Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Қазақстандағы білім беру жүйесі мақсаты мен міндеттері
1.2 Қазақстандағы білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері ... ... ... ... ... ...

2АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... .
2.1Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі және оқу
бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2Арнайы білім беретін мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларының
танымдық процесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Арнайы білім беретін мектептерде қолданылатын педагогикалық
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстанның егемендігін алғаннан бері өткен уақыты ұзақтығы бойынша нарықтық қайта құрулардың тиімділігін тек әлеуметтік– экономикалық тұрғыдан ғана емес, салалық макро және микро деңгейлерде талдауға жеткілікті. Осы жерде білім жүйесіне көп көңіл аудару қажет, себебі оның жағдайы ұлттық экономиканың барлық салалардағы инновациялық процесстерді жүзеге асыруда анықтаушы фактор болып табылады.
Жоғарғы технологиялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары өндірістерді құру мен дамыту материалдық және материалдық емес өндіріс салаларын дамытуға жол ашады.
Бұл жерде білім беру жүйесінің рөлі күшейе түседі. Бірақ, қазіргі жағдайда білім беру сферасында көптеген мәселелер өз шешімін таппай отыр. Осыған байланысты қарастырылатын диссертация тақырыбы өте өзекті және ғылыми – тәжірибелік мәні бар болып табылады. Нарықты экономика ғаламдық процестерді ескеретін білім жүйесінің модернизациясын және жоғары сапа дәрежесіндегі мамандарды қажет етеді.
«…Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім, инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі ретінде көрінуде.
Экономикалық дамудың жаңа тұрпаты қызметкерлер үшін өз өмірінде бірнеше рет мамандығын ауыстыру, өз біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігін туғызады.
К.М.Беркімбаев, Л.К.Керимов. Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу-әдістемелік құрал.- Алматы, 2008. 68-76б
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану маңызы //Білім беру.- Алматы, 2007.- №5. 19-26 бет
Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту процесінде қолдану принциптері// Хабаршы.- Түркістан, 2008.-№3. 63-67 бет
Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту процесінде қолдану ерекшеліктері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Павлодар, 2008.- І том. 141-146 бет.
Әбдікәрімұлы Б. Мәлібеков М. «Білім берудегі педагогикалық технологиялар». Ізденіс – Поиск – 2003 - №2 200 - 203 бет.
Әнуар Ж. Оқытудағы жаңа технологияларын оқыту үрдісіне «21 ғасыр мектебі» - 2003. - № 2. - 6-7 бет.
Баймұханов Б. Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерек шеліктері «Бастауыш мектеп» - 2000. -№8,9 – 3-6 бет.
Феномен инновации в концепциях зарубежных и отечественных ученых. //Сборник материалов IV Международной НПК «Актуальные проблемы современных наук» г. Przemysl, Польша, 16-31 июня 2008 года.16-18 б.п.
Сайлаубаев Ж. З. Арнайы білім беретін мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларының танымдық процесін дамыту

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберіледі
Кафедра меңгерушісі
__________________
__________________
____________2013 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі

Педагогика пәні бойынша

Орындаған _______________________

Жетекшісі _______________________

Қарағанды 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 Білім берудің теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
0.1 Қазақстандағы білім беру жүйесі мақсаты мен міндеттері
0.2 Қазақстандағы білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері ... ... ... ... ... ...

2 Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі ... ... ... ... ... .
2.1Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі және оқу
бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Арнайы білім беретін мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларының
танымдық процесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Арнайы білім беретін мектептерде қолданылатын педагогикалық
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3

5
5
8

15

15

18

20

25

27

КІРІСПЕ

Қазақстанның егемендігін алғаннан бері өткен уақыты ұзақтығы бойынша нарықтық қайта құрулардың тиімділігін тек әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан ғана емес, салалық макро және микро деңгейлерде талдауға жеткілікті. Осы жерде білім жүйесіне көп көңіл аудару қажет, себебі оның жағдайы ұлттық экономиканың барлық салалардағы инновациялық процесстерді жүзеге асыруда анықтаушы фактор болып табылады.
Жоғарғы технологиялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары өндірістерді құру мен дамыту материалдық және материалдық емес өндіріс салаларын дамытуға жол ашады.
Бұл жерде білім беру жүйесінің рөлі күшейе түседі. Бірақ, қазіргі жағдайда білім беру сферасында көптеген мәселелер өз шешімін таппай отыр. Осыған байланысты қарастырылатын диссертация тақырыбы өте өзекті және ғылыми - тәжірибелік мәні бар болып табылады. Нарықты экономика ғаламдық процестерді ескеретін білім жүйесінің модернизациясын және жоғары сапа дәрежесіндегі мамандарды қажет етеді.
...Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім, инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері барған сайын пайда көзі ретінде көрінуде.
Экономикалық дамудың жаңа тұрпаты қызметкерлер үшін өз өмірінде бірнеше рет мамандығын ауыстыру, өз біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігін туғызады.
Үздіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мәнге ие болуда. Жақсы жазу қарттыққа дейінгі тыныш та қамсыз өмірдің кепілі болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы онжылдықтарға адам қызметінің түрлі салаларындағы технологиялар мен білімнің жаңару жеделдігі тән. Бүгінде тіпті жоғары білімнің өзі көпке жетпейді.
Дженерал Моторс корпорациясының президенті бұл туралы былай дейді: "Бізге төрт және тіпті алты жылдық емес, қырық жылдық білімі бар мамандар қажет...".
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.

1 Білім берудің теориялық негізі
1.1 Қазақстандағы білім беру жүйесі мақсаты мен міндеттері

Білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
инклюзивті білім беру - оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;
2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының;
4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.
Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
14) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының
үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және
кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.
1. Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:
1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
3) қосымша болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.
2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.
Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогті к консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
3. Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердің бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.
Кәсіптік оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:
1) техникалық және кәсіптік білім беретін;
2) орта білімнен кейінгі білім беретін;
3) жоғары білім беретін;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларына бөлінеді.
4. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
6. Интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлейді. Интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкін.
7. Әскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекiтедi.
8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органбекітеді.
9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.

1.2 Қазақстандағы білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері

Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыру және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау міндеттері қойыла отырып, Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашалық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады делінген.
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг және т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, білім беру технологиясы деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты алдын ала болжау арқылы диогностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып қойылатындықтан, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі.
Педагогикалық технология төмендегідей бөліктерден құралады:
- диогностикалық жолмен мақсат қою деңгейін және оқушылардың білімді меңгеру сапасын, дамыту дәрежесін, тәрбиелік деңгейін обьективті түрде анықтау, бақылау;
- мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою;
- жеке тұлғаны тұтас дамыту.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдерінің даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау арқылы іске асырылады. [2] Сурет 1.
Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық нобайы
Технологияның тобы
Технологияның мақсаты
Технологияның мазмұндық ерекшеліктері мен сипаттамалары
Дамыта оқыту технологиялары
1.Проблемалық оқыту
2. Ойын арқылы оқыту
Оқу үдерісін ұйымдас-тыру мен басқару тиім-ділігі негізіндегі педаго-гикалық технологиялар
Компьютерлік оқыту
Дисстаниялық оқыту
Мультимедиялық оқыту
Тұлғаның жақын даму және өзекті даму аймағын байланыстыру
2. Тұлғаның ақыл-ой өрісін және дүниетанымын дамыту
Оқытудың жеке және топтық амал-тәсілдерін нақтылау
Тұлғаны жеке топпен оқытудың тиімдлігін арттыру құралдары.
1. Білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету және т.б.
Дамыта оқытуға білім алушылардың ізденгіштік-зерттеу-шілік іс-әрекеті тән. Оған тән сипаттар: білім алушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру және т.б.
1. Негізгі ерекшелігі - білім алушылардың білетіні мен біл-мейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалық міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдаят пайда болады, осыған орай білім алу-шының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
2. Ойын технологиялары: дидактикалық мақсат ойын міндеттері формасында қойылады және т.б. жүзеге асады.
Сабақты ерекше сызықты емес түрде құру: бірінші бөлім барлығын оқыту, екінші бөлім білім алушылармен дербес жұмыс. Тірек схемаларын пайдалану және т.б.
Әрбір білім алушының өздігінен білм алушының меншікті трактеориясын қамтасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік ұйымдастыру
В.В.Фирсовтың Міндетті нәти-желер негізінде деңгейлеп саралап оқыту
М.Монаховтың Модульдік оқыту технологиясы
Ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту
Білім адушының өз бетінше жұ-мыс істеу мүмкіншілігін дамыту
Барлық білім мазмұны: міндетті деңгей және мүмкіндік деңгейі бойынша жүзеге асады.
Әрбір мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетінде авторлық педагогикалық технологиясын модуль бойынша құрасты-рады, яғни дидактикалық модульдің тізбегін құрайды.
Технологияның тобы
Технологияның мақсаты
Технологияның мазмұндық ерекшеліктері мен сипаттамалары
Дамыта оқыту технологиялары
1.Проблемалық оқыту
2. Ойын арқылы оқыту
Оқу үдерісін ұйымдас-тыру мен басқару тиім-ділігі негізіндегі педаго-гикалық технологиялар
Компьютерлік оқыту
Дисстаниялық оқыту
Мультимедиялық оқыту
Тұлғаның жақын даму және өзекті даму аймағын байланыстыру
2. Тұлғаның ақыл-ой өрісін және дүниетанымын дамыту
Оқытудың жеке және топтық амал-тәсілдерін нақтылау
Тұлғаны жеке топпен оқытудың тиімдлігін арттыру құралдары.
1. Білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету және т.б.
Дамыта оқытуға білім алушылардың ізденгіштік-зерттеу-шілік іс-әрекеті тән. Оған тән сипаттар: білім алушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру және т.б.
1. Негізгі ерекшелігі - білім алушылардың білетіні мен біл-мейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалық міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдаят пайда болады, осыған орай білім алу-шының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
2. Ойын технологиялары: дидактикалық мақсат ойын міндеттері формасында қойылады және т.б. жүзеге асады.
Сабақты ерекше сызықты емес түрде құру: бірінші бөлім барлығын оқыту, екінші бөлім білім алушылармен дербес жұмыс. Тірек схемаларын пайдалану және т.б.
Әрбір білім алушының өздігінен білм алушының меншікті трактеориясын қамтасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік ұйымдастыру
В.В.Фирсовтың Міндетті нәти-желер негізінде деңгейлеп саралап оқыту
М.Монаховтың Модульдік оқыту технологиясы
Ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту
Білім адушының өз бетінше жұ-мыс істеу мүмкіншілігін дамыту
Барлық білім мазмұны: міндетті деңгей және мүмкіндік деңгейі бойынша жүзеге асады.
Әрбір мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетінде авторлық педагогикалық технологиясын модуль бойынша құрасты-рады, яғни дидактикалық модульдің тізбегін құрайды.

Сурет 1. Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық нобайы

Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.
Жаңа парадигманың маңызды компоненті - тұлғаның өзіндік даму тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму - бұл ішкі және сыртқы әлеммен байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі әрбір студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ мамандарды дәстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.
Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, оқушыларды тұлғалы-бағдарлы оқытуды модельдеу білім беру жүйесінің үш функциясын көрсетеді:
- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі ақтаңдақтарды жою;
- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну;
- дамыту, яғни тұлғаның шығармашылық тұғыдан өсуіне ықпал ету және оның әр түрлі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. [3]
Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. [4]
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті, - деп жазады. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторанты Ш.Т. Таубаева және Атырау университетінің докторанты Б.Т. Барсайдың пікірлерінше, педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақтылығынаұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті). [5]
Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті - технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату - жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі.
Білім беру жүйесіндегі инновациялар ең бірінші келесі жайлар маңызды роль атқаратын жүйешелерден тұрады (1 сурет):
- Технологиялық инновациялар - жаңа білім беру технологиясы;
- Педагогикалық инновациялар - оқыту мен білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдері;
- Ұйымдастырушылық инновациялар - жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар және білім беру саласындағы жаңа институционалдық формалар;
- Экономикалық инновациялар - білім беру саласындағы жаңа экономикалық механизмдер.
Білім беру жүйесі
Технологиялық инновациялар
Педагогикалық инновациялар
Ұйымдастырушылық инновациялар
Экономикалық инновациялар
Білім беру жүйесі
Технологиялық инновациялар
Педагогикалық инновациялар
Ұйымдастырушылық инновациялар
Экономикалық инновациялар
2- сурет - Білім беру жүйесіндегі инновациялар
Ескерту- Автормен құрастырылған

Білім берудің жаңа жүйесі келесі принциптерге негізделген:
- білім беру жүйесін дамыту проблемасын тек білім беру жүйесі деңгейінде ғана емес, сонымен қатар, жалпы мемлекеттік саясат және халықаралық деңгейде шешу;
- білім беру менеджментінде жүйелілік принципін барлық деңгейде жүзеге асыру;
- білім беруді ұйымдастырудағы қаржыландыру мен ұйымдастырудағы мемлекеттің ролін қайта қарау;
-білім беру қызметі нарығын дамыту;
- білім беру жүйесіндегі әртүрлі әлеуметтік институттардың ролін, бірінші кезекте кәсіпорындар мен отбасының ролін қайта қарау;
- оқу орындары мен онда оқитындардың білім беру процесін ұйымдастырудағы ролін қайта қарау.
Педагогикалық инновациялар - бұл жаңа педагогикалық технологияны, оқыту қызметінің жаңа әдістерін, тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату.
Оқытудың белсенді және интербелсенді әдістері - бұл оқу және ұйымдастыру міндеттерін тиімді шешу құралы. Оның міндеттері:
- теориялық білімді бекіту, жаңа тәсілдер мен әдістерді ендіру, практикалық дағдыларды сіңіру, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру, оқитындардың өзін өзі дамыта білуін және өзін өзі көрсетуін қамтамасыз ету;
- оқу материалының меңгерілу процесіне үздіксіз бақылау орнату;
- өндірістік функцияларды жүзеге асыру (өндірісті ұйымдстыру, жоспарлау, есеп беру, бақылау, талдау, үйлестіру, реттеу және т.б.);
- жағдайды талдау, проблемаларды анықтау, міндет қою, проблемаларды шешу жолдарын анықтау және т.б., зерттеу операциялары сияқты басқармалық шешімдерге серіктес процедуралар жинағын ретімен орындау.
Технологиялық инновациялар - бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен студенттер еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор әсерін тигізетін көптеген петагогикалық әдістер мен тәсілдердің айтарлықтай кеңеюіне әкеледі, мұның барлығы жалпы педагогикалық жүйешенің дамуына ықпал етеді.
Технологиялық инновацияны әзірлеу мен пайдалану, білім беру процесінде жаңа компьютерлік және телекоммуникациялық технологияны пайдалану инновациялық оқу үрдісін дамытудың жетекші факторы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияны үздіксіз қарқынмен тұрақты жетілдіру соңғы он жылдықта білім беру саласындағы жаңа ендірімдерді ынталандырады және жеделдетеді.
Жаңа технологияны пайдалану барысында ұйымдастырушы инновацияларды меңгеру бүкіл білім беру жүйесінің маңызды факторы болып табылады.
Тәжірибенің көрсеткендей, дәстүрлі білім беруге тән ұйымдастыру жүйесінің аясындағы белгілі бір оқу бағдарламаларында кейбір оқытушылар жүзеге асыратын жаңа технология негізіндегі оқытудың тиімділігі өте төмен болып келеді, себебі бұндай оқыту оқу процесінің жаңа технологиялық негізін жасауға қосымша шығынды қажет етеді. Бұл шығындар ақталу үшін білім беру нәтижесінде, бұл нәтиженің сандық және сапалық өсуге әкелуі үшін білім беру саласында ұйымдастырушылық инновацияны ойластыру және тарату қажет.
Білім беру саласындағы ұйымдастыру инновациясы дегеніміз бұл:
- оқытушы еңбегін бөлу (мазмұнды, тьюторларды әзірлеушілерді, оқыту әдістері бойынша мамандарды, оқу процесінің барысына бақылау жасаушы мамандар және т.б. бөлу);
- ақпараттық технологиялар бойынша оқытушыларды, мамандарды және оқу процесін ұйымдастырушыларды қашықтықтан оқыту курстарын ойластырушы және ұсынушы топтарға, командаларға біріктіру.
Нарық механизмдері мен жаңа білім беру технологиясының дамуымен Қазақстанда білім беру саласында экономикалық инновациялар қалыптасуда, атап айтқанда:
- білім беруді мемлекеттік қаржыландырудың жаңа механизмдері;
- білім беруді қаржыландырудың көздерін диверсификациялау;
- студенттік өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару;
- білім беру саласындағы салықтық ынталандыру;
- білім беруді кәсіпорындардың қаржыландыруының жаңа механизмдері;
- білім беру саласындағы еңбекті төлеу механизмі;
- білім беру қызметінің ауқымынан үнемдеу механизмі.
Инновациялық білім беруді дамыту білім беру процесінің технологиялық негізіндегі инновацияны басқару процесінде технологияны таңдау проблемасының шешімі құрылатын негіздерді бөлуге жол ашады.
Білім беру инновацияларын тарату білім беру өнімдері мен қызметі нарығының айтарлықтай кеңеюіне әкеледі, себебі:
- Білім беру қызметін тұтынушылар, білімге сұраныс күрт өседі;
- Білім беру өнімдері мен қызметінің ұсынысы барынша ұлғаяды;
- Білім беру өнімдері мен қызметі саласында бәсекелестік күшейеді.

2 Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі

2.1 Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі және оқу бағдарламалары

Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және амытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогті к консультациялар ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріледі.
Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру
Педагогикалық менеджмент ұғымы негізгі анықтамалары
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығының ілімдік негіздері
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Пәндер