Мемлекеттің заңды жауапкершілігі



КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
1.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері жəне қағидалары
1.2 Заңды жауапкершіліктің түрлері
2 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
2.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны
2.2 Құқық бұзушылықтың түрлері

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ТУРАЛЫ
3.1 Жауапкершілігі шектеулі туралы
3.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады – саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.
Басқа жағынан, заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінң құқықтық жағдайына тиістілі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
1. Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада – созылмалы). Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
2. Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
1 Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және кукық теориясы. - Алматы: Білім, 1998.-360.
2 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және қукык теориясы. - Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999. - 370 б.
3 Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. - М. :
Юристь, 1999.-560 с.
4 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және қүқық теориясы. - Алматы:
Жеті жарғы, 1998. - 320 б.
5 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және қүкык
теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. - 96 б.
6 Храпанюк В.Н. Теория государства и права. - М.: Бек, 1998. -470 с.
7 Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері – Павлодар 2003-2005
8 Қазақстан Республикасының рәміздері Ы.Сағынтаев, З. Сағынтаева
9 1996 жылдың 2 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасьшың Заңы // Егемен Қазақстан, 1996. - 5 шілде.
10 Теория государства и права /под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. - М.: Проспект, 1997. - 530 с.
11. Вебер М. Политика как призвание и профессия. Избр. произв. – М.,19.90
12. Аристотель. Политика соч. в 4-х т.4.-М.,1981
13. Политология. Хрестоматия / Под ред. проф. Н.Василика.-М., 1999
14. Бисембаев А. Саясатта монополия жоқ// Ақиқат,1998 №9
15. Карин Е, Сатпаев Д. Қазақстандағы саясат қатердің деңгейі // Саясат, 1999, №5
16. Найзағарова Е. Әцелдердің саясатқа араласуы – саяси тұрақтылыктың кепілі // Саясат, 2000, №5
17. Карин Е. Саясат – қоғамдық құбылыс. //Ақиқат 2001,№1
18. Жамбылов Д.А. Саясаттану. Оқулық – Алматы, ,2003

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
1.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері жəне қағидалары
1.2 Заңды жауапкершіліктің түрлері
2 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
2.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны
2.2 Құқық бұзушылықтың түрлері

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ТУРАЛЫ
3.1 Жауапкершілігі шектеулі туралы
3.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің
түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады –
саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.
Басқа жағынан, заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі,
сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінң
құқықтық жағдайына тиістілі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
1. Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген
реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада – созылмалы). Субъект алда
болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
2. Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше
болуы қажет, яғни бойында құқық бұзудың белгісін ұстауы керек. Кінәлі
тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес.
3. Заңды жаупкершілік құқықбұзушының тәртіпін әр уақытта мемлекеттік
және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
4. Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның
жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады
(құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше –
қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен
мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта міндеттер пайда болады.
5. Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын
міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда
болады - өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік
көрсету (көну).
6. Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң
бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.
Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, онда заңды жауапкершілікті
құқықтық қатнаспен саластыруға (қорғаушылық) және ерекше заңды
міндеттілікпен. Егер құқықбұзушылық мемлекетпен сезілмесе не болмаса
белгіленбеген болса (не тауып алынбаған) құқықбұзушы ештеңеге жаупты емес)
керісінше, ол жасалған құқықбұзушылықтың игілігімен пайдалануына болады).
Сондықтан, оның айтсақ, заңды жауапкершілік - өзі міндеттілік емес,
қорғаушы құқықтық қатнастағы оны іс жүзіне асыру процессі.
Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы басқа да көзқарастар бар:
а) ол қорғаушы құқықтық қатнаспен құқықбұзғаннан кейін тоқтамай бірге
пайда болады;
б) негізгі құқықты қолдану актысын шығарғаннан кейін пайда болады
(үкім, шешім), онда барлық заңды жаупкершілікке қажетті кездер тіркеледі.
Заңды жауапкершілік айыптылық (қыйнайтын) және құқықты орнына келтіру
функциясын орындайды. Проф. О.Э. Лейст жөнінде екі функция туралы емес,
екі кейіптегі заңды жауапкершілікті айтады: айыптау, ол қылмыстық,
әкімшілік және тәртіптілік жауапкершілікті біріктіреді және құқықтық
тәрбиелеуді (азаматтық құқықтық және материальды жауапркешілік).
Традициялық түрде заңды жауапкершілікті былай бөлеміз: қылмыстық-құқықтық,
әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық, жұмысшылардың материальдық
жауапкершілігі. Мұндағы көңіл аударатынымыз:
а) құқық салаларына қарағанда жауапкершілік түрі аздау;
б) әртүрлі салалардың нормаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің бір
ғана түрі пайдаланылады;
в) бір саланың өзінде бірнеше түрдегі жауапкершіліктер болады (мысалы,
тәртіптілік және еңбек құқығындағы материальдық).
Сонымен, бұл топтастыру жауапкершілігінің негізінде салалық белгі
жатыр. Өйткені, құқық жүйесінде салаға бөлу реттеуші нормаларлардың 
сипатына байланысты, ал жауапкершілік тікелей қорғау нормаларымен
байланысты, себебі олардың жеке табиғаты бар және өзінің заңдылығымен
әрекет жасайды.
Кейді универсальдық сипатта болады. Заң әдебиеттерінде ретроспективті
заңды жауапкершіліктен (болған құқықбұзушылық үшін) басқа перспективті
заңды жауапкершіліктің барлығы туралы көзқарастар қорғалып келген –
субъектінің болашақтағы тәртібі үшін жауапкершілік. Мұнда оның позитивті
сипаты атап көрсетілген – сол мәнде адам туралы айтқанда, оның
жауапкершілікпен өзінің міндеттеріне қатыстылығы. Дегенмен, ол көзқарасты
көптеген құқықтанушылар қолдау көрсетпеді де мынаған сілтеме жасады, яғни
позитивті жауапкершілікте шын мәнісінде заңды мазмұн жоқ: бұл көп
жағдайда жалпыәлеуметтік не этикалық бағыттағы жауапкершілік.
 

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

1.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері жəне қағидалары

Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен
көзделген мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік
тəртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы
шаралар (бас бостан-дығынан айыру); ə) мүліктік сипаттағы шаралар
(айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;
- мемлекеттік мəжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
- жаңа қмша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік жəне ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс
салдардан көрініс табады;
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын
құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқық бұзушылық табылса,оның
заңды негізі болып құқық нормасы мен сəйкес құқыққолданушы акт табылады.
Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мəж-
бүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану
актісі ретінде əкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін жəне т.б.
атауға болады.
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
1) заңдылық – жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни,
құқықəрекетқабілетті тұлға жасаған кінəлі, құқыққа қайшы əрекет немесе
əрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) əділеттілік – жазаның кінəға сəйкестігін, теріс қылықтар үшін
қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінəліге бір
құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік – істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді жəне
нақты жазалау шарасын заңға сəйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм) – адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау
шараларын белгілеуге жəне қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы – жасалған қылмыс үшін
заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындай-тынын білдіреді;
6) мақсаттылық – құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды
жауапкершіліктің мақсаттарына сəйкестігін білдіреді.

1.2 Заңды жауапкершіліктің түрлері

Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:
1. Қылмыстық – тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз
қылмыс жасағаны үшін кінəлі деп танылмауы жəне қылмыстық жауаптылыққа
тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары – кінəлінің тұлғасына
бағытталған мемлекеттік мəжбүрлеудің ең қатаң нысандары – бас бостандығынан
айыру, өлім жазасы жəне т.б.
2. Əкімшілік – əкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды жəне
айыппұл, арнайы құқығынан айыру жəне т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.
3. Азаматтық – мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу жəне
шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық
жауапкершіліктің негізгі қағидасы – зиянды толығымен өтеу.
4. Тəртіптік – еңбек, оқу, қызметтік, əскери тəртіпті бұзу үшін
қолданылады; тəртіптік жауапкершілік шаралары – сөгіс, қатаң
сөгіс, жұмыстан шығару жəне т.б.
5. Материалдық – қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік
міндеттерін орындауы барысында кəсіпорынға, меке-меге, ұйымға келтірген
зияны үшін туындайды.
Əрекеттің құқыққа қайшылығын жəне заңды жауапкер-шілікті жоятын
жағдайлар мыналарды жатқызуға болады:
1) есі дұрыс еместік – тұлғаның өз əрекеттеріне есеп бере алмауы;
2) қажетті қорғаныс – мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін
қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқ-сан келтіруші
тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қа-жетті қорғаныс шегінен асып
кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқ-сан келтірушіліктің қоғамға
қауіптілігінің сипаты мен дəрежесіне айқын түрде сəйкес келмеуі орын алмауы
тиіс;
3) аса қажеттілік – мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделеріне қауіп
төндіруші əрекетті жою жағдайында мүмкін, қойы-латын шарт – бұл қауіп басқа
құралдармен жойыла алмауы қажет жəне аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын
алған зияннан аз болуы тиіс;
4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқық бұзушылық;
5) казус (жағдай) жəне т.б

2 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

2.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол
да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның
қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған
әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе
әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа
адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық
адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді.
Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің
қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады.
Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады.
Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және
құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. —
Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал
әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да
бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде
тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік,
құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін
бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның
жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық
мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар
жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие
белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық
бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады.
Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды
нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың
түсінігін береді.
Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез —
құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген
сөз. Әрбір құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір
жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы
келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық
бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық — қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы
бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті
әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі
керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық — объективтік процесс болып табылады. Бұндағы
объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын
әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл
осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие
болады.
Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға
зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы,
қоғамға зиянды әрекет — әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл
тұжырымнан екі терістік байқалады:
1.  Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды
немесе қауіпті.
2.  Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы
деп тыйым салынбаған.
Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп
көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық
құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне
келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға
қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға
айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі.
Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар
қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады.
Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы
мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-
әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның
қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін
бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан
қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының
құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның
маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық
бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін.
Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау — өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің
үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен,
осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың
қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды
қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады.
Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі
оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. -
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды
көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің
нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-
әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни
егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық
нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның
өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты
болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға,
мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1.   Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-
әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы
басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек,
құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-
әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық
болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға
жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ
қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз
жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл
дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында
жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын
ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2.   Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан
келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген
құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау
нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді,
белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне,
денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері,
түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1.   Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына,
қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2.  Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3.  Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды,
фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені
жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас
бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда
келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру,
мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы
келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын
қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге
болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық
бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына
алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен
қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа
қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі
мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні
мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.
6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқьшы ғана
жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс
болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған
адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық
нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз
әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды.
Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген
болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы
тұрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы.(Юнг) —
құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-
қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын
ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен
жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуының тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не
бүған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады.
Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға
шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде
жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші
жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол
көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын
алады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын,
қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет
атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш
белгісімен сипатталады:
-  мемлекеттік мәжбүрлеу;
-   құқық бұзушыны жауапкд тарту;
- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу    шарасын
мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау
қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары
тиісті шаралар қолдануға құқьшы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз
әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады — тергеу
жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды.
Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім
қабылдайды.
Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол
оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі
адам біреудің мүлкіие келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын
толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны
бас бостандығынан айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы
айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:
- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам
үшін қауіпті екенін көрсету;
-  қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі
адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
-  заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын
анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл
ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның
мазмүнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң
ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде
саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың
занды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Құқық бұзушылықтың,объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-
әрекетсіздікті жасау немёсе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай
әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына
әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян
келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.
Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша
объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік,
белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет-
әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және
келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз —
келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған
нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық
бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір
игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою,
азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу
т.с.с.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке
мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің
сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық
бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін
қалайды.
Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс
айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды
салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде
келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен
қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша
айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі
анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нөтижесі арасындағы
байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын
жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
2. Объект — құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе
мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық
қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы
бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп
түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнеше
болуы мүмкін.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты
жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын,
элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық
бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан
қарағанда құқық бұзушылық — құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол
берген кінәлі әрекет болып табылады.
Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды
нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады
және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта
адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала
біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-
әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды
жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе
қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын
бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін
екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық)
адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып
табылмақ.
Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар
да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір
мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына
әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп
отырғанымыз — құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал
мақсат — құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін
тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу
және құқықпен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың
мүдделеріне зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға
мүмкіндік береді.
Субъект — әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект
құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-
есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық
жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге
әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді
құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар
қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың
жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас,
әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан
есептеледі.
Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен
практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне
келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.
Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі
сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа
жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде
адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық
бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі — жауапкершілікке жеке тұлға
тартылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы
Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
Заңды тұлға ұғымы және жауапкершілігі
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары
Мемлекеттік меншік
Шаруашылық серіктестіктер корпоративтік құқық субъектісі ретінде
Қазақстан Республикасында тұлғаның құқық мәртебесінің негіздері
ҚР - ғы шағын және орта кәсіпкерлік
Заңды тұлға туралы түсінік
Пәндер