Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі



І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Педагог тұлғасы және оның әлеуметтік мәні мен қоғамдағы орны ... ...
1.2 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Педагогикалық шеберлік .педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 ПЕДАГОГ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Педагогикалық шеберлік компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Кәсіби.педагогикалық іс.әрекет . педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Педагогикалық шеберліктің негізі ретіндегі . педагогикалық қарым.қатынастың стильдері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол – белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
1 Біржанұлы Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1986ж.
2 Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н. Педагогика. Алматы, 2004ж.
3 Тілеуова С.С., Әліпбек А. Педагогика. Ш., 2006ж.
4 Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. Ш., 2005ж
5 Асылов Ұ. Педагогикалық әдеп. 2004ж.
6 Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989
7 Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.
8 Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.
9 Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
10 Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.
11 Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.
12 Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.
13 Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.
14 Коджаспирова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.
15 Нұрғалиева Қ. Кәсіптік білім. Алматы, 2002ж.
16 Пидкасистый А.Д. Педагогика. М., 2004ж.
17 Табылдиев Ә. Қазақ этика педагогикасы бір ғана әдеп. Алм., 2005ж
18 Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана, 2004ж.
19 Щуркова Н.Е. Педагогическая технология. Москва: Пед.общество России, 2002.
20 Дуйсембекова Ш.Д. Педагогикалық шеберлік. Оқу –әдістемелік құрал Семей 2013ж-95б
21 Дуйсембекова Ш. Педагогика Оқу құрал. Семей.-2012.-246бет
22 Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М:Просвещение,1987.-190с.
23 Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еуразия гуманитарлық интитутының колледжі

Педагогиканы оқыту әдістемесі пәні


Тақырыбы: Педагог тұлғасын қалыптастырудағы
педагогикалық шеберліктің ролі

Орындаған: Ербол Жаннұр

Тексерген: _______________

Астана 2016ж
Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ Негізгі бөлім.
1 Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Педагог тұлғасы және оның әлеуметтік мәні мен қоғамдағы орны ... ...
1.2 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Педагогикалық шеберлік - педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Педагогикалық шеберлік компоненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Педагогикалық шеберліктің негізі ретіндегі - педагогикалық қарым-қатынастың стильдері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

іV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
3

5
5
11

14

20
20

24

31

36

38

Кіріспе

Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол - белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі сол, заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы болып отыр. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады, - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Осындай жағдайлар курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу - тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол, тақырып тура қазіргі педагог тұлғасының қоғамдағы орнын педагогикалық шеберлік арқылы қалыптастыру мәселесіне бағытталып отыр.
Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі мәселелерін зерттеумен Зязюн И.А., Занина Л.В., Меншикова Н.П., Кукушкин В.С., Дуйсембекова Ш.Д., Кан-Калик В.А., Елеусізова С., Грехнев В.С., Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н., Тілеуова С.С., Әліпбек А. Қабылдиев Ж., Қоянбаев Ж.Б. сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.
Курстық жұмыстың мақсаты - педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролін нақтылау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- педагог тұлғасы және оның әлеуметтік мәні мен қоғамдағы орнын негіздеу;
- педагогикалық шеберлік - педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде қарастыру;
- педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптарға тоқталу;
- педагогикалық шеберлік компоненттеріне тоқталып, оларға сипаттама беру;
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті - педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі ретінде қарастыру;
- педагогикалық шеберліктің негізі ретінде - педагогикалық қарым-қатынас стильдері мен түрлерін қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролін нақтылаудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинарлардың материалдары алынды.
1 Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны

1.1 Педагог тұлғасы және оның әлеуметтік мәні мен қоғамдағы орны

Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, нарық жағдайында тірішілік етіп, жұмыс істей алатын барынша білімді адамдар қажет. Бұл жағдай Қазақстанның ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетеді. Экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдап, халықаралық аренаға шығуды көздеген Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне, оның ішінде ерекше маңызы бар болашақ ұстазды даярлау ісіне зор мән береді.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім - шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман, ол кәсіптік қызмет міндеттерін жүйелі түрде көре білуі, мақсат қоя алуы және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылуы тиіс. Ең алдымен, мұғалім - адамгершілігі өте жоғары тұлға, ол адамзаттың биік идеалы әрі оның маңыздылығының критерийі болған, болып қала да бермек. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мұғалімнің адамгершілік мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аудара отырып белгілі орыс философы Н.Бердяевтің мына бір сөзін еске түсіру орынды тәрізді: "Өмірдің биік мақсаттарына экономикалық немесе әлеуметтік емес, рухани мақсаттар жатады. Халықтың ұлылығы, оның адамзат тарихына қосар үлесі мемлекеттің күш-қуатымен де, экономикасының дамуымен де емес, рухани мәдениетімен анықталады"[1].
Адамгершілік дегеніміз не? П.Кропоткиннің анықтауынша, "... бұл өз бойыңнан адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекетіңе қиналу - мұның барлығы адам табиғатының ортақ, ажырамас ерекшелігі".
Бүгінгі күнде қаталдық белең алып, рухани салаға көзқарас ауытқуына байланысты, мектеп оқушысын тәрбиелеудегі адамгершілік қағидалар да біртіндеп мансұқ етілуде. Біз әлеуметтік қатынастар мен құндылықтардың үйлесімі бұзылғанына, оқушы жастардың адамгершілік мәдениетінің апатты түрде құлдырауына куә болып жүрміз. Бұл жағдайдағы бірден бір тірек - өмірдің адамгершілік критерийлері.
Қоғамның адамгершілік күштерін қалпына келтіруге түрткі болатын негізді табу және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің сыннан өткен этикалық бағдарларына күш салу бұл жағдайдағы маңызды міндет болып табылады. Оқушылардың, студенттердің білімділік, тәрбиелілік дәрежесі сияқты, олардың адамгершілік мәдениетінің дамуы да көптеген факторлар мен шарттарға, оның ішінде педагогтің адамгершілік мәдениетіне байланысты.
Ал педагогтің адамгершілік мәдениеті (В.Андреевтің айтуы бойынша) - "педагогтің жеке тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің үйлескен күрделі жүйесі, ол педагогтің даму , өзін-өзі дамыту дәрежесін, ізгілік дүниетанымға бейімділігін оның адамгершілік құндылықтарын, көзқарасы мен түсініктерін қоса алғанда сипаттайды, сондай-ақ оның білім, білік, қабілеттілік жүйесін танытады..." [1].
Болашақ мұғалімдерді даярлауда адамгершілік аспект елеулі рөл атқарады. Бұл мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының толыққандылығы әрі тұрақтылығы ретінде сипатталады. Мұғалімнің адамгершілік санасының бір бөлшегі оның адамгершілік құндылықтарды ұға білуі және осы құндылықтарды өз шәкірттерінің қалай қабылдайтынына ой жүгіртуі болып табылады. Мораль талаптары мен ұстанымдарын, ережелерін білу және оларды педагогикалық іс-әрекетіне арнайы өзек ету мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының қалыптасу негізі болады.
Кәсіби қызметте мұғалімнің адамгершілік сезімдері оның рухани дүниесінің эмоциялық жағы, тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Педагогтің өз кәсібіне қарым-қатынасын реттейтін сезімдер тобына кәсіби борышты сезіну, жауапкершілік, өзіне-өзі сын көзімен қарау, ар-намыс, т.б. жатады. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің негізгі буыны болғандықтан, ол оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, т.с.с. жан-жақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Мұның ішінде мұғалімнің оқушылар ұжымымен бірлескен әрекеті өте маңызды, ол әрекет бірін-бірі құрметтеуге, әрбір тәрбиеленушінің өз қадір-қасиетін сезінуіне негізделуі қажет.
Педагог қызметінің адамгершілік аспектісі салыстырмалы дербестікке ие, басқа қызмет түрлерімен тығыз байланысты әрі алуан түрлі үлгіде жүзеге асырылуы мүмкін: адамгершілік ағарту, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру, адамгершілікке өзін-өзі тәрбиелеу. Соңғысы моралдық бет-бұрыстың ажырамас элементі бола отырып өзіндік ерекшеліктері бар педагогикалық еңбек саласына өзінше ықпал етеді.
Педагогтің кәсіби әдеп кодексі педагогикалық мораль ұстанымдары мен ережелерінен туындайтын адамгершілік талаптарының жиынтығын анықтап, педагогтің педагогикалық қызмет үрдісіндегі іс-әрекеті мен қарым-қатынас жүйесін реттейді. Мұғалімнің өзі-өзіне, педагогтік еңбекке, оқушылар мен педагогтер ұжымына көзқарасын анықтайтын негізгі талаптардың орын алуы кодекстің іргелі бөлігіне жатады.
Болашақ мұғалімді даярлауда адамгершілік мәселесінің маңызы ерекше, өйткені , жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу салмағы осыған түседі. Бүгінгі күнде ғалым педагогтер жалпыадамзаттық құндылықтардың, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой дамуынан гөрі басымдығын мойындап, орнықтыруға күш салуда. Мұғалім бала бойында қандай адамгершілік түсініктер қалыптасқанын, ол қандай жағжайға жүзеге асқанын білуі қажет. Ал баланың адамгершілік көзқарасының қалыптасуының, адамгершілік психологиялық ұғым-түсініктерінің бекуінің сөзсіз маңызды көзі - отбасы, онда өмірдің мәні мен мақсаты туралы алғашқы түсініктер, құндылық бағдар, адамгершілік және әлеуметтік қажеттілік т.б. қалыптасатыны белгілі. Ең дұрысы, педагог оқушының отбасындағы микро ортасының, ал ата-аналар мектептегі микро ортасының бір бөлшегі болулары тиіс. Отбасы - тұлғаны әлеуметтендірудің, мәдени, ұлттық, адамгершілік құндылықтардың тарихи жалғастығының маңызды институты. Биологиялық және адамгершілік жағынан бірдей дені сау бала өсіру керек қой, жас ұрпақтың саулығы - тұтас ұлттың амандығы.
Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол - белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді [2].
Оқытушы - ең алдымен қоғамның рухани байлығын, оның құрамында моральдық сана және этикалық принциптер мен ережелері өзінің бойына сіңіріп, белгілі бір дәрежеде меңгерген адам. Осының салдарынан оқытушының жас өспірімдерге ететін әсері, сайып келгенде, қоғамның, ал дәлірек айтқанда, жеке алынған педагогикалық ұжымның әсері. Бұдан оқытушылық қызметтің қоғамдық мәні айқын көрінеді.
Әрқашан да қоғамдық тұрмыстың күрделілігін, оның қарама-қарсылықтар күресі, қайшылықтардың тартысы арқылы дамитынын көрсету - моральдық тәрбиенің негізгі принципі. Қоғамдық тұрмыстағы қайшылықтарды бүркемелеп, өмірді тек жағымды жағынан ғана көрсетудің пайдасы шамалы. Бала өзінің азды-көпті тәжірибесінде өмірдегі кемшіліктерді, кейбір адамдардың әділетсіздігін, мейірімсіздігін байқап қалады. Оның моральдық тәжірибесіндегі осы сияқты білімдер оқытушының айтқандарымен қайшы келсе, ол өмірге нигилистік тұрғыдан қарауы мүмкін. Сөйтіп, балалар санасында сенбеушілік сияқты ұнамсыз қасиет ұялайды. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті өмірде кездесетін қайшылықтарды, олардың арасындағы күресті көрсете білу және осыдан шығатын білімдерді жас буынның рухани байлығына, іс-әрекеттерінің мызғымас берік тірегіне айналдыру. Сонымен қатар балаларды қиыншылықтарды жеңіп шығуға үйрету, олардың ерік күшін қалыптастыру - мұғалімнің ұстаздық парызы. Егер мұғалім өмірдегі қиыншылықтардың мәнін шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, сол қиындықтарды жеңіп шығудың жолын көрсете білсе, бұл жас ұрпақты өзіне-өзі сенімділік рухында тәрбиелей білгені.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде сабақтың дәстүрлі емес, яғни жаңа түрлері қолданылып келеді. Олар - тренинг сабақтар, дебат сабақтар. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сондықтан университет жағдайында болашақ педагогтердің таным белсенділігін арттырып, оларды оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны пайдалануға дайындау қажет. Ол үшін студенттердің үнемі ізденуіне жол беріп, кәсіби шығармашылық әрекетін қалыптастыру керек.
Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз, мұғалімнің жан-жақтылығы. Жалпы мұғалім ол тек білім беруші ғана емес, бала жүрегіне жол табатын психолог болуы шарт. Ал мұғалім әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып отырса, оның шәкіртке берген білімі нәрлі болады, кәсіби даярлығы мол мұғалімнің ілімі ғұмырлық сақталады деген тұжырым жасаймыз.
Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі жоғары оқу орнында мұғалім қандай болуы керек? деген заңды сұрақтар тууы сөзсіз. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орнына ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі [2]:
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді бойына сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.
Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет.
Ұстаз шеберлігінің төртінші құрамды бөлігі педагогикалық әдеп деуге болады.
Сонымен, педагогтік шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып әдепті педагог болу әсте мүмкін емес.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің маңызды рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.
Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білумен мөлшерленеді. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті: мұғалімнің білім беруі және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігінде. Өскелең заман әрбір студентті жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді қажет етуде. Сондықтан студент қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін ескеріп, білім беру ісін ұйымдастыруды дамыту жоғары оқу орынының бүгінгі басты нысанасы болмақ. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан-аяқ талдап, өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығуды өзі орындауына ғана көңіл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді студент өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп, пәнге байланысты әдебиеттермен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді.
Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай қасиеттері болуы тиіс:
1. сергектік, байқағыштық;
2. сезімталдық;
3. сенім;
4. әділдік;
5. байсалдық;
6. ұстамдылық, төзім, сабыр сақтау;
7. ілтипаттық.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орнындағы студенттерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін оқытушылардың қолынан ғана келеді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасуына байланысты. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғары оқу орнында жүйелі қалыптастыруға тиіспіз. Әсіресе, болашақ мұғалімдерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді, озат тәжірибелерді сараптап, шығармашылықпен жұмыс атқарып, олардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет.
Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі - ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету (ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік), ақпараттың және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман. Сондықтан мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы түсініп, өз пәнін жетік білуі тиіс. Ендеше болашақ кәсіби маман мына сапаларды меңгеруі шартты міндет:
1. Ол өз пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үрдістегі әр қатысушының орнын көре білуі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуі;
оқушылардың негізгі құзырлығын қалыптастыруға дайындығы (құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық, құзырлық және т.б.)
2.Оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп-мәдениетті, экологиялық, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі;
3.Білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, дарынды балалар, жетім балалар, ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар, т.б.).
Бұндай нәтижеге жету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарында біртіндеп жүргізілуі қажет, тұлға болып сатылап қалыптасуы үшін оған жағдай жасау керек. Ол үшін алынған білім негізінде тұлғаның бағыты айқындалған сала бойынша кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру шарт. Болашақ мұғалімдер тәжірибеде жинақталған теориялық білімдерін өмірде қолдану арқылы олардың кәсіби әдісі жинақталады. Сонымен кәсіби іс-әрекеттің технологиясы мен кәсіби өзіндік санасы қалыптасады.
Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі: тұлғалық, мазмұндық, процессуалдық (технологиялық). Бұл аспектілер педагогтерге тән (профилге байланысты емес) пәндердің жеке ерекшеліктер іс-әрекетінде бейнеленеді [3].
Болашақ мұғалімдер "адам - адам" жүйесінде әсер ете білуі керек. Әлеуметтік - гуманитарлық пәндерден алған білім жүйесі болашақ мұғалімдерге оқу орнының педагогикалық үрдісінде ізгілікті қарым-қатынасты саналы меңгеруге көмектеседі. Бұл тек қана балалармен үздіксіз қарым-қатынас ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асады. Мұғалімнің идеялық-адамгершілік позициясы тәрбие жұмысының әдістемесінде көрініс табады.
Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді өндірістік іс-әрекет жағдайына бейімдеу қажет.
Психологиялық бейімделу - педагогикалық үрдісте субъектілердің психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық бейімделу - оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. Бұдан басқа жоғары оқу орындарының көлденең және тігінен үйлестірілген педагогикалық әкімшілік іс-әрекеті жүйесіне де болашақ мұғалімдерді бейімдеу қажет.
Болашақ жаңа формация мұғалімін қалыптастырудың басты бағдарына инновациялық, шығармашылық ойлары бар тәрбие идеясы жатады. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәнді сипаты, қарым-қатынасы, түрткісі және қалыптасқан құзырлық тірегі бар оқушының жаңа тұлғасы қалыптасады. Сол себепті болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі. Олар төмендегілер:
1.болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге үйренуі, әлді және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды көңіл-күйді көрсете білу, қарым-қатынастық, дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері, т.б.);
2.жалпы мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау, есте сақтау, қабылдау, елестету, көңіл бөлу);
3.әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында өтіп жатқан интеграциялық үрдісінде қазіргі білім берудегі көпмәдениеттілігі және мұғалімнің көптілділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуі;
4.жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып Отан игілігі үшін жемісті еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуі.
Педагогикалық білім берудің мақсаты - педагог біліктілігінің дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешу қабілеттілігін жетілдіру, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму ерекшелігін қамтамасыз ету және жалпы 12 жылдық білім беруді енгізу. Сондықтан еліміздегі педагогикалық білім берудің маңыздылығы педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын жетілдіруді, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденцияларын қоғам дамуының тұрақтылығы контексіне сәйкестендіріп реформалауды қажет етеді. Осыған орай, республикамыздың жоғары оқу орындарында сапа менджменті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат - білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру, елдің индустриялдық-инновациялық стратегиясын қамтамасыз ету, т.б.жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру.

1.2 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар

Педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек [4].
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.
Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді [4].
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан - жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.
Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы.
Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім - Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан - қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек [5].
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.
Мұғалім шеберлігі - бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым - қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Өз ойымызды қортындылай келе:
- озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау;
- үздіксіз біліктілік көтеріп отыру;
- арнайы әдебиеттерді оқу;
- өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп отыру;
- өзіндік сарап жүргізіп отыру шеберлікке жетудің негізгі кезеңдері деп санаймыз.

1.3 Педагогикалық шеберлік - педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде
Қазіргі қоғамға сай жеке тұлғаны қалыптастыру міндетінің күрделілігі мен әр қырлылығы педагогикалық шеберліктің мәселелерін, қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін ерекше өзекті етеді. Себебі, орыс және қазақ педагогикасының классиктері, болашақ мұғалімдерді оқытуда педагогикалық шеберлікті қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығын барлық уақытта естен шығармады. Ол бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып, күн тәртібінен түскен жоқ, ал маңыздылығы қайта бұрынғыдан да арта түспесе кем емес.
Сондай-ақ, тәжірибелі педагогтың ықпалынсыз тұлғаның рухани дүниесін өзгерту мүмкін емес, себебі ол оқушының сенімі мен қажеттілігін, қабілеті мен практикалық дағдыларын қалыптастырады.
Мектепке шебер - педагог өте қажет.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік "педагогикалық шеберлік" болып таблылады. Орыс тілінің сөздігінде "шеберлік белгілі бір саладағы өнер" деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет [5].
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма?
Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде қызметінен көре аламыз ба?
Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның - педагогтың өмірге көзқарасы, қарым - қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми - әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде , ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: "егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап, нақты , айқын жұмыс істеу керек" дейді [6].
Н.К.Крупская 1932ж жарыққа шыққан "Мұғалім туралы" деген мақаласында "үлгілі мұғалімнің мерилі" ретінде төмендегі критерийлерді анықтады:
мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек;
оқытудың әдістемесін меңгеруі;
оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі;
оқушының қабілетін оята білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл "тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы". Бұл жөнінде ол: "Мен білік пен дағдыға шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім" дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, "дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі - өнер болып табылады". Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек "мында кел" деген сөзді 15 - 20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет - әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана" дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А.Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: "идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық - әдептілік қағидаларының педагогтің сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы - міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады" дейді [7]. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И.Щербаков педагогикалық шеберлік - мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының , жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: "педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады" дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: "сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтің жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін" айтады [7].
Міне, шеберліктің құдіреті - осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: "мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым - қатынас, тұлға сияқты үштікте" дейді. Шеберлік... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті, дағды мен білікті меңгеруі деп анықтайды.
Н.В.Кузьминаның пікірінше, педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интеллеутуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю.К.Бабанский "мұғалім - кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер" деп көрсетеді. Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.
Н.В.Кухарев мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық - педагогтік дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша, мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды:
а) тұлғаның қажеттілік - мотивациялық саласы;
б) операциялық - техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады);
в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
В.А.Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.П.Азаровтың пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.
И.П.Адриади педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп және интеллектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік - мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырадлы және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді.
В.А.Мижериков және М.И.Ермоленко педагогикалық шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтің педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В.П.Куравлеваның анықтамасында педагогтік шеберлік "... теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі" делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы шығармашылықпен бекітіледжі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу - тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді [6].
А.А.Сидоров, М.В.Прохорова және Б.Д. Синюхин педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтің жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық - педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды.
Педагогтің жеке-дара мәдениеті - тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрекеттің кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды.
Кәсіби мәдениет - еңбек нәтижесі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтің қызметтік мәртебесіне барабар. Мұғалім-кәсіпкердің әлеуетті құндылығы осы мәдениеттің кірігуі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Мәдениет өзін-өзі реттеу негізінде әлеуметтік-кәсіби ортада қалыптасып дамиды.
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениет танымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін:
Біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Педагогикалық әдептің негіздері
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде тілдік ортаның әсері
Педагогикалық процестегі мұғалімнің қызметтері
Педагогикалық психология
Педагогикалық қарым-қатынастар
Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Пәндер