Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік
ұғымы және жалпы сипаттамасы
2.2. Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы
сипаттамасы
2.3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық
жауапкершіліктің түрлері
2.4. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзумен келтірілген
зиянды өтеу
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
5. ҚОСЫМША
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығыэкологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
1. Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. - Алматы: Юрист, 2001. - 111 б.
2. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 9.01.2007 ж. // "Егемен Қазақстан", 2007 жылғы 19 қаңтар, N 12-13.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16.07.1997 ж.
4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001 ж.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 27.12.1994 ж.
6. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2005.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік.

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Шуланбекова Г.К.

Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік
ұғымы және жалпы сипаттамасы
2.2. Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы
сипаттамасы
2.3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық
жауапкершіліктің түрлері
2.4. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзумен келтірілген
зиянды өтеу
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
5. ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығыэкологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.
Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың -- мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.
Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:
* 1) барлығы барлығымен байланысты;
* 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
* 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
* 4) еш нәрсе тегін берілмейді.
Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

2.1. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік ұғымы және жалпы сипаттамасы
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Экологиялық (табиғат қорғау) заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Экологиялық құқық бұзушылық - бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады.
Қоршаған ортаға тигізген зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.
Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады:
* залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал);
* шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар).
Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, дисциплинарлық, материалдық (мүліктік), қылмыстық жазаларға тартылады.
Экология саласы бойынша мамандар 1997 жылы 15 маусымда қабылданған Қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңын басшылыққа алады. Бұл заң бойынша мемлекеттік меншікке келтірген зияны үшін әртүрлі мөлшердегі айып пұлдар төленеді.
Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн. астам теңге алынады. Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді болмай отыр. Бұл экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік институты теориясы әзірленуі деңгейінің жеткіліксіз болуымен түсіндіріледі.
Осы саладағы жауапкершілік шараларын қолдану, жауапкершілік институты жалпы белгілерінің көп болуымен қатар, ол осы заманғы құқық теориясының нормаларымен реттеле тұрса да, оның өзінің өзгеше сәттері де бар. Олар экологиялық құқықтың айрықшалығымен оның құқықты, оның құрамдас элементтерінің саласы, экологиялық құқық бұзушылықтарының ұғымы мен реттеу әдістерінің объектісі ретіндегі сипаттамасынан туындап отыр.
Жауапкершіліктің экологиялық-құқықтық институтын ғылым мейлінше жеткілікті зерттеген, бірақ Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі кезеңінде қоршаған ортаны қорғау туралы жаңа кодекстер мен заңдардың қабылдануымен ол қосымша зерттеуді қажет етеді.
Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады, ол табиғат болып табылады.
Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін - жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыдан да экологиялық жауапкершілік шараларын ретгейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамаларын және т.б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің қабылдануымен табиғаттың жекелеген объектілер үшін жауапкершілік мәселелері бір нормативтік актіге топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу деп танылады. Бұдан мынаны аңғарған жөн. Экологиялық - құқықтық жауапкершілік - бұл нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық институтының кешенді салааралық институты:
- табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бүзылуы жөнінде туывдайтын;
- құқықты бұзғаны үшін санкцияларды (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық т.с.с.) қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары1.
Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жаупкершілігінің шараларын қолдана отырып, экологиялық кұқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық жауапкершіліктің табиғатын ашады.
Б.В.Ерофеев мынаны атап көрсетеді: Заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік "болмысын" үштүрлі, бірақ өзара байланысты мәнінде қарастырған жөн:
1) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік - мемлекеттік мәжбүрлеу және заңмен жазылған талаптарды орындау; 2) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік -- құқық қатынасы, ол өзінің органдары атынан мемлекет пен құқық бұзушы арасында туындайтын қорғау қатынастары ауқымында іске асады, ол қолайсыз әрекеті үшін құқықтық санкцияларға ұшырайды; 3) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік -- мемлекет пен оның органдарының құқық бұзушыға ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың түрлерін, құралдары мен тәртібін баянды ететін заңдық нормалардың жыинтығы болып табылды2.
Осы мәндердің әрқайсысының теориялық, үйымдық және күрылымдық сипаты бар.
Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгілі бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі:
1) құқықнормаларын сақгауға, экологиялық- құқықгық нүскд-малықгарды орындауға ынталандыратын;
2) қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына келтіру;
3) жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту;
4) экологиялық құқық бұзушылықгы жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын жазалау міндеттерін орындайды3.
Сонымен, жоғарыда айтылған сипаттаманы ескере отырып, мынадай анықтаманы тұжырымдауға болады: экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік институты - кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
2.2. Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы
Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілікке тартудың негізі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі4.
Бұл анықтамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық - бұл табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды бұзатын құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік.
Қазақстан Республикасының жекелеген табиғат объектілері бойынша қолданыстағы заңнамасында жер, су, орман және т.с.с. құқық бұзушылықтардың тізбесі келтірілген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде оны жинақтайтын экологиялық құқық бұзушылықтардың тізбесі жоқ. Сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтың өзінің ұғымының сипаттамасы да берілмеген. Соған қарамастан, құқық бұзушылықтың өзінің құрамы мен түрлері болады. Экологиялық кодекстің 319-бабы бойынша, экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:
1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;
2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
3) экологиялық қылмыстар жатады.
Осы заманғы құқықтың теориясымен мыналар көзделген: құқық бұзушылықтың құрамына субъект, субъективтік жақ, объект, объективтік жақ жатады. Бұл құрамдас бөліктер экологиялық құқық бұзушылыққа да сипатты болады.
Экологиялық құқық бұзушылық субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады.
Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені оларда табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болуы мүмкін.
Табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Қылмыстық заңда көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жауапкершілігі 14 жастан басталуы мүмкін (Мысалы, ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі 187-бабы -- "Мемлекет қорғауына алынған табиғи кешендерді немесе объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру". Заңды түлғаларға, экологиялық құқық қатынастарының субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, кооперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен кәсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар рөлін атқарып, экологиялық жауапты болуы мүмкін.
Экологиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықтың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілерінде топыраққа, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі бола алмайтын құқықтар болады, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің меншік құқығы. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-бабында былай делінген: меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріңде көзделген тәртіппен қорғалады.
Су, Орман кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұлар да экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің құқықтарының заңдылығы болып табылады. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 138-бабына сәйкес "өз бетінше басып алынған су обьектілері мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт ішінде Казақстан Республикасының су заңдарының бұзылуынан келтірілген зиян өтеліп, иесіне қайтарылады. Өз бетінше басып алынған су объектілерін қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жоғарыда айтылғанның негізінде мынадай дүрыс қорытынды жасау керек: экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат ортасы, мемлекет, табиғат пайдаланушылар мен табиғат иеленушілердің мүддесі танылады.
Бұл құқық бұзудың объективті жағы кінәлі адамның құкыққа карсы әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде объективтік жағына пәрменді әрекеттер жататын баптар бар - бұл 288-бап - "Заңсыз аңшылық", 287-бап -- "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау", "Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әректтер" - 290-бап және т.б. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық құқық бұзушылықтар көзделген, олардың объективтік жағы әрекетсіздік болып табылады: қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіру және табиғи ресурстарды молайту жөнінде шаралар қабылдамау; қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс шығарулары мен тастандылары және басқа да зиянды авариялық ыкпалдары туралы хабарламау; мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарын орындамау. Мысалы, ҚР ҚК-нің "Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау" -- 294-бап.
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәлі адам жасалған қылмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне қатысымен сипатталады. Экологиялық жауапкершіліктің міндетті факторы құқық бұзушының кінәсі болып табылады. Мұнда да қолданыстағы заңнама кінәнің екі нысанын -- қасақана және абайсыздықты көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны үғынып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей қасақаналықты қарастырамыз. Егер кінәлі адам келеңсіз салдарлардың басталуына жол беретін болса, оның құқыққа қарсы әрекеттерінде жанама қасақаналық көрініс береді.
Абайсыздық дегеніміз кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиіс болған, бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді. Мысалы, отқа немесе аса кауіптің шығу көзіне ұқыпсыз қараудың нөтижесінде орман алқаптарын абайсызда жою немесе зақымдау.
Экологиялық жауапкершілік шараларын қолдану үшін экологиялық құқық бұзушылықтың барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға:
1) Жер құқық бұзушылығы;
2) Су құқық бұзушылығы;
3) Орман құқық бұзушылығы;
4) Тау-кен құқық бұзушылығы;
5) Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі кұқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары);
6) Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.
Экологиялық құқық бұзушылық түрлерінің әркайсысына жер, су, орман және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады, олардың тізбесі табиғаттың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі. Бұл ретте, экологиялық құқық бұзушылықтың бір-бірінен өзгеше ерекшеліктері болады, олар туралы объектілердің құқық бұзушылықтарын талдау кезінде төменде айтылатын болады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:
1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;
2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
3) экологиялық қылмыстар жатады (Экологиялық кодекстің 319-бабы).
Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бұзушылық экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік көзделген.
Басқа құқық бұзушылықтардан өзгеше экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшелігі табиғатқа келтірілетін зиян фактісінің болуы не оның басталуының нақты қаупі болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылықтың сипаттамасына мүндай көзқарасты көптеген ғалым-экологтар қостайды. Бірақ бұл орайда, біздің ойымызша, егер олар табиғатқа зиян келтіру фактісімен байланысты болмаса, экологиялық құқық бұзушылықтардан табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңды бұзуды бөліп қараған кезде кате қорытынды жасайды. Мысалы, "табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу" (ҚР ҚК-нің 225-бабы) сияқты қылмысты экологиялық қылмысқа жатқызбайды, өйткені табиғат объектісі ретінде суға зиян келтірмейді. Осыны табиғат объектілеріне -- сату-сатып алуға, сыйга тартуға және т.б. мемлекттік меншік құқығын бүзатын мәмілелер туралы да айтуға болады -- өйткені бұл арада да табиғатқа зиян келтіру болмайды.
Біздің ойымызша, зиян ұғымын түсініп алу керек. Табиғатқа келтірілетін зиян бірнеше мағынада түсіндірілуі мүмкін. Мысалы, Бекішеваның С.Д. пікірі бойынша, экологиялық зиянды объектілер бойынша қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтірілген зиян деп топтастыруға болады5.
Қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян мына жағдайларда:
-- табиғат ортасының қоршаған ортасының ластануы кезінде;
-- қоршаған табиғат ортасының былғанып қалуы кезінде;
-- табиғи ресурстардың таусылуы кезінде;
-- табиғат объектілерінің жойылуы, бұзылуы, зақымдануы кезінде;
-- экологиялық байланыстардың бұзылуы, табиғи ортадағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы кезінде пайда болады.
Жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтірілген зиянды экономикалық зиян және антропогендік зиян деп бөлуге болады.
Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің мүліктік құқықтары мен мүдделеріне қол сұғады. Ол мыналардан:
-- табиғаттың тауарлы өнімінің ысырабынан;
-- мүліктің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің астық түсімінің бұзылуынан, жоғалуынан;
-- пайдаланылмаған шығындардан, айырылып қалған пайдадан;
-- табиғат ортасының бұзылған жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған шығыстардан көрінеді.
Антропогендік зиян -- бұл адамның өзін қоршаған ортаның сапасының нашарлауы нәтижесінде оған келтірілген зиян. Яғни бұл адам денсаулығына келтірілген зиян6.
Сөйтіп, экологиялық құқықтың теориясында зиянды табиғаттың экологиялық және экономикалық зиянына бөліп топтастыруы бар. Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың мүліктік мүдделерін қозғайды және материалдық көрінісін білдіреді. Мұндай зиянды қалпына келтіру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктер
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Пәндер