Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері



I Кіріспе
II Негізгі бөлім

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі. Өйткені, бір типті мемлекеттердің өзінде – қолданылатын құралдарда да, алынатын нәтижелерде де айтарлықтай айырмашылықтардың бары көрініс тапқан. Бұл жағдайда, сөзсіз екінші жолмен, яғни жүргізілетін саясат типтеріне қарай елдерді топтау әдісімен жүру мүмкіндігі туындайды. Мұндайда бір бағыттың өзіне экономикалық саясат мәселелері бойынша бірнеше әдістер қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда: ақша саясатын қатаң жүргізу, мемлекеттің рөлі, жалпы ішкі өнімді бөлу, протекционизм немесе еркін нарық. Бұл көзқарасты мемлекеттің өзара араласуының маңыздылығын құптайтын экономистер қолдайды. Ал экономистердің басқа бағыты –либералдарды, реформаларды, монетаристерді біріктіреді.
1. Дж. М. Кейнс. Общая теория занятости, процента и денег. М., 2008.
2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.
3. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат, 1998.
4. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СОӨЖ

Тақырыбы: Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері

Орындаған:Исабаева А.А

Топ:ВС-403

Тексерген:Қуантқан Биболат

Семей 2015 жыл

Жоспар

( Кіріспе

(( Негізгі бөлім

((( Қорытынды

(V Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы
елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін
ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі. Өйткені, бір
типті мемлекеттердің өзінде – қолданылатын құралдарда да, алынатын
нәтижелерде де айтарлықтай айырмашылықтардың бары көрініс тапқан. Бұл
жағдайда, сөзсіз екінші жолмен, яғни жүргізілетін саясат типтеріне қарай
елдерді топтау әдісімен жүру мүмкіндігі туындайды. Мұндайда бір бағыттың
өзіне экономикалық саясат мәселелері бойынша бірнеше әдістер қолданылуы
мүмкін. Атап айтқанда: ақша саясатын қатаң жүргізу, мемлекеттің рөлі, жалпы
ішкі өнімді бөлу, протекционизм немесе еркін нарық. Бұл көзқарасты
мемлекеттің өзара араласуының маңыздылығын құптайтын экономистер қолдайды.
Ал экономистердің басқа бағыты –либералдарды, реформаларды, монетаристерді
біріктіреді. 
Солардың бірі ( Батыс экономикалық теориясын терең дағдарыстан алып шыққан,
экономикалық жүйені қалыптастырумен әйгілі болған ағылшындық экономист,
мемлекеттік қайраткер Джон Мейнард Кейнс (1883-1946). Ол, 1930 жылдардағы
ұлы тоқырау уақиғаларымен байланысты сәтсіздікке ұшыраған батыстық
экономика ғылымының мәртебесін көтеруге көп жағдайда оңды ықпал етті. Сол
кезеңнен бірнеше ондаған жылдар бойына дамыған капиталистік мемлекеттердің
үкіметтерінің басқаруды дұрыс жүргізудің нұсқасы болды. Ол атақты ағылшын
профессорының отбасында дүниеге келген. А.Маршал, А.Пигу сияқты атақты
оқымыстылардан дәріс алып Кембридж универститетінің корольдық колледжін
тәмамдаған.
Кейнсті көп жағдайда дара тұлға деуге болады. Оның көрнекті математикалық
қабілеті Ұлыбританиядағы мәртебелі конкурстарда бірнеше рет жүлделерді
жеңіп алуға қол жеткізді. 
Экономика саласынан тыс Кейнс басқа да бағыттарды жан-жақты игерген дарынды
адам болатын. Музыка, балет, көркемсурет оның әуесі болып саналып, сонымен
қатар биржада да өте сәтті ойнап өзіне ауқымды дәулет те жинай білген.
Кейнс өзінің Жұмыспен қамтылу, пайыз және ақшаның жалпы теориясы
кітабында нарықтық экономияда автоматты түрде толық жұмыспен қамтылудың
механизмі жоқ екендігін жазған. Мемлекет өндіріс және жұмыспен қамтуды
көбейту үшін шығынды көбейтуі және белсенді инвестициялық саясат жүргізуі
қажет: Кейнстің неоклассиктерден айырмашылығы халық шаруашылығына талдау
жасады. Бұл макроэкономикалық деген атау, ал Жұмыспен қамту, пайыз және
ақшаның теориясы кітабындағы ол ұсынған бағыт кейнисиандық деп аталады.
Кейнисиандық- нарықтық экономикаға мемлекеттік реттеудің мәні мен
қажеттілігін негіздейтін және мойындайтын теория. Кейнс экономика ғылымының
күнделікті, бірқаты тұрмыс теориясына байқаудағы ауыспалы азғантай санның
арақатынасына, ал экономикалық жалпы тепе-теңдігі тауар нарығының тепе-
теңдігіне, ақша нарығына макроэкономика моделін енгізді. Экономиканың
мүмкін болған тұрақсыздығының себебі инвестиция көлемінің күтпеген жерде
өзгеруіне байланысты табыс деңгейінің тұрақсыздығы. Соңғысы қауіпті шегіне
жеткенде тек қана нарықтың өзін-өзі реттеу күшімен түзете алмайды және
қосымша мемлекеттің араласуын талап етеді.
Кейнстің ең үлкен еңбегі экономикалық теорияның жаңа тілін құрағандығы
болып табылады. Бұл тіл біріккен шамалардың қысқа мерзімді аз өзгерткен аз
сандарды түсіндіреді. Бұл барлық экономиканы бір-біріне қатысы бар төрт
нарықтың: тауар мен қызмет көрсету нарығы, еңбек нарығы, ақша нарығы және
құнды қағаз нарығының есептесуіне мүмкіндік берді.
Классикалық экономикалық ғылымды сынау Кейнс Сейдің нарық заңын жоққа
шығарады. Ақша экономикасында сатушы бірден сатып алушы болуы міндетті
емес. Оның орнына ол жинақтайды және бір уақытта жиынтық сұранысты
азайтады. Сұраныстың кемуі өз кезегінде жиынтық табыстың азайуы мен
жұмыссыздықтың өсуіне әкеліп соғады сондықтан жиынтық табыс ұсыныс
факторларына қарағанда сұраныс факторына тәуелді (тұтынуға ұйғарылған шығын
және инвестицияға ұйғарылған шығын).
Кейнс жаңа категория инвестициялар мультипликаторын ұсынды. Оның тетігі
мынадай. Қандай салада болмасын инвестициялау өндірісті кеңейтуге және осы
салада жұмыспен қамтылуды көбейтеді. Кез келген саладағы инвестициялардың
мәні өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен
қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша
көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты
білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен
қамтуды және табыстың көбеюін тудырады. 

Негізгі бөлім

Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі
Дж.М.Кейнс болып табылады. Оның басты енбегі – Еңбекпен қамту, пайыз бен
ақшаның жалпы теориясы (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның
ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құткарады деген тұжырымға
келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру
Дж.М.Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-
шы жылдарына дейін кейнстіліктің әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге
асты. 
 ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік
белсенділіктің бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі
идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа
бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру
идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде
өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында
тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай
жасаумен шектелуі қажет. Бұл неоклассикалық немесе неолибералдық
бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы
және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру.
Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік
бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін
қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына
иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру
және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік
өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды
ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады. 
 Неолиберализмнің белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес
(1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.)
Германиядан — Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз.
Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы
бағытқа монетаризмді айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы
ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс
циклын жоюда болып табылады. Монетаризмнің басты стратегиясы –
экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді,
мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру. 
 Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони
Самуэльсонның (1915 ж.) неоклассикалық синтез теориясы болып табылады.
Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше еркін бәсекеге адамдар
жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді.
Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай,
толық жұмыстылықты қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде
бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік
түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. Таза
жұмыстылық жағдайында шекті пайдалылық және шекті өнімділік
теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің заңды күшіне ие
болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы
ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселесі
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы ақпарат
Кейнстің экономикалық ілімінің зерттеу мәселелері
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы мәлімет
Дж.М. Кейнстің экономикалық негізгі зерттеу мәселелері
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы ақпарат
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Кейнстің экономикалық ілімі
Пәндер