Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері



Бірінші кезең. «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) бекітілді. Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана мемлекеттік органдар қабылдады. Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді. Кәісіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукциондарда, конкурстарда, сондай-ақ жекешелендірілетін кәсіпорынның балансындағы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды акционерлеу және еңбек ұжымына өтеусіз беру арқылы да жүрді. Бірінші кезеңде «шағын жекешелендіру» де жүрді және ол кейіннен өз дамуын басқа кезеңдерде тапты. Бірінші кезеңнің көлемі үлкен әсер қалдырады: 4771 объект жекешелендірілді, оның ішінде еңбек ұжымының ұжымдық меншігіне берілген 472 совхоз бар. Одан әрі мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру арнайы заңмен ретке келтірілді. Республикада мемлекеттік меншікті сату жөніндегі бірінші аукцион Орал қаласында 1991 жылы 4 қыркүйекте орын алды. Оны Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет республикалық комитет өкілдерінің қатысуымен өткізді. Алты объектіден басқа аукционда аспаздық, кафе, тұрмыстық қызметтер салоны сияқты үй-жайларын жалға беру құқығы сатылды. Инфляция қарқынын және жекешелендіру үшін халық қаражатының болмауын ескере отырып Қазақстанда бірінші кезеңде жекешелендіруге қатысу үшін арнауы төлем құралдарын - жекешелендіру купондары енгізілді. Тұрғын үйді сатып алудың тез қарқыны мен купондарға сатып алудың қарапайым механизмі аз уақыт ішінде тұрғын үй рыногын қалыптастыруға және нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттар ретінде халық мобильділігін қамтамасыз етті. Бұдан әрі тұрғын үйлерді сатып алудан басқан купондар (осы мақсаттар үшін олар қазіргі уақытта да қолданылады) шағын жекешелендіру объектілерін және ауыл шаруашылығы объектілерін сатып алу кезінде қолданылды.
Екінші кезең
1993 жылдың наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы» (бұдан әрі - Бағдарлама) мемлекеттік меншіктің қайта

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі
ерекшеліктері мен нәтижелері
Бірінші кезең. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру Заңын іске
асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы әзірленді, ол ҚазССР
Президентінің қаулысымен (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) бекітілді.
Бірінші кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатқа ие болды. Жекешелендіру
туралы шешімді жекешелендіруге кәсіпорын ұжымының өтінішінен кейін ғана
мемлекеттік органдар қабылдады. Өте маңыздысы кәсіпорынды мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендіру түрін таңдау еңбек ұжымына берілді.
Кәісіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукциондарда,
конкурстарда, сондай-ақ жекешелендірілетін кәсіпорынның балансындағы
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды акционерлеу және еңбек ұжымына
өтеусіз беру арқылы да жүрді. Бірінші кезеңде шағын жекешелендіру де
жүрді және ол кейіннен өз дамуын басқа кезеңдерде тапты. Бірінші кезеңнің
көлемі үлкен әсер қалдырады: 4771 объект жекешелендірілді, оның ішінде
еңбек ұжымының ұжымдық меншігіне берілген 472 совхоз бар. Одан әрі
мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру арнайы заңмен
ретке келтірілді. Республикада мемлекеттік меншікті сату жөніндегі бірінші
аукцион Орал қаласында 1991 жылы 4 қыркүйекте орын алды. Оны Батыс
Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет республикалық
комитет өкілдерінің қатысуымен өткізді. Алты объектіден басқа аукционда
аспаздық, кафе, тұрмыстық қызметтер салоны сияқты үй-жайларын жалға беру
құқығы сатылды. Инфляция қарқынын және жекешелендіру үшін халық қаражатының
болмауын ескере отырып Қазақстанда бірінші кезеңде жекешелендіруге қатысу
үшін арнауы төлем құралдарын - жекешелендіру купондары енгізілді. Тұрғын
үйді сатып алудың тез қарқыны мен купондарға сатып алудың қарапайым
механизмі аз уақыт ішінде тұрғын үй рыногын қалыптастыруға және нарықтық
қатынастарды дамытуға қажетті шарттар ретінде халық мобильділігін
қамтамасыз етті. Бұдан әрі тұрғын үйлерді сатып алудан басқан купондар (осы
мақсаттар үшін олар қазіргі уақытта да қолданылады) шағын жекешелендіру
объектілерін және ауыл шаруашылығы объектілерін сатып алу кезінде
қолданылды.
Екінші кезең
1993 жылдың наурызында қабылданған Қазақстан Республикасында
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған
ұлттық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мемлекеттік меншіктің қайта
құрылуының бағыты мен тәртібін анықтады. Нысананың ел экономикасындағы
маңыздылығына, саласына, қызметкерлердің санына, негізгі қорлардың құнына
сәйкес олар шағын, орта, және ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды.
Заң намаға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ұжымдық меншік жүйесі
жойылды, жалдау туралы заң және кәсіпорындарды ұжымдық сатып алу өз
күштерін жойды. Бағдарлама мынадай негізгі бағыттарды көздеді: - шағын
жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 200-ге дейін болатын сауда,
тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін және өнеркәсіптік кәсіпорындарды
аукциондар мен конкурстар арқылы сату); - жаппай жекешелендіру (жұмыс
істеушілердің саны 200-ден 5000-ға дейін болатын кәсіпорындар); - жеке
жобалар бойынша жекешелендіру (жұмыс істеушілердің саны 5000-нан асатын
кәсіпорындар); - агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру. Мемлекеттік
меншіктің барлық объектілері мынадай жіктестірілген екі топқа бөлінді: -
мемлекет иелігінен алынатын және жекешелендірілетін объектілер;
-жекешелендірілуіне тыйым салынған объектілер.
Шағын жекешелендіру
Шағын жекешелендіру тауарлар мен қызметтің тұтыну нарығын қамтамасыз
ететін меншік иелерін қалыптастыруға бағытталды. Шағын жекешелендіру
аукциондар немесе конкурстар нысанында жүзеге асырылды. Шағын жекешелендіру
жүргізілер алдында сауда және автокөлік бірлестіктері бірнеше дербес заңды
тұлғаларды құру мақсатында сегменттерге бөлінді. Аукционға немесе конкурсқа
жекешелендірілетін объекті қызметкерлерінің 50 пайзынан астамын
біріктіретін шаруашылық серіктестігі қатысқан жағдайда, оларға сату
бағасынын 10 пайызға дейін жеңілдік берілді. Шағын жекешелендіру шеңберінде
6037 объект жекешелендірілді. Астана қаласында шағын жекешелендіру
жүргізілгенге дейін 191 сауда объектісі болса, қазір 1978, 11 дәріхананың
орнына -110, 20 мемлекеттік шаштараздың орнына - 55, жекешелендірілген 51
қоғамық тамақтану объектілерінің орнына 597 мейрамхана, дәмхана, бистролар
жұмыс істеуде (қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған объектілер бойынша
деректер Астана қаласының Экономика, сауда және кәсіпкерлік департаментімен
ұсынылған). Шағын жекешелендіру шеңберінде мемлекеттік меншік объектілерін
жекешелендірудің өзіндік ерекшелектері болды. Мысалы сатып алушы сатып
алған мемлекеттік мүлік үшін төленетін соманың 50 пайызын ақшалай
қаражатпен, ал 50 пайызын жекешелендірудің бірінші кезеңінде тек тұрғын
үйді сатып алуға пайдаланылған тұрғын үй купондарымен төлей алды. Жинақ
банкінің бөлімшелері арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үй купондарын еркін
сатып алу-сату енгізілді.
Кәсіпорындарды акционерлеу-жаппай жекешелендіру мен жеке жобалар
бойынша жекешелендірудің алдын ала сатысы болды. Қазақстан Республикасының
Үкіметі бастамашы болған кәсіпорындарды акционерлеу жаппай жекешелендіру
және жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде жекешелендірудің алдын
ала сатысы болды. 1993-1995 жылдар кезеңінде 2 мыңға жуық кәсіпорын
акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Еңбек ұжымдарына жарғылық капиталдың
мөлшерінің 10 пайызын артықшылықты акциялар түрінде мемлекеттен өтеусіз алу
құқығы берілді. Акционөрлеу аяқталғаннан кейін акционерлік қоғамдардың
мемлекеттік пакеттері бірінші жағдайда - холдингтерге берілді, екіншісінде
-купондық сауда-саттыққа шығарылды, үшіншісінде - ақшалай аукциондарда
сатылды. Жаппай жекешелендіру үрдісінде бұрын-соңды болмаған инвестициялық
жекешелендіру қорлары құрылды. Жаппай жекешелендіруге дайындық барысында
Чехия, Ресей және басқа да елдердің тәжірибелері зерттелді. Дүниежүзілік
банк оңтайлы деп ұсынған еліміздің халқына инвестициялық жекешелендіру
купондарын беру мезханизмі жаппай жекешелендіру жүргізу кезінде қолданылды.
Қорларды ҚР жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары құрды. 169 Қор
лицензия алды. Әрбір азаматтың Қорды еркін түрде таңдау және инвестициялық
жекешелендіру купондарын өз қалаулары бойынша инвестициялық жекешелендіру
қорларына орналастыру құқығы болды. Жинақ банкінің бөлімшелері азаматтардың
тапсырмалары бойынша купондардың белгілі бір санын олар көрсеткен Қорларға
берді. Осылайша жаппай жекешелендіруге 11 миллионнан астам адам қатысты,
бұл республика халқының 67 пайызы. Купондық жекешелендіру кезеңі ішінде
1707 акционерлік қоғамның 172,53 миллион дана акциясы сауда-саттыққа
шығарылды. Купондық сауда-саттыққа шығарылған акционерлік қоғамдар
акцияларының жалпы санының 1529 АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері
толығымен сатылды, бұл сауда-саттыққа шығарылғандардың 89,57 пайызын
құрады. Осы кезеңде ерекше әлеуметтік маңызы бар өнім шығаратын немесе
жұмыстарды атқаратын, сондай-ақ энергетика, металлургия, көлік,
телекоммуникацияда мемлекеттің табиғи монополиясы болып табылатын ірі
объектілер мен кәсіпорындарды және ірі әмбебап дүкендерді жеке жобалар
бойынша жекешелендіру басталды. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезге қалыптасуы
Меншіктің экономикалық түрлері
Инвестициялық қызметтің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру
Банктегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелділігін талдау
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Мал шаруашылғында ауыл шаруашылық малдарының өсуі мен даму заңдылықтарн қолдану
Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Аудит жайлы
Пәндер