Рим Республикасының мемлекеттік құрылысы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Рим мелекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымы;
2.2. Монархия кезеңіндегі Рим;
2.3. Рим құқығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Рим мемлекетінің тарихи кезеңдері:
1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау жəне
құлиеленушілік мемлекеттің құрылу кезеңі (б.э.д. 753 ж. Рим
қаласының негізін қалаудан б.э.д. 509 ж. соңғы патша тəкаппар
Тарквинийдің қудалауға дейінгі кезең);
2 кезең — республика кезеңі (б.э.д. 509 — 27 ж.ж.);
3 кезең — монархия кезеңі (б.э.д. 27 ж.— б.э. 476 ж.), бұл
кезең өз ішінде екі кезеңге бөлінген:
а) принципиат — б.э.д. 27 ж.— б.э.284 ж.;
б) доминат — б.э. 284 — 476 ж.ж.
Рим құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — цивильдік (квириттік) немесе азаматтық құқықтың
қалыптасуы жəне даму дəуірі. Ол кездегі рим құқығының
азаматтық деп аталатын себебі — бұл құқық тек римдік
азаматтарға ғана таралатын.
2 кезең — рим құқығының гүлдену кезеңі. Бұл кезде
цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық пайда болады,
оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп
шықты, бұл құқық римдік азаматтар мен шетелдік азаматтар
арасындағы, сонымен қатар Рим мемлекетінің аумағында өмір
сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген.
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан.
1. Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000;
2. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.;
3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.;
4. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ
Тақырыбы: Рим республикасының мемлекеттік құрылысы

Орындаған: Иргебекова Ф. Б.
Тексерген: Турсынкулова Д. А.

Алматы 2016ж.
ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Рим мелекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымы;
2.2. Монархия кезеңіндегі Рим;
2.3. Рим құқығы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Рим мемлекетінің тарихи кезеңдері:
1 кезең -- алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау жəне
құлиеленушілік мемлекеттің құрылу кезеңі (б.э.д. 753 ж. Рим
қаласының негізін қалаудан б.э.д. 509 ж. соңғы патша тəкаппар
Тарквинийдің қудалауға дейінгі кезең);
2 кезең -- республика кезеңі (б.э.д. 509 -- 27 ж.ж.);
3 кезең -- монархия кезеңі (б.э.д. 27 ж. -- б.э. 476 ж.), бұл
кезең өз ішінде екі кезеңге бөлінген:
а) принципиат -- б.э.д. 27 ж. -- б.э.284 ж.;
б) доминат -- б.э. 284 -- 476 ж.ж.
Рим құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең -- цивильдік (квириттік) немесе азаматтық құқықтың
қалыптасуы жəне даму дəуірі. Ол кездегі рим құқығының
азаматтық деп аталатын себебі -- бұл құқық тек римдік
азаматтарға ғана таралатын.
2 кезең -- рим құқығының гүлдену кезеңі. Бұл кезде
цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық пайда болады,
оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп
шықты, бұл құқық римдік азаматтар мен шетелдік азаматтар
арасындағы, сонымен қатар Рим мемлекетінің аумағында өмір
сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген.
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің
негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде
рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған.
Рулық ұғымының негізі əлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды
əкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тəн
сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз
билігі табылған.

2.1. Рим мелекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымы;
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған.
Он ру əскери жəне діни бірлік болып табылатын курияны
құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды-
тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге жəне плебпийлерге
бөлінген. Патрицийлар -- бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке жəне
мұрагерлік тəуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы
болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша
-- Рекс тұрған. Ол əскер басы, жоғарғы абыз болған жəне
ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің
лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші
орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құрал-
ған. Сенат қоғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мə-
селелерді талқылаған, мұндай мəселелерге байланысты ше-
шімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат
патшаны сайлауға да əсер еткен. Аса маңызды органдардың
бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы
мүшелері -- əскери қызметті орындай алатын ер адамдардан
құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олар-
дан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде
патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган --
бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып
авгурлар, понтификтер жəне фициалдар алқалары табылған
(авгурлар тұлғалардың əрекеттері туралы өз қорытындыларын
əртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понти-
фиктер əдет-ғұрыптарды сақтаушы жəне түсіндіруші болған,
фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған).
Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің
аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары əсер етті, олардың
мəні мынада болды:
А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын
мүліктік жағдайына қарай бес топқа бөлінген, бұл бөлініс
плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;
Ə) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды --
центуриаттық комициялар;
Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгі-
зілді, яғни, рим халқының бөлігіне айналды жəне қоғамдық
жердің бөлінісіне иеленетін болды;
В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге -- трибаларға, ал
қала шеті -- он жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық
комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттағы қау-
лыларды шығару құқығына иеленді.
ə) Республика кезеңіндегі Рим
Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27
ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: респуб-
ликаның қалыптасу жəне нығаю кезеңі (б.э.д. VI-IV ғ.) жəне
римдік құл иеленушілік мемлекеттің гүлдену жəне құлдырау
кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі
(б.э.д. III-I ғ.ғ.).
Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша
римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған, алайда
құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дəрежеге жеткен
жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған.
Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен
плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши
түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси жəне азаматтық
құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим
республикасының құлауының негізгі себебі болған.
Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық
органдар -- халық жиналыстары болған, олар центуриаттық,
трибуттық жəне куриаттық комициялар түрінде ұйымдасты-
рылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да
мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.
Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі
түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы
магистрат -- консулдардың, преторлар мен цензорлардың
сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық
комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен пле-
бейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары "популис-
цит" деп аталды) жəне арнайы плебейлік жиналыстар (олардың
қаулылары "плебисцит" деп аталды). Куриаттық комициялар
тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады жəне
уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған
30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды.
Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы
кеңесуші орган ретінде саналған, алайда өте үлкен маңызға ие
болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін
жəне қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері "сенатус --
консульт" деп аталған.
Магистратуралардың жүйесіне Рим мемлекетінің өкілі бо-
луға жəне оның атынан сот өндірісі мен басқару саласында
мемлекеттік əрекеттерді жүзеге асыруға өкілетті лауазымды
тұлғалар кіретін. Магистратуралардың қызметі мен оны
ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:
-- сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыс-
тарында жүзеге асатын);
-- алқалық (бір лауазымға бірнеше магистрат сайланатын,
олардың əрқайсысы толық билікті иелене отырып, өздеріне
қарасты мəселелерді шешкен);
-- жауаптылық (диктатор, цензор мен плебейлік трибун-
дардан басқа магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде
халық жиналысының сатына тартыла алатын);
-- мерзімділік (барлық магистрлер 1 жыл мерзімге, ал цен-
зорлық 5 жылға сайланатын);
-- ақысыздық (магистраттар өз жұмысы үшін жалақы ал-
майтын).
Магистратуралар ординарлық жəне экстраординарлық бо-
лып бөлінеді. Ординарлық магистратуралардың басында екі
консул тұратын. Ординарлық магистратуралардың құрамында
келесі лауазымдар болған:
Преторлар -- консулдардың көмекшілері, цензорлар -- Рим
азаматтарын триболарға, разрядтарға жəне центурияларға бөлу
мақсатында ценздерді орнықтыратын, эдилдер -- полициялық
міндеттерді жүзеге асырған, квесторлар -- консулдардың
арнайы мамандануы жоқ көмекшілері, плебейлік трибуналар
-- плебейлердің мүдделерін қозғаушылар жəне төменгі
магистраттар -- қылмыстарды тергеумен айналысқан.
Не соғыспен, не топтық күрестің өршуімен байланысты
қандай да бір төтенше қиындықтар уақытында сенат консулға
алты айдан аспайтын мерзімге диктаторды тағайындау туралы
тапсырма беретін. Диктатор тағайындалған соң барлық ор-
динарлық магистратуралар экстраординарлық магистратура-
ларға айналып, диктатордың өкілеттіктері мерзімінде толы-
ғымен оған бағынатын. Бұл кездегі диктатордың билігі шексіз
болатын.
Рим əскері. Əскери қызметті бес разрядқа енген барлық
азаматтар өтейтін. Оған тек толыққұқылы, кем дегенде 11000 асс мүліктік цензге ие азаматтар жіберілетін, əскерлер өзде-
рінің мүліктік цензіне сəйкес əскердің əртүрлі түрлеріне бөлі-
нетін. Əскерді консулдар цензорлардың құрастырған тізімде-
рінің негізінде жинақтайтын. Соғыс əрекеттері аяқталған соң
əскер таратылатын.
Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс
жерлері, провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын,
бұрын консул мен претор болып табылған магистраттар бас-
қаратын.Олардың латын жергілікті жерлердегі билігі шексіз болатын.

2.2. Монархия кезеңіндегі Рим
Римдегі құлиеленушілік монархияның тарихын екі кезеңге
бөлуге болады: принципат жəне доминат.
Принципат кезеңінде əлі де республикалық мекемелер
қызмет етеді, алайда олар өздерінің бұрынғы мəнін жоғалтады.
Барлық магистратуралардың басына жаңа лауазымды тұлға
принцепс келеді. Бұл шексіз мерзімге (өмір бойына) сайла-
натын жоғарғы республикалық магистрат төтенше билікке ие
284 жылдан бастап Римде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим мемлекеті
Рим мемлекетінің пайда болуы
Ежелгі Греция
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Ертеректегі Рим республикасы
Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Көне Рим
Мемлекет типологиясы және формалары
Мемлекет нысаны туралы
Пәндер