Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі;
2.2. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар;
2.3. Экологиялық мониторингті жүзеге асырудың тәртібі;
2.4. Экологиялық бақылаудың түрлері мен міндеттері;
2.5. Табиғат пайдалану үшін салықтар;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.
1. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2005.
2. Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1995.
3. Оспанова Г. С. Экология: оқулық/ Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. - Алматы: Экономика, 2002
4. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 9.01.2007 ж. // "Егемен Қазақстан", 2007 жылғы 19 қаңтар, N 12-13.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 27.12.1994 ж.
6. Демина Т.А. «Экология, природопользование, охрана окружающей среды.», М.. 2003 ж.
7. Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Шуланбекова Г.К.

Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі;
2.2. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар;
2.3. Экологиялық мониторингті жүзеге асырудың тәртібі;
2.4. Экологиялық бақылаудың түрлері мен міндеттері;
2.5. Табиғат пайдалану үшін салықтар;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.
Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган -- Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП -- БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.
ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:
Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.
Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.
ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде -- қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

2.1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі;
Қазақстанның нарықтық қатынастарының қалыптасуы мен тығыз ұштасуы жағдайларында дүниежүзілік экономикаға ықпал етудің экономикалық әдістеріне негізделген шешімдер қабылдау талап етіледі. Мысалы, табиғат пайдаланудың тұрақты экологиялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экономиканың ықпалын азайту арқылы ресурстық- экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру жолымен барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу кджет.
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің мақсаттары төлемдер жүйесін қалыптастыру мен табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдаланудың тұрақты экономикалық негізін құру, сондай-ақ мемлекеттің мүдделері мен табиғат пайдаланушылардың мүдделерін экономикалық жағынан қорғау болып табылады.
Экономикалық әдістер мыналарға бағытталған: шаруашылық қызметінің субъектілері материалдық шығынды анықтау арқылы өзінің шаруашылық қызметінде қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүдделі болуы керек. Сөйтіп, экологиялық қатынастар субъектілеріне ықпал етудің экономикалық әдістерінің жүйесі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыруға жәрдемдеседі. Осы көзқарасты сондай-ақ Б.В.Ерофеев те ұстанып отыр, ол былай деп есептейді: "Қоршаған ортаны экономикалық жағынан реттеу заңның экологиялық талаптарын сақтауда экономикалық мүддені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады".
Табиғат қорғау қызметінің тиімділігі қаржы ынталылығын жасаумен анықталады, ал табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау шаралары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жүргізуге ынталандырудың өзі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың көмегімен жүргізілуге тиіс.
Экономикалық тетік ұғымына келетін болсақ, М. М. Бринчук былай деп есептейді: "Табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегенннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың заңда көзделген экономикалық шараларды қамтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады"[2]. Сондай-ак, инновацияларды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды енгізу, неғұрлым тиімді, алдыңғы технологияны дамыту мен енгізу.
В. В. Петровтың пікірі бойынша, экономикалық тетіктің кұрамына тұрақты жұмыс істейтін институттар, оларсыз калыпты қызмет атқара алмайды, сондай-ақ нарықтық қатынастарға көшетін катынастар негізінде пайда болған жаңа институттар жатады[3]. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес, табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сипаттамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді.
1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.

2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:

1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;

2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;

3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;

4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;

4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;

5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;

6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;

8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн;

9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады.

3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.

4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi
Қоршаған ортаны қорғау мынадай негiзгi:
адамның өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмiрi, еңбегi мен демалысы үшiн қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтiру;
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуi, адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерi мен проблемаларын теңдестiре отырып шешу;
экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру;
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшiн кезең-кезеңмен ақы төлеудi енгiзу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгiзу;
биологиялық алуан түрлiлiктi және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк бақылау, оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң ымырасыздығы;
мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы, қызметiнiң үйлестiрiлуi, заңдылығы және жариялылығы;
шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi жағдайында өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асырудың мiндеттiлiгi;
қоршаған ортаға нұқсан келтiруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкiндiгiн бағалау;
халықтың, қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсендi түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
халықаралық құқық негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерiн сақтау негiзiнде жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi
Жойып жiберуден, бүлiнуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден:
жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсiмдiктер, жануарлар дүниесi;
табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озонды қабаты қорғалуға тиiс.
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиiс.
Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың:
белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;
қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге;
заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
3. Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi.
Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi қызметке тартуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметiне қатысуға;
экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жөнiндегi жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi белгiленген тәртiппен орындауға;
мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзудi талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйi және оны сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы дер кезiнде, толық және анық ақпарат алуға;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасаса отырып, олар үшiн шарттар бойынша заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заң жобаларын талқылауға қатысуға;
кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiру туралы сотқа талап-арыз беруге;
өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң қызметiн қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
2.2. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар;
Табиғи ортаны қорғаудың кұқықтық механизмі -- табиғат корғаудағы құқықтық қатынас нормалары талаптарынын орындалуының қамтамасыз етілуіне бағытталған қоршаған орта сапасына әсер ететін ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесі болып табылады. Механизм мақсаты: экология -- құқықтық нормалардың материалдандырылуын қамтамасыз ету. Бұл механизмнің барлық бөлігінің жұмысымен жүзеге асырылады. Оның құрылымы 4 буыннан тұрады.
Экология -- құқық механизмінің бірінші буыны -- табиғат қорғау нормалары. Олардың басты функциясы экологиялық императивтің базасын бекіту болып табылады. Механизмнің екінші буынына -- экологиялық құкық нормалары мен нормативтер кіреді. Олардың басты функциясы экологиялық императивтерді нақтылау және табиғи ортаға әсер ететін белгілі бір шаруашылық және өзге қызметпен айналысуға бағыттау. Механизмнің үшінші буыны базалық және экологиялық нормалар мен нормативтердің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдіктерден тұрады. Механизмнің төртінші буыны -- өзін құқықтық катынаста жүзеге асыратын, нормалар қозғалысының қорытынды кезеңі. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты, ол экологиялық, яғни қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын керсетеді немесе егер қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын бұзса, экологияға зиянды болуы мүмкін.
Экономика мен экологияның қарама-қайшылығы -- қоршаған табиғи ортаны қорғаудың негізгі проблемалары. Осы уақытқа дейін бұл проблемаларды әкімшілік-құқықтық әдістермен әсер ету тыйым салу, шектеулер қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын қолдану арқылы шешуге тырысқан. Егер әкімшілік-құқықтық әдісі билік және бағыну қатынастарынан туындаса, онда экономикалық механизм атқарушының нақты мақсатқа жетудің материалдык кызығушылығына негізделеді.
Экономикалык механизмнің кұрамына тұрақты әрекет ететін институттармен қатар нарық қатынастарына көшу катынастары негізіңде туындаған жаңа институттар кіреді.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмі деген тарау бар. Бұл тарауда қоршаған ортаны қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.
1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру. Коршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық және бағдарламалық нысаналы құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларына, табиғат пайдаланудың әртүрлі бағыттары жөніндегі ұлттық бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгізіледі. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру: республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер; қоршаған ортаны корғау қорларының қаражаты; экологиялық сақтандыру қаражаты; табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты; заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырылымдықтары есебінен жүргізіледі.
2. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар түрінде табиғат пайдаланушылардан алынады.
3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу. Қоршаған ортаны ластанғаны үшін төленетін ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы
органмен келісе отырып, облыстардың әкімдері бекітеді.
4.Табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу. Табиғи ресурстарды қорғау мен толықтыру үшін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығыстардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады.
5.Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиімді жүзеге асыратын занды тұлғаларға -- табиғат пайдаланушыларға субсидиялар берудің экологиялық жағынан бағдарланған саясаты мен ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
6.Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру коршаған ортаны ластаудың, және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқдғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сактандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен кұралатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы занды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніңдегі қатынас болып табылады. Шаруашылық және өзге де кызметтін экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтаңдырылуға тиіс. Міндетті сақтаңдыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологаялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдер мен белгіленеді.
7. Қоршаған ортаны қорғау қорлары. Қоршаған ортаны қорғау қорлары қоршаған ортаны қорғаудың шұғыл міндеттеін шешуді, қоршаған ортадағы шығынды қалпына келтіруді, келтірілген зияңды өтеуді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да шараларды қаржыландыру үшін құрылады. Қоршаған ортаны қорғау қорлары занды түлғалар болып табылады, әрі мемлекеттік және қоғамдық қорлар болуы мүмкін. Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорлары реслубликалық және жергілікті қорлар болып бөлінеді.
Қоршаған ортаны қорғаудың республикалық қоры жергілікті қорлардың аударған қаражаты есебінен құрылады. Қоршаған ортаны қорғаудың жергілікті қорлары қоршаған орта - ны ластағаны үшін ақы түрінде табиғат пайдаланушылардан түсетін, залалды өтеу туралы талап-арыздар бойынша алынған қаражаттан, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін салынған айыппұлдардан, аң мен балық аулаудын тәркіленген құралдарын, заңсыз алынған өнімді сатудан түскеи қаражаттан, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының зандарына кайшы келмейтін өзге де түсімдерден құралады.
Мемлекеттік қорлар қызметі, олардың қаражатын пайдалану тәртібі қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы ережелермен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау саласында:
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;
табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк экологиялық бағдарламалар әзiрлейдi, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
министрлiктердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
мемлекеттiк меншiктi басқарады, оны пайдалану жөнiнде Үкiметке жүктелген шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда табиғи ресурстарды облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды, табиғат пайдалану шарттарын (келiсiм-шарттарын) жасасады;
табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оны қолдануды тоқтата тұру және күшiн жою тәртiбiн бекiтедi;
табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi, табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекiту және жүзеге асыру, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ қоршаған ортаның ластанған учаскелерiн және оларды ластау көздерiн белгiлейдi;
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін бекітеді;
шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн, бекiтедi;
экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қорықтар, мемлекеттiк ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттiк статистиканы жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салалардағы мемлекеттiк бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар туралы ереженi бекiтедi, олардың қызмет тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудитке лицензия беру мен оны жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;
табиғат қорғау iс-шараларына жатқызудың тәртiбiн белгiлейдi;
iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн бекiтедi;
мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге жатқызу өлшемдерін бекітеді;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау саласында:
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;
табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк экологиялық бағдарламалар әзiрлейдi, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
министрлiктердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
мемлекеттiк меншiктi басқарады, оны пайдалану жөнiнде Үкiметке жүктелген шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда табиғи ресурстарды облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды, табиғат пайдалану шарттарын (келiсiм-шарттарын) жасасады;
табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оны қолдануды тоқтата тұру және күшiн жою тәртiбiн бекiтедi;
табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi, табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекiту және жүзеге асыру, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ қоршаған ортаның ластанған учаскелерiн және оларды ластау көздерiн белгiлейдi;
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін бекітеді;
шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн, бекiтедi;
экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қорықтар, мемлекеттiк ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттiк статистиканы жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салалардағы мемлекеттiк бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар туралы ереженi бекiтедi, олардың қызмет тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудитке лицензия беру мен оны жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдық-қүқықтық нысандары
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Экология құқығының дәрістері
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Табиғат пайдалану құқығы
Пәндер