Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері



1.Даму психологиясының пәні.
2.Даму психологиясының салалары.
3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысты.
4. Жас ерекшелігі психологияның пәні.
3. Жас ерекшелігі психологияның проблемалары.
4. Жас ерекшелігі психологияның ғылыми зеттеу әдістері.
5. Пайдаланылған әдебиеттер.
Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.
1.Мұқанов М., Жас және педагогикалық психология.- Алматы,1991.
2.Гамезо М.В., Возрастная и педагогическая психология.- Москва,1984.
Даму психологиясы – психология ғылымының саласы.
3. Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін қалай топтастыруға болады?
4. Даму психология пәнінің басқа ғылымдармен байланыстылығы.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Биология кафедрасы

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:Даму психологиясының пәні,
міндеттері және әдістері.

Орындаған:Ертай М.
Тобы:113-25
Қабылдаған: Райымбек Л

Шымкент - 2015 ж.

Жоспар:
1.Даму психологиясының пәні.
2.Даму психологиясының салалары.
3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысты.
4. Жас ерекшелігі психологияның пәні.
3. Жас ерекшелігі психологияның проблемалары.
4. Жас ерекшелігі психологияның ғылыми зеттеу әдістері.
5. Пайдаланылған әдебиеттер.

Даму психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.
Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б.) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);
2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);
3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);
5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);
6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);
7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 - 23 жасқа дейін);
8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);
9) кемелдік кезең (30 жастан 55 - 60 жасқа дейін);
10) қартаю кезеңі (60 - 70 жас аралығы);
11) кәрілік кезең (70 - тен жоғары).
Даму психологиясының мынадай салалалары бар:
- балалар психологиясы;
- жасөспірім психологиясы;
- балаң жас психологиясы;
- акмеология (кемелдік);
- геронтопсихология (кәрілік).
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты.

Педагогикалық психологияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.

Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі - бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы - педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.
Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттерін өзара байланысы
Даму психологиясының әдістерін топтастыру
Балалар психология пәні
Жалпы психологиялық дайындық
Психикалық даму негіздері
Жоғары мектеп психологиясының пәні
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары
Пәндер