Мемлекеттік бюджет туралы ақпарат



КІРІСПЕ

1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ
БЮДЖЕТ ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және бюджет жүйесінің
негізгі принциптері
1.2 Мемлекеттік бюджет қатынастарын реттеу

2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
МЕХАНИЗМІ
2.1 Мемлекеттік бюджет табыстарының экономикалық мәні, құрамы
және жіктелуі
2.2 2008.2010 жылдарға мемлекеттік бюджеттің табыстар бөлімін
жоспарлауды талдау
2.3. Мемлекеттік бюджет табысын реттеу механизмі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджет қаражаты - мемлекеттiк меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi.
Бюджет қаражатын алушылар - мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бөлiгiнде бюджет қаражатын пайдаланатын, жеке және заңды тұлғалар, шаруа немесе фермер қожалықтары, үкiметтiк емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететiн, оның iшiнде азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыру шеңберiнде қаржылық қызметтер көрсететiн тұлғалар.
Бюджет процесi - бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау, түзету жөнiндегi, бюджет есебi мен есептiлiгiн жүргiзу, мемлекеттiк қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген қызмет.
Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң түсiмдерi болып табылады.
Мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз байланысты екі үрдіс пайда болады: біріншісі, мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру; екіншісі, әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану.
Бірінші үрдіс - мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса, екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
1 «Қазақстан Республикасының Конституциясы» ҚР Заңы, 1995ж. 30 тамыз (1998ж. 7 қазандағы өзгертулер және толықтырулармен)
2 Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. //Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан 2008жыл.
3 «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы, 2008 жыл 4 желтоқсан.
4 Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары (сәйкес жылға) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы.
5 Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы.
6 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы қағида.
7 Бабич A.M., Павлова Л.Н. Государственные и муниципальные финансы: Учебник для вузов. — М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999. - 687с.
8 Вавилов Ю.Я. Государственный долг. Учебное пособие для вузов. — М.: Перспектива, 2000. - 101с.
9 Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Кахазстана. - Алматы: Каржы- каражат, 1995.
10 Омирбаев С.М. Налоги и налогооблажение. Учебное пособие. Караганда, КарГУ, 1999.
11 Омирбаев С.М. Финансы. Учебное пособие для вузов. -Астана:2003.
12 Ілиясов Қ.Қ; Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. Алматы - 2003ж.
13 Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования. — М.: Финансы и статистика, 1996.-224с.
14 Булгакбаев Б. Налоги, которые мы выбираем и от которых бежим: [Налоговая система в Казахстане] // Юридическая газета - 2003 г. - 17 июля.
15 Дуканич Л. В. «Налоги и налогообложение». Ростов-на-Дону. Феникс. 2002 г.
16 Есенбаев М. Залог благополучия страны: (Налоги: территория и практика) // Финансы Казахстана - 2002 - № 4.
17 Каможнова Е. Финансовая система: какой же она должна быть? // Казахстан: Экономика и жизнь - 2003 -№3-4.
18 Мусинов С. М. Налоги с населения Республики Казахстана. Алматы: «Каржы Каражат», 2005 г.
19 "Налоги" по редакцией Д.Г. Черника. Москва 2001 г.
20 Поздняков Б. Налоги в Казахстане // Эко - 2001 №1.
21 Прохоров Е. Основы государства и права Республики Казахстан. Алматы, 2000 г.
22 Сабиров И. Налоговый кодекс: не лучше ли его доработать? [Проект] // Экспресс - 2000- 28 марта.
23 «Салықтар және басқада міндетті бюджеттік төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 12 маусым 2001ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және
бюджет қатынастарын реттеу
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және бюджет жүйесінің
негізгі принциптері
1.2 Мемлекеттік бюджет қатынастарын реттеу

2. Мемлекеттік бюджет табыстары және оны реттеу
механизмі
2.1 Мемлекеттік бюджет табыстарының экономикалық мәні, құрамы
және жіктелуі
2.2 2008-2010 жылдарға мемлекеттік бюджеттің табыстар бөлімін
жоспарлауды талдау
2.3. Мемлекеттік бюджет табысын реттеу механизмі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық
қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджет қаражаты - мемлекеттiк меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте
ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi.
Бюджет қаражатын алушылар - мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс
бөлiгiнде бюджет қаражатын пайдаланатын, жеке және заңды тұлғалар, шаруа
немесе фермер қожалықтары, үкiметтiк емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық
қызметтер көрсететiн, оның iшiнде азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде,
бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыру шеңберiнде
қаржылық қызметтер көрсететiн тұлғалар.
Бюджет процесi - бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару,
нақтылау, түзету жөнiндегi, бюджет есебi мен есептiлiгiн жүргiзу,
мемлекеттiк қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау
мен пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен
регламенттелген қызмет.
Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан
түсетiн түсiмдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң түсiмдерi болып табылады.
Мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз байланысты екі
үрдіс пайда болады: біріншісі, мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы
ресурстарын жұмылдыру; екіншісі, әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге
қаражаттарды пайдалану.
Бірінші үрдіс - мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса,
екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың
жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің
жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне
түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі
экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір
қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты
қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық
қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны
зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте
орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының
салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа
бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты
еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың
бастапқы кірістері қалыптасады.
Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы
арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған
қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза
кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада
қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды,
ал қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен
қайта бөлістіру жағдайында қалыптасып, шоғырланады. Мемлекеттік шығындарды
қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге
асырылады. Мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік бюдеттік кірістері
түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр
түрлі ұғымды білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер барлық
мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді,
ал мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі
ғана кіреді.
Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік бюджет табыстары және оны реттеу
мханизмін, бюджеттердің бүгінгі күнгі маңызы мен оны басқару жүйесінің
басым бағыттарын анықтап, оның одан әрі жетілдіру жолдарын табу және
зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
• Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және бюджет жүйесінің
негізгі принциптері;
• Мемлекеттік бюджет қатынастарын реттеу;
• Мемлекеттік бюджет табыстарының экономикалық мәні, құрамы және
жіктелуі
• 2008-2010 жылдарға мемлекеттік бюджеттің табыстар бөлімін
жоспарлауды талдау
• Мемлекеттік бюджет табысын реттеу механизмін қарастыру.
Тақырыптың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде заң актілері, ҚР
Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды. Курстық жұмысқа А. Манап, Ә.
Байысова, С. Мақыш, О. Сәбден, Г. Сейітқасымов, К. Шаяхметова, Г.
Әбдірайымова, Ә. Шелекбай, Н. Әлмерекеов, Л. Шматько, Э. Тихонова, Г.
Папирян, Н. Кабушкин, Г. Бондаренко, А. Чудновский, А. Романов, О.
Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген
мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды, сондай-ақ, Ел
басының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, сондай–ақ, ағымдық баспасөз
беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және
бюджет қатынастарын реттеу

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және бюджет
жүйесінің негізгі принциптері

Мемлекеттiк бюджет - республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Мемлекет бюджетінің мәні мен маңызы ол орындайтын функциялардан
көрінеді. Бюджеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
• ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлу;
• экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу;
• әлеуметтік саясаты қаржымен қамтамасыз ету;
• ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын жасау және
пайдалануға бақылау жасау.
Мемлекеттің қаржысы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі.
Мемлекеттің ,оның кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және
пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлуге және қайта бөлуге байланысты ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік қаржылар мемлкеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз
ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және
олар экономика мен социумдегі сан алуан өзара байланыстарды қамтитын
мемлкеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастарындағы іс
қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік қаржылар мемлекеттің, оның
кәсіпорындарның қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен мемлекеттік кәсіпорындарын функцияларын орындауға
пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлкеттік қаржылар республикалық және жергілікті деңгейлерде
іс -әрекет етеді және бюджетті мемлкеттік несиені , мемлкеттік және
муниципалдық кәсіпорындардың қаржыларын қамтиды.
Аталған буындардың түрлі функционалдық арналымының арқасында
мемлкет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен спекторына
салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен
әлеуметтік процесстерге басшылық жасау.
Мемлекеттік қаржылардың құрамына республикалық және жергілікті
деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызда рол
атқарады.
Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың
қарамағында қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір
бөлігі жұмылдырылады.
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде
бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай
рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан
шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет
көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi
жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан
Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi,
бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы
туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да
ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк
қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын
қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк
бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу
қажеттiлiгiн негiзге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу
үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе
бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi
қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе
аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге
асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды
Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер
арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы
Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың
барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге
асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған
кiрiстердi, бюджеттік Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген
жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын
жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен
тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi,
атқарылады және дербес болып табылады:
❖ республикалық бюджет;
❖ облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
❖ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық
бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет
болып табылады.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен бекiтiледi.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi –
салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық
деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң
мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала,
астана бюджетi болып табылады.
Тиiстi қаржы жылына арналған облыстың бюджетi, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана
мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi – салықтық және басқа да
түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты
мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк
саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

1.2 Мемлекеттік бюджет қатынастарын реттеу

Бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттiк басқару көптеген
құзырлы органдардың қатысуымен жүзеге асырылады.
• Мемлекеттiк басқарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы
құрылымын:
• Қазақстан Республикасының Президентi;
• Қазақстан Республикасының Парламентi;
• Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
• Қазақстан Республикасының Үкiметi;
• экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
• бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
• бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
• iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
• мәслихат;
• жергiлiктi атқарушы орган құрайды.
Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласында:
1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп
беру тәртiбiн айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi
бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет
енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;
4) мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы
саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда
алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi
бағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес
құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және
пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi
мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және
пайдалану туралы есептердi бекiтедi;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес
өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласындағы құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталардың бiрлескен
отырысында Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi
есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн
бекiтедi.
2. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталардың бөлек
отырысында әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау
арқылы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi талқылайды.
3. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталардың бөлек
отырысында әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау
арқылы республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзедi.
4. Қазақстан Республикасының Парламентi өзiне Қазақстан
Республикасының Конституциясы жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
комитетiнiң құзыретi
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
бюджеттiк қатынастарды peттeу саласында:
1) республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу
тәртiбiн белгiлейдi;
2) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп
мемлекеттiк қаржы бақылауының стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды
бекiтедi және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге
асырады;
4) төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына бақылауды жүзеге
асырады;
5) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған
шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласында:
1) Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттi
және оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс
етедi;
3) жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;
4) республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi,
республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртiбiн айқындайды;
5) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
6) қарыз алуды жүзеге асырады;
7) орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын әзiрлеу тәртiбiн
айқындайды;
8) жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды)
қарау тәртiбiн айқындайды;
9) салықтық емес түсiмдердi алуға жауапты және олардың түсуiне
бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн,
оларды бюджетке аудару тәртiбiн айқындайды;
10) мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру
қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар
бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбiн, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекет
кепiлдiк берген қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету,
оларды тiркеу мен есепке алу, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
борыштың мониторингi мен оны басқару тәртiбiн айқындайды;
12) мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалған тауарларды
(жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны пайдалану
тәртiбiн айқындайды;
14) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы
органдардың резервiн пайдалану тәртiбiн айқындайды;
15) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн айқындайды;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн, материалдық емес активтердi
қоспағанда, рұқсат етiлген шетелдiк қаржы құралдарының тiзбесiн айқындайды;
17) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитiнiң
өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
18) төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке - бюджеттiк
алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге
бюджеттiк субвенцияларды аударудың тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындайды;
19) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерi есептерiнiң әдiстемесiн
айқындайды;
20) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық
саясатын бекiтедi;
21) заттай нормаларды бекiтедi;
22) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiтедi және оны жасау тәртiбiн
айқындайды;
23) алып тасталды
24) iшкi бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
25) орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық
органдарының және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң
штат санының лимитiн бекiтедi;
26) жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымын, жергiлiктi
атқарушы органдардың штат санының лимиттерi мен нормативтерiн бекiтедi;
27) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық
есептi жасайды;
28) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де
функцияларды орындайды.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiн жоспарлау
жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджет
түсiмдерiнiң көлемiн және стратегиялық мiндеттердi, басымдықты ескере
отырып әрi мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес
олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу
процесi болып табылады.
Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған
бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттiң болжамы жасалады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат
алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
▪ мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
болжамдық көрсеткiштерiн;
▪ республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, әлеуметтiк-
экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңiне арналып белгiленген
басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым
бағыттарын;
▪ бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
▪ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш
саласындағы саясатты;
▪ ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып
табылады.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе өңiрдiң
стратегиялық және орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарлары
негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат,
мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы
iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау және бағдарламаларды бағалау ескерiле
отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп, бюджеттiк
бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру бағалана отырып үш жылдық кезеңге
әзiрленедi.
Егер бюджеттi әзiрлеу немесе нақтылау кезiнде орта мерзiмдi фискалдық
саясаттың негiзгi бағыттары түзетiлетiн болса, оған өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған
орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ағымдағы
жылдың 1 қыркүйегiне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға
жатады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның
(республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының алдағы үш
жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы
бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн
бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.

2. Мемлекеттік бюджет табыстары және оны реттеу
механизмі

2.1 Мемлекеттік бюджет табыстарының экономикалық мәні, құрамы
және жіктелуі

Мемлекеттік бюджет түсімдері деп – салықтардан, алымдардан және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ
бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын
операциялардан түсетін кірістердің көлемін айтады.
Жалпы мемлекеттік кірістердің экономикалық мәнін кең ауқымда
қарастыратын болсақ мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз
байланысты екі үрдіс пайда болады:
- мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру;
- әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану.
Бірінші үрдіс - мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса,
екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың
жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің
жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне
түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі
экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір
қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты
қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық
қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны
зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте
орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының
салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен
басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты
еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық субъектілердің, ұйымдардың және халықтың
бастапқы кірістері қалыптасады.
Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы
арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған
қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза
кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада
қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды, ал қаржы ресурстары
жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен қайта бөлістіру
жағдайында қалыптасып, шоғырланады.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы
ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік бюдеттік кірістері
түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр
түрлі ұғымды білдіреді.
Сонымен қатар мемлекеттік кірістер барлық мемлекеттік ұйымдар мен
мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді, ал мемлекеттік
бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі ғана кіреді.
Мемлекеттік кірістердің жіктелуі олардың экономикалық мағынасын,
құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік
кірістердің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік
кірістер мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері
2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері
3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері
4) Халықтың салықтық төлемдері
5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салықтық түсімдерінен.
Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі
түрлерге жіктеледі:
1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге
жіктеледі:
1) Салықтық
2) Салықтық емес.
Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша өнімнің құнын
білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанында
болады. Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі
шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың
негізгі әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және
эмиссиялар жатады.
Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін әртүлі болып отыр
және олар қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық жағдаймен
және шаруашылық жағдаймен анықталады.
Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі басты орынды салықтар алады. Олар
бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың фискалдық, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келеді.
Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі
төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрады. Жалпы
мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру ісінде қуатты
экономикалық тетіктерінің бірі ретінде пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдерден түскен
түсімдерді;
2. Салықтық емес түсімдерді;
3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді;
4. Трансферттік түсімдерді;
5. Мемлекеттік бюджеттен бұрын берілген кридеттер бойынша негізгі
борышты өтеуді.
Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып
табылады. Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін
түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден
кодекстерінде көзделгеннен басқа, Қазақстан Республикасының бюджетке
міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай–ақ
трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып
табылады.
Бюджетке мемлекеттік мекемелерге бекітілген мелекеттік мүлікті
сатудан, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан, мемлекет
меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе уақытша жер
пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі матриалдық емес активтерді сатудан
түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Экономиканы қаржыландыру
“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау
Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы экономикалық жүйесі
Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
Қаржылық бақылауды ұйымдастырудың қағидалары
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Пәндер