Азаматтық іс жүргізу туралы ақпарат



КІРІСПЕ
1.Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынаста қатысушылар

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Іске қатысушы тұлғалар түсінігі

2.1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы, оларға қойылатын талаптар
2.2 Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
2.3 Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар.
2.4 Азаматтық процеске прокурордың қатысуы


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Азаматтық процесс - сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері:

• бірінші тарап - сот,
• екінші тарап - процеске қатысушылар

болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі - бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі. Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туылған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы, 30.08.1995ж.

2. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2015. - 160 б.

3. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша анықтамалық/ Габдулхакова Г. Г. - ШҚМУ, 2007. - 44 б.

4. Абдулина З.К., Байсалов А.Д.ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы. - Алматы

5. Егембердиев Е.О. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы:

6. ҚР Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
1.Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынаста қатысушылар

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Іске қатысушы тұлғалар түсінігі

2.1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы, оларға қойылатын талаптар

2.2 Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

2.3 Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар.

2.4 Азаматтық процеске прокурордың қатысуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Азаматтық процесс - сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық
қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының
белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу
құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері:

бірінші тарап - сот,

екінші тарап - процеске қатысушылар

болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық
қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның
ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы
қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін
айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі - бұл іс жүргізу құқықтары
мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі. Ол азаматтар мен
ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туылған
сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген
сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізудің әрекет қабілеттілігі - бұл өз әрекеттері арқылы
өз құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді
өкіліне тапсыру, жауапкершілікті дербес алып жүру қабілеті.
Іс жүргізу әрекет қабілеттілігіне толық көлемде 18 жасқа толған
азаматтар, сондай-ақ егер неке жасы белгіленген тәртіпте төмендетілсе, 18
жасқа толмай неке құрған адамдар ие болады. Сотта 14 және 18 жас
аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың, сондай-ақ әрекет
қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары
және заңды мүдделері олардың заңды өкілдері, яғни ата-аналары, асырап
алушулары немесе қорғаушылары арқылы қорғалады.

Субъектілер - азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын
немесе қатыса алатын адамдар. Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының
субъектілері 3 топқа бөлінеді:

1.Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар: сот, сот хатшысы, сот приставы,
сот орындаушысы кіреді.
Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады. Ол арнайы құрылған
мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа
азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген.

Сот отырысының хатшысы - азаматтық істерді қарау барысында сот
отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа
да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша
шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға
хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар
екендігін хабарлайды.
Сот приставы - сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті
қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот
ғимаратын, судьяларды және процестің басқа қатысушыларын қорғауды
қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп
орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.
Сот орындаушысы - бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген
соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді
атқаратын лауазымды тұлға.

2.Іске қатысушы тұлғалар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік
органдар, процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар
немесе жеке азаматтар, ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер
бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі адамдар.

3.Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдар: куәгерлер,
сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары
кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың
азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа
істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және
нақты әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске
қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.

Азаматтық процестегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады.
Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне
келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.
Тараптар - сотта заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып
және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар. Тараптар деп талап қоюшы мен
жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның
азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар
(мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік
құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық
іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі
көрсетіледі:

1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы
қатысады;
2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс
жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат
сұрайды.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін
тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе
заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен
жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен
қорғалатын мүдденің субьектілері.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс
жүргізу құқық қабілеттілігі болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу
құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру
үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі қажет.
Тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу
міндетін мойнына алады. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы
және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да
іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан
үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарслықтарын мәлімдеуге,
дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. . Арнайы –
талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою
талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға
құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас
тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы Жалпы –
тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал
пайдалануға,сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің
қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына
және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы
сотқа өзі ұсынған талап арыында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер
бар болу керек; әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының
және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі
тиіс.

Іске қатысушы үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен
мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және
тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес
келмейтін тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі
себебі – олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері
бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне
әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша
бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-
жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот
шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады. Үшінші тұлғалардың іс бойынша
мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың 2 түрі
болады:

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар;
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

1)Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар – бұл
талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың
нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл
тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен
жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша
бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы қатыса алады. Іс
бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым
шығаруымен белгіленеді. Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана
айырмашылығы бар – бұл процеске кіру кезеңі. Даудың нысанасына дербес
талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы:
процеске талап қою арқылы қатысады,
талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін
атқарады;
үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен сәйкес
келу керек, сондықтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса, үшінші
тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым-
жартылай).
Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке
талап қоюға хақы бар, іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың
өздерінен болады.
2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар – бұл
бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың
біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін
болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар. Олардың
сипаттамасы: егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына
немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы
соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске
кірісе алады; олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа
адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы
мүмкін; дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап
қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін
ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды
мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін
мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын
пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.

Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске
келесі жағдайларда кірісе алады:
өз бастамасы бойынша;
тараптардың өтініші бойынша;
іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі
басқару органдардың) өтініші бойынша;
соттың бастамасы бойынша.
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе
алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді. Даудың нысанасына дербес
талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРАПТАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНІҢ ОРНЫ
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
Азаматтардың экономикалық құқықтарын қорғау
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Жеке мүліктік емес игіліктер
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Пәндер