Табиғат объектілеріне меншік құқығы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Табиғат объектілеріне меншік кұкығының ұғымы;
2.2. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны;
2.3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері;
2.4.Табиғат объектілеріне меншік нысандары, табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.
1. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2005.
2. Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1995.
3. Оспанова Г. С. Экология: оқулық/ Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. - Алматы: Экономика, 2002
4. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 9.01.2007 ж. // "Егемен Қазақстан", 2007 жылғы 19 қаңтар, N 12-13.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 27.12.1994 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Табиғат объектілеріне меншік құқығы

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Шуланбекова Г.К.

Алматы 2015ж.

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Табиғат объектілеріне меншік кұкығының ұғымы;
2.2. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны;
2.3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері;
2.4.Табиғат объектілеріне меншік нысандары, табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
1)меншік құқығын беру;
2)еншік құқығын басқаға беру;
3) меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1) мемлекеттік органдардың актілері;
2) азаматтық-құқықтық мәмілелер;
3) ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2) меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3) ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.
Табиғи ресурстарды пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері - адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңында табиғи ресурстарды пайдалану - бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы - бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы - бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
Табиғатты жалпы пайдалану - бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени - эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру.
Табиғатты арнайы пайдалану - мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.Уақытша- мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.

2.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының ұғымы
Табиғат объектілері туралы айта отырып, біз еліміздің табиғи ресурстарының бәрін пайымдай аламыз. Казақстан Республикасы бүкіл дүние жүзіндегі табиғат ресурстары босалқы қоры жағынан ең бай елдердің бірінен саналады. Бұл орайда, табиғат ресурстарын өндіру түтастай алғанда бүкіл экологаялық жүйеге теріс әсер ету мүмкін екенін әсте де ұмытуға болмайды, өйткені жиынтығында табиғат объектілерінің өзі (жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфера) экологиялық жүйенің негізгі кұрамдас бөлігі болып табылады. Табиғат объектілерінің азаматтық айналымдағы әдеттегі заттар мен мүліктен өзгешелігі өзінің айрықша белгісі болады. Атап айтқанда, олардың пайда болуы өндіріспен немесе адамның өнер табысымен байланысты болмайды, табиғат ресурстарын табиғаттың өзі табиғи әдіспен жасайды. Тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге бүкіл ғаламшарда қолайсыз экологиялық ахуалды ескере отырып, адамзат экологиялық жүйенің табиғи теңгерімін жасауға және сақтауға қалайда ұмтылып бағады. Осымен байланысты, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің мемлекетіміздің құқық доктринасы ұлттық игілік ретінде табиғат объектілерінің тұжырымдамасы деп аталатын ауқымдарға негізделіп, дамуда.
Ұлттық игілік ретінде табиғат объектілері ұғымы кеңестік кезеңдегі табиғат ресурстарына жалпы халықтық меншік деп аталатын идеологиялық ұғыммен бірдей емес. Егер табиғат объектілерін жалпы халықтық меншік деп есептейтін болсак, онда мұндай көзқарас заңдық мағынасынан айрылған болар еді және ол қате көзқарас болар еді, өйткені кез келген жағдайда заңдық тұрғыдан табиғат ресурстарының меншік иесі мемлекет болып табылады.
Мемлекет, заң шығарушы, атқарушы және сот оргаадары атынан билікке ие бола отырып, табиғат ресурстарын мейлінше ойдағыдай басқарып, халықтың кажеттерін қанағаттандыра және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды қоса алғанда, экологиялық кұқық тәртібін қамтамасыз ете отырып, бүкіл халықтың мүдделері үшін табиғат ресурстарының құқықтық режимін анықтау міндетін шеше алады.
Заңда ұлттық игілік ретінде табиғат ресурстарының құқықтық режимі табиғат объектілерін тек кана мемлекеттің меншігіне жатқызу арқылы реттеледі. Алайда, кандай да бір табиғат ресурстары немесе олардың бір бөлігі жеке меншікте болуы мүмкін. Атап айтқанда жер өзінің айрықша қасиеттеріне ие болады, бұл оны табиғаттың басқа объектілерінен өзгешелейді. Өндірістік қасиеттерінен басқа, жер инфрақұрылымның объектілерін салу мен дамыту үшін қажет. Осымен байланысты, Қазақстан Республикасында жердің жеке меншікте болуына жол беріледі. Бұл жағдай нарықтық экономиканы дамыту үшін аса маңызды алғышарт болып табылады.
Табиғаттың баска объектілеріне, атап айтқанда жер қойнауына, суға, орман мен жануарлар дүниесіне катысты айтар болсақ, онда оларға жеке меншік орнату тиімсіз болады. Жеке меншікте болатын жер учаскелерінде орналасқан жабық с утоғандары, сондай-ақ жасанды ормандар өскен, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жеке орман қоры бұған жатпайды.
Мемлекеттің меншігі жеке меншік алдында ешқандай да басымдыққа ие болмайды, мұның қай-қайсысы да тек қожайынына ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс, бұл ҚР-сы Конституциясының 6-бабында өзінің көрінісін тапты, онда былай делінген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.
Жалпы, меншік туралы айта отырып, меншік институты заң ғылымындағы ең көне институттардың бірі болып табылатынын айту керек және ол өзінің бастауын бүкіл адамзат дамуының таң шапағынан алған. Кез келген адам қоғамы меншіктің қандай бір нысанына ие болуды көксейді және атап айтқанда, меншік өндірісті арттыру мен бүкіл нарықтық экономиканы дамыту үшін қозғаушы күш болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы немесе тағы да оларды табиғат ресурстары деп атайтынындай, тек экологиялық кұқықтың мәнін құрап қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық, азаматтық, аграрлық, тау-кен, су, орман және жер құқығы сияқты құқықтың бірқатар басқа да салаларын құрайды.
Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек.
Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан норматавтік құқықтық акгілерде баянды етілген, экологиялық құқық катынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.
Екіншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі.
Табиғат ресурстарының негізгі объектілері және табиғаттың осындай объектілеріне меншік құқығы негіздерінің өзі ҚР Конституциясында баянды етілген. Айталық, ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес, жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Сонымен бірге, ҚР Азаматтық Кодексінің 193-бабында былай делінген: Жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады. Жер заң актілерінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы да мүмкін.
ҚР Азаматтық Кодексінің 1-бабына сәйкес, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі катынастарға азаматтық зандар, егер мұндай мүліктік құқық қатынастары табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы зандармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Меншік құқығының азаматтық заңда баяңды етілген жария жалпы анықтамасы бар, ол жоғарыда аталып өткендей экологиялық кұқыққа да қолданылады. ҚР Азаматтық Кодексінің 188-бабында былай делінген: Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Алайда бұл заңдылық абсолютті болып табылмайды, мемлекет нормативтік құқықтық актілерін шығару арқылы меншік құқығының өзін, сондай-ақ табиғи ресурстардың меншік иесі жасауы мүмкін іс-қимылдарды да шектей алады. Мысалы, жеке меншікте қорғаныс мұқтаждары және мемлекет қауіпсіздігі үшін орналасқан жер учаскелері бола алмайды. Сондай-ақ жер учаскелерін ұзартылған мерзімге алған адамдарға учаскенің сатып алу бағасын толық төлегенге дейін мәмілелер жасауға (сатуға, жалға беруге немесе өтеусіз пайдалануға, шаруашылық жүргізетін субъектілердің жа-ғылық капиталына салым немесе жарна ретінде беруге) тыйым салынады. Жеңілдікті бағамен ұзартылған мерзімге сатылған жер учаскесімен мәміле жасауға кұқыққа оның сатып алу бағасын толық төлегеннен кейін он жыл өткен бойда жол беріледі.
Табиғи ресурстарды иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарынан басқа меншік иесіне табиғат объектілерін ұтымды пайдалануды, оларды қорғау мен қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.
2.2. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны
Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы.
Иелену кұқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілеріне ие бола отырып, мемлекет мұндай табиғат объектілеріне қол жеткізуді шектеуі не жалпы тыйым салуы мүмкін. Мысалы, ҚР "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумакгарда азаматгардың болуы оларды қорғау режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес шектеледі және осындай аумақ туралы жеке-дара ережелермен реттеледі. Қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың төңірегіне осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және қалпына келтіруге теріс ықпал ететін осы аймақтар шегінде кез келген кызметке тыйым салына отырып қорғау аймақгары белгіленуі мүмкін.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның кажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген белгілі бір ережелердің ауқымында жүзеге асырылады, ол ережелерді сақтауды арнайы құрылған уәкілетті мемлекеттік органдар қадағалайды. Табиғат объектілерін экологиялық пайдаланғаны үшін салық және өзге де төлемдер мемлекеттік бюджетке алынады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерінің заңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілерінің заңдық мәртебесін нысаналы мақсатына қарай мемлекет анықтайды және өзінің санаттары болады. Табиғат объектілерін санаттандыру іс жүзінде барлық табиғат ресурстарына катысты орын алады жөне табиғат объектілеріне билік етудің бірінші кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелердің және селолықелді мекендердің жері); 3) өнеркәсіп, көлік, байла-ныс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мөдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер.
Пайдалы қазындылар екі санатқа бөлінеді: 1) жалпы таралған пайдалы қазындылар, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді (жұмыр тас және қиыршық тас, құм қоспасы, кұм, саз балшық, саз балшықты жыныстар, құмдақ, қабыршақ және т.б.); 2 ) жалпы таралған пайдалы қазындылар санаттарына жатпайтын пайдалы казындылар (мұнай, газ және т.б.).
Су объектілері мына мақсаттарға санаттандырылған: 1) ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта сумен жабдықгау; 2) сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы су; 3) жалпы және арнайы су пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін су объектілерін пайдалану; 4) өнеркәсіп пен жылу-энергетика мұқтаждары үшін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану; 5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы күрес мүқтаждары үшін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану; 6) балық және аң аулау шаруашылықтарын жүргізу үшін су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану.
Табиғат ресурстарына билік етудің екінші кезеңі пайдалануға, жалға беруге және жеке меншікке бөлу және беру болып табылады.

2.3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және кандай да бір объектінің кімдерге -- мемлекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады. Меншік құқығын алудың жалпы негіздері заң актілерінде белгіленген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат объектілеріне меншік құқығы талаптары
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экология құқығы түсінігі
Сот тәжірибесінде қоршаған ортаны қорғау және ұтымды табиғатты пайдалану сұрақтары
Жеке тұлғалар
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер