М. Әуеэов және қазақ әдеби тілі



Әдеби тілдің нормасын жетілдіруде бейберекет қолданылып жүрген жарыспалы сөздер мен жергілікті ерекшеліктердің әдеби нұсқасын негіз етіп, өзгелерін мерзімді баспа сөзде, әсіресе, публицистикалық, ресми, ғылыми стильдердеорынсыз қолданудан бойды аулақ салу дұрыс деп табылды.
1963 жылы жарық көрген "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде" кейбір алақұлалық, кемшіліктер кеткені ескеріліп, оны түзетіп, қайта бастыру ұсынылды. Сол секілдіерминология, орфография, пунктуация, тіл мәдениетіменбайланысты оқу құралдарын, анықтамалар, мақалажинақ-тарын шығарып отыру қажет деп табылды. Бұлардан басқада практикалық шаралар ұсынылды.
Конференция ұсыныстарын іске асыру мақсатында Ғылым Академиясы мен басқа да тиісті орындар тарапынан біраз жұмыстар істелді. Атап айтқанда, 1968 жылы "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі" толықтырылып, түзетіліп қайта басылып шығарылды. Тіл білімі институты жанынан Терминология және Ономастика, Тіл мәдениеті бөлімдері құрылып, тіл мәдениетіне, терминология теориясына қатысты зерттеулер жүргізіліп, бірнеше монографиялар, ғылыми жинақтар жарық көрді. Қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелерін сөз ететін "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы дүниеге келді, Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарла-рының филология сериясы қоғамдық ғылымдардан бөлініп, өз алдына отау тікті. Сөйтіп, баспасөздегі тіл мәдениетіне арналған конференция әдеби тіліміздің келелі мәселелерін күн тәртібіне қойып, олардың бірте-бірте шешілуінде белгілі дәрежеде рөл атқарған, баспасөздегі жазу мәдениетін арттыруда едәуір үлес қосқан игілікті шара болды.
50-80 жылдардағы баспасөздің қазақша публицистика (көсем сөз) стилін жетілдіруде ғана емес, қазақ әдеби тіліміздің қандай деңгейде екенін көрсетуде де тигізер пайдасы үлкен.
Соғыс жылдарындағы еліміздің батыс аудандарынан Қазақстанға көптеген зауыт, фабрикаларды, әр түрлі кәсіпорындар мен ғылыми зерттеу мекемелерін көшіру, соғыстан кейінгі республикада бүкіл одақтық құрылыстар салу, ақырында тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуеэов және қазақ әдеби тілі
Әдеби тілдің нормасын жетілдіруде бейберекет қолданылып жүрген
жарыспалы сөздер мен жергілікті ерекшеліктердің әдеби нұсқасын негіз етіп,
өзгелерін мерзімді баспа сөзде, әсіресе, публицистикалық, ресми, ғылыми
стильдердеорынсыз қолданудан бойды аулақ салу дұрыс деп табылды.
1963 жылы жарық көрген "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде" кейбір
алақұлалық, кемшіліктер кеткені ескеріліп, оны түзетіп, қайта бастыру
ұсынылды. Сол секілдіерминология, орфография, пунктуация, тіл
мәдениетіменбайланысты оқу құралдарын, анықтамалар, мақалажинақ-тарын
шығарып отыру қажет деп табылды. Бұлардан басқада практикалық шаралар
ұсынылды.
Конференция ұсыныстарын іске асыру мақсатында Ғылым Академиясы мен басқа
да тиісті орындар тарапынан біраз жұмыстар істелді. Атап айтқанда, 1968
жылы "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі" толықтырылып, түзетіліп қайта
басылып шығарылды. Тіл білімі институты жанынан Терминология және
Ономастика, Тіл мәдениеті бөлімдері құрылып, тіл мәдениетіне, терминология
теориясына қатысты зерттеулер жүргізіліп, бірнеше монографиялар, ғылыми
жинақтар жарық көрді. Қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелерін сөз
ететін "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы дүниеге келді, Қазақ ССР Ғылым
Академиясының хабарла-рының филология сериясы қоғамдық ғылымдардан бөлініп,
өз алдына отау тікті. Сөйтіп, баспасөздегі тіл мәдениетіне арналған
конференция әдеби тіліміздің келелі мәселелерін күн тәртібіне қойып,
олардың бірте-бірте шешілуінде белгілі дәрежеде рөл атқарған, баспасөздегі
жазу мәдениетін арттыруда едәуір үлес қосқан игілікті шара болды.
50-80 жылдардағы баспасөздің қазақша публицистика (көсем сөз) стилін
жетілдіруде ғана емес, қазақ әдеби тіліміздің қандай деңгейде екенін
көрсетуде де тигізер пайдасы үлкен.

Соғыс жылдарындағы еліміздің батыс аудандарынан Қазақстанға көптеген
зауыт, фабрикаларды, әр түрлі кәсіпорындар мен ғылыми зерттеу мекемелерін
көшіру, соғыстан кейінгі республикада бүкіл одақтық құрылыстар салу,
ақырында тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде орыс тілді өзге
ұлт өкілдерінің көптеп келуі Қазақстандағы де-мографиялық ахуалды кұрт
өзгертіп жіберді. Мәселен, 1939 жылы бүкілодақтық санақта республика
халқының 38 пайызын құраған қазақ саны 1959 жылғы санақта 29,8 пайызға
бірақ кеміді, сөйтіп ол өз отанында азшылық болып қалды. Осы өзгерістермен
байланысты орысша оқытатын мектептер саны да жедел өсті. Соғыс кезінде
Мәскеу, Ленинград сияқты ірі ғылым орталықтарынан көшірілген ғылыми
мекемелерде істейтін атақты ғалымдар республикадан ғылым ошақтарын ашып, өз
ғылыми мектептерін қалыптастырып, ғылыми кадрлар даярлай бастады. Ғылымға
келген жас ғалымдар кейін Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосібір сияқты ғылыми
орталықтардан аспирантура бітіріп, өз жұмыстарын орыс тілінде жазып, сол
қалаларда қорғады. Сондықтан техника, жаратылыстану ғылым салалары бойынша
жазылған еңбектер түгелдей орыс тілінде болды. Мұның езі 1920-1930 жыл-дары
басталған жоғарыдағы пәндерден ана тілінде оқулықтар жазу, ғылыми-кепшілік
әдебиеттер шығару үрдісінің бірденақ тоқталуына әкеліп соқтырды. Орта
мектептің математика, физика, химия, биология пәндерінің оқулықтары орыс
тіліндегі оқулықтардың сапасыз аудармасы ғана болды, тіпті тарих
оқулықтарына дейін орыс мектебі оқулықтарын қайталады, онда Қазақстан
туралы, қазақ халқы туралы мардымды ештеңе айтылмады. Ал жоғары мектеп
оқулық-тарының көпшілігі тек орыс тілінде ғана болатын.
1946 жылы Республика Ғылым Академиясы ашылып, ғылыми зерттеу
мекемелерінің саны көбейгенімен, тіл және әдебиет, тарих сияқты бірер
институт болмаса, басқаларында ғылыми зерттеу жұмыстары түгелдей орыс
тілінде жүргізілді. 1960-1970 жылдары ғылымға келген жастардың көпшілігі
мектепті орысша бітіргендер еді, олар аспирантура, докторантураларды
Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосібір сияқты қалаларда бітіріп, сондағы
ғалымдардың жетекшілігімен диссертация қорғады, ғылыми жұмыс жүргізді. Оның
үстіне жоғары аттестациялық комиссия тарапынан диссертациялардың тек орыс
тілінде жазылуын талап ету де ана тілінде ғылым тілінің дамуына кері әсерін
тигізді. Жаратылыстану, техника, медицина ғылымдары өз алдына, қоғамдық
ғылымдар, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарынан да
диссертацияның тек орыс тілінде жазылуы талап етілді.
М.Әуезов әдеби тілді үнемі жетілдіріп отыруда әртүрлі жаңа атаулар мен
терминдердің дұрыс қалыптасуына көп көңіл бөлу қажеттігін өзінің ғылыми
жұмыстарында айтып отырған. Ғылымның әртүрлі саласынан екі тілді
терминологиялық сөздіктер көбірек және сапалы құрастырылса, олардағы
атаулардың әдеби тілімізге тез сіңіп, қалыптасып кететіндігін жақсы
түсінген. Сонымен бірге қазақша ғылым тілін жасау үшін әртүрлі ғылым
салаларындағы зерттеулерді, диссертацияны қазақ тілінде жазудың қажеттігін
кезінде былай деп көрсеткен: "Қазақ совет әдебиет тілі баю үшін бүгінгі сан
сала ғылымда еңбек етіп жүрген қазақ ғалымдары өздерінің еңбектерін орыс
тілімен қатар, қазақ тілінде де түсінікті, көркем етіп жазып, бастыратын
болуы шарт... Жұртшылыққа қазақтан шыққан инженерлер, дәрігерлер,
биологтар, математиктер өз еңбектерін ез халқы тілінде жазып таратпауын
немен ақтауға болады?
Ал біздің бүгінгі әдебиет тіліміз байығанда, сол ғылым, техниканың бар
саласындағы ұғым, түсініктер, атаулар мол-молынан кіретіндіктен байиды
дейміз. Ендеше, сол сөздерді, сол ғылымдарға байланысты тіл, орам
шеберліктерді, осы ғылымдардың өз мамандарынан артық, қазақ тілінде айтып
бере алатын шеберлерді, қайраткерлерді бір жақтан қарызға сұрап аламыз
ба? ... Олай болса, қазақтан шыққан тарихшылар ... қазақ халқына ез
тілдерінде ... еңбектерін жазбауға бола ма?
Қайта олардың кейбір диссертациялық еңбектерін, еңалдымен, қазақ тілінде
жазуды шарт етіп қою да, анық орынды орайлы шараның бірі болар еді".
Ұлт тілін, әдебиетін, тарихын зерттеуші ғалымдардың өзі одақ көлемінде
"танымал" болу үшін өз кітаптары мен монографияларын орыс тілінде жазуды
әдетке айналдырды. Мәселен, 1971 жылы "Ғылым" баспасынан жарық көрген 101
кітаптың тек 5 ғана қазақ тілінде жазылыпты. Бұл жағдай он жыл өткенде
(1981 ж.) сол күйінде қалған екен. 1981 жылғы баспа жоспарына 160 кітап
енгізілген болса, соның тек 15 ғана қазақ тілінде екен, олар да, негізінен,
тіл мен әдебиеттен. Республикадағы ғылыми әдебиеттерді басып
шығаратын баспаның атауы да 1980 жылдардың аяғына дейін "Наука" деп аталып
келді. Академияның, оның бөлімшелері мен институттарының әр түрлі
дәрежедегі жиналыстары орыс тілінде өтетін.
60-70 жылдардағы сөздіктердегі ұлттық және шетелдік сөздер үлесін салыстыра
зерттеген жас ғалым С.Н.Жетпісов химия-металлургия саласының 90 пайызы,
математика саласының 80 пайызы шетелдік сөздерден тұратынын жазды, және бұл
жайт жаратылыстану, техника салаларымен ғана шектеліп қалмай, сол кезге
дейін қолданылып келген төл сөздері жетіпартыларлық ондаған кәсіптік
салалар мен қоғамдық ғылымдарға да толық түрде қатысты болды.
Бұл жағдайдың орын алуы, біріншіден, халықаралық терминді атына қарапақ,
балама іздемей ала беруге әрбір ресми, ғылыми, техникалық ақпарат
тасымалдаушысы болып табылатын сөзді, сөздік-таңбаны одақ бойынша стадар-
ттау "қажеттілігі" әсер етсе, екіншіден, мұндай терминдерді қазақшалау
асыра сілтеу, артық кеткендік деген байбалам-нан бойды аулақ ұстап, көп
ойланбай-ақ әрі дайын, әрі жұмыстың жеңілін таңдаудан да болды. Жазылған
еңбектің көпшілік халыққа түсініктілігінен гөрі сала мамандарының талғамына
сай келуі көбірек негізге алынды.
Мүның бәрі айналып келгенде, қазақ әдеби тілінің ғылыми стилінің дамуын
бірнеше ондаған жылға тежегені мәлім. Ұлт тілінде ғылыми стильді
қалыптастырудың, дамытудың басты жолы - ұлт тілі негізінде терминдер жасау,
бір кездері ойланбастан алынып кеткен орыс тілінен не орыс тілі арқылы
енген терминдердің қазақша баламаларын табу. Бұл тұрғыда Ахмет Байтүрсынұлы
бастаған қазақ зиялыларының 1920-1930 жылдардағы ұлт тілінде ғылым
терминдерін қалыптастырудағы сіңірген еңбектері үшан теңіз екені белгілі.
Алайда, өкінішке орай,1940-шы жылдардан бастап бүл үрдіс өз жалғасын
таппады, керісінше, сол жыл-дардағы қазақша баламасы табылған көптеген
терминдердің орысша варианттары қайтадан қалпына келтірілді. Себеп болған
жағдай, біріншіден, ұлт тілдеріндегі термин қабылдау проблемасын
орталықтағы түрколог мамандардың өз бақылауларына алып, ұлт тілінде термин
жасауға ұмтылушылықты "туристік құбылыс" деп айыптауында болса, екіншіден,
республикадағы техника, жаратылы-стану, математика саласындағы мамандардың
көпшілігі кезінде орыс мектебін, орысшажоғары мектеп бітіргендер
болғандықтан және өз еңбектерін орыс тілінде жазғандықтан, қазақша термин
жасауға, орыс терминдерінің қазақша баламаларын іздеуге мүдделі әрі аса
ынталы болған да жоқ. Ал қоғамдық өмірге қатысты терминдерге келсек,
мерзімді баспасөз беттеріне орталықтан келіп түскен ресми материалдарды
(қаулы-қарар, үкімет, партия басшыларының сөздерін) табанда аударып басу
кезінде кездескен термин сөздердің қазақша баламаларын іздестіріп, сараптап
отыруға уақыттары да, мүмкіндіктері де болмағандықтан, көп жағдайда, сол
орыс тіліндегі даяр күйінде ала салуға мәжбүр болды.
Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар – заман ақындары Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы М.Мөңкеұлы
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Абайдың ақындық дүниетанымы (түсіну, пайымдау, бағалау)
Көрнекті тілші-ғалым филология ғылымдарының докторы профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мақалаларының жинағы
Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
Абай поэзиясының тілі
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
Пәндер