Өндірістің электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету



Кіріспе

ӨНДІРІСТІҢ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
ӨРТТЕРДІ ӨШІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
Өндірістік шуларды төмендету әдістері мен құралдары
Өндірістік дірілді төмендету әдістері мен құралдары
Кіріспе.
«Еңбекті қорғау» бойынша түсініктер.
Еңбекті қорғау - өндіріс жағдайында қауіптіліктерді зерттейтін және олардан жұмыс істейтіндерді қорғайтын әдістер мен құралдарды жасайтын білімдер.
Еңбекті қорғаудың мақсаты - өндіріс жағдайында адамның денсаулығын сақтау және жақсы көңіл-күйін қамтамасыз ету.
ГОСТ 12.0.002 – 80* CCБТ. «Термины и определения» сәйкес қауіптіліктер қауіпті және зиянды факторлар болып бөлінеді.
Қауіпті фактор – белгілі бір жағдайларда жарақатқа немесе адамның денсаулығының кенеттен тез нашарлауына әкелетін әсерлер.
Зиянды фактор – белгілі бір жағдайлада адамды ауруға ұшырататын немесе еңбек қабілетінің төмендеуіне әкелетін әсерлер.
Адамның еңбек ету процесінде әсер ететін фактолардың жиынтығынан адамның еңбек ету жағдайы қалыптасады. Еңбек ету жағдайы жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Жағымды және жағымсыз әсерлер ресми құжаттар арқылы анықталынады (стандарттар. нормалар, ережелер)
Еңбек етудің жағымсыз жағдайының салдары өндірістік жарақат және кәсіби аурулар болп табылады.
Жарақат – сыртқы әсерлердің нәтижесінде ағза ткандарының зақымдануы және олардың функцияларының бұзылуы.
Кәсәби аурулар – тұрмыста кездеспейтін немесе өндірісте сол сияқты тұрмыста пайда болатын, денсаулықтың тұрақты түрде бұзылуы.
Еңбекті қорғау төрт бөлімнен тұрады
Ұйымдық-құқықтық негіздері – еңбекті қорғаудың және ұйымдастырудың заңдық және нормалық қағидаларын қарастырады.
Өндірістік санитария – жұмыс істейтіндерге әсер ететін өндірістік зиянды факторлардың алдын алатын ұйымдық, гигиеналық және санитарлық-техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Техника қауіпсіздігі - жұмыс істейтіндерге әсер ететін өндірістік қауіпті факторлардың алдын алатын шаралар жүйесі.
Өрт профилактикасы - өрт щығу мүмкіндіктерін болдырмауға бағытталған ұйымдық шаралар және техникалық құралдардың кешені.
Еңбекті қорғаудың принциптері: нормалау принципі, әлсіз звено принципі, ақпараттар принципі, классификация принципі.
Нормалау принципі - адамды қауіптілктен қорғауды қамтамасыз ететін анықталған параметрлер, мысылы: пдв, пдк, пду, пдс.
Әлсіз звено принципі - қауіпті құбылыстың алдын алатын элементтер сақтағыш клапандар, жерге қосу, сақтағыш элеметтері жатады.
Ақпараттар принципі - персоналдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мәліметтер: оқыту, инструктаж, қауіпсіздіктің түстері мен белгілері, ескерту жазуларын қарастырады
Классификация принпципі - объектілер әр түрлі белгілері бойынша кластарға және категорияларға бөлінеді: санитарлық-қорғау аймағы, өртжарлысқа қауіптілік бойынша өндірістердің категориясы т.б.
Гомосферадағы (жұмыс аумағында) қауіпсіздікті қамтамасыз ету үш түрлі негізгі әдістермен қамтамасыз етіледі.
А әдісі : гомосфера мен нокосфераны( қауіпті кеңістік) кеңістіктік және уақыттық тұрғыдан бөлу – дистанционды басқару, автоматтандыру, роботтандыру.
Б әдісі: нокосфераны нормализациялау – адамды шудан, газдан, шаңнан, жарақаттан қорғайтын шаралардың жиынтығы( коллективті қоғау құралдары)
В әдісі: адамды белгілі бір ортаға қалыптастыратын және оның қорғағыштығын арттыратын әр түрлі тәсілдер мен құралдар – оқыту, психологиялық тұрғыдан әсер ету, жеке қорғау құралдары.
Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі(ССБТ). Ол төмендегі категориялы стандарттардан тұрады: мемлекеттік, салалық,республикалық, өнеркәсіптік( ГОСТ, ОСТ, РСТ, СТП)
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесіндегі ГОСТ 0-ден 9-ға дейінгі топтар кіреді
0 – ұйымдық-әдістемелік стандарттар ( ССБт құрлымы, терминология, қауіпті және зиянды өндірістік фактолардың жіктемесі, конструкторлық және технологиялық құжаттарға қауіпсіздік талаптпры)
1 – қауіпті және зиянды өндірістік факторларға қойылатын талаптар мен нормалардың мемлекеттік стандарттары (факторлардың сипаттамалары): түрі, есерлері, мүмкін болатын зардаптары; рұқсат етілген деңгейлер және концентрациялар, оларды бақылау әдістері, жұмыс істейтіндерді қорғау әдістері мен құралдары.
2 - өндірістік құрал-жабдықтардың қауіпсіздік талаптарының стандарттары ( құралдардың конструкцияларына және жеке элементтеріне қауіпсіздік талаптары)
3 - өндірістік процестердің қауіпсіздік талаптарының стандарттары
4 – қорғау құралдарының қауіпсіздік талаптарының стандартарыы
5 – 9 – резерв.
Мемлекеттік стандарттар негізінде қажет болған жағдайда салалық стандарттар (ОСТ) , республикалық (РСТ) және өнеркәсіптік (СТП) стандарттар жасалынады.
Құрлыс нормалары және ережелері (СНиП). Құрлыс нормалары және ережелері санитарлық нормалармен және ережелермен толықтырылады (СН, СП, СанПиН), лифтерді, қазандықтарды, электроқондырғыларды пайдаланудың салалық ережелері және т.б.
Еңбекті қорғау жөніндегі инструкция - әрбір жұмыс істеуші үшін қауіпсіздік талаптары көрсетілген нормативті құжат.
Типтік инструкция белгілі бір өнеркәсіп үшін белгілі бір мамандыққа және жекеленген жұмыс түрлеріне жасалынады.

СОДЕРЖАНИЕ

Кіріспе
ӨНДІРІСТІҢ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
ӨРТТЕРДІ ӨШІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
Өндірістік шуларды төмендету әдістері мен құралдары
Өндірістік дірілді төмендету әдістері мен құралдары

Кіріспе.
Еңбекті қорғау бойынша түсініктер.
Еңбекті қорғау - өндіріс жағдайында қауіптіліктерді зерттейтін және
олардан жұмыс істейтіндерді қорғайтын әдістер мен құралдарды жасайтын
білімдер.
Еңбекті қорғаудың мақсаты - өндіріс жағдайында адамның денсаулығын
сақтау және жақсы көңіл-күйін қамтамасыз ету.
ГОСТ 12.0.002 – 80* CCБТ. Термины и определения сәйкес қауіптіліктер
қауіпті және зиянды факторлар болып бөлінеді.
Қауіпті фактор – белгілі бір жағдайларда жарақатқа немесе адамның
денсаулығының кенеттен тез нашарлауына әкелетін әсерлер.
Зиянды фактор – белгілі бір жағдайлада адамды ауруға ұшырататын немесе
еңбек қабілетінің төмендеуіне әкелетін әсерлер.
Адамның еңбек ету процесінде әсер ететін фактолардың жиынтығынан
адамның еңбек ету жағдайы қалыптасады. Еңбек ету жағдайы жағымды және
жағымсыз болып бөлінеді. Жағымды және жағымсыз әсерлер ресми құжаттар
арқылы анықталынады (стандарттар. нормалар, ережелер)
Еңбек етудің жағымсыз жағдайының салдары өндірістік жарақат және кәсіби
аурулар болп табылады.
Жарақат – сыртқы әсерлердің нәтижесінде ағза ткандарының зақымдануы және
олардың функцияларының бұзылуы.
Кәсәби аурулар – тұрмыста кездеспейтін немесе өндірісте сол сияқты
тұрмыста пайда болатын, денсаулықтың тұрақты түрде бұзылуы.
Еңбекті қорғау төрт бөлімнен тұрады
Ұйымдық-құқықтық негіздері – еңбекті қорғаудың және ұйымдастырудың
заңдық және нормалық қағидаларын қарастырады.
Өндірістік санитария – жұмыс істейтіндерге әсер ететін өндірістік
зиянды факторлардың алдын алатын ұйымдық, гигиеналық және санитарлық-
техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Техника қауіпсіздігі - жұмыс істейтіндерге әсер ететін өндірістік
қауіпті факторлардың алдын алатын шаралар жүйесі.
Өрт профилактикасы - өрт щығу мүмкіндіктерін болдырмауға бағытталған
ұйымдық шаралар және техникалық құралдардың кешені.
Еңбекті қорғаудың принциптері: нормалау принципі, әлсіз звено
принципі, ақпараттар принципі, классификация принципі.
Нормалау принципі - адамды қауіптілктен қорғауды қамтамасыз ететін
анықталған параметрлер, мысылы: пдв, пдк, пду, пдс.
Әлсіз звено принципі - қауіпті құбылыстың алдын алатын элементтер
сақтағыш клапандар, жерге қосу, сақтағыш элеметтері жатады.
Ақпараттар принципі - персоналдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
мәліметтер: оқыту, инструктаж, қауіпсіздіктің түстері мен белгілері,
ескерту жазуларын қарастырады
Классификация принпципі - объектілер әр түрлі белгілері бойынша
кластарға және категорияларға бөлінеді: санитарлық-қорғау аймағы,
өртжарлысқа қауіптілік бойынша өндірістердің категориясы т.б.
Гомосферадағы (жұмыс аумағында) қауіпсіздікті қамтамасыз ету үш түрлі
негізгі әдістермен қамтамасыз етіледі.
А әдісі : гомосфера мен нокосфераны( қауіпті кеңістік) кеңістіктік
және уақыттық тұрғыдан бөлу – дистанционды басқару, автоматтандыру,
роботтандыру.
Б әдісі: нокосфераны нормализациялау – адамды шудан, газдан, шаңнан,
жарақаттан қорғайтын шаралардың жиынтығы( коллективті қоғау құралдары)
В әдісі: адамды белгілі бір ортаға қалыптастыратын және оның
қорғағыштығын арттыратын әр түрлі тәсілдер мен құралдар – оқыту,
психологиялық тұрғыдан әсер ету, жеке қорғау құралдары.
Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі
еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі(ССБТ). Ол төмендегі категориялы
стандарттардан тұрады: мемлекеттік, салалық,республикалық, өнеркәсіптік(
ГОСТ, ОСТ, РСТ, СТП)
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесіндегі ГОСТ 0-ден 9-ға
дейінгі топтар кіреді
0 – ұйымдық-әдістемелік стандарттар ( ССБт құрлымы, терминология,
қауіпті және зиянды өндірістік фактолардың жіктемесі, конструкторлық және
технологиялық құжаттарға қауіпсіздік талаптпры)
1 – қауіпті және зиянды өндірістік факторларға қойылатын талаптар мен
нормалардың мемлекеттік стандарттары (факторлардың сипаттамалары): түрі,
есерлері, мүмкін болатын зардаптары; рұқсат етілген деңгейлер және
концентрациялар, оларды бақылау әдістері, жұмыс істейтіндерді қорғау
әдістері мен құралдары.
2 - өндірістік құрал-жабдықтардың қауіпсіздік талаптарының
стандарттары ( құралдардың конструкцияларына және жеке элементтеріне
қауіпсіздік талаптары)
3 - өндірістік процестердің қауіпсіздік талаптарының стандарттары
4 – қорғау құралдарының қауіпсіздік талаптарының стандартарыы
5 – 9 – резерв.
Мемлекеттік стандарттар негізінде қажет болған жағдайда салалық
стандарттар (ОСТ) , республикалық (РСТ) және өнеркәсіптік (СТП) стандарттар
жасалынады.
Құрлыс нормалары және ережелері (СНиП). Құрлыс нормалары және
ережелері санитарлық нормалармен және ережелермен толықтырылады (СН, СП,
СанПиН), лифтерді, қазандықтарды, электроқондырғыларды пайдаланудың салалық
ережелері және т.б.
Еңбекті қорғау жөніндегі инструкция - әрбір жұмыс істеуші үшін
қауіпсіздік талаптары көрсетілген нормативті құжат.
Типтік инструкция белгілі бір өнеркәсіп үшін белгілі бір мамандыққа
және жекеленген жұмыс түрлеріне жасалынады.
Жұмыс орындарын сертификациялау - өнеркәсіптерде тұрақты жұмыс орындарының
еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік нормалық талаптарға сәйкестігін анықтау.
Өндіріс объектілерін сертификациялау жұмыс орындарының аттестациялау
қортындылары бойынша жүргізіледі.
Еңбек қорғауды басқару жүйесі. Басқару органдарының негізгі міндеттері мен
қызметтері.Еңбек қорғау бойынша мемлекеттік бақылау, ведмоствалық және
қоғамдық бақылау органдары.
Еңбек қорғауды басқару жүйесіне жоғарғы Мемлекеттік билік пен
Прокурорлық қадағалаудан басқа мемлекеттік қадағалау мен бақылау,салалық
бақылау және қоғамдық бақылау кіреді.
Мемлекеттік қадағалау еңбекті қорғаудың ережелері және нормаларын
сақтау бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіндегі еңбекті қорғау
Департаменті басқарады. Сонымен қатар мемлекеттік органдар Мемлекеттік
энергетикалық қадағалау, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау,
Госгортехнадзор, Мемлекеттік өртті қадағалау, қоршаған ортаны қорғау
бойынша Мемлекеттік комитет.
Еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылауды кәсіподақ комитеті,
сонымен қатар өнекәсіп орнында сайланған комиссия жүргізеді.
Салалық бақылау органдары . Әрбір министрлік өзіне бағынатын
өнеркәсіптерде еңбекті қорғау жөнінде салалық қадағалау жүргізеді.
Өнеркәсәп орындарының әкішілік тарапынан да еңбекті қорғау бойынша үш
сатылы бақылау жүргізіледі.. Бақылау жұмыс орындарында, өндіріс
учаскілерінде, цехтарда жүргізіледі.
саты бойынша бақылауды күн сайын учаске бастығы және еңбекті қорғаудың
қоғамдық инспектрі жүргізеді.
саты бойынша цех бастығы және еңбекті қорғау бойынша аға қоғамдық
инспектор басқарған комиссия жүргізеді.
Саты бойынша директор немесе бас инженер басқаратын комиссия жүргізеді.
Қазіргі кезде өнеркәсіп орындарында өндіріс объектілерін
аттестациялау және сертификациялау жұмыстары ұйымдастырылған.
Жұмыс орындарын сертификациялау - өнеркәсіптерде тұрақты жұмыс
орындарының еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік нормалық талаптарға
сәйкестігін анықтау.
Өндіріс объектілерін сертификациялау жұмыс орындарының аттестациялау
қортындылары бойынша жүргізіледі.
Өнеркәсіп орындарында жұмыскерлерді еңбекті қорғау бойынша оқыту
Өнеркәсіп орындарында жұмыскерлерді еңбекті қорғау бойынша оқытуды
ұйымдастыру және білімдерін тексеру жауапкершілігі өндіріс бастығына
жүктеледі. Еңбекті қорғауға оқытудың негізгі формасы инструктаж өткзу:
кіріспе, алғашқы жұмыс орнындағы, мезгілді, жоспардан тыс, мақсатты
инструктаждар.
Кіріспе инструктажды жұмысқа жаңа түскендер үшін еңбеті қорғау
инженері өткізеді.
Алғашқы жұмыс орнындағы инструктажды әрбір жұмысқа түсушімен жұмыс
орнында өткізеді.
Мезгілді инструктаж әрбір алты ай сайын өткізіледі.
Жоспардан тыс инструктаж еңбекті қорғау ережесі, технологиялық
процесс өзгергенде,жұмыскер қауіпсіздік техниеасын бұзған кезде өткізіледі.
Мақсатты инструктаж наряд-рұқсатты толтыруды қажет ететін жұмыстарды
орындағанда (аса қауіпті жұмыстар электрторларын, резервуарларды
жөндегенде, үлкен биіктіктегі жұмыстарда) жүргізіледі.

Жұмыс берушінің еңбек қорғау бойынша жауапершілігі.
Әкімшіліктің басшы қызметкерлері және жұмыс беруші еңбекті қорғау
талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік, әкімшілік, материалдық, қылмыстық
жауапқа тартылады.
Басшы қызметкерлер кәсіподақ ұйымының талап етуі бойынша тәртіптік
жауапқа тартылады. (қызыметін ауыстыру, жұмыстан шығару)
Жұмыс беруші еңбекті қорғау туралы заңды бұзғаны үшін, колликтивтік
келсімді бұзғаны үшін, санитарлық-гигиеналық ережелерді, өрт ережелерін
бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.
Материалдық жауапкершілік.Жұмыс беруші жұмыс істеуші денсаулығын
зақымдағанда, кәсіптік ауруға ұшырағанда материалдық жауапкершілікке
тартылады.
Еңбекті қорғау бойынша қылмыстық әрекетке барғаны үшін жұмыс беруші
қылмыстық жауапкершілікке тартылады. (Аяғы ауыр әйелдерді жұмыстан шығару,
себепсіз жұмысқа алмау)

Келеңсіз оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу.
Келеңсіз оқиға бойынша Н-1 формасындағы акт толтырылады. Н-1 формасы
бойынша Өндірістік жарақат жөнінде есеп жасалынады және ол жергілікті
статистикалық басқармаға өткізіледі.
Келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында оларды талдау үшін
төмендегі әдістерді қолданады: статистикалық, монографиялық және
экономикалық.
Статистикалық әдісте келеңсіз оқиғаларды зерттеу үшін Н-1
формасындағы актіні пайдаланады. Бұл әдіс бойынша келеңсіз оқиғаларды
себебі, ауырлығы, жасқа байланысты, мамандақ, уақыт және басқа да
көрсеткіштер бойынша талдайды. Бұл әдіспен талдағанда жарақаттық сандық
көрсеткіштері: Кж жиілігі , Ка ауырлығы , Кқ қауіпсіздік алынады.
Жарақаттың жиілік коэфициенті:
Кж =
Жарақаттың ауырлық коэфициенті:
Ка =
Қауіпсіздік коэфициенті
Kқ = Kж
Мұндағы: А-есеп жүргізу уақытындағы келеңсіз оқиғалар саны;
В- жұмыскерлердің статистикалық саны;
Д- есеп жүргізу уақытындағы еңбекке қабілетсіз күндердің
саны.
Статистикалық әдістердің түрлері: топтық және топографиялық.
Топтық әдісте келеңсіз оқиғаларды жасы, жынысы басқа да белгілері
бойынша топтайды.
Топографиялық әдісте келеңсіз оқиға болған жерді цехтың , учаскенің,
технологиялық жүйеде немесе қондырғыда план бойынша щартты белгілермен
көрсетеді. Белгілердің саны жекеленген орындардың қауіптілігін сипаттайды.
Монографиялық әдіс істеп тұрған және жобаланып жатқан жекеленген
қондарғыларда сонымен қатар келеңсіз оқиға болған жұмыс орнындағы жағдайды
детальды түрде талдау үшін қолданады.
Экономикалық әдіс матнриалдық швғынға баға беру үшін қолданады.
Өндірстік ортаның метерологиялық жағдайлары. Метеорологиялық факторлардың
адам ағзасына және еңбек қауіпсіздігіне әсер етуі. Еңбектің нормативтік
метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері, өндірістік жайларды желдету.
Еңбек әрекетін тиімді жүргізу үшін ауаның тазалығын және қалыпты
метеорологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет.
Өндірістік әрекеттердің нәтижесінде ондірістік ортаға әр түрлі зиянды
заттар бу, газ, шаң түрінде түсуі мүмкін.
Зиянды заттар –
Барлық зиянды заттарды адамға әсер ету сипаты бойынша екі топқа бөлуге
болады: улы және улы емес.
Улы заттар әсер еткенде денсаулықта әр түлі ауытқулар пайда болады.
Улы емес заттар әсер еткенде көпшілік жағдайда тыныс алу органдарына
тітіркендіргіш әсері болады.
Булар мен газдар ауамен қоспа түзеді, ал заттардың қатты және сұйық
бөлшектері- дисперсті жүйелер- аэрозолдар түзеді.Аэрозолдар шаң (1мкм
үлкен), түтін( 1мкм кіші) және тұман ( сұйқ бөлшектер 10мкм кіші) болып
бөлінеді.
Шаң ірідисперсті (50мкм үлкен), орташадисперсті (50...10мкм) және
ұсақдисперсті (10мкм кіші)
Зиянды заттар адам ағзасына әсер ету дәрежесіне байланысты төрт
қауіптілік класына бөлінеді:
төтенше қауіпті
жоғары қауіпті
шамалы қауіпті
аз қауіпті
Өндірістік ортаға түсетін жұмыс орнындағы зиянды заттардың рұқсат етілген
шоғырлану шегі 0,3 ПДК дан артпау қажет.
Өндірістік зиянды заттар қауіптілік дәрежесі бойынша төрт класқа
жіктеледі: бірінші, екінші, үшінші, төртінші.
Көрсеткіш Қауіп тілік класы
1 2 3 4
Зиянды заттың жұмыс орнында 0,1-ден 0,1 – 1,1 - 10-нан көп
ғы рұқсат етілген шоғырлану шегі, аз 1,0 10
мгм3

Микроклимат және метеорологиялық жағдайлар
Өндірістік ортаның микроклиматы немесе метеорологиялық жағдайлары
яғни бөлменің ішкі климаты адам ағзасына әсер ететін параметрлер
температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдыңының
үйлесімділігімен сипатталады. Жоғарыда айтылған параметрлер еденнен 2м
биіктіктегі жұмыс орнында , немесе жұмыскердің тұрақты немесе уақытша
болатын ауданшада нормаланады. Жұмыскердің тұрақты орны деп жұмыс уақытының
50 процеттен артық немесе 2 сағаттан көп уақыт болатын жұмыс орнын айтады.
Өндірістік бөлмелердегі жұмыс орнындағы температура, ылғалдылық, ауа
қозғалысының жылдамдығы ГОСТ 12.1.005-88 сәйкес жұмыс категориясына және
жыл мезгіліне байланысты анықталынады.
1категориялы жұмыс – адамның энергия жұмсауына байланысты жұмысты
шектеу (ккалс). Жеңіл физикалық жұмыстар (1кат.) – отырып, тұрып және
жүріп жасалатын жұмыстар, бірақ үнемі физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін
жұмыстар (150ккалс, 172 Джс).
11 категориялы жұмыс – ауырлығы орташа физикалық жұмыстар:
Энергия шығымы 150 ден 200ккалс (172-232 Джс) – 11а категорияға
және 200-ден 250-ге ккалс (232-293 Джс) – 11б категориясына жатады.
11а категориясына үнемі жүретін. Үнемі тұрып және отырып істейтін,
бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады.
11б категориясына жүріп істейтін және шағын (үлкен емес) нәрсе
таситын 10кг дейін жұмыстар жатады.
111 категория – ауыр физикалық жұмыстар. Оған үнемі физикалық күш
жұмсап, 10-кг ден артық жүк көткріп, таситын жұмыстар жатады.(20-250ккалс
293 Джс) .
Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері,
өндірістік жайларды желдету.
Өндіріс бөлмелеріндегі талап етілген ауаның тазалығын және
микроклиматты қамтамасыз ету үшін желдеткіштің әр түрлерін және жылу
жүйесін қолданады.
Желдету – жұмыс бөлмесінен ластанған ауаны әкетіп орнына таза ауа
жіберіліп отыратын, ауа алмастыруды ұйымдасқан түрде қамтамасыз ететін
құрылғылар мен шаралардың жиынтығы. Желдету ауаны әкелетін және әкететін
болып бөлінеді.Ауаны әкететін желдету ластанған ауаны өндіріс бөлмесінен
шығарып тастайды. Ал ауаны әкелетін желдету таза ауаны бөлмеге береді.
Ауаның араласу тәсіліне байланысты желдету табиғи аэрация немесе
механикалық болып бөлінеді.
Табиғи желдету бөме температурасы мен сыртқы температураларының
айырмасына байланысты орындалады. Табиғи желдету ұйымдасқан және
ұйыцмдаспаған түрде болуы мүмкін. Ұйымдасқан табиғи желдеткіштің ең көп
тарағаны аэрация.
Ұйымдаспаған табиғи желдеткіште ауа ауысу терезе, есік , саңылаулар
арқылы суық ауаның жылы ауаны ығыстыруымен орындалады.
Механикалық желдету желдеткіштер арқылы жасалынатын напорлар арқылы
орындалады.
Ауаны ауыстыру тәсіліне байланысты желдеткіш жергілікті және жалпы
ауысу болып бөлінеді.
Бөлмеге берілетін ауаны есептегенде жұмыскерлердің санын, зиянды
заттардың мөлшерін, ылғалдың бөлінуін, артық жылу мөлшерлерін ескеру қажет.
Егер бір жұмыскерге келетін бөлменің көлемі 20м3 аз болса, онда бір
жұмымкерге қажетті ауа мөлшері 30м3 сағ. аз болмау керек, бөлме көлемі
20м3 және одан көп болғанда ауа мөлшері 20м3 сағ. аз болмау керек. Бұл
нормалар қалыпты микроклиматта және зиянды заттардың мөлшері РШШ-нен (ПДК)
артпағанда орындалады.
Өндірістерде желдеткіш қондырғыларынан басқа кондиционерлерді
қолданады.
Кондиционер – бөлмеге берілетін ауаны автоматты түрде өңдейтін және
микроклиматтың оптимальды параметрлерін қамтамасыз ететін аппараттар
Өндірістік жарықтандыру. Жұмыс орнындары жарықтанғандығының еңбек
қауіпсіздігіне әсер етуі. Негізгі жарық-техникалық шамалар. Табиғи және
жасанды жарықтандыру, жарықтандыру түрлері, нормалау. Жасанды
жарықтандыруды есептеу әдістері. Өндірістік жарықтандаруға қойылытын
талаптар

Жарықтың сапасы нашар және жеткіліксіз болғанда, адамның жұмыс істеу
барысында көзі талып, өндірістік жарақаттану тәуекелділігі артады.
Екінші жағанан жарықтың тым жарқырауы да көру органына кері әсерін
тигізеді. Осылардың әсерінен көздің көру функциясы уақытша бұзылады.
Сонымен қатар өндіріс бөлмелерінің рациональды түрде жарықтандырылуы жұмыс
жасаушыға оң психофизиологиялық әсер етеді, еңбек өнімділігін арттырады,
қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және жұмыскер еңбек ету қабілеттілігін
сқтайды.
Жарық (көрінетін) өзінің табиғаты бойынша ұзындығы 380-нен 760 нм
(1нм –нанометр – тең 10-9 м) болатын электромагнитті толқындар.
Өндірістерде табиғи және жасанды жарықтарды дұрыс ұйымдастыру
қажеттігі туындайды. Жасанды жарықты табиғи жарықты компенсиациялау үшін
қолданады. Физиологиялық тұрғыдан жасанды жарық қолайсыздау болып келеді.
Табиғи жарық болуы мүмкін: бүйірлі (терезе сыртқы қабырғада
орналасқан); жоғарғы (жарық ойықтары төбеде орналасқан) ; бірлескен
(бүйірлі және жоғарғы жарықтардың үйлесуі).
Жасанды жарық жалпы, жергілікті және комбинациялы болып бөлінеді.
Сонымен қатар аварийялық, эвакуациялық, (охранные) және кезекші ω Көлемі
үлкен бөлмелер үшін бір уақытта табиғи және жасанды жарықтарды қолдану
ұсынылмайды.
Жарықтандырудың сипаттамасын сандық және сапалық деп бөлуге болады.
Сандық сипаттамаларға жататындар: жарық ағыны, жарық күші, жарықтандыру,
жарқырауы, және жарықтандырылуы. Сапалық көрсеткіштерге жататындар: фон,
объектінің фонмен контрасты, көрінуі, цилиндрлі жарықтандыру т.б.
Жарық ағыны Ф – сәулелі энергияның қуаты; көздің жарықты сезінуі
Жарық ағынының бірлігі – люмен (ЛМ) – жарық күші бір канделге тең
болғандағы нүктелі жарық көзінен 1 стерадиан денелік бұрышпен шығатын
жарық ағыны.
Жарық күші І – жарық ағынының кеңістіктегі тығыздығы, яғни жарық
ағынының денелік бұрышқа қатынасы. І =

Мұндағы ω - денелік бұрыш немесе конус тәрізді беттің ішіндегі
кеңістіктің бір бөлігі.
Жарықтандыру Е – жарық ағынының жарықтандыратын беттің ауданына
қатынасы:
Е =
Жарықтандыру бірлігі – люкс (лк) – 1 люменге тең сәуленің 1кв м бетті
жарықтандаруы. Люкс нормаланады және өндірісте бақылауға алынады.
Жарқырау В – кдм2 – жарық күшінің берілген бағытта жарық түсетін
беттің ауданының проекциясына перпендикуляр бағыттағы қатынасы.
В =
Мұндағы α – қалыпты жарықтанатын бет пен жарық көзінен шыққан жарық
ағынының арасындағы бұрыш.
Фон . Шағылу коэфициенті ρ 0,4 болса фон ашық деп есептелінеді, ρ
=0,2 ... 0,4 болса фон орташа, ρ 0,2 болса қараңғы деп есептелінеді.
Табиғи жарықтандыру.
Табиғи жарықтар әр түрлі жарық ойықтары арқылы жасалынады.
Табиғи жарық жарықтың табиғи коэфициенті арқылы бағаланады (ЖТК):
Е =
Мұндағы Еішкі – бөлме ішіндегі жарық, лк;
Есыртқы – сыртқы жарық, лк.
ТЖК нормаланған мәнін қамтамасыз ету үшін бүйірлі жарықтандыруда
жарық ойықтарының ауданы төмендегі формула бойынша анықталады:
Мұндағы еn – ТЖК нормаланған мәні; S0 Sφ – терезе және фонарлардың ауданы,
м2; Sn – еденнің ауданы, м2 ; τ0 – жарық өткізудің жалпы коэфициенті ; r1
және r2 – шағылған жарықтан ТЖК артуын ескеретін коэфициент (r1 мәнін 1,5-
тен 3-ке дейін қабылдауға болады, көбін – бір жақты бүйірлі жарықта , азын
– екі жақты бүйірлі жарықта; r2 мәнін 1,1-ден 1,4-ке дейін қабылдауға
болады) ; η0 және ηφ – терезе мен фонардың жарықтық сипаттамасы ; (жуықтап
фонарлар үшін 3,0-тен 5,0-ке дейін; терезе үшін – 8,0-ден 15-ке дейін
қабылдайды) ; Кзд – 1,0-ден 1,5-ке дейін қабылдайды және терезенің қарсы
тұрған ғимаратпен қараңғылануын сипаттайды; Кз – запастық коэфициенті,
1,5...2,0 аралығында қабылданады;
Есептелген аудандар бойынша жарық ойықтарының мөлшерін және санын
анықтайды.
Шамалардың мәндерін СНиП Естественное и искусственное освещение
бойынша анықтайды.
Жасанды жарықты ұйымдастыру.
Жасанды жарық көбінесе табиғи жарық жетіспегенде немесе түнгі
уақыттарда қолданады.
Жасанды жарықты ұйымдастыру үшін төмендегі шараларды қарастырады.
А.Жарықтандыратын учаскенің, жұмыс орнының, ауданын анықтау.
Б.Жарықтандырудың нормасын анықтау.
В. Жарық жүйесін таңдау.
Г. Жарық көзін таңдау және оның қажетті санын анықтау.
Д.Учаске бойынша жарық беру құралдарын орналастыру жобасын жасау.
Жарық көздерінің түрлері.
Өндірістік мәні бар жарық көздері: қыздыру шамшырағы, люминесцентті
шамшырақ, разрядты шамшырақ, жоғары қысымды разрядты шамшырақ,ксенонды
шамшырақ, арнаулы сәуле шығару шамшырағы.
Қыздыру шамшырағы – үнемді, жарық ағыны аз ғана төмендейді (15%) , қоршаған
ортаға және температураға байланысты емес. Дегенмен ҚШ жарықты беруі төмен,
спектірінде сары-жасыл бөлік басымырақ.
ЛШ төменгі қысымды жарық қондырғыларында қолданады. Жарықты беруі
жоғары (75лмВт), қызмет ету мерзімі жоғары (10000сағ дейін). Көпшілік
жағдайда үшемді ҚШ салыстырғанда. Дегенмен оны қосу схемасы күрделі,
температура бойынша шектелген (- 100С жанбайды). Жетімсіздігі мөлшері үлкен
болғанымен қуаты аз, жарық ағынының біраз мөлшерде төмендеуі.
ГШ жоғары қысымды жоғары жарық беру талап етілгенде қолданады.
Сыртқы әсерлерге тұрақты.
Көлік және жүк көтергіш құралдарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.
Өнеркәсіп орындарында көтергіш-тасымалдау техникалары кең түрде
қолданылады. Олрға жататындар: көтергіш крандар, конвейерлер, домкраттар,
лифтлар.
Жүктерді көтеріп тасуда еңбек қауіпсіздігі көтеріп-тасымалдайтын
машиналардың конструктивті ерекшеліктеріне байланысты болады және
Правила устройства и безопасной эксплуатации грузоподъемных кранов және
ГОСТ 13556-91 Краны башенные стройтельные анықталады.
Тау-кен мемлекеттік бақылау органдары және өнеркәсіп әкімшілігі
көтеріп-тасымалдау техникаларын тексерістен өткізіп отырады.
Қайтадан жөнделген жүк көтергіш машиналар жұмысқа түскенге дейін толық
техникалық тексеруден өтеді. Пайдалануда жүрген жүк көтергіш машиналар
мезгі-мезгіл техникалық тексерістен өтеді: толық емес(частичный) бір жылда
бір рет; толық – үш жылда бір рет.
Толық техникалық тексерісте статикалық және динамикалық сынақтардан
өтеді.
Статикалық тексерістің мақсаты жүк көтергіш машиналардың металл
конструкцияларының беріктігін тексеру. Статикалық сынақ кранның жүк
көтергіштігінен 25% артық күшпен сыналады. Жүк 300...200мм (стрелді
крандарда 200...100мм) биіктікке көтеріліп, 10мин ұсталады.
Динамикалық сынақ машинаның жүк көтергіштігінен 10% артық жүкпен
сыналады. (механизмдері, тормоздары)
Электрокаралардың жылдамдығы бөлме ішінде 6кмсағ, ал территорияда
10кмсағ артпау қажет. Прицеп болғанда 5...8 км сағ.
Қысыммен жұмыс істейтін сосудтарды, баллондарды қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз ету
Кез келген өнеркәсіп орындарында негізгі және жөндеу жұмыстарын
жүргізгенде қысыммен жұмыс істейтін сосудтарды және құралдарды пайдаланады.
Мұндай құралдар жарлысқа қауіпті.
Өнеркәсіптерде қысыммен жұмыс істейтін құралдарға сұйытылған
газдармен толтырылған баллондар, цистерналар, сонымен қатар компрессорлар,
бу қазандықтары да жатады.
Баллондарды пайдаланғанда Тау-кен бақылау органдары бекіткен
Правила устройства и безопасной эксплуатации сосудов, работающих под
давлением ережелерді орындау қажет (тасымалдау, сақтау, орнықтырып
орналастыру, толтырылу деңгейі, бояу түстері)
Баллондардың қауіптілігі олардың жарылуы және газдың шығып кету
мүмкіндігі.
Сиымдылығы бойынша баллондар:
аз литражды , сиымдылығы 12л дейін
үлкен литражды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрлік жүйелер мен желілер және олардың техника қауіпсіздігін жоғарылату
Технологиялық байланыс құралдарын техникалық тасымалдау кезіндегі жұмыстарын бөлу
«Құрылыс нысанындарындағы өрт қауіпсіздігі»
Мұнай және газ өнеркәсібіндегі компрессорлар
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талдау
Электр жабдықтары
Еңбекті қорғаудағы негізгі факторлар
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ Еңбек қорғау
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Еңбекті қорғау негіздері, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі
Пәндер