Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі



1. Баланың сенсорлық дамуы.
2. Сенсорлық тәрбиелеу . жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі.
3. Сенсорлық тәрбиені ұйымдастыру.
4. Балалардың сенсорлық тәрбиесінде аналитикалық даму ерекшеліктері.
Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын.
Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті

СӨЖ
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі

Орындаған: П-223 топ студенті
Касимжанова Мәдина
Тексерген: Кошкимбаева Р.Х.

Семей - 2015
Жоспар:
1. Баланың сенсорлық дамуы.
2. Сенсорлық тәрбиелеу - жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі.
3. Сенсорлық тәрбиені ұйымдастыру.
4. Балалардың сенсорлық тәрбиесінде аналитикалық даму ерекшеліктері.

Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын.
Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.
Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін, оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы матеиалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады.
Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Кеңестік психологтармен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бастапқы оқу (әсіресе 1 сыныпта) барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.
Сенсорлық мәдениет ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді, ол баланың дамуы түбегейлі жануарлар
баласының дамуынан айырмашылығы барын ескермеді. Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі.
Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Бірақ егер меңгеру ересектердің педагогикалық басшылығынсыз өзінен өзі болса, ол үстіртін, толыққанды емес болады. Мұнда адамзаттың сенсорлық
мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді.
Сенсорлық тәрбиелеу кезінде балаларда сенсорлық этоландары туралы - заттардың сыртқы қасиетінің жалпыға ортақ үлгілерінің қалыптасуы үлкен мәнге ие. Сенсорлық үлгілер ретінде қанықтығы бойынша орналасқан жеті түс пайдаланылады.
Сенсорлық үлгілерді меңгеру - ұзақ және қиын процесс. Бұл қандай да бір затты дұрыс атауға үйрену деген сөз емес. Әр қасиет туралы дәл нақты білу керек, және ең бастысы оны әртүрлі заттардың қасиетін әртүрлі жағдайда пайдалана білу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сенсорлық үлгілерді меңгеру - бұл оларды заттардың қасиеттерін бағалау кезінде өлшем бірлік ретінде қолдану.
Осы оқулықта пішін, көлем және түсті қабылдау аясында балаларды сенсорлық тәрбиелеу туралы сөз болмақ. Осы қасиеттермен таныстыру балабақшадағы сенсорлық тәрбиелеудің негізгі мазмұнын құрайды. Бұл түсінікті, өйткені дәл пішін, көлем және түс заттар мен құбылыстар туралы көруді қалыптастыру үшін маңызы зор. Пішін, көлем және түсті дұрыс қабылдай білу мектептегі көптеген пәндерді меңгеруге қажет.
Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.
Бір жас кезінде негізгі міндет балаға заттардсырың қасиеттеріне назар аударуын дамыту, жеткілікті байлықты және сыртқы ортаның алуан түрлілігін ұсыну болып табылады. Балада ұстау қимылдары қалыптаса бастағанда , бұл мақсатқа тағы бірі қосылады- балаға заттың пішіні, көлемі және кеңістікте орналасуына ұмтылу қимылдарын дағдыландыру қажет. Ақырындап мұндай дағдылар бала үшін нақты мән бере бастайды (кішкентай-бұл бір қолмен ұстауға болатын нәрсе, үлкен- екі қолмен, домалақ- толықтай алақанмен ұсталады, төртбұрыш -- затты саусақпен екі жағынан ұстайтын нәрсе т.б.).
2. Cенсорлық тәрбиелеу - жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі. Барлық жаңа әсерлер түсімін қамтамасыз ете отырып, ол тек сезім мүшелерінің дамуына ғана емес, баланың қалыпты тұлғалық және психикалық дамуы үшін өте қажет. Әсерлер түсімі шектеулі болса, балалар жалпы дамуын кідіртетін сенсорлық ашығуға тап болатыны белгілі.
Екі-үш жасқа келгенде сенсорлық тәрбиелеудің міндеттері күрделене бастайды. Жас баланың сенсорлық эталондарды меңгеруге дайын емес болса да, онда заттардың түсі, көлемі, пішіні туралы ақпараттар қорлана бастайды. Бұл ұғымдардың әр алуан болғаны маңызды. Бұл дегеніміз-баланы қасиеттердің барлық негізгі түрлерімен - алты түспен (көгілдір түсті алып тастаған жөн, өйткені балалар оны көк түспен шатастырады) , ақ және қара түспен, шеңбер, төртбұрыш, сопақ, тіктөртбұрыш сияқты пішіндермен таныстыру деген сөз.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу тәжірибесінде балаларды екі-үш түспен және пішінмен таныстырып, балалардан оларды есте сақтап, дұрыс атауын талап ету сияқты ескірген беталыс әлі де кездеседі. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, мұндай оқыту баланың сенсорлық дамуына аз себеп болады, заттардың қасиеттері туралы ақпараттардың аясын шектейді. Онымен қоймай, әртүрлі қасиеттерді жаттау олардың басқа түрлеріне балалар назар аудармайды. Нәтижесінде қабылдаудың өзіндік қателіктері пайда болады: егер бала мысалы, сары түсті білсе, бірақ қызыл сары түсті білмесе, ол қызыл сары түсті қателесіп сары деп қабылдайды.
3. Сенсорлық тәрбиені ұйымдастыру. Балаларды заттардың әртүрлі қасиеттерімен таныстыра отырып, есте сақтауларын және олардың атауларын қолдануды талап етпеген жөн. Бастысы, бала заттардың қасиеттерін олармен әрекеттесу барысында ескере білсе болғаны. Егер ол үшбұрышты бұрыштама немесе шатыр деп атаса, оқасы жоқ. Тәрбиеші балалармен жұмыс кезінде пішіндер мен түстер атауын қолданады, бірақ мұны балалардан талап етпейді. Балалар мынадай сөздерді түсінсе жеткілікті: пішін, түс, мынадай. Мұнда заттардың көлемімен таныстыру артық. Көлемнің мүлдем маңызы жоқ. Ол басқа заттардың көлемімен салыстыруда қабылданады.
Баланың назарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы мәлімет
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие. Дәрістер
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері
Адамгершілік тәрбиесінің жүрегі - жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер