Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері



ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Оңтүстік Қазақстан облысының әулиелері.
2. Шығыс Қазақстан облысының әулиелері.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
МЕНІҢ САЯХАТЫМ:
Мен ШҚО Семей өңіріне және Оңтүстік Қазақстан жерлеріне сапар шектім. Онда қазақтың әулиелі жерлері туралы көп мағұлмат жинадым. Ол жерде көптеген батырлар мен билер, әулие бабалардың өмірлерімен, тарихымен таныстым.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемен ел болып, тарихқа көз жіберіліп, бұрын беймәләм болған жаңалықтар ашылуда. Қазақстан тарихына деген қызығушылықтың артуымен қатар мен алып отырған тақырыптың өзектілігі шығады.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
1. Оңтүстік Қазақстанның әулиелі жерлеріне бару.
2. ШҚО Семей өңірінің әулиелі жерлеріне бару.
3. Ұмыт қалған есімдер туралы мәлімет жинау.
4. Көпшілікті тарих жайлы мәліметтермен таныстыру.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
1. 2006 жылы жазда әулиелі жерлерге барып мәлімет жиналды (Семей өңірі мен Оңтүстік Қазақстан облысы)
2. 2006 – 2007 жылғы оқу жылдарында жұмысты жобалап жазу.
3. 2007 жылы сәуір – мамыр мектепшілік жоба қорғау.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БОЛЖАМЫ:
Егер осы жұмысты мектепшілік, мектептен конференцияларға қатысып жұмысты көпшілікке ұсынса, өлке тарихына да, қазақ тарихына да зор үлес болар еді деп ойлаймын.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
Қазақтың әулиелі жерлері туралы мәліметтер жиналғаннан кейін, осы жұмысты тарих, өлкетану сабақтарында қосымша мәлімет ретінде пайдалануға болады.


1. Укаша ата.
Мұхаммед пайғамбардың замандасы, сахаба. Біздің елге мұсылман дінін дәріптеп таратуға, дінге жеткендердің бірі болған. Аңыз бойынша Укаша атаның денесін ешқандай қару алмайды екен. Тек таң намаз оқығанда денесі босайтыны біліп алып, бір күні жаулары сырт арқасынан келіп басын шапқан. Кесілген бас ешкімге ұстатпастан домалап қаша жөнеледі. Сәлден соң құдайдың құдіретімен жер жарылып қуысқа түскен бас көзден ғайып болады. Сонда әлгі қуыстан сарқырап аққан су денесіз басты Меккеден бірақ шығарыпты. Ондағы сахабалар бастың Укаша екенін танып, сонда жерлейді. Ал денесін мұндағы мұсылмандар жерлеген. Кезінде Укаша ата Мұхаммед пайғамбардың замандасы қасында жерленсем деген екен, сол тілегі осылай қабыл болыпты. Тау жотасының беткейінде құдығы бар. Зиярат еткен адамдар шелек тастап, ерекше құпиясы бар құдықтан өздерінің ниетіне лайықты су алады. Біреуі толық шелек су тартып алса, енді біреуі қанша тартқан мен, тамшы суда шығарып ала алмайды екен. Сағанасы Қаратау бөктерінде, Түркістаннан қырық шақырымдай жерде.

Ысқақбаб.
Ысқақбаб араб елінен Сырдария, Түркістан өлкесіне әскер басқарып 767 жылы мұсылман дінін тарату жолында жеткен. Ислам дінін күшпен емес, бейбіт жолымен, уағыздаумен енгізуді бастаған кісілердің бірі. Ысқақбаб Мұхаммед пайғамбардың қызынан тараған ұрпаққа жатады. Әулие тарихта түркі елін араб әлемімен жалғастырған «алтын көпір» саналады. Кез келіп жауынгершілік жорықтар Ысқақбаб Баладж шаһарында қалған өмірін бейбіт тіршілікке арнайды. Меккеге қажылық сапар шегіп, одан келісімен «Жоябыр» атты мешіт салдырады. Ысқақбаб қол астына қараған халықөты асқан ақыл ойымен басқара білген. Кесенесі Қазығұрт елді мекенінде, Ескі Баладж қаласының орнында, Бабата қорғанында орналасқан.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Оңтүстік Қазақстан облысының әулиелері.
2. Шығыс Қазақстан облысының әулиелері.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

МЕНІҢ САЯХАТЫМ:
Мен ШҚО Семей өңіріне және Оңтүстік Қазақстан жерлеріне сапар шектім.
Онда қазақтың әулиелі жерлері туралы көп мағұлмат жинадым. Ол жерде
көптеген батырлар мен билер, әулие бабалардың өмірлерімен, тарихымен
таныстым.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемен ел болып, тарихқа көз
жіберіліп, бұрын беймәләм болған жаңалықтар ашылуда. Қазақстан тарихына
деген қызығушылықтың артуымен қатар мен алып отырған тақырыптың өзектілігі
шығады.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
1. Оңтүстік Қазақстанның әулиелі жерлеріне бару.
2. ШҚО Семей өңірінің әулиелі жерлеріне бару.
3. Ұмыт қалған есімдер туралы мәлімет жинау.
4. Көпшілікті тарих жайлы мәліметтермен таныстыру.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
1. 2006 жылы жазда әулиелі жерлерге барып мәлімет жиналды (Семей
өңірі мен Оңтүстік Қазақстан облысы)
2. 2006 – 2007 жылғы оқу жылдарында жұмысты жобалап жазу.
3. 2007 жылы сәуір – мамыр мектепшілік жоба қорғау.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БОЛЖАМЫ:
Егер осы жұмысты мектепшілік, мектептен конференцияларға қатысып
жұмысты көпшілікке ұсынса, өлке тарихына да, қазақ тарихына да зор үлес
болар еді деп ойлаймын.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
Қазақтың әулиелі жерлері туралы мәліметтер жиналғаннан кейін, осы
жұмысты тарих, өлкетану сабақтарында қосымша мәлімет ретінде пайдалануға
болады.

1. Укаша ата.
Мұхаммед пайғамбардың замандасы, сахаба. Біздің елге мұсылман дінін
дәріптеп таратуға, дінге жеткендердің бірі болған. Аңыз бойынша Укаша
атаның денесін ешқандай қару алмайды екен. Тек таң намаз оқығанда денесі
босайтыны біліп алып, бір күні жаулары сырт арқасынан келіп басын шапқан.
Кесілген бас ешкімге ұстатпастан домалап қаша жөнеледі. Сәлден соң құдайдың
құдіретімен жер жарылып қуысқа түскен бас көзден ғайып болады. Сонда әлгі
қуыстан сарқырап аққан су денесіз басты Меккеден бірақ шығарыпты. Ондағы
сахабалар бастың Укаша екенін танып, сонда жерлейді. Ал денесін мұндағы
мұсылмандар жерлеген. Кезінде Укаша ата Мұхаммед пайғамбардың замандасы
қасында жерленсем деген екен, сол тілегі осылай қабыл болыпты. Тау
жотасының беткейінде құдығы бар. Зиярат еткен адамдар шелек тастап, ерекше
құпиясы бар құдықтан өздерінің ниетіне лайықты су алады. Біреуі толық шелек
су тартып алса, енді біреуі қанша тартқан мен, тамшы суда шығарып ала
алмайды екен. Сағанасы Қаратау бөктерінде, Түркістаннан қырық шақырымдай
жерде.

Ысқақбаб.
Ысқақбаб араб елінен Сырдария, Түркістан өлкесіне әскер басқарып 767
жылы мұсылман дінін тарату жолында жеткен. Ислам дінін күшпен емес, бейбіт
жолымен, уағыздаумен енгізуді бастаған кісілердің бірі. Ысқақбаб Мұхаммед
пайғамбардың қызынан тараған ұрпаққа жатады. Әулие тарихта түркі елін араб
әлемімен жалғастырған алтын көпір саналады. Кез келіп жауынгершілік
жорықтар Ысқақбаб Баладж шаһарында қалған өмірін бейбіт тіршілікке арнайды.
Меккеге қажылық сапар шегіп, одан келісімен Жоябыр атты мешіт салдырады.
Ысқақбаб қол астына қараған халықөты асқан ақыл ойымен басқара білген.
Кесенесі Қазығұрт елді мекенінде, Ескі Баладж қаласының орнында, Бабата
қорғанында орналасқан.

Баба Түкті Шашты Әзіз.
Түркі елдерінде араб әскерлері ислам дінін алғашқы кезде көбінесе
күшпен енгізгендіктен, көп қарсылыққа ұшыраған. Сондықтан олар жергілікті
халықтың беделдерін дінді бейбіт жолымен уағыздауға тартқан. Қаратау
бөктерін жайлаған сондағы елдің көсемі Құмар Атаның жалғыз ұлын Ықыласты
араб әскербасы Ысқақбаб уәзір етіп жанына алады. Ықылас арабтармен тіл
табысып, қан төкпей, елді аман алып қалушы, қорғаны бола біледі. Денесін
қалың түк басқандықтан халық Түкті Шашты деп атап кеткен. Едіге батыр 1400
жылы бабаның басына сағана орнатып өзімнің бесінші ата бабам деп айтқан
екен. Тағы бір аңыз бойынша, өз қолымен жерленгендер айтуы бойынша, бабаның
мойнында зауза қоңыздан асыл тастан белгісі және бойтұмары болыпты. Онда
бүтін Орта Азия мекендеген қалалардың ешкі терісінен жасаған қағазға
сығылған картысы болған. Кезінде Шыңғысханнан сәулетті кенттері, қалың елді
сақтап қалудың неше түрлі айла – тәсілдер жасалады, соның бірі шолғыншы
барлаушылар. Оларға бойтұмар түрінде карта жасалып берілген, мойындарына
бір – біріне ұқсамайтын белгілер тағылған. Бұл да бір бабадан қалған құпия
сырдың бірі. Кесенесі Қаратаудың құмкент елді мекеннінде орналасқан.

Әбдуләзәбаб.(Белегардан баб)
Сайрам өлкесіне 771 жылы Ысқақбаб бастаған араб әскерлерінің
қолбасшысының бірі, ту көтеруші болып, халықты ислам дініне енгізу
мақсатымен жеткен. Сайыстың бірінде Әбдуләсіз – баб жетпіс жерінен
жараланып қаза табады. Ислам жолында шейт болған әулиенің басында айтқан
тілегің Алланың құлағына жетпей қоймайды – деп жергілікті халық сенеді.
Мазары Сайрам қаласында.

Қарабура (Бурахан) (11 – 12 ғ.ғ)
Оғыз – қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы, дуалы ауыз абызы, ықпалды
қайраткері. Шыққан тегі Тама руынан, туып - өскен жері, ғұмыр кешкен мекені
Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойы. Қарабура әулие өмір
сүрген заман Орта Азияда ислам дінінің салтанат құра бастаған кезі еді.
Осындай өтпелі кезеңде қайраткерлік, ойшылдық, саясаткерлік қасиеттерімен
ел тағдырына белсене араласып, халықтың қалыптасқан өмір салтының шырқын
бұзбастан ислам дінін жерсіндіруде еңбегі сіңген. Жұрт жадында сақталған
жаңғырықтарда Әзірет Сұлтан өмірден өткенде Қарабура әулие ақ жауып
аруланған, жаназасын шығарған екендігін хабардар етеді. Топырақ бұйырған
жері Қаратау етегі, Созақ мекені.

Майқы би.
Төбейұлы Майқы би шамамен 12 – ғасырда ғұмыр кешкен. Бүкіл түрік
тұқымдас халықтары төбе биіміз деп санаған. Түгел сөздің түбі бір, түп
атасы Майқы би деген сөз атадан қалған. Түйінді даналы сөздің және би
біткеннің көш басшысы саналған Майқы би қазақ халқының біртұтас ел болу,
алғашқы ұлыс бірлігін құруда еңбек сіңірген. Қазақ руларын үш жүзге топтап,
Ұлытауда үш жүзге ортақ хан сайлатқан, ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып,
сол таңбаны тасқа қашатқан делінеді. Тоғыз ханды таққа отырғызған Майқы би
хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы аталған.
Махмудхан ата.(Махмуд ата)
Сайрам мұражайындағы шежіре бойынша Ибраһим атаның әкесі, оныншы
ғасырда өмір сүрген. Махмұдхан ата оқымысты, үлкен ақыл – ой иесі, ғұлама
ұстаз болған, ислам өркениетінде өз орны бар. Сайрамда жерленген.
Ибраһим – ата.
Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың әкесі Ибраһим – ата ғұлама, өте сауаты,
көзі ашық адам болған, ислам қағидалрың, Құранды, хадисты жақсы білген. Өзі
шырақшылық атқарған мешіттің медресесінде баласына алғаш білім беріп,
жастайынан құлағына өнеге сөздерді сіңіре білген. Ахмет жеті жас шаасында,
ИбраҺим-ата дуние салған. Кесересі Сайрам ауданыңда Ақсу ауылында.
Қарашаш-ана.
Қожа Ахмет Иассауидың шешесі. Мұса шайықтың қызына Айша деп ат берісле,
кейінірек ол кісіні ел құрметтеп "Қарашаш ана" деп атап кеткен. Ел
арасында көріпкелдігімен, жауырыншылдығымен танымалы болған қасиетті ана.
Сонымен қатар Қарашаш ана қыз-келіншектерге ислам тәрбиесін оқытқан.
Ибраһим атадан көп ұзамай дуние салған. Кесенесі Сайрам ауданыңда.
Гаухар ана.
Қожа Ахмет Иассауидің қызы Гаухарды жергілікті халық әулие ана ретінде
қастерлейді. Күйеуінің аты Әли Қожа делінеді. Олардан тараған ұрпақтан
шыққан Мақтым Ағзам Әмір Темір заманында Қожа Ахмет бабаның мешітінде
шырақшы болған екен. Тұркістанда жерленген.

Есенқожа ата. (Ишан қожа)(Қазы Байзави)(9-10ғ.ғ.)
Жас кезінең-ақ Құран Кәрімді, хадистерді жақсы білген, өз заманының
көп ғылыми жетістіктерін оқып ұйренген өте сауатты кісі болған. Құран
тәспілері деген кітабі кейбір мұсылман елдерінде әлі күнге дейін оқу
құралы ретінде қолданады екен. Өз өтініші бойынша тіп-тіке отырғызып, басын
шығысқа қойып жерлеген. Жергілікті халық әулиені-заң саласында, билік
айтушы, үкім шығарушылардың пірі, қолдаушысы санайды. Мазары Сайрам
қаласында.

Мерәлі баб.
Мәлік шахтың тұяғы Мерәлі баб өз дәуірінің жетік ғұламаларының бірі
болған. Шариғатты терең білетін діндар, ел арасында ислам дінін уағыздау,
мұсылманшылықты таратуда еңбек сіңірген. Екі ұлы да әкесіндей оқымысты
болған. Сайрамда екі ұлымен қатар жерленген.

Боздақ ата.
Шах Кәмалидің Байзави өз заманында білгір ғұлама, өз еңбегінің
жемісімен, құдайға құлшылық етудегі үлгісімен Аллаға жақын уәли еді-деп
жазылған. (Рисалаи Сайрам Испиджаб). Сайрам жерінде қандай да бір
ауыртпашылық болар жайында Әулиенің қабірінен ботасын жоғалтқан түйе
боздағандай дыбыс шығады екен. Сондықтан халық Боздақ ата деп атап
кеткен. Сайрам қаласында жерленген.

Мариям ана.
Мәриям ана аса діндар, дің уағыздау жолында із қалдырған қасиетті әулие
ана. Сайрамда жерленген.

Зулқарнайын Күддіс.
Ежелгі Отырар қаласында туған әулие, абыз. Араб елінен келіп, ислам
дінін тарату жолында енбек еткен. Атының екінші бөлігі Күддіс – Иерусалим
қаласының арабша аты, демек әулие өз елінде сол жердің тұрғыны болған.
Отырар қаласын монғол шапқыншыларын қорғауға ерлікпен қаза тапқан. Зираты
белгісіз.

Лашын баб. Қарға баб.
Арыстан бабның мазарында, әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір
орналасқан, бұл лашын баб пен Қарға бабтың қабірі. Екі бабтың өмірі жайлы
мәліметтер қалмаған. Арыстанбабтың шәкірттері болған делінеді. Бұл
қолжазбада: Арыстанбаба дүние салған соң, оның моласының басына екі құс –
бірі лашын, бірі қарға ұшып келеді екен делінеді. Әулиелердің Баб деп
аталғандарына қарағанда дін жолында қызмет еткен болу керек.

Зеңгі баба (12 – 13 ғ.ғ)
Зеңгі баба (Айқожа) түрік – ислам дүниесінде исламды уағыздаушы
данышпан ойшылдың бірі болған. Әкесі Ташқожадан алғаш тәлім – тәрбие алып,
данышпандық пен керемет көрсету дәрежесін меңгерген. Көптеген аты танымал
ойшыл шәкірттер тәрбиелеген. Зеңгі баба ірі қара малдың пірі саналады. Ол
кісі малдың, құстың, жалпы жануардың тілін түсініп білген екен. Зеңгі
бабаның жары Әнбар бибі өте сұлу және ақылды деседі. Зеңгі бабаның мазары
Әмір Темірдің бұйрығымен соғылған. Ташкенттен шыққан Самарқан жолында.
Ақ ата.
Әулиенің өз аты Шахабидің Исфиджабі. Қожа Ахмет Иассауидің бірінші
мұғалімі ұстазы. Білімі мол, оқымысты кісі болған. Халыққа ислам дінінің
шарт – қағидаларын үйреткен, имандылыққа шақырған ғұлама ұстаз. Мазары
Сайрам қаласында.

Дәуітбек ата. (? – 1262жж)
Дәуітбек атаның мазарының маңдайшасында араб тілінде Боздақ қылышпен
қауырсын ұстаған, Құранмен әлсіздердің қорғаушысы болды деп жазылған. Аңыз
бойынша Қарахан әулиенің күйеу баласы, әскербасы, ірі қолбасшысы, ерлікпен
қаза тапқан. Кесенесі Тараз қаласында, 19 ғасырда жаңартылған.

Сұнақ ата.
Өз аты һысамиддин, Әбу Бәкірдің ұрпағы болып саналады. Қожа Ахмет
Иассауидің имамы болып қызмет атқарған. Сауатты, ғұлама кісі араб, парсы,
түрік тілдерінде сөйлейде, жаза да білген. Өмірінің соңында Түркістаннан өз
еліне Сұнақ қаласынан қайтып, дін жолында еңбек еткен. Қасиетті әулие
болғандықтан Сұнақ атаның мазарының айналасында көптеген хандар мен белгілі
адамдар жерленген.

Сұтан Бейбарыс (1217 – 1277)
Жамақұлы Бейбарыс шыққан тегі түркі әулеті, қыпшақ делінеді. Кіндік
қаны тамған жері Жайық өзенінің жағасы. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жас
бала Бейбарыс қолға түсіп, құлдыққа сатылады. Жат елге құл болып сатылып
барған ол, тектілігін танытып, қажымас жігердің үлгісін көрсетіп, билік
басына көтеріледі. Оның ерекше қабілетін байқаған иесі Сұлтан Салиһ оны
жасағының бір бөліміне сардар етіп қояды. Сонымен он төрт жылдың ішінде
құл болып барған Мысырдың Сұлтаны болып бірақ шығады. Бейбарыс жат жерде
құлдықтан хандыққа жетіп, Мысырдай ұлы мемлекеттің шежіресінде із қалдырған
еліміздің ұланы. Он жеті жыл билік жасап, Мысырды шапқыншылықтан қорғап,
елдің жағдайын ілгері бастырды. Өмір бойы туған елін аңсап өткен сұлтан
Мысырдан Алтын Ордаға елшілік жіберіп, екі ел арасындағы қарым – қатынасты
нығайтуға тырысқан.

Түкібас ата.
Аңыз бойынша батыс түрік хандығының басы болған Естемес хан елде жау
басқыны кезінде бір сайыста көп жерінен жараланады. Дегенмен жаудың соңынан
қуғынға қатысып, әлсіреген көп хан көз жұмар алдында айтқан екен:
Туғандарым, жерлестерім, өлсем мені осы төбеге жерлеңдер, солтүстіктен
келетін жауға қарсы түрік басы болып жатайын. Ұлы кісінің сөзімен сол өңір
Түрік басы болып қалады, кейін өзгеріп Түлкібас атанып кеткен. Мазары
Сайрамның Азаттық ауылында.

Ақбура ата.
Қазғұрт өңірінде ғұмыр кешкен әулие, бақсы, Қожа Ахмет Иассауидің
замандасы болған деседі. Таудың оңтүстік батыс бауырында бұлақ басында
қоныс құрған. Әулиенің Ақбура атанғаны – арқасы ұстаған кезде аузынан ақ
жалын шашып, бурадай буырқанып, адам баласы естіп – білмеген алапат күшке
ие болатын көрінеді. Және өзінің мінезіне сай буырқанып жүретін ақ бурасы
болыпты. Ел үнемі Сол бураны Үстінен көретін болғандықтан, Ақ буралы
әулие атап кеткен. Ақбура ата құс секілді ұшатын ерекше қасиеті болыпты.
Әулие таң намазын Қазығұртта оқыса, бесін намазын Түркістанда, қалған
намазын Меккеде оқып жүре береді екен. Ол кісі дүние салғанда бурасының
көзінен жасы көл болып ағып, басына шөге кетіп, содан қайтып тұрмай, тасқа
айналған екен. Сол тастың қуысынан шығып жатқан мөлдір бұлақ ақ бураның
иесін жоқтаған көз жасы екен.

Ғайып Ерен Қырық Шілтен
Қазығұрт етегінде орналасқан ғажайып мекен, періштелер түнеген жердің
бірі саналады. Зиярат үш көзден аққан бұлақтың жанында құран оқудан
басталады. Әр бұлақтың суының жеке емдік қасиеті бар. Содан кейін Ата
менАна аталатын екі шығысқа қарай түйісіп жатқан алып тастың арасынан
өтеді. Зияратшы тілін кәлимаға келтіріп, оң жақ қырымен өтуі шарт. Бойында
ауырлығы барлар содан арылуын ниет етіп өтеді. Екі тастың арасынан өте
алмайтын екі жағдай бар: алдынан Қыдыр ата (яғни жылан) кездесіп қалуы
мүмкін, екінші жағдай Ата мен Ана адамның басынан, кеудесіне не аяғынан
қысып қалады. Өте алмағандар тәубеге келіп, құран оқытып, қайыр садақасын
атағаны дұрыс. Жылан кез – келгенге көрінбейді, оны көрген адамға Қыдыр
дарып, бақ қонады делінеді.

Бәйдібек би (1356 – 1419) шамамен.
Бәйдібек би қазақ елінің ел болып құрылуында үлкен орын алатын ежелгі
Үйсін бірлестігіне кіретін ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында
көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан
қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса
ірі тұлға. Шежіре бойынша Бәйдібек би Қазақ елінің негізін құрған ұлы
бірлестіктердің бірі – Үйсіннің екінші ұлы ақсақалдың (Абақ немересі),
Қараш бидің үлкен ұлы. Деректер бойынша Бәйдібек би алпыс қа дейін
жасаған, үш әйелінен көптеген ұрпақ көрген. Марау (Сары бәйбіше), Зеріп,
Нұрилә (Домалақ ана) әелдерінен туған Байтоқты, Жалмамбет, Тілеуберді
(Жарықшақ) ұлдарының ұрпақтары Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Албан,
Суан, Дулат – ел басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды
қалыптастырды. Кесенесі Қаратаудың Балабөген өзенінің шатқалында.

Марау ана (Гүлжамал).
Бәйдібек бидің бірінші әйелі, Арыстанбидің қызы Марау анадан туған
тоғыз ұлдан тек Байтоқты ұлы ғана тірі қалған. Байтоқтыдан Мыззақазы деген,
кейін Сары үйсін атанып кеткен жалғыз ұл қалады. Марау ана өжет, бір
беткей, қайсар, өз дегені болмаса ешкімге көнбейтін, кісінің тіліне
ермейтін мықты адам болған екен. Ел – жұртты құрметтеп, атын атамай Сары
бәйбіше деп кеткен.

Зеріп ана. 1369 – 1450) шамамен.
Бәйдібек бидің екніші әйелі Зеріп ана Азық елінің қызы, өте сұлу жан
болған екен. Анадан Шапырашты әулеті тараған Жалмамбет туған. Ардақты ана
сексен жасында дүние салған, Қаратау шатқалында, Қосмола биігінң жанында
жерленген.

Жалманбет батыр.
Бәйдібек бидің екніші әйелі Зеріп анадан туған ұлы жастайынан жорға
ұстап, атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген екен. Жалманбеттің әйелі
Жұпардан Досымбет туған, кейін Шапырашты атанып кеткен. Атасы мен әкесіне
тартып, ол да насат батыр болып ер жетеді. Жалманбет әйелі Жұпар қайтыс
болғаннан кейін, оның өсиеті бойынша, балдызы Қарашашты алады. Одан Ысты
(Нұртай), Ошақты (Қырбай) балалары тарайды.

Жұпар ана (Мапырашты).
Бәйдібек бидің келіні, қоңырат Қызыл бидің қызы, Жұпар ана жасында
еркекшора болып өскен ер мінезді ана болған екен. Жұпар келін атасының
малын жайлауға ерлермен қатар араласып, би атаның талай алғысын алған екен.

Сыланды ана (Қарашаш).
Жұпар ананың сіңілісі, Қаршаш сұлу, салдарлы, сабырлы, әрі ақылды
болыпты. Өн бойын таза ұстап, иіс су қолданып, сән – салтанатпен кербез
жүреді екен, сондықтан ел иісті келін, Сыланды келін) деп атаған.
Шежіреде өсіп - өнеген ұрпақтары Иісті балалары кейіе Иісті, Ысты
атанып кеткені көрсетілген. Ұлдары Нұртай, Қырбайдан – Ысты, Ошақты
тарайды. Денесі Зеріп ана жанында жерленген.

Домалақ ана (шамамен 1378 – 1456)
Бәдібек бидің үшінші әйелі, Нүриләнің ұлы Тілеубердіден (Жарықшатан)
Албан, Суан, Дулат тайпалары тараған. Өзгені де өз басындай көріп,
төңірегіне аналық мейрімін шашқан, барынша кішпейіл, алдағы күннің жайын
ойлап айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген
ұрпақтары сол заманның өзінде – ақ оның атын атамай, жаратылысының бойы
шағын болғандығына қарй Домалақ ана Домалақ ене деп атап кетіпті.
Шымкент облысында Қос бөгеннің сағасында қастерленген ұрпақтары сәулетті
күмбез соққан.

Жарықшақ ата (Тілеуберді) (шамамен 1398 – 1475)
Бәйдібек үшінші әйелі Домалақ анадан туған ұлы. Бәйдібек би Домалақ
ананы Ташкентке, Әкесі Қараша биден қалған әулі – жайға иелік еткізеді.
Қалада Жарықшақ медреседе оқып білім алады. Оқуға ықыласты зерек бола кейін
Бұхардағы жоғарғы Медресесінде бітіреді. Нағашыларының қолдауымен Ташкент
әмірлігінің кеңесшісі, кейін Жетісу өлкесінің ұлыс бегі болған. Бірінші
әйелі Тәуекел бибіден: Албан, Суан, екніші әйелі Бибіфатимадан (Бипаштан)
Дулат туады.

Шахан ата.
Аңыз деректерінде Бәйдібек бидің ұрпағы, ғұмыры бойы бабасының
шырақшысы болған делінеді. Мазары сегіз қырлы, ашылған құран кітабын
бейнелейді екен. Мазардың есігі қаланып тастағанының өзіндік бір сыры бар.
Түркістанның маңында жерленген.

Шерімбет Әздер.
Түркістанда ғұмыр екшкен Әзірет Сұлтанның шырақшысы Шерімбет Әздер
Арыстанбаб әулиенің басына орнатылған күмбездің түбі құзданып, құлауға
айналғанынан хабардар болып, оны қалпына келтіру ниетімен бабаның басына
қоныс аударады. Әулие жерді қайта жандандыру оңайға түспеген, айналасында
елді мекен болмаған, қалың тоғай басқан жер. Шерімбет Әздер сол қоныстанған
елдің ірілерін жинап, мазарды жаңартуға шақырады. Көпшілік қолдап, қаржы
жинауға кіріседі. Әке ісін баласы Нарымбет жалғастырады. Шерімбет Әздер
Қожа Ахмет баба кесенесінде ертеден зікір жағынан басшылық ететін әздер
тобының өкілі болған, ол жерден қолдарын біржола үзбеген, зікір салуға
қатысып, басшылық етіп тұрған. Арыстанбаб мазарында жерленген.

Байшегір ата (1363 - ?).
Тоқтығұлұлы Байшегір Әмір Темір замандасы саналады. Он екі ата
жалайырдың бір атасы, бір елі. Қожа Ахмет Иассауидің мазарының соғылуына
белсенді қатысып, сол өңірдің ауқаттыларының бірі ретінде жұмысшыларды азық
– түлікпен қамтамасыз еткен. Байшегір ата медреседе оқыған, білімді, діндар
сонымен қатар байқуатты да жылқылы болған. Ел басқарған әділ би, батыр.
Орақты батырмен бірге елі мен жерін жаудан қорғаған. Өз кіндігінен төрт
ұлы тараған.

Тектұрмас ата.
Өз аты Сұлтан Махмұтхан делінеді. Қарахан тұсында Таластың төменгі
ағысы бойында елді билеп, әскербасы, жасауылбасы болған. Ислам дінін халық
арасына тарату, уағыздауына өмірін арнаған әулие. Кесенесі жаңартылған,
Тараздан екі шақырым жерде, Талас өзененің оң жағасында қыратта орналасқан.

Рабия Сұлтан Бегім (? – 1485)
Дешті – Қыпшақ ханы Әбілқайырдың жары, Рабия Сұлтан Бегім, Әмір
Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы болып келеді. Әбілқайырмен 16 жыл отасып, 1468
жылы ол қайтыс болғанда, он жеті жылдай күйеуіне аза тұтып, тұрмысқа
шықпаған. Әбілқайырдан Сүйініш және Кішкене деген екі ұл табады. Өзі дүние
салған соң хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез
салдырады. Қожа Ахмет Иассауи ғимаратының оңтүстік шығысында соғылған
күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері ескі, бір күні құлап қалуы мүмкін
дегенмен сылтаумен қиратқан. Қазіргі күмбезі жаңартылған.

Жанай батыр.
Шоңайұлы Жанай – Шапырашты Емелдің шөбересі, қазақтың туын ұстап
қолбасшылық еткен. Тәуекел хан мен Есім хан кезінде өмір сүрген.
Тәуекелхан мен Жанай батыр өзара қатты үзеңгілес серік болған. Жетпіске
келгенше сайыстарға қатысқан, 79 жасында қарт бөрі байрақ туды жұрт алдында
жас жолбарыс Қарасай батырға өз қолымен тапсырып, одан – туға адал болуы
жөнінде ант алған. Батыр жаулаған жерде сарбаздарына халыққа зәбір
көрсетіге тыйым салады екен, ал жауларын неғұрлым өлтіргеннен гөрі – атты
болса оның атын жарып, не болмаса оң қолын шауып тастайды екен. Бұл да
батырдың адамгершілік қасиетін, қайырымдылығын сипаттайтын көріністің бірі
болар.

Қарасай батыр (1589 – 1671).
Қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшы, есімі Шапырашты руының
ұранына айналған. Қарасай Алтынайұлы Алатау бөктерінде туып өсіп жастайынан
батыр атанып, Жетісуда жоңғарларға қарсыазаттық соғысында қол бастаған. Он
жеті жасында шапыраштының туын қолына алып, өмірінің соңғы күніне дейін оны
биік ұстаған. Есімханнан батасын алып Қазақтың Қарасай батыры деген
атаққа ие болған. Елу жыл бойы өзінің сарбаздарымен бірге бел шешпей, қоян
– қолтық арқа сүйей жүріп, екі жүзден аса қиян кескі ұрыстарын жүргізіп,
талай жеңістерге жеткен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы діндер
Діни сенімдері, ислам дінінің таралуы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жалпы сипаттамасы
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Крым жайлы деректер
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Батыс Қазақстандағы туризмнің даму мүмкіндіктері
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер
Пәндер