Құпия шежіре



Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) «Құпия шежіре» бөлімдері;
б) «Құпия шежіреден» үзінділер.
Қорытынды.
Адамзат мәдениеті өзінің дамып,өсіп-өркендеу жолында небір ғажайып әдеби мұралар туғызды.Қай ұлттың болсын шаруашылығы мен мәдениеті көркейіп,кемелденген кезде,сол елдің өмірі мен тұрмысының,қоғамдық болмысының көрінісі іспеттес әдеби шығармалар дүниеге келді.Әр ұлтта дәл осындай мәдени қазыналардың тұңғыш гүлі,тұмса ескерткіші болады.Орыс халқының «Игорь жорығы туралы жыр» (Х ғ.),грузиндердің «Жолбарыс терісін жамылған батыры» (ХІІ ғ.),француздардың «Роланд жыры» , гректердің «Илиада» мен «Одиссеясы» сол халықтардың үлкен мәдени жетістігі болып саналды.
Сол сияқты біздің монғол халқының алғашқы тарихи ескерткіші – «Моңғолдың құпия шежіресі». «Құпия шежірені» көптеген елдердің ерте кездегі аты шулы тарихи шығармаларымен қатар қоюға болады.Көне замандарда моңғол халқында шешендік сөздерді термелеп айтатын,тарихи оқиғаларды шебер бейнелеп жазатын ділмар да білгір адамдар көп болған.
1.«Моңғолдың құпия шежіресі»,(ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы көшпелілер шежіресі),Алматы,2009(аударған М.Сұлтанияұлы).
2. «Шыңғыс хан – әлем сілкіндірушісі»,І.Есенберлин,Алматы,2001.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Құпия шежіре бөлімдері;
б) Құпия шежіреден үзінділер.
Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Моңғолдың құпия шежіресі,(ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы көшпелілер шежіресі),Алматы,2009(аударған М.Сұлтанияұлы).
2. Шыңғыс хан - әлем сілкіндірушісі,І.Есенберлин,Алмат ы,2001.

Алтын денем қалғыса да,
Ардақты елім солмасын.
Бүтін денем қажыса да,
Бүтін елім тозбасын.

Алтын денем шаршаса,шаршасын,
Абзал елім даңқы артсын.
Бүкіл денем қиналса,қиналсын,
Бүкіл елім топтансын.

(Шыңғыс хан)

Адамзат мәдениеті өзінің дамып,өсіп-өркендеу жолында небір ғажайып әдеби мұралар туғызды.Қай ұлттың болсын шаруашылығы мен мәдениеті көркейіп,кемелденген кезде,сол елдің өмірі мен тұрмысының,қоғамдық болмысының көрінісі іспеттес әдеби шығармалар дүниеге келді.Әр ұлтта дәл осындай мәдени қазыналардың тұңғыш гүлі,тұмса ескерткіші болады.Орыс халқының Игорь жорығы туралы жыр (Х ғ.),грузиндердің Жолбарыс терісін жамылған батыры (ХІІ ғ.),француздардың Роланд жыры , гректердің Илиада мен Одиссеясы сол халықтардың үлкен мәдени жетістігі болып саналды.
Сол сияқты біздің монғол халқының алғашқы тарихи ескерткіші - Моңғолдың құпия шежіресі. Құпия шежірені көптеген елдердің ерте кездегі аты шулы тарихи шығармаларымен қатар қоюға болады.Көне замандарда моңғол халқында шешендік сөздерді термелеп айтатын,тарихи оқиғаларды шебер бейнелеп жазатын ділмар да білгір адамдар көп болған.
Құпия шежіре авторының аты-жөні белгісіз болса да,оның соңында былайша жазылғаны мәлім: Ұлы құрылтай шақырылып,тышқан жылының (1240) тамылжыған айында Керліннің Дала аралының Жеті бұлтығы мен Сілкінсек екеуінің арасына қаған ордасы қонып жатқан кезде тәмамдадым.Бұл,әрине,моңғолша 1240 жылғы жетінші ай.Содан бері бақандай жеті жүз жылдан астам уақыт өтті.
Құпия шежіре дәптерлерінің саны (жігі) белгісіз.Көбінесе 15 не 12 дәптерге бөлінеді. Әйтсе де Юань мемлекетінің гүлденген үкіметі кезінде,1908 жылы қытай ғалымы Ей-де-құй алғы сөз жазған басылымда Құпия шежіренің нұсқасы 12 дәптер екен.Шынында,осы жіктелуі дұрыс тәрізді.Алғашында бастапқы он дәптері жазылып,соңынан екі дәптер қосылған сияқты.Соңынан қосылған екі дәптерде Үгедей қаған кезіндегі оқиғалар жазылса,бастапқы он дәптерінде моңғолдың шығу тегінен бастап,Шыңғыс қағанның өліміне дейінгі оқиғалар қамтылған. Құпия шежіренің бөлімдері мынандай:
1)Темүжіннің тегі мен балалық шағы.
2)Шыңғыстың жастық шағы.
3)Меркіттің жойылуы және Темүжінге Шыңғыстың қаған атағының берілуі.
4)Жамұқамен және Тайшуытпен күресі.
5)Татарды жоюы және Уаң ханнан ажырасуы.
6)Керейлерді иеленуі.
7)Уан ханның өлімі және найман мен керейлердің күйреуі.
8)Күшліктің қашуы және Жамұқамен жойылуы.
9)Жасақ әскердің ұйымдастырылуы.
10)Ұйғырлар мен орман халықтарын иеленуі.
11)Қытай,таңғыт,түрік, Бағдат және орысты иеленуі.
12)Шыңғыстың өлімі және Өгедей қаған болуы.
Осы аталмыш бөлімдерге қарағанда, Құпия шежіре тек Шыңғыс дәуірінің тарихы тәріздес болғанымен,шынында олай емес.Бұл - халықтың аңыз-әңгімеге негізделіп жазылған және сол кездегі халықтың ән-жыры,шешендік сөздері,термелері кеңінен қолданылған шығарма.Әр бөлім сайын кемінде 20-30 өлең қамтылған.Сұхбаттар мен төл сөздер көбінесе өлеңмен жазылған.Бұл шығармада көне моңғол тілінің әуені,жыр ұйқасы (поэзия) және қара сөздік шығарма (проза) үлгісі кең қолданылған.
Құпия шежіре моңғол адамы моңғол жерінде жазғандықтан,оған қатысты сәйкестігі де бар. Құпия шежіре туралы Моңғолдың қоғамдық құрылысы атты кітабының 6-бетінде орыс ғалымы Владимирцов мынадай тұжырым айтады: Орта ғасыр кезіндегі көптеген тарихшыларды қызықтырып,назарын аударған моңғол тәрізді ел,сірә,болмаған болса,ақиқат,шындықты айқын көрсеткен Құпия шежіредей ескерткіш бірде-бір көшпелі елде қалмаған болар.
Құпия шежіреде сол кездегі моңғол елінің хал-ахуалы былайша көрсетілген:
Көк аспанның астында,
Көп елменен қағысып,
Бел шешіп бір жата алмай,
Бодан еттік қарысып.

Қара жердің бетінде,
Қарлы жердің өтінде.
Көрпені бір жамылмай,
Қан жұтыстық қажысып.
Шыңғыс қаған мен оның мұрагерлерінің қатыгез әрекеті Құпия шежіреде былайша сипатталады:
Темір болат - дәл маңдай,
Тілі өткір - жез таңдай,
Жүрегі алмас жаралған,
Жанары сұмдық қадалған.

Құтырынған төрт арлан,
Қыруға дүйім пендені.
Шыққандай темір құрсаудан,
Аузының суы шұбырып,
Апшыны келед қуырып.

Сілекейді нәр еткен,
Сірнекейді ас еткен.
Көк дауылды ат еткен,
Көк садақты дос еткен.
Жебе,құбылай бастаған,
Зелме,Сүбедей қостаған.
Темүжіндік төрт төбет,
Тұра ұмтылды ентелеп.
Ұлы Юань мемлекеті Шыңғыс тайзу қағанның тайпа елдері бағындырған әскери шежіресінің жылнама дәптері деген кітап 1945 жылы ішкі Моңғолиядан табылған еді.Соның ішінде моңғол тарихының төмендегідей он үш тарихи мәліметті келтірген:
1)Тибеттен аударылған құдіреттің ғұмырнамасы.
2)Құдіреттік ғұмырнама.
3)Жастардың үйлену тойы.
4)Көк трактат.
5)Шыңғыстық жылнама.
6)Юаньның түпкі тарихы.
7)Түбір тарих.
8)Ханзадалар шежіресі.
9)Да Юаньның Чин Си жазуы.
10)Шаған ділмардың көңіл хошы.
11)Алтын тұқымдардың тете тарихы.
12)Боғда Шыңғыстық нақ хикая.
13)Мемлекет басқарудың жаднамасы.
Құпия шежірені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі
Моңғолдардың үйлену салты
Керейіттердің ерте тарихы
Психогенетиканың қалыптасып дамуы туралы ақпарат
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
Шыңғыс хан (Тэмуджин, Темучин)
Байжігіт
Тұкым қуалаушылық. Генетика
Қазақ шежіре жырларының поэтикасы
Адам генетикасының шежіре әдісі
Пәндер