Жанұя құрамы, түрлері



1.Жанұя құрамы, түрлері.
2.Басқарылу стиліне байланысты жаңұя түрлері.
3. Отбасының құрылымы мен қызметтері.
4. Отбасының типтері.
Отбасының пайда болуы және даму түрлері. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер-ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.
1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987
2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991
3.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ № 1
Тақырыбы: Жанұя құрамы, түрлері.

Орындаған: П - 307 топ студенті Насырова Дина
Тексерген: Кошкимбаева Р.Х.

Семей, 2015
Жоспар:
1.Жанұя құрамы, түрлері.
2.Басқарылу стиліне байланысты жаңұя түрлері.
3. Отбасының құрылымы мен қызметтері.
4. Отбасының типтері.
Отбасының пайда болуы және даму түрлері. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер-ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.
Морганның зерттеулерінде негізделген жорамалдар бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқа кезегінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен болған. Морганның және басқалардың зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы - синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен.
Жас отбасы - бұл отбасы жұбайлық өмір дамуының алғашқы сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір - бірін енді танып біліп, мінез - құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру салтынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді.
Орта жастағы жұбайлар отбасы - қарым - қатынастарына қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән.
Ересек жұбайлар отбасы - мұндай отбасыларына өздері жеке немесе немерелерімен тұратын жұбайлар отбасы жатады. Оларға зейнеткерлікке шыққан жұбайлар жатады. Мұндай отбасыларының мәселелеріне олар жаңа мекенжайға көшкенде бейімделудің қиындығы , жұмыс орнын ауыстыруға байланысты туындаған қиыншылықтар әне т.б жатады.
Баласыз отбасылар - әдетте мұндай отбасыларына он жылдан бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана баланың болмауын ажыасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі көрсетпейді екен. Олар неізінен мінез - құлқымыздың келіспеуі деп көрсетеді.
Көп балалы отбасы - мұндай отбасыларына төрт баласы бар отбасылар кіреді. Мұндай отбасылары өздерінің ауызбіршілігімен ерекшеленеді және ажырасу көрсеткіштері де салыстырмалы төмен болады.
Аз балалы отбасы - бұл қазіргі кезде ең көп тараған отбасылар, оларға екіден немесе жалғыз баласы бар отбасылар жатады.
Қолайсыз отбасы - нақтылы бір ұақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық қалыптастырып келген ықпалдаарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасы. Оларға аралас немесе некесіз отбасылар, толық емес отбасылар, проблемалы отбасы, кикілжіңді отбасы, дағдарысты жағдайдағы отбасылар жатады.
Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы - бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды.
Некесіз отбасы - бұл өз қарым - қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы.
Толық емес отбасы - бұл көбінде ажырасудан кейінгі отбасылары немесе ерлі - зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап алуынан пайда болған отбасылары болып табылады.
Аналық отбасы - бұл толық емес отбасылардың бір түрі десек те болады. Ата - анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады.
Дистанттық отбасы - мұндай отбасыларына қалыпты отбасыларын жатқызамыз.Оларға ерлі - зайыптылардың бірінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек өткізетін баласыз отбасылар, өз балалы және көп балалы отбасылары кіруі мүмкін. Оған теңізшілер отбасы, геологтар отбасы, косманавтар отбасы, әртістер отбасы, әскери қызметтегі адамдар отбасы және т.б жатады

Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістемелік жұмыстың мысал ретіндегі түрлері
Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет
Жанұялық қатынастар психологиясы
Жанұяның құрамы және түрлері
Мектептің ата-аналармен жұмыс істеудегі рөлі
Жанұялық туризмді ұйымдастыру және жоспарлау
Тұтынушы тұлғасы және оның қажеттіліктері
Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
Тұтынушының болу факторлары
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Пәндер