Мемлекеттік бюджет жайлы



КІРІСПЕ

1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Мемлекеттік бюджет және оның басты элементтерінің
экономикалық мәні
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы және жіктелуі

2. БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫСАНАЛЫ РЕТТЕЛУІ
2.1 Бюджетаралық қатынастар түсінігі, принциптері
2.2 Бюджеттік қатынастарды реттеу

3. БЮДЖЕТТІК МЕХАНИЗМ МЕН БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Қазақстандағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіруде
орындалып жатқан шаралар
3.2 Қазақстанда мемлекеттік бюджет механизмін жетілдіру шаралары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет - елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.
Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі болады: мемлекеттік және жергілікті.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға арналған қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.
Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсаттарын көрсетеді.
Республикамызда нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу, бюджеттік жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіруге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейтуге аса назар аударылған жоқ. Тиімді бюджеттік саясаттың дамуына кедергі келтіретін факторлар қатары аз емес. Солардың ішінде ең маңыздылары мыналар: мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, бюджет қаражатының жетіспеушілігі, кредиторлық берешеектің өсуі, қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер т.б. Осындай жағдайлар дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол, тақырып тура әлемдік қаржылық дағдарысына байланысты өзекті болып отырған оңтайлы бюджет механизмін құру мен бюджетаралық қатынасқа бағытталып отыр. Қазақстандағы жаңадан енгізілген үш жылдық бюджет қарсаңында мемлекеттік бюджетті жоспарлау және бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері қарастырылады.
1 Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. //Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан 2008жыл.
2 «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы, 2008 жыл 4 желтоқсан.
3 Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы.
4 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы қағида.
5 Бабич A.M., Павлова Л.Н. Государственные и муниципальные финансы: Учебник для вузов. — М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999. - 687с.
6 Вавилов Ю.Я. Государственный долг. Учебное пособие для вузов. — М.: Перспектива, 2000. - 101с.
7 Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана. - Алматы: Каржы-Каражат, 2002
8 Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Кахазстана. - Алматы: Каржы- каражат, 1995.
9 Омирбаев С.М. Финансы. Учебное пособие для вузов. -Астана:2003.
10 Ілиясов Қ.Қ; Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. Алматы - 2003 ж.
11 Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования. — М.: Финансы и статистика, 1996.-224с.
12 Общая теория финансов: Учебник/Л.А. Дробозина, Ю.Н. Кон-стантинова, Л.П. Окунева и др.; Под ред. Л.А. Дробозиной.-М.: Банки и биржи.ЮНИТИ,2004. -256 с.
13 Глущенко В.В. Методические аспекты проектирования фи¬нансовой системы. М.: Рук. деп. в ВИНИТИ № 3277-В97 от 11.11. 2005 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Мемлекеттік бюджет түсінігі және оның құрылымы
1.1 Мемлекеттік бюджет және оның басты элементтерінің
экономикалық мәні
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы және жіктелуі

2. Бюджеттік қатынастар және оның нысаналы реттелуі
2.1 Бюджетаралық қатынастар түсінігі, принциптері
2.2 Бюджеттік қатынастарды реттеу

3. Бюджеттік механизм мен бюджетаралық қатынастарды
жетілдіру перспективалары
3.1 Қазақстандағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіруде
орындалып жатқан шаралар
3.2 Қазақстанда мемлекеттік бюджет механизмін жетілдіру шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.
Мемлекеттік бюджет - елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін және
мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.
Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі болады: мемлекеттік және
жергілікті.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік
бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен
қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді
атқаруға арналған қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.
Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге
болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен
мақсаттарын көрсетеді.
Республикамызда нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу,
бюджеттік жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын
үйлестіруге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын
күшейтуге аса назар аударылған жоқ. Тиімді бюджеттік саясаттың дамуына
кедергі келтіретін факторлар қатары аз емес. Солардың ішінде ең маңыздылары
мыналар: мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, бюджет қаражатының
жетіспеушілігі, кредиторлық берешеектің өсуі, қаржы көздерімен қамтылмаған
мемлекеттік міндеттемелер т.б. Осындай жағдайлар дипломдық зерттеу
тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол, тақырып тура әлемдік қаржылық
дағдарысына байланысты өзекті болып отырған оңтайлы бюджет механизмін құру
мен бюджетаралық қатынасқа бағытталып отыр. Қазақстандағы жаңадан
енгізілген үш жылдық бюджет қарсаңында мемлекеттік бюджетті жоспарлау және
бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері қарастырылады.
Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, мемлекеттік бюджетті
жоспарлау және бюджетаралық қатынасты жетілдіру мәселелерін зерттеумен
Интыкбаева С.Ж., Кажикаримов Б.К., Омирбаев С.М., Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев
С., Мельников В.Д., Бабич A.M., Павлова Л.Н., Вавилов Ю.Я., Сумароков В.Н.
сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен бюджетаралық қатынастың тәжірибелік
аспектілеріне Ван Хорн Дж. К., Долан Э.Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл
Розмари Дж. т.б. шетелдік ғалымдар жұмыстарын арнаған.
Жалпы Қазақстанда мемлекеттік бюджетті жоспарлаудың, ел экономикасының
дамуындағы маңызы мен өзектілігі, жеткілікті зерттелмеуі тақырыпты
таңдауға, зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан республикасының мемлекеттік
бюджеті алынған.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы бюджет механизмі мен
бюджетаралық қатынасты зерттеу болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу
қажет:
- мемлекеттік бюджеттік механизмнің теориялық негізін қарастыру;
- бюджетаралық қатынасты қалыптастырудың құқықтық негізі;
- мемлекеттік бюджеттік механизмінің негізгі элементтерін
анықтау;
- бюджетаралық қатынастардың экономикалық мәнін ашу;
- бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің құқықтық негізін және
ұйымдастырылуын талдау;
- Қазақстандағы мемлекеттік бюджет механизмін жетілдіру
құралдарын қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде мемлекеттік
бюджетті жоспарлау мен бюджетаралық қатынастарды қалыптастыру мен жүзеге
асырудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық
және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде
жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференция мен семинарлардың материалдары алынды. Мемлекеттік бюджетті
жоспарлаудың қолданбалы аспектілерін зерттеу Қазақстан Республикасының
қаржы қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілеріне
негізделген.
Зерттеудің деректік базасын статистикалық мәліметтер мен Қазақстан
Республикасының жыл сайынғы бюджеті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-
2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, Қаржылық қадағалау
Агенттігінің статистикалық мәліметтері құрайды.

1. Мемлекеттік бюджет түсінігі және оның құрылымы

1.1 Мемлекеттік бюджет және оның басты элементтерінің экономикалық
мәні

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақшалай қаржысының
орталықтандырылған қорының кірістері мен шығыстарының осы мемлекеттің
міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы жоспары. Мемлекеттің
оперативтік қаржы жоспары ретінде ол, әдетте, бір жылға арналып
жасалды және оны мемлекеттік өкіметтің жоғары органы бекітіледі.
Кез-келген елде мемлекеттік бюджет - жалпы мемлекеттік қаржылардың,
сондай-ақ жалпы қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол
мемлекеттің барлық меншік нысандарының шаруашлық жүргізуші
субъектілернің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады.
Олар экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің
қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға,
жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қолдауға, үкіметтік борышты
өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және
басқаларға бағытталады.
Сөйтіп, құндық бөлудің айырықша бөлігі ретінде мемлкеттік бюджет
өзгеше қоғамдық арналымды орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді
қанағттандыруға қызмет етеді.
Мемлекет бюджетінің мәні мен маңызы ол орындайтын функциялардан
көрінеді. Бюджеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
• ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлу;
• экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу;
• әлеуметтік саясаты қаржымен қамтамасыз ету;
• ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын жасау және
пайдалануға бақылау жасау.
Мемлекеттік бюджеттің өсу шарттары – мемлееттік бюджет - ұлттық
табыс пен ішкі жалпы өнімді қайта бөлудің негзгі құралы. Бұл бюджет
арқылы ішкі жалпы өнімнің үштен біріне жуығы бөлінеді. Бюджет
Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды
орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере
отырып салалааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Қазақстан республикасы аумағында жалпы міндеттерді орындау үшін
мемлекеттік бюджет қалыптасады. Оның ресурстары мелекеттік мақсатты кешенді
бағдарламаларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға
және тиісті құқықытық-нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі
бюджеттерді қамтиды.
Қазақстан Респуликасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамсыз етеледі. Қаржы жылына арналған
республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті
бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Жалпы мемлекеттік кірістердің экономикалық мәнін кең ауқымда
қарастыратын болсақ мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз
байланысты екі үрдіс пайда болады:
- мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру;
- әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану.
Бірінші үрдіс - мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса,
екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың
жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің
жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне
түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі
экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір
қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты
қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық
қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттің шығыстары – бұл мемлекеттің іс-әрекет етуімен байланысты
ақша шығындары.
Мемлекеттік шығыстар - кең мағынада барлық мемлекеттік органдардың
шығыстары.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінде шоғырландырылған қаражатты
нысаналы түрде пайдалану.
Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан -алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлу және тұтынумен
байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығындары
- мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын
қаржы қатынастарының бір бөлігі.
Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек
мемлекеттік сала қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет
шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік,
басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы және жіктелуі

Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер: салықтық түсімдер; салықтықемес түсімдер; негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімі.
2) шығындар;
3) таза бюджеттік несиелеу: бюджеттік несиелеу; бюджеттік несиелерді
өтеу.
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерін
сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
5) бюджет тапшылығы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар
түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы мемлекеттік
бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі,
толықтығы, нақтылығы және жариялылығы қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы - әртүрлі елдердің
бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекеленген түрлерінің
саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені оларды аумақтық құрылысы
мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Унитарлық мемлекеттерде бюжет жүйесі екі буынды: мемлекеттік
бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттерді қамтиды.
Нарықтық ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде
пайдалануы үшін бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді.
Мемлекеттік бюджет түсімдері деп – салықтардан, алымдардан және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ
бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын
операциялардан түсетін кірістердің көлемін айтады.
Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны
зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте
орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының
салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен
басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты
еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық субъектілердің, ұйымдардың және халықтың
бастапқы кірістері қалыптасады.
Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы
арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған
қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза
кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада
қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды, ал қаржы ресурстары
жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен қайта бөлістіру
жағдайында қалыптасып, шоғырланады.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы
ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік бюдеттік кірістері
түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр
түрлі ұғымды білдіреді.
Сонымен қатар мемлекеттік кірістер барлық мемлекеттік ұйымдар мен
мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді, ал мемлекеттік
бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі ғана кіреді.
Мемлекеттік кірістердің жіктелуі олардың экономикалық мағынасын,
құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік
кірістердің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік
кірістер мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері
2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері
3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері
4) Халықтың салықтық төлемдері
5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салықтық түсімдерінен.
Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі
түрлерге жіктеледі:
1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге
жіктеледі:
1) Салықтық
2) Салықтық емес.
Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша өнімнің құнын
білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанында
болады. Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі
шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың
негізгі әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және
эмиссиялар жатады.
Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін әртүлі болып отыр
және олар қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық жағдаймен
және шаруашылық жағдаймен анықталады.
Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі басты орынды салықтар алады. Олар
бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың фискалдық, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келеді.
Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі
төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрады. Жалпы
мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру ісінде қуатты
экономикалық тетіктерінің бірі ретінде пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдерден түскен
түсімдерді;
2. Салықтық емес түсімдерді;
3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді;
4. Трансферттік түсімдерді;
5. Мемлекеттік бюджеттен бұрын берілген кридеттер бойынша негізгі
борышты өтеуді.
Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып
табылады. Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін
түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден
кодекстерінде көзделгеннен басқа, Қазақстан Республикасының бюджетке
міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай–ақ
трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып
табылады.
Бюджетке мемлекеттік мекемелерге бекітілген мелекеттік мүлікті
сатудан, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан, мемлекет
меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе уақытша жер
пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі матриалдық емес активтерді сатудан
түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан
Респуликасының Ұлттық қорынан реаспубликалық бюджетке түсетін түсімдер
трансферттер түсімдері болып табылады.
Бюджеттік кредитер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай – ақ
заңды тұлғалардың төлеген мемлекеттік кепілділктер бойынша талаптарды
қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды
тұлғалардың, оның ішінде сатудан түсетін меншіктегі халықаралық ұйымдардың,
мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сондай – ақ мелекеттік
кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де
мемлекеттік мүікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және қарыз
шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.
Жалпы республикалық бюджетке түсетін түсімдерді жоғарыда көрсетілген
бес санаты бойынша төмендегідей негізде жіктейміз.
1. Салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдерден түсетін келесі
түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда
корпоративтік табыс салығы;
2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының
аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген
қызыметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға
акциздер;
4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
5) ойын бизнесі салығы,
6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, ұстеме пайда
салығы;
7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар,
9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы
қазбаларды өндіруден алынатын салық;
10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқы рента
салығы;
11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдері қоспағанда; Қазақстан
Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі
үлесі;
12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді
бөлу туралы келісімшарт бойынша қызыметін жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемі;
13) жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша
автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымнан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтекені үшін
алым,
14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектірң пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;
15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке
қойылғаны ) үшін алым;
16) дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай – ақ олардың
қайта тіркелгені үшін алым;
17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың,
шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай – ақ олардың қайта тіркелгені
үшін алым;
18) радииоэлектронды құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың
мемлекетттік тіркелгені үшін алым;
19) қалааралық және халықаралық телефон байланысының сондай-ақ, ұялы
байланыстың берілгені үшін төлемақы;
20) радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы;
21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлемақы;
22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
23) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқа жарнаманы орналастырғаны үшін
төлемақы;
25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
26) кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін
түсімдер;
27) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары реттінде алынатын
баждар;
28) консулдық алым;
29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес
Қазақстан Рееспубликасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостил
үшін мемлекеттік баж;
30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;
31) жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
32) механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер
берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
33) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің берілгені үшін алынатын
мемлекеттік баж;
34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынытан мемлекеттік баж;
35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды
бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан
алынатын мемлекеттік баж;
37) механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің техникалық
байқаудан өткені туралы куәліктің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж.
республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.
2. Келесі түсімдер республикалық бюджетке түсетін түсімдердің салықтық
емес түсімдер санатына жатқызылады:
1) республикалық меншіктен түсетін кірістер: яғни республикалық
мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық
меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, республикалық
меншіктегі заңды тұрғалардың қатысу үлесіне кірістер, республикалық
меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгейдегі
банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттының
оналастырылғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыиақылар,
респуликалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, қару – жарақ
пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен
түсетін басқа да кірістер;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,
респбликалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай – ақ Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінде (шығыстар сметасында ) тұратын және
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар,
санкциялар, өндіріп алу;
5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,
республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер республикалық
бюджетке түсетін салықтық емес түісмдер болып табылады.
3. Ал үшінші санат бойынша келесі түсімдер негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдерге жатқызылады:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге
бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
3) мемлекеттік тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін
ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер
болып табылады.
4. Трансферттер:
1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінен түсетін трансферттер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан респулбикалық бюджетке
түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсіетін трансферттердің
түсімдері болып табылады;
5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық
меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан
түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың,
өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді
және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемелекет шығыстарының рөлін айқындайды.
Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға,
басқаруға мемелекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындарымен ұйымдарының өнімі
мен қызмет көрсетулеріне жұмасалатын шығыстар мемелекет, сонымен бірге
экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер
көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің
жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым
бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлкеттік
кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен
жүргізіледі. Олар сондай – ақ өнімнің өзіндік құнына кіретін амортизация
сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік
капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады.

Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін
түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет
шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және
жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін
банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекеттік шығыстарды ұйымдастыруға оларды болжау, сондай – ақ оларды
қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі,
нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің аса маңызды критерийі материалдық
өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процессінде олардың қатысы болып
табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша
үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік
сфераға жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен
шарттасылған және ұлттық жасаумен байланысты.
Мемлекеттік шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары – мемелекеттік резервтерді жасау мен
толықтыруға жұмасалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы
өндірістік, сондай–ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, ысырыптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді,
ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз
етуге арналған.

2. Бюджеттік қатынастар және бюджеттік механизм

2.1 Бюджетаралық қатынастар түсінігі, принциптері

Қаржы қатынастардың сферасы мен буындары өзара тығыз байланыста
болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрайды.
Мемлекеттік қаржылардың құрамына республикалық және жергілікті
деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік байланыстар маңызды рөл атқарады.
Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың
қарамағында қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір
бөлігі жұмылдырылады.
Бюджет процесінде республикалық, обыстық бюджеттер, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (обылстық маңызы бар
қалаалардың) бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатыныстар болып
табылады.
Бюджет процесінде респуликалық бюджеттің аудандар (обылстық маңызы
бар қалалар) бюджеттерімен және аудандар (обылстық маңызы бар қалалар)
бюджеттерінің бір – бірімен өзара қатынастарына жол берілмейді.
Әкімшілік–аумақтық саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына,
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінтабиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық
маңызы бар қала, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай – ақ
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не
халықаралық маңызы бар іс- шаралар өтікізілген жағдайларда,
бюджетпроцесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шншімі бойынша облыстық
бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа
облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен
өзара қатынастарына жол беріледі.
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында
функциялар мен өкілеттіктердің аражігінің ажыратылуына, республикалық,
облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
аудадардың (обылстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер
мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай – ақ бюджетаралық тарнсферттерді
айқындау әдістерінің біртұтастығына және ашықтығына негізделген.
Қазақстан Респуликасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың,
облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, тиісінше облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде, есебінен
шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет
деңгейін белгілеуге жол берілмейді. Шығыстарды немесе түсімдердің
жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен басқасына беру жүзеге
асырылады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу
кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе ) кірістердің азаюына әкеп
соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық
актілердіқабылдауынан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу
міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу
арқылы жүргізіледі.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы
кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік органдардың
функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған
деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық
актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен
тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:
1. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар
қалалар) бюджеттерінің, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара
қатынастардағы теңдігі.
2. Аражігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын
ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:
- тұрақты сипаттағы, факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және
салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі;
- мемлекеттік мекемлелр көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын
салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер
қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
- қайта бөліну сипатындағы, сондай – ақ салық базасы әркелкі
орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған
бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке
бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін
бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
- нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар
жергілікті бюджеттерге бекітіледі.
3. Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық бірліктерінің
бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру.
4. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің
бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі мен
нәтижелілігі – мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі
қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер
көрсетуді бекіту.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейін оны алушыларға
барынша жақындату – алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және
мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер
көрсетудің атқарылуың бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен денгейіне беру.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары мынадай.
1) республикалық және облыстық бюджеттердің, республкалық маңызы бар
қала, астана бюджеттерінің арасында:
- трансферттермен;
- бюджеттік кредиттермен;
2) облыстық және аудандық (облыстық маіызы бар қалалар) бюджеттер
арасында:
- трансферттермен;
- бюджеттік кредиттермен;
- кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Бюджет деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы, ағымдағы
нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлінеді.
Нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы
органдар тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың тек қана
нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай
пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік қаржылық бақылау органының актісіне
сәйкес осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғары түрған бюджетке
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бақылау актісіне қол
қойылғаннан кейін бір ай ішінде қайтарылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінгендерін
қоспағанда, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған)
нысаналы трансферттердің сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
бойынша оарлдың нысаналы мақсаты сақтала отарып, келесі қаржы жылында
пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.
Облыстық жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінгендерін
қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған
(түгел пайдаланылмаған ) нысаналы трансферттердің сомасы обылыстың
жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты
сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы)
мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергікті атқарушы органның
шешімі бойынша пайдалануға (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің
сомасы ағымдағы қаржы жыржы жылының соңына дейін олардыбөлген тұрған
бюджетке қайтарыуға жатады.
Нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда
жергілікті атқарушы органдар үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған
бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен жергілікті
инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілген бюджеттік бағдарламалар
бойынша олардың нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.

Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы
трансферттер болып табылады.
Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде
жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер
бюджет субвенциялары болып табылады.
Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде
төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер
бюджеттік алып қою болып табылады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі:
- Қазақстан Республикасының заңымен – республикалық бюджет пен
облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында;
- облыстық мәслихаттың шешімімен – облыстық бюджет пен аудандар
бюджеттерінің арасында абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш
жылдық кезеңге белгіленеді.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі әрбір үш жыл сайын өзгертілуге
жатады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін ағымдағы
жекелеген бюджеттік бағдарламаларды немесе бюджеттік даму бағдарламаларын
іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар
шегінде жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге берілетін
трнасферттері, сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық
көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдар функцияларының
мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне
берілуіне байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілерді
қабылдаудан туындайтын, жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге
бөлінетін трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп – қилсабы кезінде ескерілмейтін,
ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық
немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған
бюджеттердің төмен түрған бюджеттерге берілетін трансферттері ағымдағы
нысаналы трансферттер болып табылыды.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар
шегінде:
1) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары
негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік
инвестициялық жобаларды іске асыру;
2) экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік – экономикалық
тиімділікке қол жеткізуге бағытталған, жоғары тұрған мемлекеттік
органдардың құзыретіне жататын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және
бағдарламалық құжаттарын іске асыруға арналған іс – шараларды төмен тұрған
мемлекеттік органдардың орындауы үшін жоғары тұрған бюджеттерден төмен
тұрған бюджеттерге беріетін трансферттер дамуға арналған нысаналы
трансферттер болып табылады.
Іске асырылуы үшін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері
бөлінетін жергілікті инвестициялық жобаларды жергілікті бюджеттен қоса
қаржыландыруға жол беріледі.
Төмен тұрған бюджеттік бағдараламалар әкімшісінің төлем негізділігің
растайтын дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша құжаттары болған
кезде және төмен тұрған бюджеттер арсында нысаналы трансферттердің жалпы
сомаларын бөлуді бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер болйынша нысаналық трансферттер
жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер, тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке
қаржыландыру жоспары негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік
бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге
аударады.
Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен
тұрған бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттерді белгіленген тәртіппен
бектітлген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың
жеке жоспары негізінде аударады.
Нысаналы тернсфеттер бойынша нәтижелер туралы келісім:
- шешілуіне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсаттра мен міндеттерді;

- нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс және
түпкі нәтижелерді;
- қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы төмен
тұрған бюджеттің жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары
әкімшісіне есеп ұсынуы туралы міндеттемені қамтитын құжат болып табылыды.
Жоғары тұрған бюждттен төмен тұрған бюджеттке берілетін нысаналы
трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары бюджеттің бюджеттік
бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы
қаржы жылының 20 қантарынан кешіктірілмей жасалады.
Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер обылстық
бюджеттер, аудандардың (обылстық маңызы бар қалалардың ) бюджеттері
арасында одан әрі бөлінген жағдайда обылстың жергілікті атқарушы органы
аудандардың (обылыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиісті
келісімдер жасасады.
Ауданның (обылстық маңызы бар қаланың ) жергілікті атқарушы органы
жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы
келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол
жекізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы облыстың тиісті
жергілікті атқарушы органына есеп береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша
нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді
пайдалану есебіннен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер
туралы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне есеп
береді.
Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу,
нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті
нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республиксының
Үкіметі айқындайды.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және қаржы жылы ішінде
қолма – қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық
бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және
аудандардың (обылыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық
бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.
Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін
жауаптылық.
Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюжетке нысаналы трансферттерді
бөлу кезінде:
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) әкімі және
жоғары тұрған бюджеттің тиісіті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
бірінші басшылары нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы
келісімінің уақылы жасалмағаны үшін жауаптылықта болады;
- жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері
нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша
қаржыландырудың жеке жаспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы
трансферттердің аударылмағаны үшін жауаптылықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет кодексінің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметі
Салық және оның мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы рөлі
Шығыстар есебінің шоттары
Пәндер