Оралман студенттердің оқу мотивациясының адаптацияға әсері



Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз. Мотивация мұнда тұлға мен индивидуалды ерекшелiктердi терең түсiндiрiп, сипаттау кiлтi ретiнде немесе индивидуалды ерекшелiктер қанша болса, соншалықты мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде анықталады.
Тікелей оқу процесін қарастыратын болсақ, оралмандардың оқыған білім бағдарламасындағы айырмашылықтар, білімді бағалаудағы ерекшеліктерді ескеруге болады. Осындай ерекшеліктер оралман-студент тұлғасының жаңа ортаға, статусқа бейімделуінде бірқатар қиындықтар тудыратыны анық. Ал студенттің бейімделу процесі тұлға белсенділігінің артуымен, жаңа тұлғалық қасиеттердің қалыптасуымен байланысты. Бір жағынан, қарым-қатынас, оқу мотивация, өзіндік сана сезім, құндылықтар бейімделудің бір көрсеткіші болса, екінші жағынан, бейімделудің бір құралы болып табылады. Сондықтан, жай студенттерге қарағанда, оралман-студенттердің қарым-қатынасында өзіндік ерекшеліктердің болуы, сонымен қатар оқу мотивациясы да оралман студенттердің бейімделуінің бірден-бір себебі. Сол себепті олардың осы ерекшеліктерін эмпирикалық анықтау қажеттілігі туындайды.
Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;
- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;
- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;
- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;
- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;
- мамандықты таңдаудағы өз мумкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;
- әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын түсіну адекватты болуы.
Студентедің әлеуметтік және танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда таным қызығушылықтарының дамуы олардың кәсіби қабілеттерінің ары қарайғы дамуының негізі екенін көреміз.
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы студенттер жаңа білімге деген қызығушылық, оны меңгеру барысындағы қиыншылықтарды бастан
Әдебиеттер тізімі:
1 Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность / Хекхаузен Х. – М: Педагогика, 1986.- 573 с
2 Маркова А.К. и др. Формирование мотивации учения / А.К. Маркова, Т.А. Матас, А.Б. Орлов – М.: Просвещение, 1990 – 192 с.
3 Ильина Т.И. Мотив и мотивация. – М., 2002. – 250 с.
4 Хармз В. Психологическая адаптация эмигрантов (на материале исследования иракских эмигрантов в Швеции). – СПб.: Речь, 2002. – 240 с.
5 Матулене Г. О социальной адаптации к деятельности / Г.Матулене // Психологический журнал. – 2002. -№5. – С.112.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оралман студенттердің оқу мотивациясының адаптацияға әсері.
Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне
кiрерi сөзсiз. Мотивация мұнда тұлға мен индивидуалды ерекшелiктердi терең
түсiндiрiп, сипаттау кiлтi ретiнде немесе индивидуалды ерекшелiктер қанша
болса, соншалықты мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде анықталады.
Тікелей оқу процесін қарастыратын болсақ, оралмандардың оқыған білім
бағдарламасындағы айырмашылықтар, білімді бағалаудағы ерекшеліктерді
ескеруге болады. Осындай ерекшеліктер оралман-студент тұлғасының жаңа
ортаға, статусқа бейімделуінде бірқатар қиындықтар тудыратыны анық. Ал
студенттің бейімделу процесі тұлға белсенділігінің артуымен, жаңа тұлғалық
қасиеттердің қалыптасуымен байланысты. Бір жағынан, қарым-қатынас, оқу
мотивация, өзіндік сана сезім, құндылықтар бейімделудің бір көрсеткіші
болса, екінші жағынан, бейімделудің бір құралы болып табылады. Сондықтан,
жай студенттерге қарағанда, оралман-студенттердің қарым-қатынасында өзіндік
ерекшеліктердің болуы, сонымен қатар оқу мотивациясы да оралман
студенттердің бейімделуінің бірден-бір себебі. Сол себепті олардың осы
ерекшеліктерін эмпирикалық анықтау қажеттілігі туындайды.
Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары
әсер ететіні белгілі болды:
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;
- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;
- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;
- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;
- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;
- мамандықты таңдаудағы өз мумкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын
түсінуі;
- әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз
дүниетанымын түсіну адекватты болуы.
Студентедің әлеуметтік және танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп
қарасақ, онда таным қызығушылықтарының дамуы олардың кәсіби қабілеттерінің
ары қарайғы дамуының негізі екенін көреміз.
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы студенттер жаңа білімге деген
қызығушылық, оны меңгеру барысындағы қиыншылықтарды бастан өткеру сияқты
әрекеттерді жүзеге асырады. Оларда білімге деген қызығушылық тереңдей
түсіп, тек оқу пәнінің ғана заңдылықтарын емес, сонымен қатар ғылымның,
кәсіби құзіреттіліктің негізіне бет бұрады.
Оқу-танымдық мотив-теориялық және шығармашылық ойлаудың әдістеріне
деген қызығушылық ретінде іске асады. Студенттерді әлбетте ғылыми
жұмыстарға араласу, зерттеу әдістерінің әртүрлерін қолдану қызықтырады.
Студенттерді танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігін жоғарылату жолдары
еліктететіндіктен, олардың ой еңбегін рациональді ұйымдастыру және оның
мәдениеті туралы әдебиеттер қызықтыра түседі. Бұл жас шамасында
процессуальді және нәтижелі оқу мотивациясының бірлігінің пайда болуы
туралы сөз қозғауға болады
П.Г. Белкин бойынша бейімделу прцесінде әлеуметтік және әлеуметтік –
психологиялық – бұл оның әлеуметтік микро ортаға және іс-әрекеттің
өзгермелі шартына икемделуінің, тұрақты, үздіксіз процесі деп санайды.
Әлеуметтік–психологиялық бейімделу даралықты дамыту жағдайларының
бірі. Даралылықтың тұрақты қырының болуы бейімделу процесінің жетістігінің
бір көрсеткіші. Бірақ кейбір жағдайларда нақты осы даралық сол немесе басқа
топта тұлғаның бейімделуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бейімделу
механизімінің құрылу денгейі даралықты дамыту жағдайын қамтамасыз етеді.
Өмір әрекеті процесінде бейімделу механизімінің құрылуы автоматтандырылған
әдет, дағды, мінез–құлық, бейсаналы аймаққа өтеді. Бұл даралықтың дамуы
үшін шексіз мүмкіншілікті ашады. Тұлғаның әлеуметтену процесінің
жетістігінің алғы шарты адамның дара ерекшеліктері мен әлеуметтік –
психологиялық бейімделудің жанама түрде болуы [44, б.232].
Әлеуметтік–психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын
болсақ, жеке адам мен топтың өз ара қатынасының жағдайын жеке адам
созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті
қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ
ұсынатын ролдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және
шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы - әлеуметтік–психологиялық
бейімделу деп аталады [45,б.122].
Сонымен әлеуметтік–психологиялық бейімделу – толық әлеуметтенудің бір
жолы болып табылады екен. Л.Д. Столяренко тұлғаның әлеуметтену сатысын
қарастырғанда, бірінші сатыны біріншілік әлеуметтену немесе бейімделу
сатысы деп көрсетеді. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны,
әлеуметтік статусын түсінуден, сондай-ақ онымен байланысты рөлдік
мінез–құлық рөлі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның
дара ерекшеліктерін жүзеге асыруды қарастырады. Студенттер оқуының
мотивациялық мақсатты негіздері күрделі көп деңгейлі және көп мөлшерлі
жүйені құрайды. Оқу барысында мақсат- үлгілер мен мақсат- міндеттер
қолданылады. Нәтижесінде, психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Медицина қызметкерлеріне тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
Әртүрлі маман дәрігерлердің кәсіби деформациясы
Стресс және дистресс
Студенттердің психологиялық ерекшеліктері
Оқу мотивациясының студент өмірі үшін маңыздылығы
Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Дәрігердің кәсіби деформациясы
Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
Пәндер