жаңа заман тарихы. Ресейге қосылу себептерін дәлелдеу және осы тарихи актінің прогрессивтігін деріптеу талаптарына сай келу тұрғысынан баяндалуы тиіс болды. Сөйтіп осы проблеманы зерттеуші алдын ала-ақ қатаң шектеушілік шеңберінде өз зерттеуін сыңаржақ шешуге мәжбүр болды. Қазіргі тарихнама жаңа замандағы Отан тарихының көптеген проблемаларының маңыздылығын негіздеді, солардың арасында әсіресе Отанды қорғау және қазақ халқының азаттық үшін қозғалысы ерекше орын алады.
Осы айтылғандар бізді Отан тарихын зерттеудегі болған түбірлі өзгерістердің себептерін түсіндіретін бірқатар ірі проблемаларға алып шығады. Солардың арасындағы маңызды проблема XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Орталық Азиядағы геосаяси ситуация құрамындағы Қазақстанның орны.
Осы қарастырылып отырған дәуірде Шығыс елдерінің дүниежүзілік капиталистік шаруашылық ауқымына күштеп қосылып, оның аграрлық-шикізат қосымшасына айналғаны шындық. Жаңа замандағы Азия елдерінің тарихнамасының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл елдерде капиталистік укладтың қалыптасуының кешеуілдеу себептерін көрсеткенде Азияның дәстүрлі қоғамдары Қазақ хандығы да, Жоңғар мемлекеті де жеке өркениеттер екені, олардың өзіндік ішкі дамуының заңдылықтары, сондай-ақ сыртқы қатынас қызметінде қалыптасқан маңызды және құнды жүйелері болғаны ескерілмеген.
Бұл мемлекеттердің саяси тарихы сол уақытта толық түсінікті болады, егерде Азия елдері мен Қазақстанның сол дәуірдегі тағдыры қатар қарастырылса. Жаңа заманның бас кезінде тек ойрат (Жоңғар) хандығы мен Қазақстан ғана тәуелсіздігін сақтаған еді.
Шведтермен соғыстан енді ғана есін жиған Ресей, өзінің Азиядағы сыртқы саясатын белсендірек жүргізе бастады. Меселенің өзіндік ерекшелігін түсінген Ресей, терезені сындырмай дарбазаны ашуға кілт іздеді. Бұл айтылғандар XVIII ғасырдың бірінші ширегінде қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шайқастардың өрши түсуінің сыртқы саяси себептерінің кейбір бүге-шігесін түсінуге мүмкіндік береді.
Аңырақай шайқасы Қазақстанның жаңа заман кезеңіне біржола өтуінің символы. Бұл Евразиядағы екі көшпелі халықтың отаршылдық шабуылдың алдындағы тарихының жарқын беттері. Қазақтар, дүние жүзінде болып жатқан жаңа қоғамдық экономикалық жағдайларға және геосаяси ситуацияларды байқауға қабілеттірек болғандықтан, алысқа кез жіберіп жаңара бастаған Ресейге назар аударды. Ал, жоңғарлар ез мемлекетінің тұтастығын және саяси тәуелсіздігін сақтап, өздері сияқты қазақтардан кегімізді аламыз деп жүргенде тарих олар үшін құру болды. Евразия материгіндегі соңғы көшпелілердің шын мәніндегі орнықтырушылары мен бақылаушылары олардың ұлы көршілеріне тарих қуатты державалар болуды жазған. Аңырақай рухы қазақ халқына ата-бабалар жерін шапқыншылықтан қорғаудағы қарсыласу шайқастары мен оның территориясының тұтастығын, мемлекеттік егемендігін сақтау жолындағы азаттық күресінде әлі де көрінетін болады.
Отан тарихының жаңа заман белімінің тағы бір маңызды проблемасы XVI ғ. ортасы XX ғасырдың бас кезі аралығындағы қазақ-орыс қатынастары. Бұрынғы тарихнамада бұл проблема кеңес уақытындағы қосылудан бастап, құрамына ену деген сияқты терминдер бойынша әр түрлі бағаланды. Ал, шындық факті сол, Қазақстан халықаралық жағдайдағы аса күрделі қақтығыс салдарының езінің саяси тәуелсіздігінен, мемлекеттік егемендігінен айырылды. Дүниежүзілік тарихта өзгерістер болып жатты, қалыптаса бастаған дүниежүзілік байланыстар мен ұлғая бастаған рынок адамзатты дүние жүзіне белгілі жеке мемлекеттердің сауда жолдарын иемденуге ұмтылу фактісіне куә етті. Мұның өз кезегінде сол елдердің дүние жүзі бойынша сауда да, соғыс пен өнеркәсіпте бәсекелестігін туғызды. Осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің тағдыры басқаша қалыптасты. Тамыры тереңнен, жалпы адамзатқа ортақ жөргектен басталатын гүлденген дала өркениеті бар Қазақстан, өзінің ұлы көршілері сыртқы саясатының объектісіне айналды. Бір орталықтанған, абсолюттік монархиясы нығайған, дипломатиялық жағынан азиялық халықтарды бағындыру және әскери экспедиция жасау тәжірибесі бар Ресей өз назарын қазақ жеріне аударды, бұл жер ол үшін бүкіл адамзат елдері мен жерлеріне кілт, әрі дарбаза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі Қытай философиясының пайда болуы
Мысыр математикасы. Александрия ғылыми мектебі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Дене тәрбиесі дайындығы
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Туризмнің дамуы
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Пәндер