Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы



1. Тұрақты даму деген не?
2. Тұрақты дамудың деңгейлері
3. Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар
4. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық
«Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)
«Орнықты даму» терминінің пайда болу тарихы
«Орнықты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.
Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған.1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар басталды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы

Орындаған: Амангелді Жасұлан
Қабылдаған: Дармағанбетова Клара

Қызылорда, 2015ж

Жоспар:
1. Тұрақты даму деген не?
2. Тұрақты дамудың деңгейлері
3. Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар
4. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық

Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)
Орнықты даму терминінің пайда болу тарихы
Орнықты даму термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.
Орнықты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы -- 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған.1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар басталды.
1980-ші жылдары орнықты даму термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды. Гру Харлем Брундтланд - 1980-ші жылдары Норвегияның қоршаған ортаны қорғау министрі, кейіннен Премьер-министр, қазіргі уақыта - Халықаралық денсаулық ұйымының атқарушы директоры.
1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және орнықты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді. Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады:
Анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын:
Орнықты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадай емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды бағдарлау және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі.
Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.
Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:
· Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;
· Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;
· Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.
Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады.
Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты - биосфераны қорғау және сақтап қалу.
Қазіргі кезде экология ерекше маңызға ие .Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын пайдалнуды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады.Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемі пайдалануға итермелейді.
Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеу керек, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Осыған байланысты алдыңғы кезекте, табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың обьективтік-экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Осылар қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып нақты істерге көшуге итермелеуі тиіс.
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық даму кезеңдерінде орын алып отырды.
Өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың nабиғатқа кері әсерінің нәтижелері, ғаламдық сипатқа ие болды.
Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе - теңдікті бұзбай, милиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Адамзат қоғамының үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.
Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, оладың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамның алдында тұрған экологиялық мәселеллер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды.Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі- биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр.
Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген lамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.
1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы Біздің жалпы болашағымыз атты есебінде Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет Тұрақты даму концепциясы ұсынылды.
1992 жылдың маусым айында Рио - де - Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы Біздің жалпы болашағымыз атты конференциясы Тұрақты даму конференциясын және ХХІ ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек:
· Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау.
· Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
· Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.
· Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.
· Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация)
· Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;
· Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет.
· Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес;
· Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;
· Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;
· Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру
· Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою
· Радиоактивті қалдықтарды жою
· Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі
· Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру: Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа-райының өзгеруінің, ресурстарды пайдалану артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтасыз етуі керек. Экологиялық білім беру - адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
Сонымен қатар конферецияда мәлімдеме мен екі концепция - климаттың өзгеруінің алдын алу мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен ретінде қарастыру керек.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты белгіленді. Республика президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді.
1992-1998 жылдары аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып, ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.
Қазіргі кезде экономикалық мәселелерді интеграциялау іс- шаралары ісдестірілуде.
· Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз етуді ету;
· Суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
· Жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биоогиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс - шараларды қабылдау;
Билогиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданады.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:
· Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
· Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;
Тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері Қазақстан Республикасының экоогиялық қауіпсіздік концепциясында қарасатырылған (Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қажеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық, экоклогиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың біртұтастығы сақталатын антропогенді факторлардың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы байқалып отыр.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау дамыту жатады.
Жалпы тұрақты дамуды тежейтін, экологиялық қауіп төндіретін антропогенді табиғат әсері. Қазіргі кезде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым - қатынасы күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы, адамның табиғатқа жүргізетін ықпалын күшейтті. Әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптаса бастады. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игерілді. Табиғат заңына бағынбаймыз, оны өз игілігімізге қолданамыз, бермесін тартып аламыз деген көзқарас пайда болды. Мұның барлығының жер бетіне тигізген әсерін табиғаттың өзіне тән құбылыстардан - табиғи өзгеріс пен, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық дағдайдың өзгеруі, әсіресе ғылыми- техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас- талқанын шығарған 1953- 1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. Кеңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының күрт дамуына байланысты табиғат мәселлелерін ескермей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөліп, ал табиғаттың реркшелігін ескермей, көптген зиян әкелгенін енді ғана біліп отырмыз.
Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:
1. Шикізат көзі
2. Адам күші
3. Су ресурстары
Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде. Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы 182 миллион гектар жайылымның 110 миллионы (60 %) әр түрлі деңгейде зиян шегіп отыр. Миллиондаған гектар орманды алқаптар жойылып кетті. Ауыл экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалыптасқан жүйесінің бұзылуына байланысты болып отыр. Мәселені шешуде Елбасының ауыл мәселесін күн тәртібіне қоюы халықтың қызу қолдауын тапты. Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия , мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да қатты әсер етуде.
Жыл сайын Қазақстан су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 миллиард м3 ағын су құйылады, 3 млн. Тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. Қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа ба шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде. Республикадағы қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік:
Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына - Каспий маңы ойпаты, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, құрылыс материалдарымен және тағы да басқа салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облытары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер - Табиғи ортаның мұнаймен ластануы, адам денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде.
Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік аймағына - Шығыс Қазақстан облысының аудандары жатады. Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті және қара металлургия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған аймақ. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер - қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградацияға ұшырауы айқын көрінуде. Тек Өскемен бойынша әуе кеңістігіне тарайтын 60% осы түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне тиеді.
Солтүстік Қазақстан өнеркәсіптік аймағына - Республикамыздың солтүстігі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақтағы мәселе азық- түлік және жеңіл өнеркәсібі маңызды орын алады. Мұндағы экологиялық мәселелер халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына орасан зор әсер етуде. Жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 миллион АҚШ доллар, ауаның ластануы 266 миллион АҚШ долларды құрайды. Егістік жерлеріміздің улы химикаттармен ластануы да заңды алаңдаушылықты тудырады. Ауыл шаруашылығының зиян кестеріне қарсы күресте биологиялық және агрохимиялық әдістерге баяу көшуіміз кері әсер етуде.
Аталған фактілердің барлығы Қазақстандағы экологиялық жағдайының нашарлығын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан үкіметі қоршаған ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін берік құқықтық іргетас қалайтын құжаттардың кең шеңберін әзірледі және қабылдады.
Негізгі түсініктер: тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар.
Тұрақты дамудың деңгейлері - локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.
Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі - процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе - теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.
Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш салу қажеттілігін ХХ ғасыр басында В.Н. Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым - қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе - теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;
3. Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).
Аталған бағыттарды іс жүзінде асыру, біршама шамаларды қарастырады, олардың ішінде атап көрсетсек, экономикасы дамыған елдердің артта қалған мемлекеттерге қаржылай және техникалық көмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы жөніндегі технологиялық шешімдер, қоғамның қажеттілігін экологиялық таза өнімдерге бұру мақсатында экономиканың салаларына құрылымдық өзгерістер жасау, экологиялық бағыттағы халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғауда халықаралық жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын енгізу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы стратегиясының рөлі
Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Аймақтық экономикалық құралдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы ақпарат
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Қазақстандағы экономикалық өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы
Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайындағы жұмыспен қамту
Пәндер