Қазақстан Республикасының құқық жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Құқық жүйесінің ұғымы мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Құқық жүйесінің белгілері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..

2 ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАУЫШТАРЫ
2.1 Құқықтық институт және құқық салаларының ұғымы
2.2 Құқықтық институт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазіргі заманғы өркениетті елдерде құқық барлық азаматтың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққада жалпы осындай әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді, десек қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды таңдайтын болсақ, олардың қандайда болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған. Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады: Құқық – жалпыға міндетті, мемлекет күшпен қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарды реттейтін заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма ережелерінің жиынтығы.
Қоғам дамуының жоғарғы сатысында заңға деген қажеттілік өседі, азаматтық айналым күрделене түседі. Әдет – ғұрып өмірге ілесе алмай заңға жол береді. Сөйтіп бәрі де өзгеріске ұшырайды. Бұл қазақтың азаматтық құқығы бүкіл дүние жүзі халықтарының азаматтық құқық тарихына тән көне кезеңдердің бәрінде басынан өткергендігін дәлелдейді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» 2003ж. 20 маусым.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы, 1999ж. 10 желтоқсан.
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.
6. Неке және отбасы туралы Заңы, 1998 ж. 17 желтоқсан.
7. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялардың мартебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, 2000 ж., 25 желтоқсан.
8. Назарбаев Н. – Қазақстан – 2030. Ел призидентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: «Білім», 1997. 9-47 бет
9. Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан мемлекеті мен құқық негіздері». Алматы, 1998ж.
10. М. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана 2001ж.
11. А.А. Табановтың «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы».
12. А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Алматы, 2001г.
13. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық». Алматы, 2001ж.
14. В.Н. Уваров «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы». Алматы, Қаз ГЗУ 2002ж.
15. В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.
16. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқулық. Алматы, 1998 ж.
17. И.Г. Архипов «Земельное право Республики Казахстан». Алматы, 1999г.
18. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999 ж.
19. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Алматы, 2002ж.
20. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин «Гражданское право». Алматы, 2000г.
21. Н.И. Химичева «Финансовое право». Москва, 1999г.
22. Т.Т. Ағдарбеков «Құқық және мемлекет теориясы». Қарағанды, 2002 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті

Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні : ___________________________________ _____
тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық жүйесі

Орындаған:
______________________________
______________________

Ғылыми жетекшісі:

__________________________
__________________________

Қарағанды 2010
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..

1 Құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Құқық жүйесінің ұғымы мен
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
1.2 Құқық жүйесінің белгілері мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...

2 Құқық жүйесінің негізгі құрауыштары
2.1 Құқықтық институт және құқық салаларының ұғымы
2.2 Құқықтық
институт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы өркениетті елдерде құқық барлық азаматтың еркін
білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан
мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққада жалпы осындай әлеуметтік
тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді, десек қателеспейміз. Қазақстан
Республикасында қабылданған заңдарды таңдайтын болсақ, олардың қандайда
болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек Қазақстан заңдары барлық
әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған. Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай
отырып, оған мынадай анықтама беруге болады: Құқық – жалпыға міндетті,
мемлекет күшпен қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарды реттейтін заңда
және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма ережелерінің
жиынтығы.
Қоғам дамуының жоғарғы сатысында заңға деген қажеттілік өседі,
азаматтық айналым күрделене түседі. Әдет – ғұрып өмірге ілесе алмай заңға
жол береді. Сөйтіп бәрі де өзгеріске ұшырайды. Бұл қазақтың азаматтық
құқығы бүкіл дүние жүзі халықтарының азаматтық құқық тарихына тән көне
кезеңдердің бәрінде басынан өткергендігін дәлелдейді.
Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік
нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы санқырлы
қатынастар реттеліп, шешіледі. Әлеуметтік нормалардың қолданылуы әр елде
әртүрлі. Бір елде - мораль, екінші елде - әдет-ғұрып, үшінші елде - құқық
басым болады. Әр елдің нормаларының қолданылуы барысында ерекшеліктері
болады. Сол арқылы өздерінің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Сол арқылы
ұлттық құқық жүйелерін жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі, оның
негізгі қағидалары мен тәсілдері:
1) Бірнеше елдердің құқық жүйесі негіздері мен мазмұны бір-біріне
ұқсас болады. Себебі олар бір мемлекеттің нормативтік жүйесінен бөлініп
шыққан.
2) Құқық жүйелерінің нысандарына сәйкес топтастыру. Нормативтік
актілердің жәнеәлеуметтік нормалардың қабылдануының, қолданылуының
ерекшеліктеріне орай құқық жүйесіне бөлу (құқық, әдет-ғұрып, сот шешімі).
3) Әлеуметтік-құқықтық нормаларының құрылымына қарай жүйелеу. Бірнеше
елдердің нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция), құқықтық
элементтері (норма, институт, бөлім, сала) бір-бірін ұқаса болады. Бұл
топтастырудың негізгін құрады, тәсіл болады.
4) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылу, қабылдау, орындау
кағидаларына сәйкес жүйеге келтіру. Бір елде-дін, екінші елде - идеология,
үшінші елде - заңдылық басым долады. Осы саясаттар құқықтық жүйелернің
негізі болады.
Сонымен, қоғамның объективтік даму процесінің мүдде- мақсатына сәйкес
саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым- қатынастарды реттейтін әр елде құқық
жүйесі қалыптасады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - құқық жүйесі мен оның негізгі
құрауыштарына тоқталу.
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді шешу көзделген:
1. құқық жүйесінің ұғымы мен қағидаларының мәнін ашу;
2. құқық жүйесінің белгілері мен ерекшеліктеріне тоқталу;
3. құқық салалары мен институттарын қарастыру.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі.
Теориялық базасы ретінде батыстың жетекші экономист-практиктерінің
еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық актілері мен кодекстері,
қазақстандық ғалымдардың еңбектері негіз болады.

1 Құқық жүйесі

1.1 Құқық жүйесінің ұғымы мен қағидалары

Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.
- біріншіден, құқық ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға
сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі: мысалы, азаматтардың еңбек ету
бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.
Осы келтірілген жағдайларда құқық түсінігі субъективтік мағынада
қолданылады.
Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен
құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез –
құлқының шегін анықтайды.
- екіншіден құқық дегеніміз – құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамдардың еркіне байланысты емес. Сонымен объективтік құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін тұтас құбылыс болып саналады.
- үшіншіден құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері әртүрлі салаларға бөлінеді: конституциялық
құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, азаматтық құқық, отбасылық құқық,
қылмыстық құқық, қаржылық құқық және тағы басқа. Құқық саласы - өзара тұтас
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
- төртіншіден құқық термині тұлғалық құқықпен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты, құқық жүйесі деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда. Құқық пәнін оқып құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатындығында анықтай алады. Мұнын өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі. Құқықтың түрлі
түсінігінің болуы – оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі.
Азаматтарға сан қилы құқықтармен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру
мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі.
Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар
жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине құқық туралы зерттеушілердің көқарасы бір жерден шығып, бір
текті болды деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алады. Маркстік ілім
құқықты оғын байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқық үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болсада құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады.
Бірақ, Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге
тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан – ашық тек құл
иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы
мемлекеттерге теңеуге болмайды.
Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз
тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады.
Құқықтық норманың мәні мен маңыздылығын айқындап, оны қоғамдық
қатынастардың реттеуші құралы ретінде қарастыру. Құқықтық қатынастарды
қоғамдық қатынастардың бір түрі ретінде көрсетіп оның түрлерін сипаттау.
Құқықтық норма –мемлекетпен рұқсат етілген немесе белгіленген, жеке
тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құрал
реттінде шартты түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың
ережелері.
Құқықтық норманың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады.
Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды
нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Құқықтық нормалардың элементері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектінің құқығы мен міндеттерін
көрсетеді. Диспозицияның үш түрі болады:
а) жалпылама түрі –нормада субъектінің құқығы мен міндеттері айқын
көрсетілмейді, мысалы жұмыссыздық туралы Заңда республикалық облыстық
аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
ә) айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы
қылмыстық кодексінің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
б) сілтеу түрі- диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы,азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме
қолданылады..
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Гипотезаның үш түрі бар:
а) егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы мен болмауымен
байланысты болса ,мұндай гипотезаны жалпылама -гипотеза деп аталады.
ә) егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны -күрделі гипотеза деп аталады.
б) егерде норманың ,іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса мұндай гипотезаны альтернативті гипотеза деп аталады.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі
бар:
а) абсолютті айқын санкция- жұмыстан шығару,айып төлеу,қызметтен
төмендету т.б.

ә) салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершіік (қылмыстық кодекстік баптар)

б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
рөлін дұрыс,уақытында,жақсы орындай алады.
Құқықтық норманың элементтерін ашып білу үшін В.Н. Хропанюк Теория
государства и права оқулығын қараңыз.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз
міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады.

Құқықтық қатынас дегеніміз мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты
құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқытық қатынастардың нышан
белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп
отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтің актілерде қатынастын
мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса
жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқық қатынастар арқылы нормативтік
актілер іске асады, орындалады.
Екінші – қатынастың субъектінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің
толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес,
тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады;
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде мақсаттарын іске асыру
үшін құқықтық қатынас жасайды;
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық
болып бөлінбейді. Құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері
бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз. Сонымен қатар құқықтың
әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар.
Сондықтан құқық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының
құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа
нарықтық экономикамен жаңа демократияны көптеген өзгеде жас тәуелсіз
мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру
үстіндеміз. Ендеше осы бағытта әртүрлі өркениеттердің ең соңғы
жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
1.2 Құқық жүйесінің белгілері мен ерекшеліктері

Құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық:
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір
бөлігі – табиғи құқықтық мазмұны, адам мен қоғамның табиғатына байланысты
әлеуметтік құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы: адамның өмірі,
денсаулығы, табиғи құбылыстары, оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге
бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан
Республикасының конституциясында былай делінген: Әркімнің өмір сүруге
құқығы бар. Ешкімнің өзбетінше адам өмірін қиуға қақысы жоқ.
Құқықтық жүйенің екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық
заңдардың жиынтығы.
Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субьективтік құқықтар.
Осы айтылған бөліктер бірі мен бірі табиғи түрде байланысты. Бірінсіз
басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы: тек әр адамның өмір
сүруге құқығы бар деп жарияланса, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етілмесе,
адамның өз өмірін мақтауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде
ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік
игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек.
Адамның әлеуметтік – құқықтық талаптарының мағынасы оны мемлекеттің
тануы, қорғауға қажет болған жағдайда қамтамасыз етеді.
Нормативтік сипаты – құқықтың негізгі белгілерінің бірі құқықтық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида тұлғалардың мінез –
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар
өз іс - әрекеттерін мінезін белгілі бір ережеде көрсетілген қалыпқа
бейімдеулері қажет. Сондықтан, құқықтық нормалары – тұлғалардың іс -
әрекетінің, мінез – құлқының үлгісі. Мысалы: әр кім өзінің қай ұлтқа, қай
партияға және дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге
хақылы. Тұлғалардың мінез – құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық
қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді,
ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.
Формальды анықтылық – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол
құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты оны құрайтын
заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет
органдарынан тұрады, демек мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң
ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже қағида заң шығарушылық
тұлғалардың мінез – құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде
тұжырымдайды. Қағида да артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің
әлеуметтік мәні болады. Себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың
мінез – құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Дүние жүзіндегі мемлекеттердің тарихи, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жұйелері бір біріне ұқсамайды. Оларды
ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ұлттық, топтық құқықтық жүйелерге жіктеу
жүргізіледі.
Францияның ғылымы Давид Рененің пікірі бойынша құқықтық жүйенің
бірнеше түрі болады: англо-саксондық, романо-германдық соцалистік, діни
және Қытай, Индия, Жапония тағы басқа құқықтық жүйелерге бөлінеді.
Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе феодылизм кезінен басталады.
Англия өзінің аралдық жағдайын пайдаланып, ерекше әдет-ғұоыптарын сақтауға
тырысты. ХІІ ғасырдан бастап қалыптасқан англияның демократиялық
жетістіктері құқық жүйесіне зор ықпалын тигізді. Англия, Рим мемлекетінің
провинциясы болса да өзінің ұлттық ерекшеліктерін жоғары ұстай білді. Бұл
құқықтық жүйе ежелгі әдет-ғұрыптардан, сот шешімдерінен құралады. Англияның
королі Генрих ІІ (1154-1187) бірнеше реформалар жүргізген, солардың
арасында ең маңыздысы сот реформасы. Ол көшпелі королдық сотты енгізді. Бұл
сот әр жылдың аяғында құқық тәжірибесінен жан-жақты талдап қорытынды жасап,
маңызды шешімдерін баспа арқылы жариялап отырды. Соттардың бәріне бұл
қорытынды шешім - ережелер негізгі заң болып, оны міндетті түрде қолданатын
болды. Сөйтіп жергілікті әдет-ғұрыптар модификациядан өтіп ерекшеліктерін
бірте-бірте жоғалтып жаңа англо-саксондық құқы жүйесі қалыптаса бастады.
Бұл жүйенің негізгі мазмұны сот тәжірибесінен қалыптасады, мемлекеттік
органның қабылданған нормалары қосымша рөл атқарады. Қазіргі заманда бұл
өте күрделі, демократиялық құқықтық жүйе. Оны статус құқығы деп те атайды.
Статус - парламент қабылдаған заң. Оның саны 500 жылда 2000-ға жеткен.
Англияда азаматтық кодекс жоқ. Сот азаматтық істерді дұрыс шешіп, жаңа
норма жариялайды. Бұл нормалар әрбір жеке статусты шешетін норма болып
шығарылыды. Құқықтық нормаларды кодификациялау өте сирек кездеседі.
Англияның құқықтық жүйесі абсолюттік монархиялық кезден қалыптасқандықтан
процессуальдық нормалардың маңызы материалдық нормалардан жоғары тұрады.
Англия өзінің орталық тәуелді елдерінің ұлттық құқықтық жүйелеріне нышан
келтірмейді. Олар бірте-бірте ағылшын құқығының жақсарған нормаларын
пайдалана бастайды (Малайзия, Сингапур, Египет т.б.).
Ағылшын құқығының көп ерекшеліктері бар. Біріншіден, федаративтік
құқық; екіншіден, мұнда сот шешімдерімен қатар құқықтық нормаларды,
конституциялық маңызын жоғары ұстайды. Ал АҚШ-та кодификациялау жүйесі
белсенді жүргізіледі. Қазіргі кезде англо-саксондық құқықтық жүйесі
нормативтік актілердің маңызын көтерді.
Роман-германдық құқықтық жүйе. Еуропа мемлекеттерінің көпшілігінде
романдық құқықтық жүйесі деген сөз ежелгі Рим құқығының ықпалымен
құрылғанын көрсетеді. Феодалдық кезеңде бұл жүйе жақсы дамымады. Ал
буржуазиялық революциялар Рим құқығына өте үлкен жол ашты. Жеке меншік
құқығы қасиетті, оған ешкім қол сұғуға құқығы жоқ деп бекітті. Осы
кезеңнен бастап Рим құқығы Германия, Франция, Италия кодекстерінде орын ала
бастады. Мысалы, 1804 жылғы Напалеон атындағы Францияның Азаматтық кодексі,
1896 жылғы Германияның Азаматтық нормалар жинағы жатады.
Роман-германдық құқықтық жүйесінің негізгі мазмұны - нормативтік
актілерді бірінші орынға қойды, сот шешімдері қосымша рөл атқарды.
Кодификациялау жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Патшалық Россиядағы
Сперанскиийдің үкіметті басқаруы кезінде дамыды.
Жалпы, англо-саксондық, роман-германдық құқытық жүйелер буржуазиялық
жүйені қорғап дамытты. Дүние жүзіндегі елдерге үлгі болды. Соның негізінде
қазіргі заң ғылымының дамуына зор үлес қосты.
Социалистік-құқықтық жүйе. Бұл жүйе өзі төртке бөлінеді: советтік
құқық жүйесі; еуропалық социалистік мемлекеттер құқық жүйесі; азиялық
социалистік елдердің құқық жүйесі; Куба республикасының құқықтық жүйесі.
Олардағы негізгі қағида бірдей болды: қоғамдық меншікті, бір ортақтан
жоспарлауды қорғау, мемлекеттердің құқытық негізін құрасыратын заң
шығаратын органдардың нормативтік актілердің қабылдануы т.б.
Діни-құқықтық жүйе - Азияның, Африканың дамушы елдері жатады. Ол
елдердің құқықтық саясаты екі и түрге бөлінеді:
1) құқықты түсіну және оны дамытудағы дін мен зиялы бағытты
біріктіріп отыруы (Ислам, индус, иуда діндеріндегі мемлекеттер);
2) құқыққа қарсы бағыт. Қоғамды басқаруда әлеуметтік нормалардың өзге
түрлерін бірінші орынға қояды (әдет-ғұрап, мораль, діни-қоғамдық ұйымдардың
шешімдерін).
Ислам діни қағидалардың құқықтық негізі деп саналады. Бұл бағыттағы
жүйені шариғат деп атайды. Сонымен қатар адат деп те атайтын жүйелері бар.
Исламдық құқықтың төрт түрлі негізі бар:
1) Құран Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген киелі, ардақты кітабы;
2) Сунна Мұхаммед пайғамбардың хадистері;
3) Иджма ислам ұйымдарының қабылдаған шешімдері;
4) Қитас өмірде кездесетін мәселелерді Құранға сүйене отырып шешу.
Мұсылмандық құқық Еуропалық құқықтық жүйенің тарапынан елеулі әсер
алғанына қарамастан жер шарының барлық түкпірінде миллиондаған адам
бұқарасына ықпал ете отырып дербестігін сақтап отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімге ождан
бостандығына, атап айтқанда кез-келген дінді ұстауға, діни немесе өзге де
наным-сенімдерді уағыздауға заңдылықты сақтай отырып, әрекет етуге кепілдік
береді. Діни бірлестіктердің қызметіне құқытық негіз жасағандықтан,
белгіленген құқықпен сәйкестендірілуі тиіс. Мемлекет әлде бір дінге немесе
дінсіздікке бүйрек бұра алмайды, діни саяси партиялар құруға жол бермейді.

2 Құқық жүйесінің негізгі құрауыштары

2.1 Құқықтық институт және құқық салаларының ұғымы

Заң нормалары нақтылы құқық қатынастарын реттейтін мінез-құлық
ережесі, бірақ бұл қатынас емес, көптеген құқық нормаларынмен реттеліп
қорғалады. Осндай нормаларды ірілендіріп, бір кещенге біріктірудің негізін
құқықтық институт дейміз. Мысалы, еңбек қатынастарында жеке еңбек шартын
жасасу, жалақы тағайындау мен төлеу, өндірістік тәртіпті бұзғангы үшін
жауапкершілікке тарту т.б. қамтылады.
Құқықтық институт - құқық жүйесінің қоғамдық қатынастар кезеңіндегі
дербес топтасқан салалар шеңберінде қарастырылады:
1) құқық нормаларынынң заңдық бірлігі (жалпы ережелер, құқықтық
принциптер, құқықтық ұғымдар);
2) белгілі бір қоғамдық қатынастардың реттілігі (дефинитивтік
нормалар, рұқсат етуші, тиым салушы, ерік беруші т.б.);
3) құқық институттарын құрайтын нормаларды, бөлімдерге, бөліктерге,
тарауларға оқшауландырып бөлу.
Бірақ та құқықтық жүйеде аралас институттар да болады. Айталық, Неке
отбасы қатынастарында Азаматтық заңдардың қолданылуы.
Құқық институттарының ерекшеліктері:
1) оны құрайтын нормалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін
жалпы мазмұнмен біріктірілген;
2) біртектес пәндік реттілігіне қарамастан, әртүрлі болады, өйткені
қоғамдық қатынастардың біртектестігі олардың тараптарын жоққа шығармайды;
3) оның мазмұны белгілі ұғым топтарын, терминдерді, құрылымдарды
тұжырымдайды;
4) институтты құрайтын нормалар тығыз байланысты, өзара іс-әрекет
жасайды, бірін-бірі толықтырып отырады;
5) заңдарда, нормативтік-құқытық бөлек актілерде, бөлек не бір
бөлігінде қарастырылып бекітіледі. Тек кездейсоқ жағдайларда ғана әртүрлі
құқықтық нормалармен реттеледі.
Құқық институттарымен салыстырғанда нормалардың ірілендірілген
топтарының реттелетін құқық жүйесінің деңгейі - құқық салалары болып
табылады.
Құқық салалары - құқықтық реттіліктің әдісіне тән бір туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы, белгілі бір сферасын реттеуші.
Мысалы, отбасы қатынасында мемлекет тағайындаған көптеген құқық нормаларын
(неке қию, тоқтату) реттейді, қосыла келіп олар бір құқық саласына
топтастырылады, оны Отбасы құқығы дейміз. Сол сияқты еңбек қатынастарын
еңбек құқығы реттейді т.б.
Құқық институттарымен салыстырғанда нолрмалардың ірілендірілген
топтарының реттелетін құқық жүйесінің деңгейі - құқық салалары болып
табылады.
Құқық салалары - құқықтық реттіліктің әдісіне тән бір туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы, белгілі бір сферасын реттеуші.
Мысалы, отбасы қатынасында мемлекет тағайындаған көптеген құқық нормаларын
(неке қию, тоқтату) реттейді, қосыла келіп олар бір құқық саласына
топтастырылады, оны Отбасы құқығы дейміз. Сол сияқты еңбек қатынастарын
еңбек құқығы реттейді т.б. Демек, құқық салалары - бұл қоғамдық
қатынастардың белгілі бір сферасын реттейтін заң нормаларының ықшамдалған
жиынтығы. Заң жүзінде олардың мынандай түрлері айқындалған:
1) Конституциялық құқық;
2) Азаматтық құқық;
3) Әкімшілік құқық;
4) Қылмыстық құқық;
5) Жер
6) Еңбек
7) Отбасы және неке;
8) Ауыл шаруашылық (көбінесе аграрлық);
9) Еңбекпен түзеу (қылмыстық-орындаушылық);
10) Табиғат қорғау (көбінесе экологиялық);
11) Қаржы;
12) Қылымыстық істер жүргізу;
13) Азаматтық істер жүргізу;
14) Халықаралық құқық.
Бұлардың жаңадан қалыптасып келе жатқан салаларына - кәсіпкерлік,
салық, муниципалдық, компьютерлік, инвестициялық құқытарды жатқызуға
болады.

2.2 Құқық салалары

Конституциялық құқық. Қазақстан Республикасының Конституциялық
құрылысының тармақтарын ашып қарап, сонымен бірге билік тармақтарын бөліп
олардың бір-бірімен байланысы мен құзыреттерін көрсету.
Конституция термині латын тіліннен сonstitutio – жарғы, заң деген
сөзден шыққан. Конституция бұл біздің Ата заңымыз болып келеді.
1990жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Ал 1991жылы 16 желтоқсанда біз
өз тәуелсіздігімізді алдық.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің
тоғызыншы сессиясында дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұнғыш Конституциясы
қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда Қазақстан
Республикасының Конституциясы қабылданды.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде танылады. Оның ең қымбат қазынасы адам және
азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Демократия дегеніміз грек тілінен халық билігі деген мағынаны
білдіреді. Бұндай мемлекетте билік ұжымдық органдармен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет Елімізде түрлі діни
бірлістіктер әрекет етеді, олар азаматтардың діни сезімдерін
қанағаттандырады. Қандай дінге сенгісі келсе де, азаматтардың өз еркінде
тіпті ешбір дінге сенбеуге де хақылы.
Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол
құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң
бір әлеуметтік топтық емес, халықтың шынайы еркінін білдіреді. Мұндай
мемлекетте заңның әр әрпі, рухы үстемдік етеді. Барша адамдар ең жоғары
дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл
халықтың мүддесін, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға
қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге,
өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне
қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.
Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше
әлеуметтік топтарға бөлмейді. Әрине мемлекет әрбір әлеуметтік топтың
ерекшеліктерін ескеріп, тікелей көмекпен мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі
себебі еңбекке қабілетсіз хал-жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан
ерекше қамқорлық қажет. (Г.С. Сапарғалиев Основы государства и права
Республики Казахстан оқулығын қараңыз).
Қазақстан Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік
билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы, мемлекеттік билік
органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды. Сөйтіп, Қазақстан
Республикасында президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы
Конституциялық қағиданы бекітті. Конституцияның Президенттің мемлекеттік
билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің
мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның көрсетілген
бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады. Мемлекет
уәкілдігі ел ішіндегі сияқты, халықаралық қатынастарда да Президент атынан
бағаланады.Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары лауазымы болып
табылады.Заң шығарушының ойынша, Президенттің осындай сипаттамасы оның
бірде-бір билік тармағына жатпайтындығын және Қазақстанның мемлекеттік
билік органдары жүйесінде ерекше орын алатынын білдіреді. Конституциясы
Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттің барлық
тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдары халық
алдындағы жауапкершілігін қамтамсыз ететіндігін орнықтырды.Президент жабық
дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және
сайлау балама сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға
қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол берілмейді. (Президенттің
мәртебесі мен құзыретін анықтап білу үшін Қазақстан Республикасының
Конституцияның 40 бабын қараңыз).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң
шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді
демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана, емес,
парламент арқылы да өзінің саяси еркінін білдіреді.Парламент екі палатадан
тұрады: Жоғарғы палата-Сенат, ал Төменгі палата -Мәжіліс.Парламент депутаты
бір мезгілде екі Палатаға мүше бола алмайды. Конституцияның 50 бабына
сәйкес Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады.
Сенаттың жеті депутатын өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті
тағайындайды.Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады.Алпыс жеті депутат
Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және
шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері
бойынша сайланады.Он депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас
жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде
сайланады.Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі-алты жыл,Мәжіліс
депутаттарының өкілеттік мерзімі-бес жыл.
(Парламенттің палаталарының құрылысы мен депутаттардың мәртебесі мен
құрылысын анықтап білу үшін Қазақстан Республикасының Конституциясының 49
баптары мен 63 баптар аралығын көруге болады).
Қазақстан республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады,
атқарушы органдары басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып
табылады.
Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Премьер-
минстрдің кандидатурасын Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға
келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің
келісімін алғаннан кейін Президент оны премьер-министр қызметіне бекітеді.
Президент құрамына премьер-министр оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының
басшысы министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті
құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-министр
тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Премьер-министр енгізеді.
Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс
істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін
тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы
бекітілгенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген
мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша
шешім шығаруына құқығы бар. Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл
Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Қазақстан Республикасының атқарушы органдар жүйесін басқара отырып,
Үкімет мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен қатынас жасайды.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес жеті мүшеден тұрады,
олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс - Президенттері
құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық кеңестің мүшелері болып табылады.
Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті
тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып
табылады.
Конституциялық кеңестің екі мүшесін Республиканың Президенті, екі
мүшесін Сенаттың Төрағасы және екі мүшесін мәжілістің Төрағасы
тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын
жаңартылып отырады. (Конституциялық Кеңестің толық құзыретін және оның
мүшелеріне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Конституциясында
және Ғ.С. Сапарғалиевтің Қазақстан Республикасының Конституциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Құқық жүйесі және құрылымы
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Пәндер