Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдары



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Жергілікті өкілді органдардың түсініг және қағидалары;
2.2. жергілікті өкілді органдардың өкілеттіліктері және қабылдайтын актілері;
2.3. Жергілікті атқарушы органдардың жүйесі, түсінігі, құрылу тәртібі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;
2) Мемлекеттік атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы;
2. Қазақстан Республикасының 1995 жылығы 30 тамыздағы Конститутциясы
3. 1991-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. Қазақстан Республикасы ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 90-96 б.
4. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. – Алматы, 2007, — 408 бет.
5. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы, Алматы-2008 ж.;

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдары

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.

Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Жергілікті өкілді органдардың түсініг және қағидалары;
2.2. жергілікті өкілді органдардың өкілеттіліктері және қабылдайтын актілері;
2.3. Жергілікті атқарушы органдардың жүйесі, түсінігі, құрылу тәртібі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;
2) Мемлекеттік атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Атқару билік өкметінің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі -- атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан -- Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Рес-публика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде дайындап, іске асыру, конституция мен заңдар талабын іс жүзіне асыру міндеті жүктелген органдар жатады.

2.1. Жергілікті өкілді органдардың түсінігі және қағидалары;
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

2. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды.

3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.

4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту;

2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;

3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау;

4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;

5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

5. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

6. Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.

Мәслихаттарды құру тәртiбi
1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.

2.2. Жергілікті өкілді органдардың өкілеттіліктері және қабылдайтын актілері;
Мәслихаттардың құзыретi
1. Мәслихаттардың құзыретiне:
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;
3) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
4) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
4-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
7) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;
8) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
9) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
10) бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру;
12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы атағын беру қағидаларын бекіту;
12-3) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады.
2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін бес жылға қызметке тағайындау, сондай-ақ оларды қызметтен босату жатады.
2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.
2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту жатады.
2-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.
3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.
3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орман пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін эмиссия үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер мөлшерлемелерін бекітеді.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Мәслихаттың актiлерi
1. Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады.
2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi.
4. Мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.
5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылады.
Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады.
2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
3. Мәслихат:
1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;
5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
Мәслихат депутаты
1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
1. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) Алынып тасталды.
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) тиiстi әкiмдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
2. Депутат:
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.
3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік беріледі.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
4. Мәслихат депутатына осы баптың 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
1) мінеу;
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету.
5. Жазалар тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында олардың қолданылуы туралы ақпарат жариялана отырып, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қолданылады.
Жазалардың нақ сол бір теріс қылық үшін қайтадан қолданылуы мүмкін емес.
2.3. Жергілікті атқарушы органдардың жүйесі, түсінігі, құрылу тәртібі;
Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесеауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.
Әкім -- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін,тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілік Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жұйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатьн тиісті аумақты дамыту мүлделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) әкімшілікті облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады.
Әкім облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімшілікті -- алқалы орган,ол занды тұлға болып табылмайды.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімшілігі заңдарға сәйкес: облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті,сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншікті басқарады,оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасы өндірісітік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын,облыс орталығын,республикалықмаңызы бар қалалық және астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рүқсат береді; әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынады;су қүбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады;ҚР жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өз қүзіреті шегінде табиғат пайдаланылуын бақылауды, табиғат қорғау объектілерінің қүрылысы мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады; облыстық маңызы бар жолдарды ұтымды пайдалануды және күтіп үстауды қамтамасыз етеді;мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; ауданаралық(қалааралық)жолаушылар көлігі қатынасын үйымдастырады; белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді;азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; халықты жүмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жүмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрып салттарын дамытуға жәрдемдеседі;өздерінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаладық республикалық маңызы бар қаладағы аудандық астанадағы аудандық) әкімшіліктер жұмысын үйлестіреді;Қазақстан Республикасы зандарына сәйкес тиісті мәслихат қарауына қарыз алу жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдар құрады;мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, облыстық(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімің Премьер-Министрдіңұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентіқызметке тағайындайды. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасы Президенті қызметтен босатады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктіңмемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Өзін-өзі басқару жүйесі
АҚШ-ТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Жергілікті атқарушы органдардың түсінігі
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Сот немесе құқық қорғау органдары
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ МЕХАНИЗІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІ ЖӘНЕ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ
Пәндер