Кәсіпорын капиталы туралы ақпарат



Кіріспе

1. Кәсіпорын капиталының мәні мен құрылымы
1.1.Кәсіпорын капиталының мәні
1.2. Кәсіпорын табысы мен кірісі
1.3. Кәсіпорын капиталын қаржыландыру әдістері

2. Кәсіпорын капиталын тиімді басқаруды талдау
2.1. «KazMicroFinance» МКҰ» АҚ жалпы қызметі мен табысы мен кірісін талдау
2.2. «KazMicroFinance» МКҰ» АҚ капиталын басқаруды талдау

3. ҚР кәсіпорындар табысын басқаруды жетілдіру жолдары
3.1. Кәсіпорын табысын басқарудың тиімділігін жетілдіру
3.2. «KazMicroFinance» МКҰ» АҚ кәсіпорын капиталының тиімділігін басқару құралы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Латын тілінен аударғанда «капитал» сөзі «басты» деген мағынаны білдіреді және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылғы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өндірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезеңдерден өтті:
Капиталға ауыл шапруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп - әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындарды айтады.
«Капитал» ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қаракеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс кұралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өңдеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс әкелу.
1. Алимбаев А.А. Банктік және өнеркәсіптік капиталдың шоғырлануы: Қазақстанда қазіргі беталыс және түйінді мәселелердің дамуы. -Қарағанды 2002.
2. Ақша, несие, банктер] / жалпы ред. басқ. Ә. С. Сейітќасымов.- Алматы: Экономика, 2001.- 466 б.
3. Банк қызметі туралы: ҚР құқықтық актілер жиынтығы.- Алматы: Юрист, 2005.- 177 б.
4. Зиябеков, Бейсенбек. Банк-экономиканың негізі ғана емес, мемлекеттің діңгегі болуы керек : [Экономика]// Жаға ғасыр.- 2006.- №2.- 36-38 б.
5. Мақыш, Серік Биханўлы. Коммерциялыќ банктер операциялары: оќу құралы.- Алматы: қазақ университеті, 2002.- 229 б.
6. Марченко, Г. Кәсіпкерлердің "Халыќ банкімен" бірге түскеніне мүдделіміз: [Бүгін "Халыќ банкінің" құрылағына 83 жыл]// Жас Алаш.- 2006.- 10 қазан.- 3 б.
7. Найманбаев, Серік Мұқанұлы. Банктік құқық, жалпы және ерекше бөлімдері : (қысқаша оқу құралы).- Алматы: Жеті жарғы, 2005.- 152 б.
8. Оралбай, Өмір. Болар банк беталысынан білінер [Банк]// Нұр-Астана.- 2005.- 29 қыркүйек.-4 б.
9. Сауытбекова, Әйгерім. Банк жұйесінің кезекті мәселелері: [Ќаржы-ќаражат]// Дала мен қала.- 2006.- 14 сәуір.- 5 б.
10. Сақтағанұлы, Төлбек. Экономикалық ілімдер тарихы: оқу құралы / жауапты ред. Н. Даужанов.- Қызылорда, 1999.- 87 б.
11. Сафрончук, Марина Валентиновна. Микроэкономика С 218 конспект лекций : учеб. пособие.- М.: Эксмо, 2006.- 253, [3] с.: ил., табл
12. Сәбден, Оразәлі. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз Алматы: Қазақстан, 1997 ж.- 192 б.
13. Токтамысова, Данара Ануаровна. Экономическая теория: ответы на вопросы студенту.- М.: Экзамен, 2006.- 48 с.
14. Тұрлыбекова, А. Екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау :Банк және несие // Экономика негіздері.- 2006.- №3.- 33б.
15. Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев, Т. Қ. Оралтаев, Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.- 170 б.
16. Іскер адамның орысша -қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі Русско-казахский толковый экономический словарь делового человека /жауапты Э.Жакулина.- Алматы: Мұраттас, 2005.- 793б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Кәсіпорын капиталының мәні мен құрылымы
1.1.Кәсіпорын капиталының мәні
1.2. Кәсіпорын табысы мен кірісі
1.3. Кәсіпорын капиталын қаржыландыру әдістері

2. Кәсіпорын капиталын тиімді басқаруды талдау
2.1. KazMicroFinance МКҰ АҚ жалпы қызметі мен табысы мен кірісін
талдау
2.2. KazMicroFinance МКҰ АҚ капиталын басқаруды талдау

3. ҚР кәсіпорындар табысын басқаруды жетілдіру жолдары
3.1. Кәсіпорын табысын басқарудың тиімділігін жетілдіру
3.2. KazMicroFinance МКҰ АҚ кәсіпорын капиталының тиімділігін басқару
құралы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Латын тілінен аударғанда капитал сөзі басты деген мағынаны
білдіреді және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген
орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылғы өндірісіндегі
заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері
пайдаланған.
Қоғамдық өндірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы
түсініктің даму процесі мынандай кезеңдерден өтті:
Капиталға ауыл шапруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары
жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы
аванс деп - әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға
кеткен шығындарды айтады.
Капитал ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қаракеттерінен
шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары
керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс
әкелетін өндіріс кұралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өңдеу және
сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс
әкелу.
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс
бірнеше анықтама келтіреді: Капитал-жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне
негізделген таптық қатынасты және қоғамның белгілі бір сипатын көрсететін
өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген
еңбек болып саналады. Капитал дегеніміз тып-тыныш жатқан зат емес,ол
дегеніңіз қозғалыс. Капитал-өткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын
қанаушы секілді өлі еңбек. Капитал өндірістің екінші факторына жатады,
ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы
кезеңдегі шығындармен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы
өндірістік циклдың уақытына немесе тосу кезеңіне байланысты. Сөйтіп
капитал мөлшерін уақыт факторы енгізілген. Микро және микроэкономика
деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі
капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал
тәсілдері мен аясына қарамастан табыс алу үшін пайдалануға болатын жеке
тұлғалар байлығының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде
капиталға,еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін
пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызыады.
Капитал – баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны
банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Балықты капиталға
айналдыратын жағдай – оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып
табылады. Капитал-ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын сатып алу
күшінің қоры,-деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның пргрессивті дамуын
қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда
экономикалық пргресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз
функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды. Қазіргі экономикалық теория
капиталды өндірістік тұтынуғу арналған, адам еңбегімен жасалынған өндіріс
құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар
өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде, қандай да болмасын
өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капиталы болуы керек.

1. Кәсіпорын капиталының мәні мен құрылымы
1.1. Кәсіпорын капиталының мәні

Ресурс – тауарларды сатып алудан капитал қозғалысының бірінші сатысы
басталады. Ақша капиталының өндіруші капиталға айналуы болады (ақша-
тауарлар-өндіріс факторлары). Ақша дегеніміз не? Ақша-ол баршаға бірдей
эквиваленттік қызмет көрсететін ерекше тауар. Ақша барша тауарларға
тікелей айырбасталатын тауарлардың тауары. Ақша өзінің бірқатар
функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне:
- құндылық өлшемдері;
- айналым құралдары;
- қазына мен жинақтауды құру құралдары;
- төлем құралдары;
- әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді.
Егер тауар өндіруші тауарын сатып болған соң ұзақ уақытқа дейін басқа
тауар сатып алмаса, сол әрекетімен ол ақшаны айналымнан шығарады, оны
жинақтап қазына жасайды. Қазына түрінде ақша жинау нарықтық құбылмалықтан
өзін қорғау үшін әрбір тауар өндірушінің белгілі бір ақша қорын жасауға
тырысумен анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясыеың тек
толық бағалы және нақтылы ақша ғана монета және құйма түріндегі алтын мен
күмістер орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, қазынаның эстетиклық
формасы деп қабылданатын алтын мен күмістен жасалынған сәндік заттар
түрінде жүзеге асырылады. Әрине, қағаз ақшаны да жинауға болады, бірақ олар
құнсыздануыңа ұшырауы мүмкін. Капитал аса ілгері және негізгі қаланған
категориялардың бірі болып табылады. Капитал категория ретінде өз иесіне
кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ықпал ететін материалдық,ақшалай қаражаттың
белгілі бір сомасын белгілейді. Сонымен қатар капитал қатынастардан
бөлінбейді,ол нарықтық өзегі болып табылады. Капитал өндіріс құралы ретінде
еңбек құралдары және заттары, яғни, негізгі және айналым капиталы немесе
негізгі қорлар және айналым өндірістік қорлары болып бөлінеді. Негізгі
капиталға негізінен бір жылдан аса қызмет ететін мүліктер жатады. Негізгі
капиталдарға ғимараттар, құрылыстар, машиналар, аспаптар, көлік құралдары,
құралдар жатады (шикізат, отын, энергия, жартылай фабрикаттар, ақша, сатуға
шығарылған тауарлар) жатады.
Капитал амортизациямен тығыз байланысты, ол пайдаланылатын өндіріс
құралдарының тозуы, ескіру болып табылады. Капитал қолдану саласына қарай
өндірістік, сауда, қаржылық болып бөлінеді. Капитал теориясының ұзақ тарихы
бар. А.Смит капиталды заттар иен ақшаның жинақталған қоры ретінде
сипаттайды. Д.Рикардо капиталды өндіріс құралы деп түсінеді. Ал, К.Маркс
капиталды қосымша құнды тудыратын өз-өзінен құн деп түсіндірді.Капитал
теориясына түсінік бергендердің қатарында Н.Сениор да бар. Ол еңбекті
өзінің демалысы мен тыныштығын жоңалта отырып,еңбек ететін жұмысшының
құрбандығы ретінде, ал капиталды өзінің барлық меншігін жеке тұтынуңа
пайдаланатын жіне елеулі бөлігін өндіріс факторына айналдыратын
капиталистің құрбандығы ретінде қарастырады. Осы негізде осы шақтың
игілігі келешектің игілігінен де құндырақ деген пікір туындайды. Табыс
капиталдың иесі басынан кешірген тәуекел үшін табиғи марапат ретінде
қарастырылады. Табыстың екі өлшем айқындағышы бар. Бұл категорияның
абсолютті көрсеткіші-табыс массасы, салыстырмалы корсеткіші-табыс нормасы.
Табыс массасы бұл оның ақшалай түрдегі нақты көлемі,ал табыс нормасы
дегеніміз-табыстың пайыз түріндегі авансталған капиталға арақатысты.Оның
формуласы мынанадай :
П
П, = ----- Х 100
К

Бұндағы П- табыс нормасы (%), П-табыс мөлшері, К-капиатл мөлшері.
Кәсіпкерлер үшін табыс нормасы капиталдың жұмыс істеуі тиімділігінің
маңызды көрсеткіші. Нарықтық экономика жағдайында тең дәрежелә капиталға
немесе мейлінше тең табыс қалыптасалы. Табыс нормасының көрсеткіші төмен
болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметтің келешегі болмайды, банкрот болу
қаупі
туындайды.
Кәсіпорынның капиталын бағалаудың үш негізгі тәсілі бар:
1. Кіріс тәсілі-бағаланатын капиталдың келешектегі кірісіне
негізделеді. Мұнда екі әдіс қолданылады:
капиталдандыру және дисконттеу.
2. Нарықтық тәсілге капитал нарығы әдісі, мәмілелер әдісі, салалық
бағалау әдісі кіреді. Бұл әдіс тек нарықтық мәліметтерге негізделеді, сатып
алушылар мен сатушылардың нақты тәжірибесін бейнелейді.
3. Шығынды тәсіл-жинақталған активтерді бағалау әдісі.Оған түзетулер
есебімен баланстық есеп негізінде материалдық емес активтерді (біліктілік,
сауда маркасы), қаржылық,материалдық (жер, ғимарат, жабдықтар) бағалау
кіреді.Іс тәжірибеде қандай да болмасын кәсіпорынды бағалау кезінде сенімді
нәтиже алу мақсатында әдетте барлық бағалау тәсілінің үшеуі де қолданылады.
Компанияның құны туралы қорытынды әр түрлі бағалау әдісінің нәтижелерін
қарапайым немесе пайыздық түрде өлшеп пішу арқылы емес,бағалаушының кәсіби
іс тәжірибесіне және сараптамалық талқылауына негізделеді.

1.2. Кәсіпорын табысы мен кірісі

Қаржы ресурстары-экономикалық теорияда да практикада да кеңінен
қолданылады. Оған банктегі ақша қаражаттарының шамасынан болжап кәсіпорын
қаржының ғалама көрсеткіштеріне дейінгі әртүрлі мәні бар терминдер кіреді.
Экономикалык ғылыми практика жүзінде қаржы ресурстары термині қолданылады,
әртүрлі түсіндірмелер кіреді.
Қазақстан Республикасының мемелекеттік корпорацияларының шығындарын
өтеу және олардың қарамағында әртүрлі ақша қаражаттары ретінде түсініктеме
беріледі. Қазақстан Республикасында мынында анықтама беріледі:
Бұл ақша несие және бюджеттік халық шаруашылығын қамтамасыз ету және
дамыту үшін үздіксіз пайдалынатын әлеуметтік-мәдени шараларға басқару мен
қорғанысқа жұмсалатын қаражат ретінде жүретін экономика жүесінің құрамдас
бөлігі. Өзінің ақша табыстарымен шеттен түсетін түсімдерін ақша ресурстары
деп қарауға болады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектінің қарамағында
болу, оның қаржы міндеттемелерінің орындалуы үшін арнайы жасалады да
ағымдағы шығындарына және өндірісті кеңейтуге байланысты кететін шығын
үшін жұмсалады.Кәсіпорын капиталы –ол пайда түсіретін кәсіпорын мүлгінің
қаржылары. Капитал-кәсіпорынның құру және дамыту басты экономикалык база
болып табылады, себебі, ол материалдык емес формаларда инвестициялық
акивтердің жалпы ақша құнын қалыптастырады. Капитал өз функциялану
процесіне жекеменшік, кәсіпорын персоналы сонымен қатар мемлекеттік
қызығушылықтарын қамтамасыз етеді. Дәл осы капиталдың кәсіпорын қаржылық
басқаруының негізгі объектісі ретінде анықтайды, ал оның тиімді пайдалануы
қаржылық менеджменттің ең негігі мақсаттарының бірі екенін дәлелдейді.
Жалпы кәсіпорын капиталы ұғымында оның көптеген әртүрлі түрлері
түсіндіріледі, сондықтан олардың белгілеріне қарай түрлерін қарастырайық.
Иелігіне қарай: жекеменшік және қарыздық капитал. Жекеменшік капитал-
жалпы фирманың қаражаттарының құнын білдіреді, себебі ол жекеменшік
құқығына ие болады.Оның құрамында жарғылық, қосымша резервтік
капитал,бөлінбеген пайда және басқа да резервтер есептеледі. Жарғылық
капитал мемлекет,басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын
(ұйым) мүлкінің (капиталының) мөошерін сипаттап көрсетеді және
алғашқыда,шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік
капиталды,материалдық емес активтерді,айналым құралдарын сатып алудың көзі
болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық
капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдарды)-өндіріс
процесінің натуралдық заттай элементтерін құруға арналған меншікті
ұаражаттардығ негізгі көзі. Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет
процесінде өзгеріп отырады:негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар
(күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталдың
өсімі,тауарлы-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі жіне капиталдың
басқа толықтыру нәтижесінде көбейеді. Негізгі құралдарды шығару немесе
беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауарлы материалдық
игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді. Қосымша капитал мыналарды
қамтиды:
-бағалауға дейінгі негізгі қаражаттардың сомасын;
-фирмаға қайтарусыз берілген құндылықтар;
-орналасқан акциялардың номинал құнына қосымша алынған
сома(акционерлік
-қоғамның эмиссиялық кірісі);
Қосымша капитал кәсіпорынға жыл ішінде жоғарыда көрсетілген каналдар
арқылы түсетін ақша қаражаттарын басқарады. Бұнда негізгі канал –негізгі
қорларды жоғары бағалау болып табыладығ. Резервтік капитал жарғыда
бекітілген мөлшермен табысты бөлуден құрылады,бірақ ол жарғылық капиталдың
15% нен кем болмауы керек.Жыл сайын резервтік капиталға таза табыстың кем
дегенде 5% түсіп отыруы қажет,жарғыда бекітілген мөлшерге жеткенге дейін.
Резервтік капитал мүмкін болатын кәсіпорын шығындарын жабуға, сонымен
қатар кәсіпорынмен эмитенттелген облигацияларды жабу үшін, және өз
акцияларын сатып алу үшін құрылады. Қарыздық капитал қайтару негізінде
фирманың қызметін дамуын қаржыландыруға алынған ақша қаражаттарынан және
басқа да мүлікті құндылықтардан тұрады.Фирмада қолданылатын қарыздық
капиталдың барлық түрлері белгілі бір мерзімде қайтарылатын қаржылық борыш
болып табылады.
Инвестицияландыру объектісіне қарай кәсіпорын капиталы ,негізгі және
айналым капиатлы болып бөлінеді. Негізгі капитал-кәсіпорын қызметінде бір
жылдан аса пайдаланып өз құнын дайын өнімге бөлшектеп аударып қаржылық құны
болып табылады. Баланс капиталы пассивтері активтердің құрылуы үшін қызмет
етеді Корпорация активтері-бұл мүлікті құқықтар жиынтығы,яғни мүлікке ие
болу, басқару, пайдалану құқығы бар екенін білдіреді.
Активтер 2 түрлі болады :
- айналымнан тыс активтер;
- айналым активтер.
Айналым активтері – бұл өндірістік цикілінде немесе бір жылда ақша
қаражатының активтері. Айналымнан тыс активтер-мобильдік активтер бөлігі.
Айналымнан тыс активтер шаруашылық айналымнан шығып қалған кәсіпорын
ақшалай қаражаты болып табылады. Айналымнан тыс активтер немесе негізгі
капитал өндірістің материалдық базасын техникалық деңгейін сипаттап,оларды
ұлттық байлығының маңызды бөлігі ретінде көрсетеді. Негізгі қаражаттар-
негізгі қорларға салынған аұшалай қаражаттар болып есептеледі. Мақсатына,
міндетіне, рөл мен атқаратын қызметіне байланысты негізгі қорлар белгілі
топтарға топталады. Негізгі өндірістік қорларды типтік тоқталуына бірнеше
топтар, құрылыстар, ғимараттар лабараториялық есептеу техникалары,
машиналар мен автоматты құрал жабдықтар көлік құралдары, кәміпорын
меншігінде болатын жер учаскелері. Негізгі қорлар-шарушылық процессінде
бірнеше рет қолданылатын бірақ өзінің формасын өзгертпейтін еңбек
құралдары,олардың құны,аммортизациялық аударымдар түріндегі өндірілген өнім
бірлігіне ауысады.
Негізгі қорларға: өндірістік өнім,көрсетілген қызмет немесе кәсіпорые
мұқтажын өтеуі не қажет материалдық құндылықтар жатады.Олардың құны 12
айлық көрсеткіш немесе олардың әрбір бірлігі сатып алынған күннен бастап 50
айлық есептеу көрсеткіштерінен асып тұруы керек.
Айналымнан тыс активтер(ұзақ мерзімді активтер) келесідей бөлінеді:
-Материалдық активтер;
-Материалдық емес активтер;
-Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар. Материалдық активтер–ол құрал
жабдықтарға,машиналарға,жерге,құмыс істейтін малға және сол сияқтыларға
жұмасалып отвратын қаражаттар. Материалдық емес активтер–бұл шарушылық
жұмыстарға ұза. мерзімде пайдаланатын әрі табыс әкелетін материардық емес
объектілерге салынған ақша қаражаттары. Яғни заттық формасы жоқ активтерге
салымдар болады. Мысалы, кәсіпорынның бассқа кәсіорынмен байланысы, табиғи
ресурстарын пайдалану құқығы, патенттер, ноу-хау өндірістік құрылыс және
т.с.с. Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар-ұзақмерзімді бағалы қағаздарға
салынатын салымдар. Басқа жарғылық капиталдың үлесті қатысуға жұмасалатын
шығындар. Өндірістік қорлар-тікелей немесе жанама түрде материалдық
өндіруге қатысады. Өндірістік емес қорларға тұрғын үйлер,бала-
бақшалар,санаториилер,яғни материалдық емес салымның негізгі қорлары
жатады.Өндірістік негізгі қорлаының Активтік және пасивтік түрлері
болады.Акивті негігі қорлар-шикізаттар мен Материалдардың жартылай
фабрикаттарды өңдеуге және негізгі қорлардың қызметіне тікелей
қатыспайды,бірақ сол өнімді өндіру үшін қажетті жаңдай жасайды.
Экономикалық салаларында негізгі құралдар құрылымы біркелкі болмайды, ол
техникалық жабдықтауға технологияның маман даярлау мен өндірістік ұйымдарға
байланысты болады. Айналым капитал ол кәсіпорын қызметіне 1 жыл арасына
немесе 1 өндірістік циклде пайдаланып өз құнын Дайын өнімге толық
аударылған қаражаттың құны. Тауарлы материалдық запастар өндірістік
запастар (шикізат, материалдар, отын, аяқталмаған өндіріс, жартылай
фабрикаттар, дайын өнім). Дебиторлық қарыздар-ол қоғамға басқа тұлғалармен
ішкі бөлімдердің жұмысшылардың қарыздары. Ақшалай қаражат-кәсіпорында қолма-
қол ақша (кассадағы, есептік, валютадағы шоттардағы ақшалар).
Келешек кезең шығындары–ол қарастырылатын кезкңде жиі асырылып, бірақ
нәтижелі,келешек кезеңдерде күтілетін шығындар. Қысқа мерзімде бағалы
қағаздарға салымдар. Негізгі капитал айналым капиталына қарағанда өз
заттық формасын өзгертпейді (1 жылдан асатын қаржылар). Қаржылық менеджмент
негізінде және айналым капиталдарының заттық формасы маңызды болмайды, ең
бастысы олардың құны болады. Кәсіпорындардың капитал-ол пайда түсіретін
кәсіпорынның мүлігі және қаражаттары. Кәсіпорынның мүлігі ретінде капитал
негізі және айналым капиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал және
айналымнан тыс активтер, ұзақ мерзімді активтер. Оған: тауарлы
материалдық активтер, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржылық
салымдар жатады. Айналым капитал немесе қысқа мерзімді активтер немесе
немесе ағымдағы активтер деп аталады. Оған:тауарлы материалдық запастар,
дебиторлық қарыздар, ақшалай қарыздар, келешек кезең шығындары, қысқа
мерзімді қаржылық салымдар жатады.Негізгі капитал –ол кәсіпорынның
қызметіне 1 жылдан аса пайдаланып,өз құнын дайын қнімге бөлшектеп аударатын
қаражатының құны болып табылады. Материалдық активтер дегеніміз құрал
жабдықтарға, машиналарға, жерге, жұмыс істкйтін мамандарға салынатын
қаражаттар. Материалдық емес активтер-заттық формасы жоқ активтерге
салымдар болады. Мысалы: кәсіпорынның құны, патент т.б. Ұзақ мерзімді
қаржылық салымдар-ол ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға салымдар болып
табылады. Айналым капиталы-ол кәсіпорынның қызметіне 1 жыл арасында немесе
бір өндірістік циклде пайдаланып, өз құнын дайын өнімге толық аударатын
қаражаттың құны.Тауарлы-материалдық запастарға:өндірістік запастар
(шикізат,материалдар,) аяқталмаған өндіріс,жартылай фабрикаттар, дайын
өнім. Дебиторлық қарыздар-бұл кәсіпорындарға басқа тұлғаның, ішкі
бөлімдердің, жұмысшлрдың қарыздары. Ақшалай қаражаттар-ол кассадағы
есептік, сомалық шоттағы ақшалар. Келешек қаражаттар-ол
кассадағы,қарастырылатын кезеңде жүзеге асырылып,бірақ нәтижесі келешек
кезеңдерде күтілетін шығындар. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар-бұл қысқа
мерзімді бағалы қағаздарға салымдар болып табылады. Негізгі капитал айналым
капиталға қарағанда өзінің затты формасын өзгертпейді. Негізгі капитал
баланста-ұзақ мерзімді активтер деп белгіленеді, ал айналым капиталы
–ағымдағы активтер болып белгіленеді, ал айналым капиталы –ағымдағы
активтер болып белгіленеді. Қаржылық менеджментте негізгі және айналым
заттық формасы капиталдардың заттық формасы маңызды болмайды,ең бастысы
оларды құны болып табылады. Жалпы капитал көп мағыналы ұғым:ол материалдың
игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де
қамтиды, атап айтқанда,адамның қабілеті, білімі.бірқатар экономистер
капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси
экономиканың классиктерінен тараған. А.Смит капиталды жинақталған еңбек
деп, ал Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал жабдықтары деп тұжырымдарған.
Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі.
Мысалы, П.Самуэльсон мен Нордхаустың Экономикс деген еңбегінде,капитал
экономикада басқа тауарларды өңдеуге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын
игіліктер деп түсіндірілген. Маркстің саяси экономикасының маңызды
категориясы ретінде капитал қоғамның Бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін
қамтитын құбылыс ретінде сипатталады, яғни Капитал капиталистер мен
жұмысшылардың қосымша құнды өндірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен
байланысты таптар арсындағы қатынастарды қамтиды. Маркс капиталдың жалпы
формуласын шығарды. Ақша-Тауар –Ақша осыған орай ол капитал мәңгі
қозғалыста болады деген қорытындыңа келеді. Капиталдың өсуінің көзі
капиталистердің ақысыз иемденіп жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен
өндірілетін қосымша құн болып табылады. Сырт қарағанда капитал мынадай
наұты нысандарңа орын алады: өндіріс құрал –жабдықтары -өндіріс капитал
нысанда ақша-ақшалай, тауарлар-тауарлы капитал нысанында көрінбекші. Солай
дей тұра К.Маркс ақша-тауар және құрал жабдықтар жеке алғанда капитал
болады дегенді айтпайды, олар белгілі бір өндірістк қатынастар құрамында
ғана капитал болып саналады, деп білді. Сонымен капиталға деген көзқарас
әл қилы, алайда олардың бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін
қабілеті тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі. Материалдық өндіріс
саоасында қызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады.
Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына бөлінген ақша өдірістік объектіні
салуға,машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім өндіруге
қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалады. Өнеркәсіп капиталының өндіріс
объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процессіне
көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал де атайды. Шикізат,
материалдар ,энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде
пайдаланылады да,өндірілген өнімге бірден көшеді.

1.3. Кәсіпорын капиталын қаржыландыру әдістері

Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі
өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен
байлнысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың
айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен
байланысты.
Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс процесінің
материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика
жағдайында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың
жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей
қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегіен еңбек құралдарын сатып алу,
пайдалану жіне қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты
ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың
өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық
айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін
– еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың
орнын толтыру үшін өаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек
құралдары мен еңбек заттарыан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс
құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және
айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және
тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амартизациялық
аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін
қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа
бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық
құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа кәсіпорындарды құру немесе
оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың
жарналары , акцияларды сатудан түскен қаржылай қаражаттарды тарту есебінен
қалыптасады; мемлекеттік кәспорындар үшін - бұл бюджет пен мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың
жоғарғы буындарының - бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің,
ведомствалардың орталықтандырылған қаржы ресурстарының есебінен авансылануы
мүмкін. Соңғы уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдің инвесторлардың
қаражаттары кеңінен пайдаланыып келеді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірістік капиталдардың өсімін
қаржыландырудың көзі кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей
осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржы қорлары - өндірісті дамыту қоры
(қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржы резерві,
басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын таза табыс (пайда) болып
табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері: негізгі
капиталдарды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым капиталдарын
қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады. Айналым
қаражаттарын көбейтудің көзі бұдан басқа

2. Кәсіпорын капиталын тиімді басқаруды талдау
2.1. KazMicroFinance МКҰ АҚ жалпы қызметі мен табысы мен кірісін
талдау

KazMicroFinance МКҰ АҚ– әлеуметтік бағытталған ұйым, орталық азия
аймағының микроқаржыландыру көшбасшысы.
Құрылтайшысы – Қазақстан несиелеу қоры МКҰ болып табылады.

KazMicroFinance-тің Алматыда орналасқан Бас офисі, Астанада,
Алматыда, Талдықорғанда, Шымкентте, Таразда, Түркістанда, Қарағандыда,
Қызыл-Ордада филиалдары бар. KazMicroFinance филиалдарының жанында
негізінен ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін қосалқы офистер (бөлімшелер)
жұмыс істейді.
Қызметі: микрокредиттер түрінде қаржылық қызмет көрсету болып
табылады.
Негізгі мақсаты микрокредиттеу бағдарламалары арқылы халықтың әл
ауқатын көтеру болып табылатын микроқаржы секторын білдіре отырып:
- микро және шағын кәсіпкерлікті дамытуға;
- халық өмірінің сапасын жақсартуға;
- ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетеді.
Бүгіннің өзінде:
- 6 облыста
- 22 қалада
- 28 ауданда
- 464 селода, поселкеде және ауылда 27 000 астам клиенттерге қызмет
көрсетуде.
Қызмет барысында мынадай әдістерді қолданады:
- Клиенттерге бейімделу;
- Адами тілектес қарым қатынастар;
- Клиенттердің өсуі үшін мүмкіндіктер туғызу;
- Сапалы қызмет көрсету;
- Несие алудың қол жетерлігі: жеңілдетілген модель, мейлінше аз құжат
жинау, еліміздің ауылдық жерлерінде бөлімшелердің болуы
KazMicroFinance микрокредиттік ұйымның тарихы оның бас компаниясын -
Қазақстан несиелеу қорын (ҚНҚ) құрудан басталады. 1996 жылы Американың
халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстанда микрокредиттеудің
жобасын ендіруге арналған тендерді жария етті, ACDIVOCA – американдық
үкіметтік емес ұйым оны ұтып алып, кейіннен Қазақстан несиелеу қоры
Корпоративтік қорының құрылтайшысы болды.
Қазақстан несиелеу қорының көзге түсер жетістіктері:
2002 жылы біз әлемдегі USAID-тің 15 ең үздік қаржы жобаларының бірі
деп аталып өтті, Қазақстанның Микроқаржыландыру Ассоциация Ұйымының
құраушысының бiрi болып шықты;
MixMarket (микроқаржы ұйымдарының қаламдық бүкіл әремдік желісі)
бағасы бойынша біз портфельдің сапасы бойынша әлемнің 100 МҚҰ-ның арасынан
3-орынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталды есепке алу
Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауы
Қосымша төленген капиталдың есебі
Меншік капиталы
Меншік капиталының есібі
ҚР-сында АҚ-дарының қаржылық ресурстарын басқару ерекшеліктері
Меншікті капиталдың есебі туралы ақпарат
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Меншік капиталының аудиті туралы
Зерттеу нәтижесіндегі меншікті капиталдың есебі мен аудитін тиімді жүргізу жолдары
Пәндер