Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Заңды фактілер . жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгерту, тоқтату негіздері;
2.2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының және пайдалану құқығының пайда болу негіздері. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы;
2.3. Жер учаскесін тәркілеу. Жер учаскесіне меншік құқығының және өзге де құқықтардың тоқтатылуының негіздері;
2.4. Жерге ақы төлеудің негіздері. Жер учаскесінің базалық ставкалары және учаскесінің кадастралық құны;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетiмiздiң басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтiк қолайлы негiзi болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процесi жер қатынастарын түбегейлi өзгерту және мемлекеттiң тiкелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердiң негiзгi өндiрiс құралы, аумақтық кеңiстiктiң негiзi және маңызды табиғи объект ретiнде жердiң басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлi меншiк нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгiзу және жердi заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектiсi ретiнде тану қажеттiлiгiн объективтi түрде туындатып отыр. Қазiргi кезде жердiң экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметiнiң және өмiрiнiң негiзi. Жердiң экономикалық қасиетi-мен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер – қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс.
1. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: БОРКИ, 1997. 295 бет.
2. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.
3. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы, 2005.
4. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы. 2001.
5. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N442 Кодексі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері

Орындағын: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Мадиярова А.С.

Алматы 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Заңды фактілер - жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгерту, тоқтату негіздері;
2.2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының және пайдалану құқығының пайда болу негіздері. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы;
2.3. Жер учаскесін тәркілеу. Жер учаскесіне меншік құқығының және өзге де құқықтардың тоқтатылуының негіздері;
2.4. Жерге ақы төлеудің негіздері. Жер учаскесінің базалық ставкалары және учаскесінің кадастралық құны;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер - табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетiмiздiң басты байлығы - оның экономикалық және әлеуметтiк қолайлы негiзi болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процесi жер қатынастарын түбегейлi өзгерту және мемлекеттiң тiкелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердiң негiзгi өндiрiс құралы, аумақтық кеңiстiктiң негiзi және маңызды табиғи объект ретiнде жердiң басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлi меншiк нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгiзу және жердi заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектiсi ретiнде тану қажеттiлiгiн объективтi түрде туындатып отыр. Қазiргi кезде жердiң экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметiнiң және өмiрiнiң негiзi. Жердiң экономикалық қасиетi-мен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер - қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс.
Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшiн келесiдей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудiң ерекше пәнi, ерекше реттеу әдiсi, құқықтық реттеудiң жүйеленген қайнар көздерi, өзiндiк қағидалары және жеке құқық саласына бөлiп шығаруға деген қоғамның мүдделiгi. Жер қатынастарының экономикалық, әлеуметтiк және эколо-гиялық мәнi жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пәнi ретiнде тануға негiз болады. Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, әкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық және өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледi. Сәйкесiнше, аталған жер құқық қатынастар тобын реттеу әдiсiнiң ерекшелiгi, яғни, жер қатынастарының субъектiлерiне әсер етудiң ерекше үйлесiмдiгi бар. Жер құқығының жүйеленген қайнар көзi 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Жер кодексi және жер заңнамасының жүйесiн қалыптастыратын нормативтiк-құқықтық актiлердiң жиынтығы. Жер құқық қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын құқық қағидалары осы аталған заңнама жүйесiнде тiкелей көрiнiс тапқан. Ал, ендi жер құқығының дербес құқық саласы ретiнде қызмет етуi - тұрақты даму жағдайында, жердi азаматтық айналымға енгiзу жағдайында тұрған, қазiргi уақытта елiмiздiң жерiн ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегi қоғамның мүдделiлiгiн айқындайды.
Рефераттың тақырыбы жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгерту және тоқтатылу негіздері. Жұмыстың мақсаты жер пайдалану құқығына байланысты сұрақтарға жауап беру. Сервитут ұғымына тоқталу. Жұмыс кіріспеден, 4 бөлемшеден тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1. Заңды фактілер - жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгерту, тоқтату негіздері;
Жер пайдалану құқығы -- жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;
2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;
4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;
5) жеке және заңды тұлғалар.
Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимумобъектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу,сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау -- бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану -- келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.
1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
2. Меншiк құқығының субъектiлерi:
республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы;
Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.
Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.
Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.
Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
2.2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының және пайдалану құқығының пайда болу негіздері. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы;
Жерге мемлекеттік меншік
1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.
2. Мынадай жер учаскелерi:
қорғаныс және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
Кодекстiң 128-бабының 4-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, орман қорының жерi;
Кодекстiң 133-бабының 2-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, су қорының жерi;
магистральдық темiр жол желiлерi мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда, елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi жеке меншiкте бола алмайды.
Жердің қандай да бір санатқа тиесілігі жерді аймақтарға бөлуге сәйкес нысаналы мақсатына және рұқсат етілген пайдаланылуына қарай айқындалады.
3. Азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне және жер пайдалануына:
тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;
ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар;
жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральды құбырларды, байланысты, жер қойнауын пайдалануды энергетиканы дамыту үшін белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және (немесе) құрылыстың бекiтiлген құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олардың жобалық игерiлуiне дейiн жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшiн уақытша пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.
5. Кодекске сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi жеке меншiкте бола алатын жағдайда, оларды азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:
1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;
2) ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;
3) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;
Жеке меншік құқығын іске асыру
1. Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.

2. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.

Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.

3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығыныі тоқтатылу негіздері:
1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;
2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан;
3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.
2. Меншiк иесiнен жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз алып қоюға:
1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген;
2) жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;
3) Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда, мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған;
4) радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесі оның меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан, құны тең жер учаскесі беріле отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;
5) тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.
3. Жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:
1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;
2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы;
3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы.
Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту:
1. Меншiк иесi бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқығын сақтау ниетiнсiз одан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан бас тарта алады.
Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Меншік иесі жер учаскесіне меншік иесі құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.
Мұндай жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепте болған кезінде басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.
3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.
2.3. Жер учаскесін тәркілеу. Жер учаскесіне меншік құқығының және өзге де құқықтардың тоқтатылуының негіздері;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен өтеусiз алып қойылуы мүмкiн.
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында көзделген тiзбеге сәйкес тәркiленбеуге тиiс.
Тәркiленген жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкке қайтарылады. Тәркiлеу объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатылуы немесе одан әрі пайдаланылуы мүмкiн.
Жер құқығының институты ретiнде - жердi алып қоюмен және оның салдарынан туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтiн нормалардың жиынтығын құрайды. Жерге меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылу негiзi ретiнде - бұл заттық құқықтардың күштеп тоқтатылуы. Бұл ретте алып қоюдың барлығы аталмыш құқықтардың тоқтатылуына негiз болмайды. Жер қорын басқару фукциясы ретiнде - мемлекеттiк органдардың меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын оны қайта бөлу мақсатында тоқтатуға негiзделген заңи маңызы бар әрекет-терiнiң жиынтығы.
Жауапкершiлiк шарасы ретiнде, жер учаскесiн алып қою жер-құқықтық жауапкершiлiк жүйесiнде ерекше жағдайларда қолданылады. Жер құқықтық жауапкершiлiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тіркеу
Құқықтық мәміле
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жылжымайтын мүліктің азаматтық – құқықтық режимі
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ
Жер құқықтық қатынастары
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Пәндер