Мінез психологиясы.Қабілет және дарындылық



1. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер.
2. Мiнез бiтiстерi.
3. Мiнез түрлерi мен типтерi.
4. Мiнездiк бiтiс асқынуы.
5. Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi.
6. Мiнез жəне адамның жас сатылары.
Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады.
1. Левитов Н.Д. Психология характера. М., 1969 (1826, 4254, 5786, 117127, 332377 беттер).
2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т.2. М., 1989 (211235 беттер).
3. Стихов И.В. Психология характера. Саратов 1970, (380 беттер).
4. Бодалев А.Л. Психология личности. М., 1988, (1124 беттер).
5.Галин А.Л. Личность и творчество. Новосибирск, 1989 (733 беттер).
6.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекции. М., 1988, (257280 беттер).Личко А.Е. Психология и акцентуация характера у подростков. Л., 1983 (610 беттер).
7.Буянов М.И. Ребенок из неблогополучной семьи. Записи детского педиатра. Книга для учителей и родителей. М., 1988 (190199 беттер).
8.Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. Книга для учителей и родителей. М., 1997 (3565 беттер).
10.Норакидзе В.Г. Методы исследования характера. Тбилиси, 1989 (618 беттер).

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институты

СӨЖ
Тақырыбы: Мінез психологиясы.Қабілет және дарындылық

Орындаған:Сабденбеков М, Жұмаділда Д.
Тобы:113-25
Қабылдаған: Райымбек Л

2015.ж
Жоспар
1. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер.
2. Мiнез бiтiстерi.
3. Мiнез түрлерi мен типтерi.
4. Мiнездiк бiтiс асқынуы.
5. Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi.
6. Мiнез жəне адамның жас сатылары.
1. Мiнез жөнiнде түсiнiк
Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi.Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк бағытбағдарын құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне, қызығуларына, нанымсенiмдерiне, мұраттарына ж.т.б. негiз болады. Бағытбағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол жоспарды iске асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн белгiлей алады. Мiнезге орай адамның дүние талғамы, өмiр мəнi, белгiленген мақсатмүдделерiнiң, əрекет қылықтарының себептерi ашылады.Мiнездi дұрыс түсiнуде адам үшiн маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешушi мəнге ие. Əр қоғамның өзiне сай маңызды да мəндi мiндеттерi болады. Мiне осы мiндеттердi iске асыру барысында мiнез қалыптасады. Кейiн солар тұрғысынан тексерiледi, бағаланады. Сондықтан да мiнез қандай да адам қасиетiнiң (төзiмдiлiк, өжеттiк т.б.) көрiнiсi ғана болып қоймастан, қоғамдық мəнi бар iсəрекетке болған бағытбағдар сипатын аңдатады. Осыдан мiнездiң тыңғылықтылығы, бiргелкiлiгi адамның өмiрлiк бағытбағдары негiзiнде нақты бiр қалыпқа келедi. Мiнез қалыптасудағы басты шарт өмiрлiк мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы босбелбеулiк, мiнезсiздiктiң белгiсi. Солайда болса, жеке адам мiнезi мен оның бағытбағдары екiталай нəрсе. Алдыңызға ақ көңiл кейiппен келген адамның бiрi iзгi ниеттi де, ал екiншiсi жауыз болуы мүмкiн. Жеке адам бағытбағдары оның барша əрекетқылығына iз бередi. Əрдайым қылық осылай болсын деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының бiртұтас жүйесiне негiзделедi, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мiнезiне белгiлi сипат ендiредi.Қалыпқа түскен мiнезде адамның нанымсенiмдер жүйесi жетекшiлiк етедi. Тиянақты көзқарас наным адамның өз iсəрекетiн ұзақ мерзiмдi бағытбағдарға сай белгiлеп, мақсатқа жетуде жiгерiлiлiктiң, орындап жатқан iсiнiң дұрыс та маңызды екенiне сенiмдiлiк туғызады.Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен тығыз байланысты, бiрақ оның бұл қызығулары мəндi əрi тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстiрт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестiгiнiң кемдiгi мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез теңдiгiн аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл тұлғаларды айыруға болады.Мiнез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзi қалап шұғылданған iстерiнен де танылуы мүмкiн. Мұндай қызуғалар тұлға мiнезiнiң жаңа, ерекше қырларынан хабардар етедi. Мысалы, ұлы ғалым химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерiнiң небiр əйгiлi көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткiзген; атақты тiл ғалымы Əбдуəли Хайдари демалыс уақытында қазақы ертұрман, қамшы жəне т.б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған; ғұламатүркiтанүшы академик Рахманкүл Бердiбай колы босаса, күйшiлiк өнермен айналысады. Адамның рухани немесе заттай қажеттiлiктерiнiң қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезiмдерiнiң ғана емес, сондайақ iсəрекетiнiң де бағытбағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нəрсе iсəрекеттiң алға қойылған мақсатқа тiкелей сай болғаны, себебi адам не iстеп жатқаны немесе не iстейтiнiне қарай бағаланбайды, əңгiме сол iстi қалай орындайтынында. Осыдан мiнез калпы адамның бағытбағдары мен iсəрекет кейпiнiң бiрлiгiнен келiп шығады.
Мақсатқа жетуде бағытбағдар бiрдейлiгi болғанымен, əр адам өз жолын таңдайды, өзiне қолай, қайталанбас əдiстəсiлдердi пайдаланады. Осы дербестiктен адам мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi ықпалға ие мiнез бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн таңдауда айқын жүз бередi. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттiгiн туындатқан ықылас, ниет көрiнiсiнiң деңгейiн (табандылық, шешiмдiлiк, жүректiлiк немесе ерiксiздiк, қорқақтық, күдiкшiлдiк ж.т.б.) мiнез бiтiсi деп тануға болады. Осыған байланысты кей адамдар күмəнсiз табыс қамтамасыз ететiн əрекеттердi (ынта бiлдiру, жарысқа түсу, тəуекелге бел байлау ж.т.б.) таңдап алады, ал екiншiлерi сəтсiздiктен қашуды көздейдi (жауапкершiлiк алмайды, жүрексiнедi, ықыласы мардымсыз ж.т.б.).
2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер
Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр жағдайларындағы əрекетқылығын болжастыру мақсатында əрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, өмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, əрекетқылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:Жұлдызнама(гороскоп) адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың əрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тəн əртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы, кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар таутеке, яғни мұндайлар өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.Физиогномика(phisis табиғат, gnomon бiлу) адамның сыртқы келбетiне жəне сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тəн мiнез ерекшелiгi оған таңылады. Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан да қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас шашты адам үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам ержүрек, батыл ж.т.б.Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз, отырыстұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.Хиромантия(сһеіг қол, тапііа бал ашу) адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.Дерматоглификабармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.Графологиямəнерлі əрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
3. Мiнез бiтiстерi
Адам мінезі сан алуан. Бұл ісəрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы шапшаң, екінші асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер мiнез бiтiстерi деп аталады. Қандай да бітіс əрекетқылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде əдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам əдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен əдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық əдетінде көрінеді. Бірақ əдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну əдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тəн қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал əдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылықəрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын əрекетқылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві əрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Əрқандай мəнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны əрекет тұрақты қасиет ке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылықəрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған ісəрекеттерді ұйымдастырудан басталады.Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарамақарсылықтарында көрінеді: күштіəлсіз, қаталжұмсақ, тыңғылықты өзара қайшы, кеңтар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез əлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші жəне екінші деңгейлі қасиеттердің дəрежесімен анықталады. Қасиеттердің бəрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе қайшылықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, ісəрекеттерінің жанжақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам əлемдегінің біріне қызығып, бəріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы мінезі тар адамдар өзінөзі шектеуге бейім, ниет əрекеттерінің өрісі өте елеусіз.Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де əрқилы, тіпті қарамақарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нəзік мəдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тəуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық ұстамсыздық, қозғалғыштық салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тəуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда əрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректiлiктi дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшiлiкпен тез тiл табысып кете алмайды, т.с.с.Мiнезi тұрақталған адамда темперамент дербес əрекет көрiнiсi болудан қалып, мiнез бiтiстерiне сай əрекетқылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға көмектеседi. Мiнез жəне темперамент бiтiстерi адамның бiртұтас келбеткейпiнде өзара байланысқа түсiп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын бередi.Мiнезбен ерiк арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда мiнездi адам жəне еркi күштi адам сөз тiркестерiн бiр мəнде түсенемiз. Ерiк, көбiне, мiнез күшiмен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мiнезiнiң күштiлiгiн айта отырып, ондағы ерiктiк сапалар мен мақсат берiктiгiн ескеремiз. Бұл тұрғыдан адам мiнезi ерiк сапаларын қажет ететiн қиын жағдайларда, үлкен кедергiлердi жеңуде көрiнедi. Алайда, мiнез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда əрқилы өмiр жағдайына орай ерiк əрекетiнiң қызметiн бағыттаушы мазмұн бар. Бiр жағынан, ерiктiк əрекеттерде мiнез қалыптасады əрi көрiнедi, адам үшiн маңызды ситуацияларда ерiк мiнезге ауысып, тұрақты қасиет түрiнде бекидi; кейiн осы қасиет адам қылығы мен ерiктiк əрекеттерiне ықпал етедi. Ерiктi əрекет əруақыт мақсатына орай нық, тұрақты жəне табандылығымен ерекшеленедi. Екiншi тараптан, еркi бос адамды көп жағдайда мiнезсiз деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиiс, еркi бос адамның да қандай да мiнез бiтiстерi баршылық: қорқақтық, жүрексiздiк, сенiмсiздiк ж.т.б. Мiнезi айқын болмағандықтан адамның iсəрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкiн емес. Мұндай адамда оның қылықəрекетiне жетекшiлiк еткендей дербес бағытбағдар жоқ. Оның əрекеттерiнiң бəрi өз билiгiнде болмай, тысқы ықпалдарға тəуелдi.Мiнезерекшелiктерi адамның сезiмдiк процестерiмен байланысты, əрi бұл байланыс өзара ықпалды. Бiр тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттiк сезiмдердiң даму деңгейi адамның iсəрекетi мен қатынасына жəне бұлар негiзiнде қалыптасқан мiнезге тəуелдi. Екiншiден, осы сезiмдердiң өздерi тұлғаға тəн тұрақты ерекшелiктерге өтiп, адам мiнезiн құрайды. Борыш сезiну, əзiлдi көтеру, т.с.с. күрделi сезiмдердiң болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.Адамның мiнез бiтiстерiнде ақылой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдiгi мен жүйрiктiгi, қалыптан тыс мəселелердi қоя бiлiп жəне оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенiм бəрi адам мiнезiнiң ақылдық қорының белгiсi. Ал осы ақыл қабiлетiн пайдалануда бағыт таңдау тiкелей мiнезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бiрақ (мiнез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндiрмейтiн адамдар аз емес.Мiнез құрастырушы көптеген қасиеттер бiртұтас, олар даралап, шектеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қабілетін дамыту
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Балалардың дарындылығын бақылау
Талантты және дарынды бала
Пәндер