Аз қабатты тұрғын үй



Кіріспе
1 Бас жоспарға түсініктеме
1.1 Функцияналдық процесс.
2. Көлемдік жобалық және конструкциялық шешім.
2.1. Көлемдік жобалық шешім
2.2 Конструкциялық шешім.
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Аз қабатты тұрғын үй».
5В072900 “Құрылыс”мамандығына арналған пәннің жұмыс бағдарламасы және оқу жұмыс жоспары бойынша анықталды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары құрылыста үлкен өзгерістер болды. Жаңа сәулеттік шешімдер және конструкциялар,жобалау есептеу әдістері сонымен қатар жүк көтергіш және қоршау конструкцияларына арналған құрылыс материалдары пайда болды. Құрылыстың мөлшерлі құжаттары жаңартылды. Жаңа қала құрылысы және тұрғын үй ережелері күшіне енді. Аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы қазіргі таңда қарқынды даму үстінде.Қазіргі таңда аз қабатты тұрғын үй Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорының 40% құрайды. Жеке жер теліміндегі аз қабатты ғимараттарды жобалау және құрылысы өзекті болуда.
Ғылыми жаңарту ретінде заманауи құрылыс материалдарындың (жылытылған жеңілбетон, пластикті есік терезелер, шатыр материалдары және әрлеу матералдары) әртүрлі конструкциялық шешімдердің ғимарат жобалау барысында мүмкіндігін қарастыру.
1. Архитектура гражданских зданий М-1986.
2. Металл в архитектуре Мардер А. 1980
3. Пластмассы в архитектуре Айрапетов Д. Заварихин С. Макотинский М.
1981
4. Архитектурное материаловедение Айрапетов Д.1983
5. Шерешевский. Конструкции промышленных и гражданских зданий.
6. Архитектура Казахстана Маргулин А. Басенов Т. 1959
7. Строительные материалы Микульский В. 2000
8. Бетон и архитектурная форма Суздальцева А. 1972
9. Бетон и железобетон в архитектуре Яшевич В. 1980
10. Кафедраның методологиялық нұсқаулары және әдістемелері
11. Сәулеттік материалтану Кулибаев А. Бишімбаев Е. Қасымов Е. Бисенов Қ.
2006
12. П.Г.Буга «Гражданские, промышленные и сельско-хозяйственные здания».
13. «Справочник строителя» В. С. Аханов, Г. А. Ткаченко,2006г.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Нормативтік сілтемелер

1.ҚРҚНжЕ 3.01-01-2006.Тұрғын үйлер.
2. ҚРҚНжЕ 2.04-01-2006.Құрылыс климаталогия және геофизика.
3.СНиП ІІ-3-79 Строительная теплотехника. Нормы проектирования.Москва,1986.
4.СНиП 2.01.07-85 Нагрузки и воздействия.
5.СНиП РК 2.03-30-2006 Строительство в сейсмических районах.
6.СНиП РК 2.04-01-2002 Строительная климатология.
7.СНиП РК 2.04-03-2002 Строительная теплотехника.
8.СНиП РК 3.02-02-2001 Общественные здания и сооружения.
9.СНиП РК 3.02-06-2000 Крыши и кровли.
10.СНиП РК 5.01-01-2002 Основания зданий и сооружений.

Анықтамалар

Бас жоспар- жоспарланатын құрылыстың,оның ішінде жоспарланатын және
територияда орналасқан үйлер мен ғимараттардың,негізгі транспорт жолдары
территорияны көгалдандыру шешімдері қарастырылатын масштаптық схема.
Іргетас- үйдің төменгі (жерасты) бөлігі,ол түскен салмақты өзіне
қабылдап,жерге жібереді.
Қабырғалар- тұрғын үйдің сыртқы қоршаған ортадан(сыртқы
қабырғалар)немесе өзге бөлмелерді бөлуге(аралық қабырғалар)арналған
конструкциялық элемент болып табылады.
Жабын- ғимараттың ең жоғарғы бөлігі, ол ғимараттың ішкі бөлігін сыртқы
атмосфералық әсерлерден қорғайды.
Терезе-бөлме ішін жарықпен қамтамасыз ететін элемент.
Есік- ғимарат бөлмелерін өзара байланыстыратын конструкциялық элемент.
Үй – бұл бір-біріне байланысты,жеке конструкциядан тұратын құрылыстық
жүйе.
Тұрғын үйлер адамдардың әрдайым немесе уақытша тұруына арналған,оған
тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер жатады.
Ғимарат- көтергіш конструкциялардан тұратын әр түрлі инжинерлік
техникалық және өндірістік процестерді орындауға, материалдарды
сақтауға,адамдардың уақытша болуына арналған құрылыстық жүйе.

Қысқартулар мен белгілеулер

БЖ-бас жоспар
ОК-терезе маркалары
ДГ-есік маркалары
ҚНжЕ-құрылыс нормалары және ережелері
Мм,М-ұзындық өлшем бірліктері
Кш-конструкциялық шешім
КЖШ-көлемдік жобалық шешім
ТҮ-тұрғын үй
БҚҮ-бір қабатты тұрғын үй
КҚҮ- көп қабатты тұрғын үй

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Аз қабатты тұрғын үй.
5В072900 “Құрылыс”мамандығына арналған пәннің жұмыс бағдарламасы және оқу
жұмыс жоспары бойынша анықталды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары құрылыста үлкен
өзгерістер болды. Жаңа сәулеттік шешімдер және конструкциялар,жобалау
есептеу әдістері сонымен қатар жүк көтергіш және қоршау конструкцияларына
арналған құрылыс материалдары пайда болды. Құрылыстың мөлшерлі құжаттары
жаңартылды. Жаңа қала құрылысы және тұрғын үй ережелері күшіне енді. Аз
қабатты тұрғын үйлер құрылысы қазіргі таңда қарқынды даму үстінде.Қазіргі
таңда аз қабатты тұрғын үй Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорының
40% құрайды. Жеке жер теліміндегі аз қабатты ғимараттарды жобалау және
құрылысы өзекті болуда.
Ғылыми жаңарту ретінде заманауи құрылыс материалдарындың (жылытылған
жеңілбетон, пластикті есік терезелер, шатыр материалдары және әрлеу
матералдары) әртүрлі конструкциялық шешімдердің ғимарат жобалау барысында
мүмкіндігін қарастыру.
Негізгі мақсаты және зерттеу нысаны. Курстық жұмысты орындаудың
негізгі мақсаты теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, техникалық
мөлшерлік құжаттарды қолдана білу, функцияоналдық процестерді ескере
отырып көлемдік-жобалық шешімді қабылдаудап үйрену, заманауи
конструкциялық элементтерді жетік қолдана білу: жабын материалдары
едендер, жылытқаштар,баспалдақтар, есікпен терезелер

1 Бас жоспарға түсініктеме

Бас жоспар- жоспарланатын құрылыстың,оның ішінде жоспарланатын және
територияда орналасқан үйлер мен ғимараттардың, негізгі транспорт жолдары
територияны көгалдандыру шешімдері қарастырылатын масштаптық схема.
Бас жоспар шешімі санитарлы-гигиеналық жағдайларға,жер қорын тиімді
пайдалануға алаңдағы үйлер мен ғимараттардың рационалды орналасуы керек.
Жобаланатын үйдің ауданы соттық жерде 729,90м² жер теліміне
орналастыру жоспарланған.Жобаланатын үйді жер теліміне орналастыруда
ауданның климаттық сипаттамалары,оның күнге және желдің көп қайталанатын
салыстырмалы бағыты ескерілді.
Бас жоспарда територияны көркейту де көгалдандыру,демалыс
орындары,ойын алаңдары т.б. көрсетілген.
Територияда үй мен ғимараттарды жалғайтын ыңғайлы жолдар мен тротуарлар
жобаланған. Жолдар мен тротуарлар жабыны темір бетонды плитадан орнатылған.
Територияның еңісі териториядан жаңбыр және қар суын ағызу шараларына
сәйкес таңдалған. Териториядан су ағызу арнайы суағарлар арқылы
орындалады.

1-кесте
Бас жоспар экспликациясы
№ Атауы ауданы, м2
1 Тұрғын үй 79,30
2 Жалздық ас үй 67,94
3 Гараж 50
4 Бассейн 35

2-кесте
Технико-экономикалық көрсеткіштер
№ Атауы өлшемі саны
1 Жер телімінің ауданы м2 729,90
2 Құрылыс алаңы м2 79,30
3 Орналасу орны % 28,8
4 Көгалдандыру % 30

1.1 Функцияналдық процесс.

Жобаланған тұрғын үй бір жанұяға арнап жобаланған.Тұрғын үй екі қабатты,
жалпы өлшемі 79,30м².Жобаланған тұрғын үйде 4 тұрғын бөлме орналастырылған:
бірінші қабатта асхана қонақ күтетін бөлме, холл,жуынатын бөлме орналасқан;
екінші қабатта яғни мансардты қабатта холл, 3 жатын бөлмелері, сан. узел
орналасқан. Үйдің қосымша бөлмелері:ауызғы бөлме,коридор, болкон жатқызуға
болады. Асхана-тамақ тағайындайтын және басқа шаруашылық процестерде,азық-
түлік,ыдыс-аяқ сақтауға,тамақ ішуге арналған бөлме.Асханада өтетін
фунционалдық процестерді ескере отырып,оның едені керамикалық еденнен
жасалды.Тұрғын үйдің санитарлық торабына әжетхана, жуыну бөлмелері(ванна)
орналастырылған.

2. Көлемдік жобалық және конструкциялық шешім.
2.1. Көлемдік жобалық шешім
Жобаланған тұрғын үй бір жанұяға арнап жобаланған.Тұрғын үй екі
қабатты,жалпы өлшемі 79,30м². Жобаланған тұрғын үйде 4 тұрғын бөлме
орналастырылған:Жалпы бөлмелерде жанұяның демалуына,ауызғы бөлме
орналасқан.
Үйдің қосымша бөлмелері:ауызғы бөлме,коридор, холл, киім ілінетін бөлме
жатады. Асхана-тамақ тағайындайтын және басқа шаруашылық процестерде,азық-
түлік,ыдыс-аяқ сақтауға,тамақ ішуге арналған бөлме.Асханада өтетін
фунционалдық процестерді ескере отырып,оның едені керамикалық еденнен
жасалды.Тұрғын үйдің санитарлық торабына әжетхана, жуыну бөлмелері(ванна)
орналастырылған. Бірінші қабаттан көтерілетін баспалдақ екінші қабатқа
арнайытемірбетонды екі маршты баспалдақпен жабдықталған, марш ені
1,3м,баспалдақ алаңшасының еніні1,3м арқылы холлға шығады.Үйдің екінші
қабатында екі жатын бөлмелер жобаланды(22,9;25,7).

Ғимарат экспликациясы

№ Атауы ауданы, м2
1 Кіреберіс 5,20
2 Қонақжай 17,75
3 Асхана 9,00
4 Сан.узел 1,10
5 Ванная 3,20
6 Гардероб 2,40
7 Даліз 5,20
8 Жатын бөлме 14,40
9 Жатын бөлме 10,10
10 Жатын бөлме 7,63
11 Сан.узел 2,40
12 Балкон 3,62

2.2 Конструкциялық шешім.

Жабын қабаты-темірчерепицадан жобаланған. Темірчерепица қабаты қиылысуы
50х50 мм, адымы 500мм рейкдан төселеді. Қабаттар бетпе-бет берік
бекітіледі. Бекіту жабынды бекітпелермен темірчерепица толқынының төменгі
ойығына, 1шм-ге 6 данадан бекіту арқылы жүзеге асырылады. Баспалдақ
монолитті, 2 маршты,2 В-25 маркалы бетонды баспалдақтан тұрады. Баспалақ
марштары биіктігі 1000мм темірбетонды бағаналармен тіреп бекітілген.
Баспалдақ ені 300 мм, ұзындығы 150мм. Адым жалпақтығы оның жобалауына
жеткілікті 1000мм тең.Жобада қабылданған көлемдік жобалық шешімге
байланысты жобаланып отырған үйдің конструкциялық шешімі өңделді.

Үйдің жер асты бөлігі:

1)Іргетастар- іргетас табаны құймалы темірбетонды плиталардан құралды.
Іргетасты шөктіру тереңдігін таңдауда іргетасқа түсіретін күш ескерілді.
Тоңу тереңдігі 1,1 м болған себепті, менің іргетасымның жобадағы белгімен
тереңдігі 2,00 м болды.

2)Қабырғалар-тұрған үйдің сыртқы қоршаған ортадан, атмосфералық зиян
әсерден сақтап тұратын сыртқы қабырғалары,қазіргі кезде көп пайдаланып
жүрген кірпіштен жасалған.Себебікірпіш отқа төзімді және жылу әрі дыбыс
оқшаулағыш материал болып табылады.

Жылу техникалық есептеме бойынша сыртқы қабырға қалыңдығы 640 мм
таңдалды. Ішкі бөлу қабырғалары да кірпіштен жобаланған және қалыңдығы
380мм мен 120мм қабылданды.

3)Қабат аралық жабындар- қабат аралық жабынның көтергіш конструкциясы
ретінде темір бетон арқалықтар қолданылған. Аралық өлшемдер-плита. Екінші
қабат жабынның көтергіш элементі ретінде темірбетон қолданылды.

4)Баспалдақ- екі маршты алаңшасы бар. Баспалдақ тұтас құймалы
темірбетоннан жасалып ағашпен қапталған.

5)Еден-негізгі бөлмелерде лиманаттан,ал қосымша бөлмелер
(асхана,санитарлық торап), керамикалық плиткалардан жасалған.

Екінші қабат жабынның көтергіш элементі ретінде ағаш стропилалар
қолданылды. Жабын келесі қабаттардан жобаланды:

-ағаш тор;

-стропила;

-минералды мақта (2-қабат);

-бу айырғыш қабат (1-қабат пергамин);

-жабын;

-гипсокартон.

6) Бөлме аралық есіктер- шынылы,ДГ 24-10 маркалы, санитарлық торап,

душ техникалық бөлмелерде жабық есіктер таңдалған.

7) Терезелер-жақтаулы, толтырмалы қос шынылы, Т 20-21; Т 20-17, т.б.
маркалары таңдалған.

Темірбетон элементтерінің құрамының спецификациясы

Орны Өлшемі Сызба Жалпы саны

П1 L=3980; b=1990; h=220 10

b=640; h=200 3
Прм–1
b=640; h=150 7
Прм–2
b=380; h=210 9
Прм–3

Бірінші және екінші қабаттағы едендер- линолеум; тазалық торабы-
керамикалық плита; еден-темірбетон плитасына орналастырылады. Тазалық
торабында көрсетілген гидролиздеу -2 қабаттан ыстық битумды мастиктен
тұрады.

Еден конструкциясыЕден қабаттары Қолданылатын Функциясы
орын
Ас бөлмесі
1 – Жылу оқшаулағын линолеум;
2 – цемент-құмды стяжкасы
(15 мм); Жылу және
3 – рубероид қабаты; су
4 - цемент-құмды стяжкасы оқшаулағыш
(15 мм);
5 - керамзит (40 мм);
6 – темірбетон аралық жабыны
(220 мм);
Холл,
1 – Жылу оқшаулағыш линолеум;дәліз, Жылу
2 - цемент-құмды стяжкасы кіреберіс, оқшаулағыш
(30 мм); жұмыс бөлмесі
3 - керамзит (40 мм); (1 қабат)
4 - темірбетон аралық жабыны
(220 мм);
Жатын
1 – Мастиктегі линолеум; бөлмесі, Дыбыс
2 - цемент-құмды стяжкасы (2 қабат), оқшаулағыш
(30 мм); гардероб
3 - Біртекті дыбыс оқшаулағыш
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қабатты құрылыс
Ғимараттардың құрылыс технологиясы
Рельефті жерлерде құрылған блокталған пәтер
Сәулет - құрылыс шешімі
Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты
Коммуникалық бөлмелер
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Екіқабатты өндірістік ғимаратты жобалау
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
Пәндер