Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Теориялық бөлім
1.1. Delphi бағдарламалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2. Delphi және Object Pascal бағдаламалау тілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. TWebBrowser компоненті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Практикалық бөлім
2.1. Электрондық оқу құралын құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Delphi ОББ ортасында тестілеу бағдарламасын құру ... ... ... ... ... ... .. 17
2.3. Пайдаланушының интерфейсін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Қосымша 2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.
Borland Delphi қазіргі уақытта бағдарламаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады.Borland Delphi Windows-қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.Бұл курстық жұмыста қолданушының қосымша модульдік жобасын шешуде Windows ортасының мүмкіндіктері қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты - Borland Delphi интерактивті жобалау ортасында электрондық оқу құралы бағдарламасын құру болып табылады.Электрондық оқулық құралында Pascal-да файлдармен жұмыс істеу әдістері туралы жазылады. Сонымен қоса оқу құралы ішінде тест болады. Тест кітапты оқыған адамның сол кітаптағы материал бойынша алынған білімін тексереді.
1) Delphi визуалды бағдарламалау жүйесі, Бексарыұлы Мұратбек;
2) Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 6. – Москва -2000г.
3) Баас Р. и другие. Delphi 6. Для пользователя. - Киев, 2000г.
4) Бобровский В.А. Delphi 6. Учебный курс. - СПб, 2000г.
5) Халықова Қ.З., Бостанов Б., Тұрғынбаева А. Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері. Оқу құралы. Абай ат. ҚазҰПУ. Алматы, 2005. -301б.
6) Дарахвелидзе П., Марков E. Delphi — среда визального программирования — СПБ. ВНУ — Санкт-Петербург, 1996 г.
7) Рубенкинг H. Программирования delphi для "чайников". Киев, "Диалектика", 1996 г.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. Теориялық бөлім

1.1. Delphi бағдарламалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2. Delphi және Object Pascal бағдаламалау тілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.3. TWebBrowser компоненті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2. Практикалық бөлім

2.1. Электрондық оқу құралын құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
14
2.2. Delphi ОББ ортасында тестілеу бағдарламасын құру ... ... ... ... ... ... ..
17
2.3. Пайдаланушының интерфейсін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
Қосымша 2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26

Кіріспе

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.
Borland Delphi қазіргі уақытта бағдарламаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Borland Delphi Windows-қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Бұл курстық жұмыста қолданушының қосымша модульдік жобасын шешуде Windows ортасының мүмкіндіктері қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты - Borland Delphi интерактивті жобалау ортасында электрондық оқу құралы бағдарламасын құру болып табылады. Электрондық оқулық құралында Pascal-да файлдармен жұмыс істеу әдістері туралы жазылады. Сонымен қоса оқу құралы ішінде тест болады. Тест кітапты оқыған адамның сол кітаптағы материал бойынша алынған білімін тексереді.
Тақырыбы: Delphi бағдарламалық ортасында Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу электрондық оқу құралын жасап шығару.
Курстық жұмыстың мақсаты: Pascal тілінің файлдар және олармен жұмыс істеу операторлары туралы электронды оқу құралын құрастыру. Осы мақсатты шешу барысында төмендегі міндеттер қойылды:
1. Delphi ОББ бойынша мәліметтер жинау;
2. Pascal тілінің файлдар және олармен жұмыс істеу операторлары туралы мәлімет жинақтау;
3. Көптеген техникалық әдістемелік кітаптар оқу;
4. Жиналған материалдың ішінен ең керектісін іріктеп алу;
5. Электронды оқу құралының жасалу принциптерін меңгеру;
6. Delphi бағдарламасында электронды оқулықты құрастыру.
1. Теориялық бөлім

0.1 Delphi бағдарламалау ортасы

Embarcadero Delphi - [дэ́лф'и], кезінде Borland Delphi және CodeGear Delphi - Borland фирмасы жасаған, Microsoft Windows, Mac OS, iOS және Android-қа арналған, Delphi (бұрынғы Object Pascal) бағдарламалау тілінде жазылатын интеграцияланған бағдарламалау ортасы. Қазіргі уақытта Embarcadero Technologies фирмасының қолында.
Embarcadero Delphi Embarcadero RAD Studio қолбанбалы бағдарламалар дестесінің ішіне кіреді. Сонымен қатар оның бес түрі таратылады: Starter, Professional, Enterprise, Ultimate және Architect. Embarcadero-ның Delphi-ді дамытуға жауапты басты офисі Торонто қаласында орналасқан. Ал негізі оны Ресей, Канада және Испания елдерінде жетілдіреді. Ресейде Embarcadero-ның екі офисі бар. Олар Санкт-Петербург (бағдарламаны жетілдіру) пен Мәскеу (маркетинг) қалаларында орналасқан.
Бағдарламалау ортасы Windows, Mac OS X және iOS, Android-тарда аз уақыт ішінде бағдарлама (RAD) құруға арналған. Жеңіл бағдарламалау тілі мен аз уақытта delphi-кодты машиналық кодтқа айналдыру арқасында операциялық жүйемен төмен деңгейде қатынасуға, CC++ тілдерінде жазылған фреймворктар мен кодттарды қолдануға болады. Жасалған бағдарламалар бөтен бағдарламаларға тәуелді емес. Мысалы, Microsoft .NET немесе Java Virtual Machine. Жадты бөліп беру мен бостау пайдаланушының коды арқылы қадағаланады. Ол бір жағынан кодтың сапасына қатаң бақылау жасайды, екінші жағынан қиын, жауап қайтаруы тез бағдарламалар жасауға болады.
2006 жылдың 8 ақпанында Borland еншілес CodeGear компаниясына бөлініп берген бағдарламалау құралдары мен InterBase деректер базасының серверімен айналысатын бөлімді сататынын жариялады. Кейін, 2008 жылдың 1 шілдесінде ол Embarcadero Technologies компаниясына сатылды. Қазіргі уақыттағы рет бойынша 22-ші нұсқасы Delphi XE8 деп аталады. Ол Embarcadero RAD Studio XE8 қолданбалы бағдарламалар дестесінің құрамына кіреді. Бұл нұсқасына Delphi және C++ бағдарламалау тілдері кіреді.
Borland Delphi-дің (кейін Delphi 1 атымен танымал) бірінші нұсқасы 1995 жылы шығарылып, Windows 3.1-ге 16 разрядты бағдарламалар жасауға арналған. Ол RAD жүйелерінің ең алғашқысы болған.
RAD (ағл. rapid application development - жылдам бағдарламалар жасау) - бағдарламалаушыға барынша тез компьютерлік бағдарламалар жасауға мүмкіндік беретін технологиялық процессті жасауға, бағдарламалауды ыңғайлы және жылдам етуге ерекше көңіл бөлетін бағдарламаларды жасау концепциясы.
Практикалық анықтамасы: RAD - бұл жобалаудың дәстүрлі әдісіне қарағанда сапалы және тез бағдарлама жасау үшін жасалған жобалау процессінің тіршілік кезеңі. RAD XX ғасырдың аяғынан кең қолданылыста. RAD концепциясын кейде визуалды бағдарламалау концепциясымен салыстырылады.
Программа негізінен екі бөлімен тұрады.
1. Borland Delphi программалау тілі.
2. Paradox берілгендер қоры.
Курстық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім, қазіргі таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі.
Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін беріп отыруда пайдаланды.
Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келеді.
Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) -- берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның Paradox 1, Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты бірнеше нұсқалары бар.
Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді.
Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері -- Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual -- көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі -- кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі -- онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.

0.2 Delphi және Object Pascal бағдарламалау тілдері

Delphi бағдарламалау тілі -- Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Дельфы қаласының аты өнер қамқоршысы және даналық құдайы Апалон атымен байланысты болған. Аңыз бойынша Апалонның үйі Дельфыда орналасқан екен. Оның абыздары, келгендерге күн ілгері не болатыны жайлы болжаулар айтумен айналысыпты. Қазіргі кезде қаланың орны ғана қалған. Осы ежелгі есркетркішке қарағанда Delphi- жүйесі бугінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады.
Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылы жасаған болатын. жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады.
Дельфи (Delphi) -- Borland фирмасы Турбо-Паскал тілінің негізінде жасаған. Программалаудың бұл тілі көбінесе клиент-сервер технологиясы бойынша деректер базасымеи жұмыс істеудс пайдаланылады. Delphi - де негізгі күні қолда бар программаны барынша көп қайталап пайдалануға жұмсалады. Бұл құрастырушыларға бұрын дайын болған объектілерден қолданбаларды жасауына, сондай-ак өздерінің жеке объектілерін әзірлеуіне мүмкіндік береді.
Delphi кезінде Object Pascal деп аталған. Delphi 7-ден бастап құжаттамаларда Object Pascal сөзінің орнына Delphi қолданыла бастады.
Object Pascal (ағл. Объекттік Паскаль) - 1986 жылы Apple Computer фирмасындағы Никлаус Вирттан кеңес алған Ларри Теслердің тобымен жасалған бағдарламалау тілі. Ол Apple Lisa компьютерінде қолданылған, бұрын Clascal деп аталған Pascal-дың ескі объектіге-бағытталған нұсқасынан пайда болған.
Borland-тың Object Pascal-ының Turbo Pascal-ға қарағандағы өзгерістері енді екі топқа бөлінетін символдық, нақты және жолдық типтерді қамтыды:
Фундаменталды (fundamental) типтер. Олардың жадтағы көрсетілуі (таңбаның бар болуымен бит саны) қатаң бекітілгеді және кез келген операциялық жүйелер мен компьютерлік платформаларға арналған Object Pascal-дың барлық келесі нұсқаларында өзгертілмейді.
Рулық (generic) типтер. Олардың жадтағы көрсетілуі бекітілмейді және белгілі бір операциялық жүйе мен компьютерлік платформа үшін ұтымды тәсілмен жасалады.
Object Pascal - Турбо Паскаль бағдарламалау тілінің дамуының нәтижесі. Ал Turbo Pascal Паскаль тілінен дамыған. Паскаль толығымен процедуралық бағдарламалау тілі болған. Турбо Паскаль 5.5-ші нұсқасынан бастап Паскальға объектіге-бағытталған қасиеттер қосты.
Object Pascal тілі Delphi бағдарламалау тілі және стандартты Pascal тілінің объекті - ориентирленген кеңейтілуі болып келеді. Delphi жүйесі визуалды бағдарламалау мүмкіндігін VCL визуалды компонеттердің библиотекасы көмегімен қамтамасыз етеді.
Визуалды компоненттердің библиотекасы (Visual Component Library, VCL) қосымшаларды тез өңдеуге арналған көптеген кластарды құрайды. Библиотеканың элементтері Object Pascal - да жазылған, сондықтан ол интегралданған Delphi қосымшасының өңдеу ортасымен тығыз байланысты. VCL де негізінен визуалды емес компененттерден тұрады, және визуалды компоненттер, және де TObject абстракті кластан бастап басқа да кластар бар. Барлық компонентер - бұлар кластар, бірақ барлық кластар компоненттер емес.
VCL - дің барлық кластары иерархияның анықталған сатысында орналасқан және кластың ағашын құрайды.
Object класы - барлық Object Pascal класының жалпы тегі (атасы) ол иерархияның тамырында (түбірінде) орналасады. Бұл класс абстактілі болып келеді және барлық ұрпақтар кластары үшін жалпы әдістер қолданылады. Негізгі әдістерін атап өтейік:
* Create - объектіні кұру
Destroy - объектіні жою (өшіру)
Free - Create әдісімен құрылған объектіні өшіру, бұл уақытта Destroy әдісі де шақырылады.

Сурет 1 - Иерархия класының фрагменті
Бұл әдістердің көпшілігі ұрпақ класында қайта анықталады. TPersistents, TComponent, TControl көптеген кластардың атасы болып келген. Көрсетілген кластарға негізінде жалпы қасиеттері, әдістері және оқиғалары (события) кіреді.
TPersistents класы ағымнан icкe қосылады және ағымға сақталатын қасиеттері бар объектілер үшін абстракты болып келеді. Ағымның механизмі жадымен жұмыс істеу үшін қолданылады. TObject кластың әдісіне қосымша болатын TPersistents класы бір объектіден екінші объектіге алаңды және қасиеттерді беруге мүмкіндігі бар Assign әдісіне ие.
TComponent класы -- барлық компоненттерге негіз; өзінің атасының әдісіне қосымша болып, оның басқа компоненттеріне ие болатын құралдарды қамтамасыз етеді. Формаға кез келген компонентті орналастыру нәтижесінде, ол басқа компонентке тиісті болады (негізінен формата).
Компонента құру барысында, ол оған тиісті компоненттерді автоматты түрде құрылуын қамтамасыз етеді, ал оны жою барысын оған тиісті барлық компоненттер автоматты түрде жойылады.
TComponent класы келесі қасиеттерін белгіленген:
oo Components - тиісті компоненттер тізімі;
oo ComponentCount - тиісті компоненттердің саны;
oo Componentlndex - тиісті компоненттер тізіміндегі компонент номері;
oo ComponentState - ағынды компоненттің жағдайы;
oo Name - компоненттің аты;
oo Owner - компоненттің иесі.
Tag - компонентпен сақталынатын бүтін мәні TComponent компонентінің кейбір әдістері:
oo Destroy Components - барлық тиісті компоненттерді жою (бұзу);
oo Destroying - тиісті компоненттің жойылғаны (бұзылғаны) туралы хабар беру FindCoraponent - Component тізімінен компонентті табу (іздеу).
Тілдің сөздігі
Сөздер келесі түрлерге бөлінеді:
Кілттік сөздер (ключевые, заразервированные)
Стандатты идентификаторлар
Қолданушының идентификаторлары
Кілттік сөздер тілдің құрама бөлігі болып келеді. Редактор кодында кілттік сөздер қалың (полужирный) шрифтпен бөлінеді, Мысалы,
And
Array
As
Asm
Begin
Case
Class
Const
Constructor
Destructor
Div
Do
Downto
Else
End
Except
Exports
File
Finalization
For
Function
Goto
If
Implementation
In
Inherited
Inline
Interface
Is
Label
Library
Finally
mod
nil
not
object
of
or
out
packed
procedure
program
property e
raise
record
repeat
resource string
shl
Кесте 1 - Кілттік сөздер
Стандартты идентификатор келесі анықталған тілдің өңдеуші конструкциясын көрсету үшін қызмет етеді:
oo Мәліметтердің типі;
oo Тұрақты (Констант);
oo Процедура және функция.
Стандартты идентификаторлары бағдарламада кейбір стандарттармен байланысқан. Оларға:
Absolute
Abstract
Assembler
Automated
Cdecl
Contains
Default
Dispid
Dynamic
Export
External
Far
Forward
Implements
Index
Message
Name
Near
Nodefault
Override
Packade
Pascal
Private
Protected
Public
Published
Read
Readonly
Register
Reintroduce
Requires
Resident
Safecall
Stdcall
Strored
Virtual
Write
Writeonly

Кесте 2 - Стандартты идентификаторлар
Қолданушының идентификаторы белгінің атын, тұрақты (констант), айнымалы, процедура, функция және мәліметтер типін белгілеу үшін қолданылады. Бұл аттар бағдарламашының (программист) өзі береді және ол келесі ережелерге сай келу керек:
Идентификатор әріп немесе санмен (цифр) құрылады;
Идентификатор барлық уақытта әріппен басталады, тек 0 - 9999 диапазонында орналасқан бүтін сан болатын белгі кірмейді;
Идентификаторда кіші және бас әріптерді қолдануға болады, компилятор оларды бірдей қабылдайды. Арнайы символдарды пайдалануға болмағандықтан оларды әдемілік үшін басты әріптермен жазуға болады. Мысалы, NumberLmes немесе btnOpen.
Бағдарламада екі идентификаторлардың арасына ең кемінде бір бөлгіш (разделитель) болуы керек.
Delphi бағдарламалау ортасының жетінші нұсқасынан кейін Object Pascal бағдарламалау тілі ресми түрде Delphi деп аталатын болды. Object Pascal бағдарламалау тілі басқа бағдарламалаушылармен дамытылып және қолдау тауып жатыр.
2.1 TWebBrowser компоненті

Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасы қолданушыға Windows операциялық жүйесінде үйлестірілген қосымшалар құруға мүмкіндік береді. Қазіргі қосымшалармен жұмыс барысында міндетті түрде оның анықтамалық материалдарымен жұмыс істеуді қажет етеді. Қазіргі бағдарламалардың көбінде HTML форматындағы мәліметтермен жұмыс қажет. Сондай мәліметтерді оқу үшін Microsoft Internet Explorer құрамына кіретін WebBrowser компоненті, Delphi-да ActiveX TWebBrowser компоненті қолданылады.
Сондықтан, ол Internet Explorer орнатылған барлық компьютерлерде жұмыс істейді. Windows-тың соңғы нұсқаларында бұл компонент стандартты түрде дестеге қосылған.
TWebBrowser-ді өз бағдарламаңызда қолдану үшін Internet менюінен сол компонентті формаға орналастырасыз. Сосын оның ішінде HTML бетін шығару үшін оның Navigate амалын шақырыңыз.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
Flags, TargetFrameName, PostData, Headers: OleVariant;
begin
WebBrowser1.Navigate('http:www.bo rland.com', Flags,
TargetFrameName, PostData, Headers);
end;
Navigate амалына берілетін параметрлерді толығырақ қарастырайық.
Алғашқы болып берілетін параметр қай жерден жүктелу керек екенін көрсететін URL-дағы жол болып табылады. Internet Exlporer-да қолжетімді барлық протоколдар қолданылады. Мысалы, file: - файлды жүктеу, res: - ресурстан жүктеу.
Қалған параметрлер міндетті түрде керек емес және олар қосымша мәліметті жіберу үшін қызмет етеді.
Flags - келесі жалаулардан тұратын биттік маска болып саналатын бүтін сан: 1 Ресурсты жаңа терезеде ашу; 2 Бетті көріп қойғандар журналына қоспау; 4 Бетті кэштан жүктемеу; 8 Бетті кэшқа сақтамау.
TargetFrameName - бет жүктелетін фреймға ат береді.
PostData - HTTP POST әдісімен серверден сұрау үшін мәліметтер береді. Егер бұл параметр бос болса, GET әдісі қолданылады.
Headers - HTTP-ға қосымша тақырып береді.
PostData параметрлердің ішінде ең қызықтысы болып табылады. Өйткені ол форманы толтырғаннан кейінгі алынған мәліметтерді POST HTTP-транзакциясын қажет етіп тұрған Web-Server-ге жіберуге мүмкіндік береді.

Мысалы, келесі код Delphi-дағы формада толтырылған адам аты мен оның құпия сөзін серверге жібереді:
var
LoginDialog: TLoginDialog;
Flags, TargetFrameName, PostData, Headers: OleVariant;
S: String;
...
with TLoginDialog.Create(Application) do
try
if ShowModal = mrOk then
begin
S := Format('UserName=%s&Password=%s',
[Edit1.Text, Edit2.Text]);
PostData := VarArrayCreate([1, Length(S) + 1], varByte);
System.Move(S[1], VarArrayLock(PostData)^, Length(S) + 1);
VarArrayUnlock(PostData);
Headers := 'Content-Type:
applicationx-www-form-urlencoded'# 10#13;
WebBrowser1.Navigate('http:intran etserversecretpage',
Flags, TargetFrameName, PostData, Headers);
end;
finally
Free;
end;
Web-Server-де бұл сұрау келесі ASP - скрипттпен өңделуі мүмкін:
Dim sConnect
Dim sUserName
Dim sPassword
sUserName = Request.Form("User")
sPassword = Request.Form("Pass"
sConnect = "Provider=SQLOLEDB.1;Persist Security Info=True;" & _
"Initial Catalog=Katren;Data Source=DBSERVER;" & _
"Password=" & sPassword & _
";User ID=" & sUserName
Session("ConnectString") = sConnect
Мәліметтер алынғаннан кейін қолданушыға онымен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. TWebBrowser-дың функцияларының көбі IOleCommandTarget интерфейсіне қосылудың жеңіл әдісін қамтамасыз ететін ExecWB әдісі арқылы қолжетімді.
Осы әдістің түрі:
procedure TWebBrowser.ExecWB(
cmdID: OLECMDID; команда идентификаторы
cmdexecopt: OLECMDEXECOPT; орындалу параметрлері
var pvaIn, қосымша параметрлер,
pvaOut: OleVariant командаға тәуелділер
); safecall;
CmdID ShDocVw.pas файлында анықталған OLECMDID тұрақтыларының бірі бола алады.
Cmdexecopt параметрі келесі төрт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Бағдарламалау тілдері” пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру
Delphi-де «Инженерлік калькулятор» құру
«Айналатын жұлдыз бағдарламасын» құру
Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
Си бағдарламалау тілі
Электрондық оқулықтың құрылымы
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
«Жұлдызнамалық күнтізбе» бағдарламасын құру
DELPHI ортасында мәлметтер қорымен жұмыс жасау
Object pascal тіліндегі объетілі-бағытталған бағдарламалау
Пәндер